ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.10.2024
Просмотров: 72
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
2. PISA бойынша Қазақстанның көрсеткіштері қандай?
2018 жылы Қазақстанда тесттен 5 мыңнан аса оқушы өтті.
«Мәтіннің мақсатын, стилін анықтаңыз» деген тапсырма мақсаты
«Біріктіру және интерпретация» деңгейіне тапсырма құрастыруға
PISA оқу сауаттылығының «біріктіру және түсіндіру» құзыреттілігі.
Оқушылардың мәтінге интерпретация жасау дағдыларын дамыту үшін ұсынылатын тапсырмаларды көрсетіңіз.
Ұсынылған қай сөз немесе сөз тіркесі контекстің мазмұнына сай келмейді?
2-сабақ
Оқусауаттылығынбағалаудыңбастытәсілдері(1-бөлім)
Оқусауаттылығыныңүшөлшемділігі
Оқу – адамның көпқырлы қабілеті. PISA халықаралық зерттеуіне сәйкес оқудың нәтижесі бірнеше сипаттама арқылы анықталады: мазмұн (мәтін типтері); оқу құзыреттеліктері; жағдаят, яғни мектеп қабырғасынан тыс оқылатын жазбаша мәтіндер. (1-сурет)
1-сурет. Оқу сауаттылығының үшөлшемділігі
№1 компонент. Мәтін және мәтін типтері
«Мәтін» сөзі шынайы тіл қолданылған баспа түрде немесе бейнелік мәтіндерді білдіреді.
Мұндай мәтіндер диаграмма, сурет, карта, кесте, график түріндегі визуал бейнелерді
қамтуы мүмкін. Мәтін типтерін жіктеудің нақты шешімі жоқ. Бір ғана мәтіннің өн бойында әртүрлі мәтін типтері кездесе береді. Зерттеу мақсаты үшін мәтіннің келесі ерекшеліктері аса маңызды болып табылды: олардың өзара байланысы мен бірізділігі; шынайылығы, фактологиялық деректердің болуы (ғылыми, көпшілік, ресми және басқа да мәтіндер) және ойдан шығарылуы, көркемділігі (көркем мәтіндер); тұтас немесе тұтас емес сипаты.
Зерттеуде аталған мәтін типтерінің барлығы, тіпті аралас және құрамдас мәтіндер де қолданылады.
№2 компонент. Оқу құзыреттіліктері
Өлшеуге болатын оқу әрекеттерінің аса маңызды құраушысы – оқу құзыреттіліктері,
яғни оқырманның бір немесе бірнеше мәтінді оқуы кезінде оны терең түсініп, қабылдауы үшін қойылған міндеттер мен оны шешу жолдары.
Оқу сауаттылығын бағалау кезінде аса маңызды болып табылатын оқу құзыреттілігінің (аспект) түйінді үш тобы бар:
-
ақпаратты табу және іріктеу (хабарлама немесе ақпарат); -
біріктіру және интерпретация жасау (хабарлама); -
рефлексия және бағалау (хабарлама).
Топтарға сай мысалдар ұсына отырып, аталған құзыреттіліктердің қысқаша сипаттамасына тоқталайық.
Ақпаратты табу және іріктеу
-
мәтінге көз жүгірту бірнеше сөз, сөйлем немесе сандардан тұратын қажетті ақпаратты табуға көмектеседі. Мысалы: «Аталған оқиға қай жылы орын алды? Автобус қай
аялдамадан қозғалды?» деген сияқты сұрақтар.
Мәтін мазмұнын біріктіру/байланыстыру және интерпретация жасау
-
сөйлем немесе үзіндіде сұрақ мазмұнында перифраздау арқылы берілген мәтін
ақпаратының мәнін түсіну.
Мәтіннің мазмұны мен формасы туралы ойлану және баға беру
-
мәтінде берілген ақпараттың сенімділігіне, өзектілігіне, нақтылығы мен
шынайылығына баға беру. Оқырман ақпарат алынған дереккөзге баға беріп, мәтіннің мазмұны мен формасына, яғни автордың ақпаратты беру жолына талдау жасайды.
Бұл деңгейдегі тапсырмалар оқушылардан жеке көзқарасын білдіру немесе әртүрлі
пікірлерді салыстыру үшін де өз білімі мен тәжірибесіне сүйенуді талап етеді.
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы «Қазақ тілі» оқу бағдарламасы «оқылым» бөлімі аясында толықтай функционалдық сауаттылықты дамытуға құрылған, яғни әрбір оқу
құзыреттілігі белгілі бір оқу мақсаттарының мазмұнына кіріктірілген. (2-сурет) 2-сурет. «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасына оқу құзыреттіліктері деңгейлерінің кіріктірілуі
№3 компонент. Жағдаят (оқу мақсаты)
Ұсынылып отырған тұжырымдарда оқудың әлеуметтік, танымдық, дербес қызығушылығы үшін оқу аспектілері ескеріледі. Ол адамның мәтінді оқу кезіндегі түрлі жағдаяттарда
көрініс табады.
Оларды атап өтсек:
-
жеке мақсатта оқу (өзі үшін оқу): жеке хаттар (соның ішінде, блог жазбасы, чаттар, хабарлама), көркем әдебеттер, өмірбаяндар және басқалары; -
қоғамдық мақсатта оқу: ресми құжаттар, қоғамдық мән-маңызы бар оқиғалар туралы әртүрлі сипаттағы ақпараттар және басқалары; -
кәсіби мақсатта оқу: нұсқаулық мәтіндері, тауарлар мен қызметтер туралы ақпараттар, жарнама, жолбағдарлар, көліктердің жүру кестесі, афишалар және с.с.; -
білім алу үшін оқу: оқу-танымдық, анықтамалық әдебиеттер, ғылыми-көпшілік мәтіндер.
Аталған жағдаяттарды анықтау оқудың мақсатын, оқылатын мәтін тақырыптарын
анықтауға көмектеседі. Жаңартылған мазмұндағы «Қазақ
тілі» оқу бағдарламасында (5- 9-сыныптар) оқуға ұсынылатын мәтіндерді келесі тақырыптық салаларға біріктіруге болады: тұлғааралық қарым-қатынастар, адам мен табиғат, адам мен техникалық
прогресс, экологиялық мәселелер, салауатты өмір салты, қауіпсіздік, туған елге саяхат, ғылыми жаңалықтар, тауарлар мен қызметтерді таңдау, білім беру, еліміздің ұлы тұлғалары, болашағы және басқалары. Мұндай тақырыптар оқушылардың ойлау
көкжиегін кеңейтіп, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мәтіннің қызметтік жағдаяты оқырман мен мәтін арасында байланыс орнататын
контексті (мысалы, жеке, қоғамдық, кәсіби, танымдық жағдаяттар) анықтап береді.
Дереккөз
4-тапсырма PISAзерттеуінесәйкесоқудыңнәтижесінанықтайтын сипаттамалардыкөрсетіңіз.
мәтін формасы
оқу құзыреттеліктері жағдаяттар
-
тапсырма Сөйлемдердітолықтырыңыз. Мәтіндер
диаграмма, сурет, карта, кесте, график түріндегі визуал бейнелерді қамтуы мүмкін.
Құзыреттіліктер
– оқырманның бір немесе бірнеше мәтінді оқуы кезінде оны терең түсініп, қабылдауы үшін қойылған міндеттер мен оны шешу жолдары.
Жеке мақсатта оқуға (өзі үшін оқу) жеке хаттар (соның ішінде, блог жазбасы, чаттар, хабарлама),көркем әдебеттер, өмірбаяндар және басқалары жатады.
-
тапсырма
Ұғымменоныңтүсініктемесінсәйкестендіріңіз.
Ұғым Түсініктеме
-
Оқу сауаттылығы + адамның мәтінді түсіну, қолдану, бағалау қабілеті -
«Мәтін» сөзі + шынайы тіл қолданылған баспа түрде немесе бейнелеген мәтіндерді білдіреді
-
Оқу құзыреттіліктері + өлшеуге болатын оқу әрекеттерінің аса маңызды құраушысы
-
тапсырма Оқуқұзіреттілігініңаспектілерінанықтаңыз.
Ақпаратты табу және іріктеу
Біріктіру және интерпретация жасау Рефлексия және бағалау
-
тапсСұрақтарменоқуқұзіреттілігіаспектілерінсәйкестендіріңіз.
-
Аталған оқиға қай жылы орын алды? + Рефлексия және бағалау
-
Мәтіндегі 1-абзацтың 2-абзацқа қатысы қандай?+ Байланыстыру және
интепретация
-
Кейіпкердің шешіміне қатысты пікірің қандай?+Ақпаратты табу және іріктеу
3-сабақ
Оқу сауаттылығын бағалаудың негізгі тәсілдері (2-бөлім)
Мәтін типтері
PISA оқу сауаттылығы бойынша оқушыларға ұсынылатын тест сұрақтары әртүрлі мәтін түрлерінің негізінде ұсынылады. 1) Көркем әдебиеттен алынған үзінділерден тұратын тұтас мәтіндер, құрылымы