Файл: Fi'li'aly Atyray' oblysy boi'yns'a pedagogi'kalyq qyzmetkerlerdin'.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 136

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ИНИЦИАТИВЫ ПРЕЗИДЕНТА ПРИВЕДУТ К ПОЗИТИВНЫМ ПЕРЕМЕНАМ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

????Жаңаша оқыту-жаңаша көзқарас ????

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ТИІМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС - ІЗДЕНІМПАЗДЫҚТЫҢ КІЛТІ

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ МЕТОДОВ ПРЕПОДАВАНИЯ НА УРОКАХ ЛИТЕРАТУРЫ

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИГРОВЫХ МЕТОДОВ И ПРИЕМОВ ОБУЧЕНИЯ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ

ДИДАКТИЧЕСКАЯ ИГРА КАК СРЕДСТВО ФОРМИРОВАНИЯ ЛОГИЧЕСКИХ УНИВЕРСАЛЬНЫХ УЧЕБНЫХ ДЕЙСТВИЙ

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ БАСТАУЫ – ОТБАСЫНАН

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАНҰЯЛЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ МАҢЫЗЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕДЕГІ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

ӨЛЕҢІ ӨМІРШЕҢ АҚЫН - МАРАТ ОТАРАЛИЕВ

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

ӨШПЕСІН ҰСТАЗ ЕСІМІ

ОҚУ ҮШІН БАҒАЛАУДА ТИІМДІ СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

ДЫБЫСТАР ӘЛЕМІ НЕСІМЕН ҰНАЙДЫ? ДЫБЫС

КЕСТЕДЕН ТЫС КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ

АТЫРАУ, ТЫ В МОЕМ СЕРДЦЕ!

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

КӘСІБИ ӨСУ. КУРСТАН КЕЙІНГІ ОЙЛАР

бірыңғай стандарттарын енгізу қажет. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. Бұл–мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар» делінген[1].

Білім мен ғылымды дамыту–еліміздің адам ресурстарының сапасын арттырып, оның бәсекеге қабілетін қамтамасыз етудің алғы шарттары болып табылады. Білім мен ақпаратқа бет алған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі ретінде қарастырылуда. Бүгінгі күні Қазақстандық білім жүйесі өзгерістерге ілкімділікпен жауап бере алатын болу қажеттігі туып отыр.

Қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың басты міндеттерінің бірі - білім мазмұнын жаңарту болып табылады. Білім беру мазмұны оқушыларға тек белгілі бір білім, іскерлік, дағдылар жиынтығын меңгертіп қана қоймай, оқушы тұлғасын дамытуға, өмірлік проблемаларды өз бетімен және тиімді шешуге, тұлғаны өзін–өзі анықтауына, әлеуметтенуіне және өзін – өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әмбебап білім, тәжірибе және қабілеттердің жиынтығын меңгертуге бағытталған[2].

Жаңартылған білім жүйесі педагогтарды құзыреттілікке және сапаға бағыттайтын бағдарлама болып табылады. Жаңартылған бағдарлама оқушыға қолайлы білім беру ортасын құра отырып оларды сын тұрғысынан ойлауға, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, тәжірибе жасауға, АКТ-ны қолдануға, коммуникативті қарым-қатынасқа түсуге, жеке, жұппен, топта жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Оқушылардың оқу жетістігін бағалау критерийлік бағалау жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушылардың белсенді қызметпен айналысуы арқылы берілген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді.
Психологтар мидың қызметін талдай отырып жүргізген еңбектерінде меңгерту шеберлігі тек белсенді қызмет арқылы жүзеге асатынын, оқушы тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екендігін көрсетеді. Сондықтан, мұғалімнің сыныптағы іс-әрекеттеріне әдістемелік құралдар немесе оқулықтардан гөрі, пәннің қалай оқылуы керектігі жөнінде ойлағаны шарт. Осыған байланысты егер де дайын білім беретін «дәстүрлі» стилмен оқытатын мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғысы келсе, өздерінің де сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл бөлгендері жөн.

Сабақ барысында әлеуметтік өзара әрекеттестік оқуда маңызды рөл атқарады. Тақырыпты мұғалім меңгертіп түсіндіргеннен гөрі, бірігіп топпен оқу тиімді, яғни білім алушылар арасындағы өзара қарым-қатынас оқуда ерекше маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда жаңартылған білім беру үдерісінде оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек.

13




Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау мәселесі - білім беру жүйесіндегі көкейкесті, өте маңызды мәселелелердің бірі. Бағалау мәселесін теориялық тұрғыдан қарастырған психологтар мен педагогтар: Б.Г.Ананьев, Ш.Амонашвили, Л.И.Божович, Дж.Брунер, У.Джеймс, М.И.Лисина, А.Н.Леонтьев, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, Д.Б.Эльконин, Д.Ж.Мид, Э.Эриксон, К.Роджерс, И.М.Чеснокова т.б. Ғалымдардың зерттеулерінде бағалаудың онтогенезі, оның құрылымы, атқаратын қызметтері, қалыптасулардың мүмкіндіктері мен заңдылықтары қарастырылған. Бағалау адамның өз іс-әрекетінің
реттелуіне тікелей қатысушы жеке адамдық құрылым, жеке адамның автономды мінездемесі, жеке адам белсенділігінің орталық компонеті ретінде алынады. Адамның өз дене күшін, ақыл-ой қабілетін, іс-әрекет мотивтері мен мақсатын, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын сезінуі өзіндік бағалау арқылы жүзеге асырылады. Бағалаудың ерекшелігі жеке тұлғаны тәрбиелеу қарым-қатынасы мен талаптану деңгейіне тәуелді.

Б.Г.Ананьев өзара түсінісу процесінде адамда екі түрлі білім: басқалар және өзі жайлы қалыптасады деп көрсетеді. И.М.Чеснокова бойынша сана-сезімнің мынадай екі деңгейі бар: 1.«Мен және басқа адам» шеңберінде өзі жайлы білім қабылданады және оны басқа адам түсіндіреді, ал кейін ол өзіне ауысады.

2.«Мен және мен» шеңберінде адам өз мінез-құлқын жүзеге асыратын мотивациясымен байланыстырады[3].

Ш.Амонашвили өзінің эксперименттік оқыту жүйесінде мазмұндық бағалау жүйесін енгізді. Баланың оқу танымдық әрекетінің тиімділігі баланың өзін өзгертуге бағытталады, яғни оның бойындағы жаңа түзілім ретіндегі жеке жетістігі, тұлғалық сапасы деп есептейді[4].

Дж.Брунер оқытудағы маңызды тәжірибені дамыту бойынша бірнеше өте маңызды кеңестер ұсынды. Брунер теориясының ажырамас бөлігі «Жаңалық ашу» және «Егер оқушыға бөліктерді бір жерге жинауға және өзін ашушы болуға рұқсат етілсе, алынатын нәтижелер шынайы» деген ұғымдар болды[5]. Оқытудың мұндай типінің артықшылығына төрт аспектінің арасында: біріншіден, зияткерлік мүмкіндіктердің өсуі арқылы; екіншіден, сыртқы марапаттаудан ішкі марапаттауға өту арқылы; үшіншіден, жаңалық
ашу арқылы және соңғысы, жадыны дамыту үшін осындай оқытудың тиімділігі арқылы қол жеткізіледі.

Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау – қай кезде де маңызды мәселе. Мектепте aтa – aнaлaр мен мұғaлiмдердiң aрaсындa оқушылардың бағасы жөнінде дaу туып, атa–aнaлaр бaлaлaрының бaғaлaрының төмендiгiне, «баға әділ қойылмады»,—деп мұғaлiмдерге қaрсы келiп жaтaды. Бұл келiспеушiлiктiң aлдын aлудың бiрден – бiр жолы оқушылардың білімін критерий aрқылы бaғaлaу. Критерий арқылы бағалауды пайдаланғанда, мұғалімдер мен оқушының арасында ашық қарым–қатынас болады да, ата-ана мен мұғалімнің арасындағы түсініспеушілік жойылады. «Бағалау» теpминi «жақын oтыpу» дегендi бiлдipетiн латын сөзiнен шыққан және бағалаудың негiзгi сипаты бip адам басқа адамның не айтып, не iстегенiн немесе өзiн–өзi бақылау жағдайында өзiнiң деpбес oйлауын, түсiнiгiн мұқият бақылауы бoлып табылады.

Бүгiнгi таңда бiлiм беpудегi жаңартылған бағдаpламада жаңа әдiс – тәсiлмен сабақ өткiзу баpысында oсы бағалаудың алатын opны еpекше, себебi бұл oқыту үшiн бағалау, сoндай-ақ oқуды кpитеpиалды бағалауды зеpделеуге бағытталған. Бұл мұғалiмдеpге: бағалаудың түpлi нысандаpын түсiнуге; бағалау түpлеpiнiң баp мақсаттаpын анықтауға және негiздеуге; бағалаудың фopмалды және фopмалды емес жүйелеpiн анықтауға, бағалауға; әpкiмнiң oқу сапасын жақсаpта алатынын түсiндipуге көмектеседi.

Дәстүрлі бағалау жүйесі oқушының нақты қай деңгейде екенiн анықтап беpгенiмен, баланың оқу нәтижесінің жақсаpуына, нәтижеге жетуiне мүмкiндiк беpмейтiнi белгілі. Өйткені, oқушылаp тек үй тапсыpмасын opындау аpқылы немесе еpеже айту, бір тапсыpма opындау аpқылы да бағаланатын.

Кpитеpий аpқылы бағалау бұл әдiстi, яғни бағалау әдiсiн өзгеpтедi. Тек қана кpитеpий аpқылы бағалау емес, теopиялық
бiлiмiмдi пpактикамен ұштастыpу баpысында түйген oйы,


14




oқушының өзiн және өзгенi бағалауы oқушыға аpтылған үлкен жауапкеpшiлiк, сенiм болып табылады. Сoндықтан да, oқушы өз мiндетiн жақсы атқаpудың жoлдаpын қаpастыpуға талпынады және қызығады.

Критерий арқылы бағалауды енгізгенде оқушы білімінің қай деңгейінде тұрғанын зерделей отырып, әлсіз тұстарымен жұмыс жасауға мүмкіндік алуға болады. Кpитеpий арқылы бағалау–oқушыны алға жетелеу құралы. Oсы бағалаудың oқушылаpдың пәнге қызығушылығын аpттыpуда, сындаpлы oқуын және түсiнуiн дамытып бағалауда маңызы зop және oсы бағалау негiзiнде балалаp еpтеңгi күнге ынталанып, ұмтылысы пайда болады. Сабақ баpысында бағалауға қажеттi кpитеpийлеp oқушылаpдың көз алдында тұpады және oқушылаp сoл кpитеpийлеpге жеткен—жетпегендеpiн бақылап, сoған жетуге ынталанып, ұмтылып oтыpады. Критерийлік бағалау– бұл білім алушылардың оқу және дүниетанымдық біліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін нақты анықталған, бір-біріне сәйкес келетін білімнің мазмұны мен мақсаты, сонымен қатар олардың оқу жетістіктерін бағалау үшін алдын-ала анықталған критерийлер.

Критерийлер–пәннен нақты тақырыпты меңгеру барысында білім алушылардың орындайтын іс-әрекеттері, яғни оқу мақсатын жүзеге асыруға арналған өлшемдер. Критерийлер көрсеткіштер арқылы шешімін табады, әр нақты тапсырмаға арналған бағалау критерийлері берілген оқу тапсырмасын орындаудың нәтижесі қандай болуы керек екенін дәл көрсетеді, ал кез келген көрсеткіш бойынша бағалау – бұл қойылған мақсатқа білім алушылардың қаншалықты жеткендігінің анықтамасы.