Файл: Fi'li'aly Atyray' oblysy boi'yns'a pedagogi'kalyq qyzmetkerlerdin'.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 148

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ИНИЦИАТИВЫ ПРЕЗИДЕНТА ПРИВЕДУТ К ПОЗИТИВНЫМ ПЕРЕМЕНАМ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

????Жаңаша оқыту-жаңаша көзқарас ????

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ТИІМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС - ІЗДЕНІМПАЗДЫҚТЫҢ КІЛТІ

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ МЕТОДОВ ПРЕПОДАВАНИЯ НА УРОКАХ ЛИТЕРАТУРЫ

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИГРОВЫХ МЕТОДОВ И ПРИЕМОВ ОБУЧЕНИЯ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ

ДИДАКТИЧЕСКАЯ ИГРА КАК СРЕДСТВО ФОРМИРОВАНИЯ ЛОГИЧЕСКИХ УНИВЕРСАЛЬНЫХ УЧЕБНЫХ ДЕЙСТВИЙ

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ БАСТАУЫ – ОТБАСЫНАН

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАНҰЯЛЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ МАҢЫЗЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕДЕГІ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

ӨЛЕҢІ ӨМІРШЕҢ АҚЫН - МАРАТ ОТАРАЛИЕВ

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

ӨШПЕСІН ҰСТАЗ ЕСІМІ

ОҚУ ҮШІН БАҒАЛАУДА ТИІМДІ СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

ДЫБЫСТАР ӘЛЕМІ НЕСІМЕН ҰНАЙДЫ? ДЫБЫС

КЕСТЕДЕН ТЫС КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ

АТЫРАУ, ТЫ В МОЕМ СЕРДЦЕ!

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

КӘСІБИ ӨСУ. КУРСТАН КЕЙІНГІ ОЙЛАР

Критерий нәтижені бағалаудың қойылған талаптарға сәйкестігі бойынша шешім қабылдаудың белгісі, негіздемесі, ережесі.

Критерийлік бағалау жүйесі білім алушыларды әділ бағалау проблемасын шешуі және оларды неғұрлым жоғары жетістіктерге жетуге жетелеуі тиіс. Бағалау жүйесі:

–оқу материалы мен практикалық дағдылардың қаншалықты табысты меңгерілгені және қалыптасқандығын анықтауға мүмкіндік беруі тиіс;

–білім алушылардың өз жетістіктерін өздерінің бағалауына ынталандыру және дамыту механизмі қалыптасуы тиіс;

–оқытушы, білім алушы, ата-ана және мектеп ұжымы арасындағы үздіксіз қарымқатынасты қарастыруы және қамтамасыз етуі тиіс;

  • нақты бір топқа бірдей қолдануға арналуы тиіс;

  • білім алушының психологиясына байқап ұқыпты қарауды, психологиясын жаралайтын, зақым келтіретін жағдаяттардан қашық болуды қамтамасыз ететіндей құрылуы тиіс.

Критерийлік бағалау жүйесінің артықшылықтары:

–оқу пәнінің мақсаттарына сәйкес келеді және әділ бағалауды арттыруға мүмкіндік тудырады;

  • жетістік деңгейлері нақты құрастырылған;

  • бағалауды білім процесіне қатысушы білім алушылар, ата-аналар, педагогтар үшін бірдей түсінікті етеді;

  • өзін-өзі бағалау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасайды;

–білім алушының өз еңбегінің нәтижесіне жауапкершілігін тәрбиелейді;

  • білім алуға қызығушылығын арттырады;

  • білім алушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау мүмкіндігін жасайды (білім алушылар қорытынды бағаның неден шығатынын көреді).

Білім
алушыларға бағаның қайдан шығатыны түсінікті болуы үшін, оларға әр түрлі критерийлер ұсынылады. Осы кезеңнің ең маңызды сәті, білім алушыларға өзін және басқаларды бағалауға мүмкіндік беру болып табылады. Бағалау критерийлерін оқытушы өзі немесе білім алушылармен бірігіп те әзірлеуі мүмкін: бұл оқытудың осы кезеңінде білім алушылардың меңгеруі тиіс стандарты болып табылады.

Критерий дегеніміз–бұл білім алушылардың білуі, түсінуі, өзгертуі, дәлелдеуі тиіс фактілер, ұғымдар мен дәлелдер. Критериалды бағалау жүйесі бір оқушыны басқа оқушымен салыстыру жағдайын болдырмайды, бағалаудың қосымша мүмкіндіктері пайда болады,


15




сонымен қатар білім алушылар өз жетістіктерін бір немесе басқа критерийлер бойынша жетілдіру мүмкіндігі болады. Жекелеген жұмыстарды бағалай отырып, білім алушының назарын қорытынды баға қойылған жалпы жұмыстың бір немесе басқа құрамдас бөлігінен қол жеткізген жетістігіне аудартады. Критериалды бағалау әдісі білім алушының оқу әрекетіне қызығушылығын арттырудың және тұлғалық тәсілдің ықпалды құралы болып табылады. Бағалау жүйесінің аталған технологиясын енгізу барысында әр білім алушы дамудың нақты деңгейіне қол жеткізе алады, себебі бұл технология оқушының алға басуына және өзін-өзі танытуына бағытталған.

Критерийлік бағалаудың жүйесі:

    • сабақтың әр бөлігіндегі дайындық деңгейін;

    • пәннің оқу бағдарламасындағы мақсаттарын орындау қабілетін анықтауға;

    • тұлғаның даму жетістігін бақылауға;

    • білімді меңгеру барысында жіберген қателіктерін анықтауға;

    • өзі орындаған жұмысқа берілген бағаның әділдігіне көз жеткізуіне мүмкіндік береді;


Критерийлік бағалаудың білім алушылар үшін де, педагогтар және ата-аналар үшін де маңызы бар. Мысалы, білім алушылар:

  • өздерінің танымдық және ойлау қабілеттерінің деңгейін арттыру үшін оқытудың әр түрлі әдістерін қолдану;

  • жаңа білімді меңгеру барысында табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсіну;

  • сын тұрғысынан ойлау, өз ойын еркін айту, білімін көпшілік алдында көрсету (ұсыну), өзін-өзі және сыныптастарын бағалау арқылы кері байланыс орнату мүмкіндігіне ие болады;

  • өзбетінше жаңа білім алу,оқу әрекетін ұйымдастыру, мақсат қою, жоспарлау, өзін-өзі бақылау және өз әрекетінің нәтижесін бағалау,өз әрекетінің болуы мүмкін нәтижелерін алдынала болжау дағдыларын меңгереді;

  • бастапқы фактілер мен болжамдарды, теориялық модельдер мен нақты нысандарды түсіндіру үшін, олардың арасындағы айырмашылықты түсіну мүмкіндігіне ие болады;

  • белгілі фактілерді түсіндіру және ұсынылған болжамды эксперименттік жолмен тексеру, процестер мен құбылыстардың теориялық модельдерін әзірлеу үшін болжамдар мысалында ыңғайлы оқу әрекетін меңгеру;

  • қабылдау, өңдеу және ақпаратты сөз, образдық, белгілік түрлерде беру, алынған ақпаратты қойылған мақсатқа сәйкес талдау және қайта өңдеу дағдыларын қалыптастыру;

  • танымдық мақсаттарды жүзеге асыру үшін ақпараттың жаңа технологияларын, өз бетінше іздеу, талдау және іріктеп алу үшін түрлі ақпарат көздерін пайдалану;

  • монологтік және диалогтік сөйлеуді дамыту, өз ойын жеткізу және сұхбаттаушысын тыңдай білу білігі, оның көзқарасын түсіну, басқа адамның ойларын қабылдау мүмкіндігі; – ерекше жағдаяттарда қажет болатын әрекет түрлерін, проблемаларды шешу әдістерін және эвристикалық әдістерді меңгеру;

  • әлеуметтік түрлі рөлдерді орындау арқылы топта жұмыс істеу білігін қалыптастыру, оқыту және өз көзқарасын және пікірін қорғау, пікірталас жүргізу.


Педагогтар:

  • оқытудың сапалы нәтижесіне жеткізетін критерийлер құрастыру;

–білім алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, әр оқушыға арналған критерийлер немесе тапсырма түрлерін жоспарлау;

  • бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалану;

  • білім алушылармен және олардың ата-аналарымен кері байланыс орнату мүмкіндігі. Ата-аналар:

  • өз баласының білім жетістіктерін бақылау;

  • білім сапасының және нәтижесінің сапасымен танысу;

  • оқуына қолдау көрсету бағытын білу мүмкіндігі.

Педагог критерийлік бағалау жүйесін қолдану үшін білім алушылардың дайындық деңгейін және ерекшеліктерін ескере отырып, пәннің оқу мақсаттарына сәйкес «білу және


16




түсіну», «қолдану», «сыни ойлау және зерттеу», «коммуникация және рефлексия» және т.б. критерийлері бойынша дескрипторлар әзірлеуі тиіс. Әр критерий оқушының тапсырманы орындауын жүйелі бағалануына мүмкіндік беретін дескрипторлардан тұрады, сонымен қатар білім алушылар осы дескрипторларға сүйене отырып өз жұмысының нәтижесін бағалай алады.

Қорытындылай келе, жаңартылған білім берудің бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін–өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді. Бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Критерий құру арқылы бағалауда тек оқушы жетістігі ғана бағаланады, орындалған жұмыстары алдыңғы берген үлгімен салыстырылады. Оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік алады және ата

–анасына ақпарат бере алады. Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түседі.
Олар өз білімінің деңгейін саралап, алға ұмтылады, жақсы жетістікке жетуге тырысады.

Әдебиеттер тізімі


  1. Назарбаев Н.Ә.«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы. Астана, 2018 10.01.

  2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық іс–қимыл жоспары. Астана, 2012-http//www.nao.kz

  3. Мұханбетжанова Ә.М., Мұханбетжанова А.У. Жаңартылған бастауыш білім мазмұнының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері. // БҚМУ Хабаршысы № 4 (64) – 2016. 12-29б. 4.Ананьев Б.Г. Развитие детей в процессе начального обучения и воспитания. // В кн.: Проблемы обучения и воспитания начальной школе. М.:Учпедгиз, 1960. – 183 с.

  1. Амонашвили Ш.А. Обучение. Оценка. Отметка. М., 1980. С.18 20. 6. Брунер Дж. Исследование развития познавательной деятельности. М.: Педагогика, 1971.- 391с.