Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі оркыт Ата атындаы ызылорда университеті Гуманитарлы педагогикалы институты Педагогика жне оыту дістемесі кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 109

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Білім беру жүйесіндегі әлемдік дамудың негізгі үрдістері

12 жылдық жалпы орта білімнің мақсаты

12 жылдық жалпы орта білімнің міндеттері

Тұлғаны әлеуметтендіру

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

12 жылдық орта білімнің құрылымы

Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.

Негізгі орта білім беру білім беру бағдарламаларының аяқталуын және осы деңгейге тән түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндетті базалық деңгей болып табылады.

6.2.4.1 Проблемаларды шешу құзыреттілігінің аспектілері:

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

6.2.4.3 Коммуникативтік құзыреттіліктің аспектілері

Мазмұндық ерекшелігі: маңызды дағды мен қабілетті қалыптастыру және соған сәйкес пәндер:

ТАЛДАУ

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

3. Оқытудың ұжымдық және топтық тәсілдерін қолдана отырып баспа беттеріне жарыққа шыққан сабақ жоспарларына талдау жасаңыз.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары

Курстық жұмыстар тақырыптары

8. Қазақ тілі сабақтарында өздігінен жұмыс жасаудың жолдары

ТАЛДАУ


Енді біз сол мінез-құлық басқа индивидумдардың өзгеше, нормадан неліктен ауытқығандығын білгіміз келеді. Біз соның себебін талдауымыз керек.

БОЛЖАУ. Сабақ барысыында оқытушы ұнемі жағдайды болжап, соның негізінде оқу процесі кезеңдерінің жұйелілігін анықтайды. Аттестацияны өткізу барысында, оқушы жағдайында тұрып, болжау жасау керек.

3. Компьютерлі (ақпаратты) технологиялар мазмұны.

Компьютерлі технологиялар бағдарлап оқытуды көздейді, қазіргі компьютерлер мен телекоммуникация мұмкіндіктерін пайдаланудың жағдайларын қарастырады. Оқытудың компьютерлі (жаңа ақпаратты) технологиялары—бұл оқушыға компьютер арқылы ақпаратты беру процесі.

Компьютерлі технология ұш тұрде жұргізілуі мұмкін:

I — «енуші» технология (жекеленген тақырыптарда, жекеленген дидактикалық міндеттерді шешуде компьютерлі оқытуды пайдалану) ретінде.

II — осы технологияның негізгі, белгілеуші, маңызды бөлігі ретінде.

III — даратехнология (оқытудың барлық жұйесі, оқыту процесін басқару: диагностика мен мониторинг тұрлері компьютерді қолдануға негізделуі) ретінде.

Тұжырымды негіздері:

Оқыту- баланың компьютермен қарым-қатынасы.

Бейімделу қағидасы: компьютердің баланың жеке ерекшелігіне бейімделуі.

Оқытудың диалогты сипаты.

Басқару негізі: мұғалім оқыту процесін кез-келген мезетте тұзете алады.

Баланың компьютермен қарым-қатынасы субъект—объект, субъект—субъект, объект—субъект тұрінде орындала алады.

Жеке және топтық жұмыстың тиімді байланысы бар. Компьтермен байланыста оқушының психологиялық жайлы жағдайын сақтау.

Оқытудың шектеусіздігі: мазмұнының, оны тұрлендіру мен кіріктірудің кеңдігі.

2. Мазмұн ерекшелігі

Компьютерлі технология оқыту моделінің формальды тұріні қолдануға негізделеді, мұнда компьтерге жазылған және телекоммуникация жұйесінің мұмкіндігі қолданылған педагогикалық бағдарлы құралдар пайдаланылады (ақпаратты орта, гипермәтін, мультимедиа, микроәлем, электронды байланысы (жұйе) экспертті жұйелер).

3. Әдістеме ерекшелігі.

Компьютерді оқытудың барлық кезеңдерінде қолдануға болады: жаңа материалды тұсіндіру барысында, бекіту мен қайталау барысында, ББД тексеру барысында. Бұл жағдайда ол тұрлі оқушы ұшін қызмет атқарады: мұғалім, жұмыс құралы, оқыту объектісі, қарым-қатынас жасаушы ұжым, ойын ортасы ретінде.

4. Бастауыш мектептегі компьютерлі оқыту.

Соңғы бес жылда жаңа ақпаратты технологиялардың қарқынды дамуы және оқыту процесіне енуі қазіргі оқушының дамуына белгілі әсер қалдыруда. өзінде телевизордың, видеомагнитофонның, кітаптың, калькулятордың мұмкіндігін байланыстырып, әмбебап ойыншық бола отырып, қазіргі компьютер оқушының теңқұқылы серіктесі де болып отыр. Бұгінде компьютер баланың бос уақытын өткізуі мен дамуында коп орын алуда. Компьютерді пайдалану оқушының оқуға деген ынтасын арттыру мен оқытуды дербестендірудің құралы.


Бағдарламалы оқыту педагогика, психология және кибернетика ілімдерінің тоғысуы нәтижесінде, Дәстүрлі оқытудың кемшіліктерін жою мақсатында туындады. Бұл оқытудың негізінде оқытуды басқару, ақпарат беру, дербестендіру процесі жатыр.

Бағдарламалы оқыту деп оқыту құрылғылары арқылы бағдарламаланған оқу материалын басқара отырып тұсінуді айтамыз.

Бағдарламаланған материал оқу ақпаратының логикалық бірізділікте берілген аз ғана мөлшерлі сериясы (кадр, файл, қадам).

Бағдарламалы оқытуда мұғалімнің қызметі басым орынды алады: пәнге бағыттылықты тұзеді, оған қатынасты құрады, жеке көмек пен қиын жағдайда тұзету жасайды. Технологиялық процестің қадамы ақпарат, қайта байланыс операциясы мен бақылаудан тұрады.

Оқытудың бұл тұрі 1960 жылдан бастап Б.Скиннер, Н.Краудер бастамасынан кейін педагогика, психология және кибернетиканы ұштастырып пайдаланылауда. Бағдарламалап оқытудың ұш принципі бар: сызықты, тармақты, аралас. Сызықты бағдарламада оқу материалы бірізділікпен беріледі. Тармақты бағдарламада әр оқушы мақсатқа өз жолымен келеді. Қате жауап берген кезде оқушы керекті тармаққа өтіп, қайтадан оқып, қосымша тұсініктеме алып, қатені жойып, негізгі сызыққа қайтып оралады. Аралас бағдарламада қиын тақырыптар тармаққа бөлінеді, басқалары сызық бойынша орналасады.

Жаңа ақпараттық технологияны ғылым мен технологияның бір аспектісі ретінде анықтай отырып, оны қолданбалы информатика ұсынатын әртұрлі техникалық құралдары мен құрылғылар көмегімен жинау, сақтау,іздеу, өңдеу жолдары және әдістер жұйесі ретінде қарастырамыз. Ақпараттық технологияның мақсаты қолданушының қажеттілігіне сәйкес ақпараттық өнімді қолдану және сапалы құрастыру болып табылады.

Ақпараттық технология әдістері мәліметтер қорының әдістері болып табылады. Ақпараттық технология құралдары ретінде математикалық, техникалық, ақпараттық және басқа құралдар шығады. Оқытудың компьютерлік технологиялары әдістерінің бірі-білім беруде интернетті қолдану. Ол интернеттің өзін оқытудан тұрады. Оқытуды интеграциялауда интернеттің байланыс мұмкіндіктері қолданылып,оның шексіз ақпарат ресурстарын қолдануға ұмтылу қажет. Оның мәнісі мынада: желінің ресурстары таным міндеттерін жұзеге асыруға қажет болып шықты. Оны қолдану білім беру парадигмасын өзгертуге мұмкіндік береді: білімді жинақтаудан бас тартып, кез келген ақпарат ресурстарын бар жағдайда іс-әрекет жолдарын меңгеру.

Оқыту ұрдісін ақпараттандыру мынаны талап етеді:


- негізгі мақсатты диагностикалық мақсатқа айналдыру.

- жаңа диагностикалық негізгі мақсатты кезеңдерге бөлу және оқытудың әрбір кезеңінің диагнотикалық мақсаттарын орындау.
Негізгі әдебиет:

  1. Кукушин В.С. Современные педагогические технологии. Начальная школа. /Пособие для учителя. – Ростов-на-Дону, 2003.

  2. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. /Сост. Соколов В.П. М., 2002.

  3. Щуркова Н.Е Педагогическая технология.- М.: Педагогическое общество России, 2002. – 224с.

  4. Кашлев С.С. Современные технологии педагогического процесса.- М., 2002.

  5. Колеченко А.К. Энциклопедия педагогических технологий. – СПб:КАРО, 2004. – 368с.

  6. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: учеб.пособие.-М.,1998.-256с.

Қосымша әдебиет:

1. Педагогические технологии: Что это такое и как их использовать в школе./ Под ред. Т.П.Шамовой, П.И. Третьякова. М., 1994.

2. Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении и обучении. М., 1972.

3. Талызина Н.Ф. Управление процессом усвоения знания. М., 1975
« Жоғарғы оқу орындарында дербес әдістемелік пәндерді оқытудың ғылыми–теориялық негіздері» пәнінен семинар сабақты орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Кіріспе

Студенттерге білім беру нәтижелі болуы үшін оқушының сөйлеу, ойлау қабілетінің дамуына тікелей әсер ететін практикалық сабақтар екеніне баса назар аударған жөн. Бұл талапты 12 жылдық оқу жүйесі бағдарламасында мақсатты түрде жолға қойған. Педагогика пәнінен практикалық сабақтарында жаңашыл әдістерді шебер пайдалана отырып, баланың сөйлеу, ойлау қабілеттерін жете дамытуға болады.

1. Практикалық, семинар сабақтары пәндер бойынша Студентердің білім алудағы ең қажетті,қызғылықты және жемісті түрі. Практиқалық және семинар сабақтары мамандық дайындайтын кафедралардың оқу жоспарында бөлінген сағаттармен шектеледі және орындалады.

Мақсаты: Практикалық, семинар сабақтарының негізгі мақсаты- студенттің жан-жақты өзіндік ойлау қабілетін дамыту және творчествалық белсенділігін арттыру. Сабақ барысында сөйлей білу және қорытынды жасау арқылы Магистранттың көзқарасын, білімі мен таным денгейін кеңейту. Магистранттың игерген теориялық білімінің дұрыстығын, өзінің сол мәселе тұрғысында ойлауы мен талдауының қисындылығына көз жеткізіп, мәнді мағлұмат алуға мүмкіндік беру.


Практикалық, семинар сабақтарының міндеті:

  • Пәндер бойынша кең және терең білімдерін қорыту;

  • Магистранттарға практиқалық әдістерді оқыта отырып, теориялық әдістерге пәндер бойынша анықтама жасауды үйрету;

  • Пәндерді тереңірек үйренуге және оқытылып отырған ғылым саласының ерекшеліктерін қамтуға қатысты ғылыми әдістерді меңгерту;

  • Магистранттарға жаңа инновациялық әдістер бойынша алған білімдерін дұрыс пайдалана алуға және практикалық сабақтарды жүргізу барысында нақты шешім қабылдауға үйрету;


2. Практикалық, семинар сабақтарын өтудің түрлері:
Пікірсайыс – оқу тобында немесе бірнеше топтардың жиналған ортасында ғылыми айтыс ретінде көптеген артықшылықтарға ие. Әдетте семинарда жүзеге асырылатын міндеттерден басқа семинардың бұл түрі Магистранттардың пікір таласу, ой бөлісу, шешендік дағдыларды қалыптастыруға, бірқатар көзқарастар мен идеяларды шұғыл және дәлелдемелермен ашуға кеңірек жол береді.

Пікірсайыс алдында семинар формасы ретінде және басқа да семинар сабақтардың бір элементі ретінде де бола алады. Мұның бірінші жағдайында екі немесе одан да көп оқу топтпрының қосылған кезінде, бір топтар баяндамамен шығып, екіншілерін компоненттері ретінде қатыстырылып сабақ жүргізу өте қызықты болып келеді. Мұндай семинарға ұсынылған сұрақтар теориялық және тәжірибелік жағынан мәнді болуы қажет.

Ал пікірсайыс әдеттегі семинардың бір элементі ретінде оқытушының алдын-ала жоспарлауы арқылы немесе сабақ барысында кенеттен пайда болады. Ой таластыру кейде шашыранды, ұйымдаспаған түрде басталады. Пікірсайысты оқу тобында немесе біріктірілген жағдайда, сабақтан тыс дайын болса, онда пікірталастар тереңірек және мазмұнды болады.

Пресс-конференция- бұл баяндама жасау жүйесінің бір түрі болып келеді. Семинар жоспарының әрбір бөлігін оқытушы бір-біреуден баяндама ретінде жасап келуді Магистранттарға тапсырады. Келесі сабақта қысқаша кіріспеден кейін, оқытушы бірінші сұрақ бойынша кезекті баяндамашыға береді. Содан кейін әрбір Магистрант сол тақырыпқа байланысты бір-бір сұрақтан қояды. Мұнда сұрақ-жауап жүйесі семинардың басты бөлігін құрайды. Сұрақ қоюға қабілеттілік, соған сәйкес тақырыпқа Магистранттың дайындығын көрсетеді. Дайындық өте жақсы болса, онда сұрақтың да мәні терең әрі мазмұнды болады. Әуелі сұраққа баяндамашы жауап береді. Әсіресе бұл жағдайда белсенділер баяндамашының дүбрелі, яғни көмекші болып табылады, егер ол алдың ала осылай келісілген болса. Ережеге сай, талданылып отырған мәселе бойынша қызу пікірталас туындайды. Бұл мәсәлә талқыланып біткен соң оқытушы екінші мәселе бойынша келесі баяндамашыға кезек береді. Өзінің қорытынды сөзін оқытушы әрбір мәселеден кейін немесе семинар сабағының соңында айтылады.


Коллоквиум-әңгімелесу тәсілі оқытушы мен Магистрант арасында курстың сол немесе басқа тақырыбына байланысты білімді тексеру немесе тереңдету мақсатында жүргізіледі. Әдетте ол семинарда белсенділік таныта алмай жүрген Магистранттарға қосымша сабақ ретінде ұйымдастырылады.

Жоғарыда қарастырылған семинар сабақтарының әрбір формасының өзіндік артықшылықтары мен қоса кемшіліктері де бар екендігін айта кеткен жөн. Сондықтан қандай да бір мәселені талқылағанда оқытушы қандай мақсатты көздеп отырғанына байланысты түрлендіріп өткізгені жөн. Әсіресе «аралас» семинар сабақтары кең қолдау жабуда. Сабақтың мұндай аралас түрі сабақ барысында әңгімелесудің әртүрлі формасының элементтерін, рефераттың немесе баяндаманың талқылануы, деректердің үзінділерін түсіндірмелі түрде оқу, кейбір мәселелерді Магистранттардың өз бетінше ойлау арқылы шешу сияқты формаларын қамтиды.

Оқу процесі барысында семинар формаларын күрделендіру қажеттілктері де туындап отыр. әдетте алғашқы семинар сабақтары негізінен кеңейтілген әңгімелесу түрінде өткені дұрыс, оның өзінде көптеген көрсетілген деректерден үзінділерді де келтіріп, түсіндірмелі түрде оқып шығуды да қамтып отыру қажет. Кейін баяндама, рефераттар беріліп, өз бетінше ойлауға жаттығулар ұсынылады. Сабақ түрлерінің осылай алуан түрлі болып келуі психологиялық тұрғыдан да қолдау тауып отыр; ойлау қызметінің сипаттарының ауысып келіп отыруы Магистранттардың қызығушылығын да, белсенділігін де арттырары сөзсіз.

Жаттықтыру-сабағы. Жаттықтыру сабақтары білімнің практикалық бағыттарын үйрететін арнаулы мақсаттарды шешіп қоймай, оқу материалын оқып-игеруге тығыз байланысты бола отырып, оны жете ұғынуға талпындырады.

Оны жүргізудің негізгі әдістері практикалық, зертханалық, сарамандық жұмыстар:

Оқушылар осы жұмыстарды өздігінен жүргізе отырып, алған теориялық білім-білік дағдыларын практикада пайдалануға бейімделіп, үйренеді.

Аралас сабақ. Аралас сабақ-бірнеше дидактикалық мақсаттардың қойылуымен және нәтижеге жетуімен ерекшеленеді.

Аралас сабақтың әр түрлі әдістеріне орай түрлері бар. Аралас сабаққа тән кезеңдер төмендегідей.

  • Сабақтың тақырыбын таныстыру, мақсаты мен міндетін анықтау.

  • Үй тапсырмасын тексеру.

  • Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.

  • Жаңа тақырыпты баяндау.

  • Өтілген тақырыпты бекіту.

  • Сабақты қорытындылау және үй тапсырмасын беру кезеңі.