Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі оркыт Ата атындаы ызылорда университеті Гуманитарлы педагогикалы институты Педагогика жне оыту дістемесі кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 113

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Білім беру жүйесіндегі әлемдік дамудың негізгі үрдістері

12 жылдық жалпы орта білімнің мақсаты

12 жылдық жалпы орта білімнің міндеттері

Тұлғаны әлеуметтендіру

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

12 жылдық орта білімнің құрылымы

Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.

Негізгі орта білім беру білім беру бағдарламаларының аяқталуын және осы деңгейге тән түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндетті базалық деңгей болып табылады.

6.2.4.1 Проблемаларды шешу құзыреттілігінің аспектілері:

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

6.2.4.3 Коммуникативтік құзыреттіліктің аспектілері

Мазмұндық ерекшелігі: маңызды дағды мен қабілетті қалыптастыру және соған сәйкес пәндер:

ТАЛДАУ

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

3. Оқытудың ұжымдық және топтық тәсілдерін қолдана отырып баспа беттеріне жарыққа шыққан сабақ жоспарларына талдау жасаңыз.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары

Курстық жұмыстар тақырыптары

8. Қазақ тілі сабақтарында өздігінен жұмыс жасаудың жолдары



60-шы жылдардын аяғы,70-ші жылдардың бас кезінде көптеген елдерде (АҚШ, Англия, ФРГ, Франция, Италия, Япония т.б.) оқытудың технологиясын жасау, дамыту жұмыстарымен айналысатын мекемелер жұмыс жасай бастады. Дегенмен, окыту үрдісі білім беру үрдісінің бір ғана бөлігі болып табылатындықтан «оқыту технологиясы» терминінің мағыналық аясы өте тар. Мұндай кемшілік «тәрбие технологиясы», «дамыту технологиясы», «қалыптастыру технологиясы» ұғымдарына да тән.

Қазіргі батыстағы педагогикалық әдебиеттерде білім беру саласыңдағы технологияны «білім беру технологиясы» деп аударып жүрміз. Осы ұғым ғана мейлінше аясы кең, білім берудің түрлі салаларында (басқаруда, материалдықжабдыктауда, қаржыландыруда,біліктілікті арттыруда,кадрлар даярлауда, түрлі оқыту мекемелеріндегіоқыту процесінде жэнет.б.) колданылатын кез келгентехнологияны си-патгай алады. Сондыктан, «білім беру техиологиясы» терминін бүкіл білім беру жүйесін технологняландыру заидылықтарын зерттсйтін ғылыми пәнге(дисциплина) қатысты қолданса дүрыс болар едІ. БІрақ, әзірше бұл термин көп жағдайда тек мектептегі оқу үрдісі төнірегін сипаттаудағана қолданылып жүр.

Білім беру жүйесіндегі әлемдік дамудың негізгі үрдістері

  • Білім беру жүйесіндегі әлемдік үрдістер халықтың жалпы білім деңгейінің өсуімен, үздіксіз білім беру жүйесінің қалыптасуымен, жалпы орта білім берудің ұзақтығының ұлғаюымен сипатталады;

  • Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен әдіснамасын жаңарту үрдістері, білім беру мазмұның құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген модельдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздеу және т.б. үрдістер байқалып отыр;
  • Бүгінгі таңда педагогика адамзат қажеттілігіне жауап беретін, қоғамның қарқынды дамуына сәйкес келетін білім беру мақсатына және жаңартылған әлеуметтік рөліне баса назар аударады.

  • Оқытудын дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру  және оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.

12 жылдық жалпы орта білімнің мақсаты

  • Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

12 жылдық жалпы орта білімнің міндеттері

  • Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік — оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын кабілеті, жоғары әдептілік. кұндылықтар негізіңде жасампаз коғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматгылығы мен елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу, азаматтык, белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
  • Мәдениеттанымдық құзыреттілік — жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әреқет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдік мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсінуге және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс кызметін тиімді үйымдастыру тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.
  • Оку-танымдык құзыреттілік — окушының зерттеу әрекеті мен езіндік оку-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауатгылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік - зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін карастырады.

Коммуникативті құзыреттілік — адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жүмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.
  • Коммуникативті құзыреттілік — адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жүмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.
  • Ақпараттык-технологиялык құзыреттілік — бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, тандай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен акпаратты акпараттық технологиялар мен техникалык объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.
  • Әлеуметтік-еңбек қузыреттілік отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік қоғамдық жағдайларға накты талдау жасай білуді, шешім қабылдай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүдде сіне сәйкес ықпал ете білуді қарастырады.
  • Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет отбасылық, енбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға таддау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда {өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу және қызметін өзіндік кадір-касиет сезімімен үйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты карау) жеке және коғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ыкдал етуді қарастырады.

Тұлғаны әлеуметтендіру

  • 6.1.1 Бастауыш білім беру деңгейінде білім алушының табысты әлеуметтенуінің жеке нәтижелері мынадай жетістіктермен:

  • саяси мәні бар қызметтің – оқу қызметінің жаңа түрін және әлеуметтік ынтымақтастық негіздерін игеруімен;

  • ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар және олардың тұлға ретінде: «Мен - адаммын, ұжымшылмын, патриотпын, азаматпын», Отан, Жер, Әлем, Табиғат ұғымдары туралы алғашқы түсінігінің болуымен;

  • қазақстандық қоғамда және жер шарында бейбітшілікті сақтау үшін халықтар бірлігінің, ұлтаралық қатынастардың және шыдамдылықтың маңыздылығын түсінуімен;

  • жаңа әлеуметтік маңызды рөлдер (оқушы, ұжым мүшесі, сыныптас, және т.б.) туралы ұғымының болуымен;

  • рухани-адамгершілік мінез туралы білім мен іскерлік негіздерін игерумен, балалар ұжымындағы этикалық нормаларды білуімен, берік достық байланыс орнатуымен;

  • балалар қоғамдастығындағы тұлғааралық қатынастардың негізін түсінуімен және оған жағымды әлеуметтік мәртебесін бекітуге талпынуымен;

  • адам өмірі мен қоғамдағы еңбектің рөлін түсінуімен, мамандықтың көптүрлілігі туралы алғашқы көзқарасының болуымен;

  • өзінің және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың мәдени құндылықтарын білуімен;

  • алғашқы экологиялық білімі мен іскерлігінің болуымен, табиғатты қорғаудың қажеттігін түсінуімен;

  • жеке және тазалық сақтаудың гигиеналық дағдыларын, дене тәрбиесінің негіздерін меңгеруімен;

  • ер бала мен қыз бала арасындағы ерекшеліктер туралы және гендерлік әдеп туралы түсінігінің болуымен анықталады.


6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

  • а) Бастауыш білім беру деңгейінде:

  • 1) ақпараттық ізденісті жоспарлау

  • ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі;

  • ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттілерін бөліп алады;

  • анықтамалықтарды, энциклопедияларды қолданады, кітаптардың мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады;

  • 2) алғашқы ақпаратты алу:

  • бақылау, қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент жүргізеді;

  • адамға сұрақ қоя отырып, ақпаратты алады;

  • ақпарат көздерінен қажеттісін бөліп алады;

  • 3) ақпаратты екінші қайтара алу:

  • берілген екі немесе одан да көп негіздеме бойынша ақпараттарды бөліп алады және жүйелейді;

  • 4) ақпаратты алғашқы өңдеу:

  • алынған ақпаратты қарапайым берілген құрылым (1 белгі бойынша) аясында жүйелендіреді;

  • 5) ақпараттарды өңдеу:

  • алынған ақпаратты дәл баяндай алады;

  • ақпараттың жеткіліксіздігін немесе өзінің түсінбегендігін ескертеді;

  • ұсынылған ақпарат көздерінен дәйектерді таба біледі және оларды негіздей алады.


12 жылдық орта білімнің құрылымы

  • Осы Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартымен білім берудің сабақтастық және үздіксіздік қағидаттары негізінде қызмет ететін білім берудің мынадай деңгейлерінің негізгі ережелері регламенттелген:
  • • нормативтік оқыту мерзімі 4 жыл болатын оқытудың бастауыш білім беру деңгейі (1 - 4 сыныптар, оқудың басталуы – 6 жастан);

  • • нормативтік оқыту мерзімі 6 жыл болатын негізгі орта білім беру деңгейі (5 – 10 сыныптар);

  • • нормативтік оқыту мерзімі 2 жыл болатын орта білім беру деңгейі (жалпы орта білім беру) (11 – 12 сыныптар).

  • Бастауыш білім берудің негізгі мақсаты – білім алушылардың оқу іс–әрекетін меңгеруі және олардың жеке қасиеттерін ашу үшін жағдай жасау.

  • Бастауыш мектепте оқу-іс әрекетін ұйымдастыру оқу, жазу, санауды үйренуге керекті білім, білік, дағдылар жүйесін игертуді, осы деңгейдің түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.

  • Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.

  • Негізгі мектепте оқу іс-әрекетін ұйымдастыру жеке тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру миханизмдерін, ғылыми таным мен ойлау әдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін меңгеруін, кәсіби ниеттерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
  • Білім алушыларды болашақ оқыту бейінінің бағытын саналы түрде таңдауға даярлауды жүзеге асыратын мектептің психологиялық-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдастыру қызметінің жүйесі ретінде бейіналды дайындығы енгізіледі.
  • 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22