Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі оркыт Ата атындаы ызылорда университеті Гуманитарлы педагогикалы институты Педагогика жне оыту дістемесі кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 123

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Білім беру жүйесіндегі әлемдік дамудың негізгі үрдістері

12 жылдық жалпы орта білімнің мақсаты

12 жылдық жалпы орта білімнің міндеттері

Тұлғаны әлеуметтендіру

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

12 жылдық орта білімнің құрылымы

Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.

Негізгі орта білім беру білім беру бағдарламаларының аяқталуын және осы деңгейге тән түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндетті базалық деңгей болып табылады.

6.2.4.1 Проблемаларды шешу құзыреттілігінің аспектілері:

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

6.2.4.3 Коммуникативтік құзыреттіліктің аспектілері

Мазмұндық ерекшелігі: маңызды дағды мен қабілетті қалыптастыру және соған сәйкес пәндер:

ТАЛДАУ

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

3. Оқытудың ұжымдық және топтық тәсілдерін қолдана отырып баспа беттеріне жарыққа шыққан сабақ жоспарларына талдау жасаңыз.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары

Курстық жұмыстар тақырыптары

8. Қазақ тілі сабақтарында өздігінен жұмыс жасаудың жолдары


Семинар сабақ. Семинар сабақтары бір-бірімен байланысты екі белгілерімен сипатталады: оқу бағдарламасын оқушылардың өз бетімен меңгеруі; және сабақтағы олардың таным қабілеттерінің дамуын талдау. Семинарда оқушылар өздері дайындаған хабарламалармен таныстыруға, өз ойларын еркін айтып дәлелдеуге үйренеді. Сонымен қатар оқушылардың таным белсенділіктерін дамытуда семинарлардың рөлі зор. Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасады.

Консультация, көмек сабағы. Бұл сабақтар оқушылар біліміндегі кемшіліктерді жоюда, оқу бағдарламасын жүйелеу мен жинақтап қорытуда ғана жүргізілмейді, сонымен қатар білім-білік дағдаларды қалыптастыруда маңызды. Мазмұнына және міндетіне қарай тақырыптық және белгілі мақсатқа арналған көмек сабақтары болады.

Тақырыптық көмек сабағы әр тақырыпты өткенде немесе оқу бағдарламасындағы қиын сұрақтар бойынша ұйымдастырылады.

Мақсатқа арналған көмек сабақтары өздік және бақылау жұмыстарын, сынақтар мен емтихандарды өткізу мен қорытындылауда жүйелі жұмысқа айналуы тиіс. Сонымен қатар бұл қатемен жұмыс, бақылау жұмыстарының анализдеріне арналған сабақтар болуы мүмкін.

Интеграциялық сабақ. Интеграция дегеніміз - пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграцияны жүзеге асырудың бір жолы-сабақтарды бір мұғалім арқылы жүргізіп, бірнеше пәндер бойынша біріккен сабақтар білімінің жинақталуы, яғни әртүрлі пәндерден алған білімдерін синтездеу.

Оның жүргізілу әдіс-тәсілі әртүрлі: семинарлар, конференциялар, саяхаттар және т.б.

Сайыс сабақ. Сайыс сабақтың негізін топтар арасында сұрақ-жауап және кезектесіп берілетін тапсырмалар арқылы ұйымдастыруға болады. Мұндай сабақтарды өткізудің әр түрлі тәсілдері бар. Олар «Көңілді тапқыштар тобы» (КВН), «Брейн-ринг», «Жұлдызды сағат», «Бақытты шақ» сияқты атақты ойындар негізінде ұйымдастырылатын жарыстар, эстафеталар, талас-тартыстар. Сайыс сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу төмендегідей үш негізгі кезеңнен тұрады: дайындық, ойын сәті, қорытынды.

Білім беру мақсаттары қойылатын сабақ. Балаға бастапқы қойылатын мақсат-оқу-практикалық болып табылады. Оның алдына қоятын міндеттері:

  • Баланың жеке тәжірибесінің жоқтығын ескере отырып, үйренетін пәнді объективизм тұрғысынан зерттеу, яғни жаттықтырушылық әрекетті оқып, білім алуға өзгерту.

  • Белгілі зат көлемінде іс-әрекет етуге үйрету, анализ жасау, өз іс-әрекетін бақылау.

  • Оқу-практикалық есептерді шешуде жабдықтармен қамтамасыз ету.

  • Әр баланы бір жұмыс істеуге үйретіп, бейімдеу.


« Жоғарғы оқу орындарында дербес әдістемелік пәндерді оқытудың ғылыми–теориялық негіздері» пәні бойынша практикалық сабақты өтудің түрі:

-Практикалық сабақта оқу бағдарламасының негізгі бөлімдері қарастырылады;

-Ол лекцияда өтілген тақырыптар бойынша толық мәлімет алғаннан кейін, талдау жұмыстарымен болашақ маманның алдынан шығатын кейбір ғылыми-практикалық проблемаларды шешу болып табылады;

-Тақырыпқа байланысты жаттығу жұмыстарын Магистранттың белсенді түрде қатысуымен ұжымдық жағдайда іске асырады.

« Жоғарғы оқу орындарында дербес әдістемелік пәндерді оқытудың ғылыми–теориялық негіздері» пәні бойынша семинар сабақты өтудің түрі:

-Сабақта пәннің мазмұны бойынша проблемалық оқыту принципін іске асыру және бар білімін шығармашылыққа жұмсау керек.

Берілген тапсырмалар бойынша семинар-пікір сайыс, семинар-зерттеу әдісімен теориялық мәселелерді практикалық тәжірибе жинақтап, болашақ маман іс-жүзіне асырылады. Ал «миға шабуыл» және іскерлік ойындар элементтерін пайдалану арқылы оқытушы тарапынан берілген әрбір сұрақтарды семинар-пікір сайысқа қажетті мәселені соңына дейін зерттеп, барлық ақпарат көздерін пайдаланады. Сонымен семинар-практикалық сабақтардың мынанадай түрлерге бөлінеді:
4. « Жоғарғы оқу орындарында дербес әдістемелік пәндерді оқытудың ғылыми–теориялық негіздері» пәні бойынша семинар-практикалық сабақтарды ұйымдастырудағы талаптар.

Магистрант кітаптың соңында көрсетілген әдебиеттер тізіміндегі оқулықтармен оқу құралдарын, жеке мақалаларды әрбір категорияға байланысты дұрыс қолдана алуы керек. Жаттығуларды орындар алдында теориялық категорияларды оқулықтан, лекциядан, жазған конспектілерінен жеке мақалалардан оқып алғаны дұрыс. Жаттығудың шартын талап етіп отырған мәселені түсіндерме түрде баяндап, талдап теория мен практиканы байланыстыра отырып, орындау техникасын тиімді пайдалану керек.

Практикалық және семинар сабағының жетістігін қамтамасыз ететін жағдайлардың бірі сұраққа жауап беріп тұрған Магистрантке, баяндама мен рефератқа қойылатын нақты талаптардың жиынтығы болып табылады. Бұл талаптар өте нақты болуы керек, бірақ уақыт шектелмеуі қажет, өйткені Магистранттың шығармашалақ ойы уақыттан қысқан сайын


4.1. « Жоғарғы оқу орындарында дербес әдістемелік пәндерді оқытудың ғылыми–теориялық негіздері» пәні бойынша практикалық және семинар сабақтар оқу-жұмыс бағдарламасына сәйкес өткізіледі.

4.2. « Жоғарғы оқу орындарында дербес әдістемелік пәндерді оқытудың ғылыми–теориялық негіздері» пәні бойынша практикалық және семинар сабақтар Магистранттың белсенді түрде қатысуы мен ұжымдық жағдайда іске асырылады.

4.3. « Жоғарғы оқу орындарында дербес әдістемелік пәндерді оқытудың ғылыми–теориялық негіздері» пәні бойынша практикалық және семинар сабақта берілген әдістемелік нұсқаулар арқылы орындалып, ол кафедра мәжілісінде және факультет бюросының әдістемелік бөлімінде қарастырылады.

Сабақ өту барысында әдістемелік нұсқаулар.

Семинар сабақта оқытудың сан түрлі құбылтып өтуге болатын формасы. Онда негізгі бағыт беруші негізінен оқытушы болғанымен, Магистрант, яғни болашақ маманда өз бетінше көп жұмыс істеуге көп мүмкіндік беріледі. Практикалық (семинар) сабақ оқу жұмысының барлық түрімен тығыз байланысты: ең алдымен лекциялық оқытумен және өз бетінше жұмыс істеумен. Сондықтан да сабақтың саласы лекцияның сапасына және Магистранттың өз бетінше қалай жұмыс істеуіне байланысты болуы шарт.

4.4. « Жоғарғы оқу орындарында дербес әдістемелік пәндерді оқытудың ғылыми–теориялық негіздері» пәні бойынша практикалық және семинар сабақтарды өтуде ақпараттық-анықтамалық әдебиеттер болуы тиіс.

Сабақта принципке сай оқыту мазмұны Магистрантді оқыту кезінде оқулықтарда көрсетілген әлеуметтік тәрбиені ұғына алатындай болуы керек.

5. Практикалық және семинар сабақтарды өтудегі әдістемелік нұсқаулардың мазмұны мен структурасы.

5.1. Магистранттың өзіндік жұмыстары тақырыпта немесе тарауында кездесетін анықтамаларды айқындап, тақырып бойынша әдебиеттерден, интернеттен алынған материалдар негізінде жасалуы керек. Магистрант МӨЖ тапсырмалары дер кезінде тапсырылуы қажет. МӨЖ консультациясының уақытын белгілеп, МӨЖ-ге үлкен жауапкершілікпен қарауды талап ету қажет.

1. Глоссарии- Магистрант берілген тақырып бойынша терминдер мен негізгі ұғымдар анықтамасын беруді білдіреді. Крассворд, сканвордты пайдалану.

2. Шығарма- еркін түрде орындалатын жазбаша жұмыс. Көлемі 2-3 бет. Мұнда классиктердің ойлары нақты ситуациалар дәлел ретінде келтірілуі мүмкін.


3. Реферат – Магистранттың бірнеше кең көлемдегі ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, өзінің пікірі мен тұжырымдамаларын жазбаша ұсынуы. Көлемі 7-8 бет.

4. Эссе- 1-2 бетке жазылатын Магистранттың берілген тақырып бойынша өз ойына, өз тәжірибесіне негізделген жұмыс.

5. Ауызша шолу – Магистрант берілген тақырып бойынша өзіндік дайындалуға арналған сұрақтарға сәйкес материалды баяндайды. Берілген уақыт 5-7 минут. және қосымша әдебиеттердің талқылау Тақырыптың ашылуына, қызықтыруына қолданылуына байланысты бағаланады.

Магистранттардың білім деңгейіне байланысты тапсырмаларды жеңілдету немесе күрделі ету жоспарлануы қажет. Мәселен, Магистранттарға кейсті талдау тапсырылса, дайындығы жоғары (1 немесе 2) Магистрантке кейс жазуды тапсыруға болады.

Барлық МӨЖ тапсырмалары уақытылы тапсырылуы қажет, уақытында өткізілмеген тапсырмалар төмендетіп бағаланады (әрбір тапсырмадан кешіккен күніне 0,1 балл алып тастау).

МӨЖ ұйымдастыру үшін:

  • МӨЖ тапсырмаларын семестр басында Магистрантқа беру;

  • ағымды және межелі бақылау түрлерін дайындау;

  • МӨЖ консультациясының уақытын белгілеу.

Магистрантден

а) МӨЖ тапсырмасын уақытылы орындауды;

б) белгіленген уақытта тапсыруды;

в) МӨЖ-ге үлкен жауапкершілікпен қарауды талап ету қажет.

МӨЖ-ді іске асыруға арналған жоғарыда ұсыныстар мен интерактивті әдістерді қолдану арқылы Магистранттардың білім деңгейін көтеруге болады. Интерактивті әдістер Магистранттың:

  • тыңдау және өзара қарым-қатынасын;

  • басқаға жанашырлық таныту, жанкүйерлік қабілетін дамытуды;

  • көзқарасын дамытуды және түсінуді;

  • белгісіз сұрақтарға жауап тауып, белгілі мәселелерді шешуді;

  • аналитикалық ойлау және өз ойын талқылауды қалыптастырады.

Әдістемелік нұсқаулардың структуралық элементтері.

5.2. Структура элементтерінің мазмұны.

5.2.1. Мазмұны мен форма бірлігі, теория мен практика арасындағы байланыс, жүйелілік принципі оқыту барысында ерекше орын алады.

5.2.2. Ұжымдық бірлескен іс-әрекет, қарым-қатынас, Магистранттардың кәсіби тілде сөйлеуге, тыңдай білуге, басқаларды ести білуге, семинарды сыпайы-дәлелді жүргізуге үйретеді. Осындай семинарда кәсіптік ойдың пәндік, әлеуметтік құндылықтары қалыптасады, болашақ маманды даярлаудағы негізгі мақсатқа қол жеткізеді.


5.2.3. Сабақтың мазмұны.

5.2.4. Аудитория мен педагогтік байланыс жасап, дидактикалық материалдармен техникалық құралдарды пайдалану.

5.2.5. Сабақты өтудің тәртіптері.

-Барлық тапсырмалар өз уақытында орындалуы тиіс және оларға дайындық кезінде оқулықтан және лекциялардан алынған принциптермен концепциялар пайдалануы тиіс.

-Сабаққа берілген материалды талқылау нақты сұрақ қою мақсатында алдын-ала дайындалып келуі қажет. Бүкіл курс бойынша жақсы білім алуларына жауапкершілікпен қарап, жұмыстарды балл білімді бағалау графигіне сәйкес, 1 балл, практикалық сабақтарға белсенді қатынасқан және сабақ жібермеген Магистранттарға қосып қояды.
6.5.Семинар сабақтарының жоспары


Практикалық сабақ 1. Тақырыбы: Дербесәдістемелік пәндерді оқытудың ғылыми теориялық негіздері магистратурадағы оқу пәні ретінде

1.1. Курстың объектісі, пәні, мақсаты мен міндеттері және әдіснамасы, оның басқа пәндермен (жоғары мектеп педагогикасымен, психологиямен, т.б.) байланысы.

1.2. Дербесәдістемелік пәндердің дамуына тарихи шолу
1.3. Дербесәдістемелік пәндер бакалавриаттағы оқу пәндері ретінде

Сұрақнама:

1. «Обьект» ұғымы қалай анықталады.

2. «Пән» ұғымын анықтауға тұрлі көзқарастар.

3. «пән» және «ғылым» ұғымдарының айырмашылығын ашатын мысалдар келтіріңіз.

4. ЖОДПОТмТ міндеттерін жұзеге асыру бойынша мысалдар келтіріңіз.