Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі оркыт Ата атындаы ызылорда университеті Гуманитарлы педагогикалы институты Педагогика жне оыту дістемесі кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 101

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Білім беру жүйесіндегі әлемдік дамудың негізгі үрдістері

12 жылдық жалпы орта білімнің мақсаты

12 жылдық жалпы орта білімнің міндеттері

Тұлғаны әлеуметтендіру

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

12 жылдық орта білімнің құрылымы

Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.

Негізгі орта білім беру білім беру бағдарламаларының аяқталуын және осы деңгейге тән түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндетті базалық деңгей болып табылады.

6.2.4.1 Проблемаларды шешу құзыреттілігінің аспектілері:

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

6.2.4.3 Коммуникативтік құзыреттіліктің аспектілері

Мазмұндық ерекшелігі: маңызды дағды мен қабілетті қалыптастыру және соған сәйкес пәндер:

ТАЛДАУ

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

3. Оқытудың ұжымдық және топтық тәсілдерін қолдана отырып баспа беттеріне жарыққа шыққан сабақ жоспарларына талдау жасаңыз.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары

Курстық жұмыстар тақырыптары

8. Қазақ тілі сабақтарында өздігінен жұмыс жасаудың жолдары

Негізгі орта білім беру білім беру бағдарламаларының аяқталуын және осы деңгейге тән түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндетті базалық деңгей болып табылады.

6.2.4.1 Проблемаларды шешу құзыреттілігінің аспектілері:

  • а) Бастауыш білім беру деңгейінде:

  • 1) проблеманы сәйкестендіру (анықтау):

  • мұғалім ұйымдастырған проблеманы шешуге ден қоя алады;

  • шынайы және қалауы бойынша жағдаяттарды жалпы түрде сипаттай алады;

  • 2) мақсат қою және іс-әрекетті жоспарлау:

  • міндеттерді шешу қадамдарын логикалық және уақыт бірізділігі бойынша анықтайды және реттейді;

  • 3) технологияларды қолдану:

  • нұсқаулықпен жасайды;

  • 4) қорларды (ресурстарды) жоспарлау:

  • белгілі іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті ресурстарды атайды;

  • 5) қызметті бағалау:

  • өз іс-әрекетіне берілген алгоритм бойынша бақылауды жүзеге асырады;

  • 6) қызмет нәтижесін/ өнімін бағалау:

  • жоспарланған және алынған нәтижелердің сипаттамаларын салыстырады және нәтижелер сапасының ойдағыға сәйкестігі жөнінде қорытынды жасайды;

  • өз әрекетінің нәтижелерін берілген өлшемдер мен тәсілдерге сәйкес бағалайды;

  • 7) өзіндік ілгері жылжуын бағалау:

  • өз әрекетінің күшті және әлсіз жақтарын көрсете алады;

  • өз әрекетінің себептерін атай алады.

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

  • а) Бастауыш білім беру деңгейінде:

  • 1) ақпараттық ізденісті жоспарлау

  • ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі;

  • ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттілерін бөліп алады;

  • анықтамалықтарды, энциклопедияларды қолданады, кітаптардың мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады;

  • 2) алғашқы ақпаратты алу:

  • бақылау, қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент жүргізеді;

  • адамға сұрақ қоя отырып, ақпаратты алады;

  • ақпарат көздерінен қажеттісін бөліп алады;

  • 3) ақпаратты екінші қайтара алу:

  • берілген екі немесе одан да көп негіздеме бойынша ақпараттарды бөліп алады және жүйелейді;

  • 4) ақпаратты алғашқы өңдеу:

  • алынған ақпаратты қарапайым берілген құрылым (1 белгі бойынша) аясында жүйелендіреді;

  • 5) ақпараттарды өңдеу:

  • алынған ақпаратты дәл баяндай алады;

  • ақпараттың жеткіліксіздігін немесе өзінің түсінбегендігін ескертеді;

  • ұсынылған ақпарат көздерінен дәйектерді таба біледі және оларды негіздей алады.


6.2.4.3 Коммуникативтік құзыреттіліктің аспектілері

  • а) Бастауыш білім беру деңгейінде:

  • 1) жазбаша қатынас:

  • қарапайым құрылымдағы жазбаша қатынастың стандарт үлгілері бойынша ойын рәсімдейді;

  • мәтінді ресімдеу және берілген үлгідегі көмекші сызбалар нормаларын сақтай отырып сұрақтарды баяндай алады;

  • 2) көпшілік алдында сөз сөйлеу:

  • сөз сөйлеу жоспарын жасайды;

  • көпшілік алдында сөз сөйлеу нормасын және регламентті сақтайды;

  • өзінің баяндамасының мазмұнды топтамаларын бөліп алу үшін кідіріс жасай алады;

  • 3) сұхбат:

  • монологта, сұхбатта, пікірталаста (топ) шын мәнісіндегі, бағаланатын ақпараттың негізгі мазмұнын қабылдай алады;

  • 4) нәтижелі топтық қатынас:

  • білім алушылар топтық талқылаудың берілген тәртібіне өз беттерінше ілесе алады;

  • білім алушылар топтық жұмысқа арналған тапсырмаға сәйкес жауап бере (амалдар орындай) алады;

  • білім алушылар өздерінің ойларын, пікірлерін ұсынады, түсіндіре алады немесе топтың басқа мүшелерінің ойларына, пікірлеріне деген көзқарасын дәйектей алады.




Лекция 10. Тақырыбы: Бастауыш білім беру жүйесіндегі қазіргі педагогикалық және ақпараттық технологиялар

10.1.Бастауышта дербес әдістемелік пәндерді оқытудың жүйелері (дамыта оқыту, саралап оқыту, деңгейлеп оқыту, модульдік оқыту).
10.2.Мультимедиа технологиясы (компьютерлік оқыту технологиясы) бастауыш сынып жүйесінде
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешуде, әрбір орта мектептің бастауыш сатысында білім беруде оқу-тәрбие үрдісін жаңа технологияларға сай ұйымдастыру әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынас-


қа өту қажеттігі туындайды.

Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту шеңберінде білім берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі «білім беру технологиясы» деп аталатын жаңа ұғымның пайда болуына ықпал етті. Бұл ұғымның мәнін білім беру үдерісін өзгеше дамытатын жүйе деп түсінуге болады, онда білім алушылардың іс-әрекеті жетекші фактор болып табылып, оқыту мұғалім мен білім алушының субьектаралық өзара әрекетін қарастыратын және олардың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін рефлексиялық басқару ретінде көрінеді.

Бастауыш мектепте қазіргі педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі оқушылардың білімін арттыруда, іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра алуымен байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің қыр-сырын әртүрлі салада қарастырған ауқымды зерттеу еңбектері баршылық. Мәселен, қазіргі педагогикалық технологияларды пайдалануда оқушы білімін арттыру, қызығушылығын қалыптастыру, бастауыш мектеп оқу үдерісінің тиімділігін арттыру мәселелері қазақстандық ғалымдар - Н. Д. Хмель, С. А. Ұзақбаева, Л. К. Керімов, Б. Әбдікәрімұлы, М. А. Құдайқұлов, А. Е. Әбілқасымова, М. Ж. Жадрина, Г. Ж. Меңлібекова, Б. С. Имандосова және т.б. еңбектерінде қарастырған.

Оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру мақсатында педагогикалық технологияларды ұсынған Н.П.Гузиктің, В.М. Монаховтың, Ф. Шаталовтың, Т.Галиевтың, Л.Бектұрғановалардың еңбектері және т.б. ғылыми тұрғыдан практикалық мәні зор еңбектері біздің зерттеу жұмысымызда басшылыққа алынды. Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік- педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қызметтігі туындайды. Бұл үшін мұғалімдердің инновациялық іс- әрекеттің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технология пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отыра мүмкіндік деңгейіне жеткізеді. Сондықтан мұғалімнің біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.

«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әр түрлі анықтамалар берген. Мысалы,Э. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: « Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс « Инновация- арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» дейді. Ендеше «инновация» ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин . Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу» деп көрсетілсе, кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды.


Инновация термині қазірде білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ, ғалымдарбұл терминніңнақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен таныта алмайды. Инновацияны «білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу» деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік.

«Инновация» ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мәданиеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни, бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі сақталған.

Инновация латыншадан аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен . Яғни, С.Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады.

«Инновация» ұғымын әр елде әр түрлі түсінген, кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Индерланды) бұл термин кең тараған, ал Арабия, Жапония тәріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылыс-

қа қандай көз қарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылымы- педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шетелдерде, ТМД елдерінде, Қазақстанда «инновация» ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз.

Ресейде «инновация» ұғымына өте күдікпен қарағаны мәлім. Мәселен, XIX-XX ғасыр басындағы бірде – бір білім реформаларында бұл термин кездеспейді. Негізінде реформа жүзеге асқан , яғни, инновациялық үрдіс өткен , бірақ «инновация» термині еш жерде аталмайды.

Ал Америка ғалымдары Биль және Болен педагогикалық инновацияны «құрамына материалдық өзгеруіне ғана емес, сол материалды қолданудағы көзқарастардың кешенді өзгеруін білдіретін үлкен өзгеріс» деп түсінеді.

Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымын пайдалану соңғы жеті жылдың енші-сінде. Ең алғаш «инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Н.Нұрахмет-

ов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз- білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деп жазады. Ал инновация негізінен құраушы ұғымдардың: «инновация», «нововедение», «новшество», «новое» т.б. қазақша аудармаларын жасаған Ы.Алтынсарин атындағы білім мәселелерін ғылыми зерттеу институтының әдіскері Қ.Құдайбергенова болып табылады. Ол өз еңбектерінде инновацияны» нақты қойылған мақсатқа сай салынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған: «инновация» - жаңарту, «нововедение» - енген жаңалық, «новое» - жаңа, « новшество» - жаңалық, «инновациялық процесс» - жаңарту үрдісі.


«Инновация» сөзі - қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданылып жүрген термин. Қазір «жаңа, өзгеру, жаңаша» деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі жаңа заманға да « жаңа, жаңаша өзгерудің» мазмұны терең және анық екендігі белгілі.Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану ар-қылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады. Мұның ерекшеліктері негізінен мыналар:

-үйренушінің белсенділік іс- әрекетін дамыту;

-оқыту мен үйретудің өзара үйлесімдігін қалыптастыру;

-мұнда үйренушінің дербес қабілетін дамытуға көмек беру;

-үйренушінің танымдық үрдіске белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі;

-көрнекілік құралдарын көбірек пайдалану арқылы сезімін жоғарлату.

Жаңа педагогикалық технологияның негізгі үлгілерін ғалымдардың еңбектеріне талдау жасай отырып, мұғалімнің оқушымен жекелей қарым-қатынасына негізделген оқытудың жаңа технологияларын бағыттарына қарай жіктеп төмендегідей топтастыруға болады. «Педагогикалық технология оқушының өз бетімен жасайтын оқу –танымдық қызыметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу- тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет» делінген шарт мазмұнын (оқу материалын) тек орта қабілеті бар оқушыға арналған ақпарат көзі болудан оқушының өз бетімен белсенді жұмыс жасап, дамуына жол ашатын оқу құралына айналуын қажет етеді.

Технологиялар атауы

Авторлары

Саралап деңгейлеп оқыту

Қараев Ж.А.,Кобдикова Ж.У.

Модульдік оқыту технологиясы

Жампеисова М.М.

Дамыта оқыту технологиясы

Тұрғымбаев Т.,Эльконин Д.Б.

Давыдов В.В.,Зайцев В.

Проблемалық  оқыту технологисы

Монахов М.

Ірі блокпен оқыту технологиясы

Шаталов, Эрдниев П.М.

Жобалау әдістемесі

Дж. Дьюи

Сын тұрғысынан ойлау

Джинни, Л. Стил, С.Крутис, Ч.Темпл

Жеделдетіп оқыту технологиясы (тілді дамыту)

Жүнісбеков Ә.

Алдын-ала оқыту технологиясы

Лысенкова А.

Тұлғалық гумандық технологиясы

Амонашвили Ш.

Шоғырландырып- қарқындап оқыту

(Концентрированно- интенсивное обучение)

Нұрахметов Н.Н.

Абдығалиев К.А.

Жүйелілік тұрғысынан оқыту технологиясы

Ғалиев Т.Т.

Интерактивті оқыту технологиясы

Я.А. Каменский

 Бұл, әрине, барлық технологиялардың толық тізімі емес.

   Деңгейлеп оқыту- оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады.