Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі оркыт Ата атындаы ызылорда университеті Гуманитарлы педагогикалы институты Педагогика жне оыту дістемесі кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 129

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Білім беру жүйесіндегі әлемдік дамудың негізгі үрдістері

12 жылдық жалпы орта білімнің мақсаты

12 жылдық жалпы орта білімнің міндеттері

Тұлғаны әлеуметтендіру

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

12 жылдық орта білімнің құрылымы

Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.

Негізгі орта білім беру білім беру бағдарламаларының аяқталуын және осы деңгейге тән түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндетті базалық деңгей болып табылады.

6.2.4.1 Проблемаларды шешу құзыреттілігінің аспектілері:

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

6.2.4.3 Коммуникативтік құзыреттіліктің аспектілері

Мазмұндық ерекшелігі: маңызды дағды мен қабілетті қалыптастыру және соған сәйкес пәндер:

ТАЛДАУ

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

3. Оқытудың ұжымдық және топтық тәсілдерін қолдана отырып баспа беттеріне жарыққа шыққан сабақ жоспарларына талдау жасаңыз.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары

Курстық жұмыстар тақырыптары

8. Қазақ тілі сабақтарында өздігінен жұмыс жасаудың жолдары



   Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейіне оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеуі.

Бастапқы ғылыми идеялар:

1.     Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуға жағдай жасап, мүмкіндік береді.

2.     Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3.     Деңгейлеп саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі (минималды базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей.

   Базалық деңгей мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің құзықушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.

4.     Оқушының  жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:

-         Жеке тұлға ерекшеліктеріне;

-         Психикалық даму ерекшеліктеріне /есте сақтау қабілетінің ерекшелігіне, ойлану қабілеті, зейін ерекшелігіне, өзінің эмоциясын басқара білуіне/;

-         Пән бойынша білімді игеру деңгейіне /оқушының  білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек/.

астауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологисы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы  негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білу тиіс.

 

   Метеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл –ой жұмысының тәсілдері қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

    Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой  әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.


Дамыта оқытудың ЕРЕКШЕЛІГІ:

  оқушыларды еріксіз және қыстамай оқыту;

  оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын дамыту үшін тақырыптарды жаңа бір қырынан қайталауды ұсынып отыру;

  білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар

      үшін   міндеттілігі;

  оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру;

  оқушыларға берілетін білімнің саралануы;

  оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

  Дамыта оқытуда баланың ізденушілік –              ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда  ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының - тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайда түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта- ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей үш құрамдас бөліктерден тұратын болады.

1.     Оқу мақсаттарының қойылуы

2.     Оны шешудің жолын бірлесе қарастыруы 

3.     Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

  Бұл - үшеуі дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин -В.В. Давыдов жасаған жүйенің негігі компоненттері.

    Оқушы алдында оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу, іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асыралады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тындалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенімен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесім ен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

    Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.

    Біріншіден- дамыта оқытуда  білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.

  Екіншіден- дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып,, өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дамуына қол жеткізе алады. (Жақсы оқушы, жаман оқушы) ұғымның болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.

Үшіншіден –оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.


Төртіншіден – дамыта оқыту жүесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым – қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүедегі әміршілдік стиь бұл жерде тиімсіз, оқушы – «орындаушы» объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйекткей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көз қарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы субъект.

   Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:

1.     Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

2.     Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

3.     Олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;

4.     Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;

5.       Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;

6.     Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркінігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;

7.     Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтар типологиясы:

1.     Педагогикадағы түсіндірмелі-иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуымен тығыз байланыста.

2.     Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігін сәйкестендіреді.

3.     Бала  іс-әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.

4.     Бала қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.

5.     Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.

6.     Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.

Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде оқушылар сабақтың мақсат, міндеттерін өздері анықтайды, проблеманы шешу жолдарын іздестіреді, жаңаны өздері табады, оқушыларға кеңеседі.

   Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары.

1.     Әдістемелік іс-әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі. Сабақтың мазмұны. Оқу жағдайларын ескеру. Әдістемелік тәсілдерді қолдану.

2.     Келесі сабақтың моделін жоспарлау.

Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау. Сабақтың әр этапында оқушының негізгі іс-әрекеттерін анықтау. Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін  таңдау.

3.     Сабақты жүргізу.

Әр сабақтағы баланың  іс-әрекетін ұйымдастыру. Оқушымен жанама қарым-қатынас. Жұмыс барысын бақылау жұмысы.

4.     Рефлексия.

Сабақтың қорытынды бағасы. Мақсатқа жету. Тақырып бойынша өзгерістер еңгізу. Оқыту нәтижесін талдау.


Дамыта оқытудағы мұғалімнің басты міндеті:

-оқу материалдарын оқушыға дайын күйде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс- тіжірибесінде қолдануды үйрету.
Негізгі әдебиеттер

Педагогика. Дәріс курсы.-Алматы: Нұрлы әлем, 2003.-368 бет

Щуркова Е.Н. Педагогическая технология.-М.:Педагогическое общество России, 2002.-224 с.

Левина М.М. Технологии профессионального педагогического образования: Учеб.пособие для студ.высш.пед.учеб. заведений.- М.:Изд.центр «Академия»,2001.-272 с.

Қосымша әдебиеттер

Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии.-М.; 1989.

Хайруллин Г.Т. Технология и техника взаимодействия.-Алматы, 1999.

Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса:Учебное пособие.-Алматы, 2002.


Лекция 11. Тақырыбы: Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі

11.1. Студенттердің ғылыми қоғамның негізгі мақсаты мен міндеттері, ережесі.

11.2.Дербес әдістемелік пәндерден орындалатын курстық, дипломдық жұмыстардың педагогика, психология ғылымдарымен байланысы
11.3. Студенттердің ғылыми конференциясын ұйымдастырудың алғышарттары

Білім мен ғылым қазіргі қоғам дамуының ең басты факторларының бірі болып табылады. Тұлғалақ бағдарды бетке алған білім жүйесінің өзектісі де осы тұлғаны қалыптастырудағы әдіс-тәсіл, яғни оның мәні білім алушының интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау болып саналады. Бұл жерде методиканың (әдіс)түрлі амалдарын қарастырып жүргізген жөн.

"Әдіс" ұғымы (гректің методоссөзінен аударғанда— бірдеңеге бастайтын жол) белгілі бір теориялық немесе практикалық міндетті орындау үшін таңдап алынған жол, амал, шешім дегенді білдіреді. Белгілі бір міндетті орындауға кіріспестен бұрын адам өзінің әрекетін жоспарлайды, мақсатына жету үшін қажетті амалдарды қарастырады. Әр әдіс ақиқатты іздеу ретін айқындайды, (егер ол дұрыс болса) күш пен уақытты үнемдеуге, мақсатқа жеткізетін тура жолды таңдап алуға мүмкіндік береді. Жюль Верннің "Капитан Гранттың балалары" романында Жак Паганель жолсеріктеріне жұмыртқаны дайындаудың жүзге жуық әдісі бар екенін айтатыны естеріңде болар. Әрине, бірнеше, кейде жүз түрлі амалмен бір нәтижеге қол жеткізу үнемі бола қоймас. Солай болса да, кәдімгі өмірде, өнеркәсіп өндірісінде немесе ғылыми тәжірибе жүргізгенде, белгілі бір міндетті түрлі жолдармен, әрекеттермен, операциялармен, демек, түрлі әдістермен шешуге болады. Олардың ең жақсысын таңдап алу кейде экономиқалық жағынан тиімділігін ескере отырып, кейде техникалық мүмкіндіктерге сай, кейде мәселені тез шешу қажеттігіне орай таңдалып алынады. Содан бері әдістерді зерттеумен арнайы айналысатын әдіснама (грек.методология, методос — әдіс, логос — ілім) деп аталатын философиялық білімдердің тұтас бір саласы пайда болып, дамып келеді. Сөзбе-сөз әдіснама "әдіс туралы ілім" дегенді білдіреді. Адамдар кез келген қызметті атқарар алдында белгілі мақсаттарды басшылыққа алумен қатар жалпы ережелер мен нұсқауларға, шектеулерге сүйенеді. Кең мағынасында олар әдіснаманы құрайды. Егер мұндай әдіснама адамдардың санасында бола тұра жеткілікті қабылданбаса, былайша айтқанда, көзге көрінбесе, олар қоғамдық қызметтің негізгі түрлерінің сипаттарын айқындайтын мәнді рөл атқарады.