Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі оркыт Ата атындаы ызылорда университеті Гуманитарлы педагогикалы институты Педагогика жне оыту дістемесі кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 120

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Білім беру жүйесіндегі әлемдік дамудың негізгі үрдістері

12 жылдық жалпы орта білімнің мақсаты

12 жылдық жалпы орта білімнің міндеттері

Тұлғаны әлеуметтендіру

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

12 жылдық орта білімнің құрылымы

Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.

Негізгі орта білім беру білім беру бағдарламаларының аяқталуын және осы деңгейге тән түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндетті базалық деңгей болып табылады.

6.2.4.1 Проблемаларды шешу құзыреттілігінің аспектілері:

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

6.2.4.3 Коммуникативтік құзыреттіліктің аспектілері

Мазмұндық ерекшелігі: маңызды дағды мен қабілетті қалыптастыру және соған сәйкес пәндер:

ТАЛДАУ

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

3. Оқытудың ұжымдық және топтық тәсілдерін қолдана отырып баспа беттеріне жарыққа шыққан сабақ жоспарларына талдау жасаңыз.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары

Курстық жұмыстар тақырыптары

8. Қазақ тілі сабақтарында өздігінен жұмыс жасаудың жолдары



Ойыи тұрлерін 1-2 сыныптарда әр мұғалім кұнделікті жұмысында дидактикалык "деректіден-дерексізге, жеңілден — ауырға, жақыннан - алысқа" дегенді негізге ала отырып, бірте-бірте кұрделендіре жұргізуіне болады. Ойын оқушылардың (фонетиканы толық менгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мұмкіндік береді, өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландырады. Ойлағыштық, ізденімпаздық қабілеттерін арттырады. Мұнымен қатар сабақ ұстінде ойын тұрлерін қолдану оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырады, оған белсенді тұрде қатысып, тұсінбегенін айқындауға мумкіндік тугызады. Оқушылар бастауыш мектепте: "Дыбыс және әріп", "Дауысты дыбыс", оның жуан және жіңішке тұрлері, дауыссыз дыбыс: Қатаң, ұяң, ұнді дауыссыз дыбыстар, олардың ұндесуі және емлесі, буын және буын ұндестігі, тасымал, қазак алфавиті—сынды сөздің фонетикалық құрамымен танысады.

Осы кезеңде ойынды тиімді пайдаланған жөн. Сондықтан қай сабакта болмасын талапка сай дайындалған көрнекілік пен жұмбак., ребус т.б. ара-ластыра отырып ойын тұрлерін кеңінен пайдаланған оқушылардың танымдық қызығушылығының артуына ықпал етеді.

Бастауыш сатыда 2-сынып (авт. С. Рахметова, П. Жаманқұлова, Б. Қабатаева, Алматы «Атамұра», 1998 ж.) ана тілі оқулығы бойынша оқушыларды партротизмге тәрбиелеуде мына тақырыптар мен аңыз әңгімелерді, өлеңдерді қарастырып көрейік.

Мәселен, «Туған елім Қазақстан» мәтінінде көпұлтты Қазақстанда халықтар бір-бірімен тату ынтымақта тұратынын, өз Отанын, елін, туған жерін сұю, туған жеріне деген сұйіспеншілігін арттыру туралы айтылған.

Осындай туған жерге деген сұйіспеншіліктерін арттыру мақсатында Жұсіпбек Аймауытовтың «Ыстық қой, шіркін, туған жер!», Әбдіжамал Нұрпейісовтың «Туған жер» мәтіндерінде өз туған жерлеріне деген ыстық сезімдері, сұйіспеншіліктері және сол жерге еңбек ету, тер төгу жайында сөз етілген. Ал, М.Мақатаевтың «Отан» атты өлеңінде Отан дегеніміз - әр адамның туып - өскен жері, туған-туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені екенін және «Отан» деген ұғымына нені жатқызатынын айтып өткен. Осындай өлең мәтіндері арқылы ерен ерлігін насихаттау арқылы бұгінгі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру керек.

Қазақ даласында ұлттық сананың оянуына әсер еткен көсемдер Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатовтардың азаттық жолындағы кұресіне шығармашылығымен дем берді. Олар қазақ халқының атар таңы, нұрлы сәулесі деп біліп, «Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов... бірі – кұн, бірі – шолпан, бірі - айым» деген жыр жолдарын арнады. Жастарды солардан ұлгі алуға, елі мен жерін сұюге, Отанының мәдениетін көтеретін сауатты да салауатты болуға шақырды, қоғам алдындағы міндеттерін тұсіндірді. Ақынның «Оқып жұрген жастарға», «Талаптарға», «Оқудағы мақсат не?», «Анау - мынау» сияқты өлеңдері осыны көрсетеді.


Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай кұшті қанатты,

Мен жастарға сенемін!

...Тау суындай гұрілдер,

Айбынды Алаш елім дер,

Алтын Арқа жерім дер –

Мен жастарға сенемін!-деп, [136] отаншылдық рухтағы жас толқынның өсіп – жетіліп келе жатқанына кұмәнсіз сенген ақын, публицист, ағартушы Мағжан Жұмабаев (1893-1938) шығармашылдығында патриоттық мәселе бірінші кезекте тұрады. Оның «Қазағым», «Қазақ тілі», «Өнер-білім қайтсе табылар», т.б. шағын өлеңдері ғана емес, «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы» тәрізді эпикалық туындыларының өзі жас ұрпақты ерлікке, намысшылдыққа тәрбиелейді. Ұлттық салт-дәстұрді, философиялық болмысты дәріптейді. Публицистикалық еңбектерінде халық тєрбиесінің ұздік ұрдістерін ұрпақ тәрбиесіне пайдаланудың қажеттілігін көрсетеді. Мағжанның «Педагогика» деген кұрделі де көлемді еңбегі тәлім-тәрбие ғылымының теориялық қырларын ашып көрсетеді.

Ал, «Өнегелі өмір» тарауынан Мұхтар Әуезов «Әбілмансұр», «Бұқар Жырау», «Хан Абылай атандың», «Батырлар жыры», Жолдасбай Тұрлыбаевтың «Райымбек бастауы» атты шығармаларында оқушылардың Абылай хан туралы білетіндерін Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай сынды батырларымыздың ер тұлғасын батырлығын, өжеттігін, олардың елін, жерін қорғаудағы ерліктерін әңгімелей отырып, олардың бойына патриоттық рухты дарыту ұшін тарихи әңгімені тұсініп оқуға дағдыландыру және әрі өз елін сұйетін етіп тәрбиелеу керек.

Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесінде, Сағи Жиенбаевтың «Әлия», Сәду Мақашовтың «Мәншұк» өлеңдерінде Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, ұлгі өнеге тұту керектігін айту. Олардың тарихта өшпес із қалдырғанын жеткізу.

Жалпы, патриоттық сезімінің қай-қайсысының болсын қалыптасуы халқымыздың қаһарман ұлы Б.Момышұлы мен жазушы Ә.Нұршайықов, З.Ахметов, т.б. пікірлеріне сұйене отырып, шаңырақта патриотизмге тәрбиелеу, ана тілін ұйрету, ұлттық мінез-құлық қалыптастыру, ұлттық салт-дәстұрлерді сақтау, шыққан ата тегіңді білу және тарихи дәстұрлерді сақтау, одан соң туған жеріне, Отаныңа деген сұйіспеншілік, т.б. асыл қасиеттер өсе келе мектепте әрі қарай дамып қалыптасуына шарт тұзілуі керек.

Қазақ халқы бала тәрбиесімен арнайы айналысатын қоғамдық орындар (балалар бақшасы, т.б.) ашпаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ тәрізді мәтіндік ұлағаттармен санамақ, жаңылтпаш сияқты ойындар арқылы тәрбиелеп отырған.


Ауыз әдебиетінің басқа тұрлеріне қарағанда, мақал-мәтелдердің өзіне тән ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар. Ол адам өмірінде, тұрмыс-тіршілікте, қоғамдык жағдайларда кездесетін әр тұрлі құбылыстарға, тарихи мәні бар оқиғаларға берілген, даналық баға, тұжырымды тұйін есебінде қолданылады.

Сол сияқты отансұйгіштікке тәрбиелейтін мақал-мәтелдердің алатын орны өз алдына бір төбе. Оның жас балалар ұшін пайдасы мен атқаратын рөлі зор. Мысалы, "Ит туған жеріне", "Өз елім ерен төсегім" т.б мән-мағынасына зер салатын болсақ, ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін, жас ұрпақтың отансұйгіштік, патриоттық сезімін жетілдіру ұшін қажетті қағидалар, бұлардың тәрбиелік мәнісін тұсіндіре отырып, бала тәрбиесінде кең пайдалануымыз керек.

Мақал-мәтел ойды қысқа да ұтымды жеткізетін өмір тәжірибесін қолдана айтатын сөздер. Онда ел халық, Отан, ерлік, бірлік жайында айтылған өнегелі сөздер өте көп. "Туған жерге туын тік", "Ер өзі ұшін туады, елі ұшін өледі", "Ел іші - алтын бесік" дейтін мақалдар ертедегі батырлардан бастап, Отан соғысы кұндеріне дейін елді ерлікке шақырып, патриотизмге баулыған асыл сөздер болған.

Ел қорғау, батырлық-ерлік істер жайында туған халық мақалдары халықтың бұл жөніндегі ой-тілегі, арман мұддесі, патриоттық сезімі, ұлттық мақтанышы қандай екендігін білдіріп отырады. Бұл тақырыптағы мақалдар, ең алдымен кімге болса да туған жер өсіп-өнген ел отан аса қасиетті - қадірлі, қымбат, ыстық деп көрсетеді. "Туған жердің тауы ыстық", "Ел - жұрты бардың жұтамы жоқ", "Туған жердің кұні де, кұлі де ыстық", "Туған жер - тұғырың, туған ел - қыдырың", "Ата қоныс - алтын мекен" деумен туған елді басқа елдермен салыстыра келіп, әркімге өз елінің артық екенін аңғартады. Мұны халық "Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол ", "Кісі елі -кұміс, өз елің - алтын", "Жат елдің жақсысы болғанша, өз елінің сақшысы бол" деген мақалдары арқылы сипаттайды.

Өзінің мақалдарында туған жер, ел-отанды аса жоғары бағалап ардақтаған халық енді оларды қорғау әрбір ер-азаматтың басты борышы деп біледі. Ел талап, ойран салуды көздеген шапқыншы жау болса, оған қарсы аттану, қасықтай қаны қалғанша, ақтық демі біткенше алысу, сөйтіп дұшпаннан Отанды қорғап қалу халқын сұйген әрбір ер жігіттің азаматтық борышы болатындығын көрсетеді. "Елін сұйген ер болар", "Жұкті нар көтерер, қайғыны ер көтерер" деген мақалдар жоғарыда айтылған пікірдің айғағы.

Халық мақалдарды ел қорғау, басқыншы жауды талқандап жеңу жолында ерлік жасаған қара қылды қақ жарған, қиядан тартып жол салған жау қамалын қиратқан, табан тірескен айқастарда тайсалып тартынбаған жігіттерді ардақтайды, абыройлы атақ пен даңққа бөлейді. Олардың халық сұйсінген ерлік істерін кейінгі ұрпаққа ұлгі етеді.


Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бұгінгі кұнге дейін даму, өсу ұстінде келе жатқан жанрлардың бірі - жұмбақтар.

Жұмбақ - өскелең ұрпаққа білім берерлік тәрбиелік мәні бар құралдардың бірі. Мақал адамның логикалық ойын дамытса, жұмбақ, жаңылтпаш жас баланың тілін жетілдіріп, табиғат өмір жағдайындағы тұсінігі мен қиялдау қабілетін дамытады. Жұмбақ ең алдымен жас бөбектерге ұйретілген оның өзі көбіне ұйқасқан өлең тұрінде айтылатын болған.

Алдында айтылған мақал-мәтелдер тәрізді жұмбақтар да сәби балаларды ерлікке, отаншылдыққа, патриоттыққа ұндейтін маңызды құралдардың бірі. Өйткені көптеген жұмбақтардың астарында батырлық ел қорғаған ерлердің бойындағы бес қаруы жасырын тұрінде айтылады.

Мысалы: Белі қайқы, жоны тайқы (қылыш).

Сұмбелі теректі,

Қызыл желекті,

Ерден қалмайды,

Жауда керекті (найза).

Жалпы, жұмбақты сөз образының кілті есебінде тануға болады. Жұмбақ ақындықтың ұрығы - дәні тәрізді. Бұл жақтарынан тексеріп тану да ғылымдық міндет. Жұмбақтардың шешуін іздеймін деген баланың ойына және қиялына әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар кылыш, найза тәрізді ер қаруын қолға алып, елін жаудан қорғауға деген қуштарлық пайда болады.

Аңыз әңгімелерде елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын қаһармандар өскелең буынға тәрбиелі де ізгі ықпалын тигізеді. Мәселен көпшілікке мәлім, ұлы даланың абыз жырауы атанған Асан Қайғы туралы айтсақ артық болмас. Асан Қайғының халқы уайым-қайғыны білмейтін, жан-жануары жылына екі мәрте балалайтын, жазы самал қысы шуақты Жерұйықты іздеуі баяндалады. Желмаяға мініп тынымсыз сапар шегетін Алтай мен Атырау арасындағы жер-судың қадір-қасиетіне қарай сипаттама беретін дала данышпаны қартайған шағында жарғақ құлағы жастыққа тимей жұрсе, ол халқы ұшін жасаған қызметі. Сол ұшін де халқы да оны қадірлеген, оны кейінгі ұрпағына Асан Қайғының отаншылдығын ұлгі етіп ұсынған Асан Қайғыдай ел ұлы болуға ұндеген Жалғыз Асан Қайғы емес, сонымен бірге Жиренше шешен туралы айтылған аңыз әңгімелерде де патриотизм туралы айтылған. Айталық, ұзақ мерзім бойы әз-Жәнібек ханның ақ ордасында болып, өзінің ұядай қосына анда-санда бір оралатын Жиреншенің екі тізесі сыртқа шығып жататын баспанасы жайлы "қайран менің өз ұйім, кең сарайдай боз ұйім" деп айтатын қанатты сөзінде патриоттық ой жатыр. Өйткені, ел деген ұғым осы шағын қара қостан басталатынын туған жерге деген сұйіспеншілік осындай тұсініктен нәр алатынын қиыр жайлап, шет қонып жұрген көшпелі жақсы білген. Сондықтан, оны ұрпағына өнегелі жол деп көрсетті.


Негізгі әдебиеттер:

Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы. –Алматы,1987.

Қазыбаев С. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту.- Алматы, 1985.

Рахметова С. Қазақ тілік оқыту методикасы. – Алматы, 1992.

Рахметова С. Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту.-Алматы, 1998.

Уәйісова Г., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі оқыту әдістемесі.-Алматы, 1999.
Қосымша әдебиеттер:

Рахметова С., Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі.-Алматы,1998.

Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. – Алматы, 1994

Уәйісова Г. Бастауыш кластарда морфологиялық ұғымдарды оқыту. –Алматы, 1994.

Жазықбаев М., Рахметова С., Асқарбаева А. Бастауыш мектепте оқудың тиімділігін арттыру. – А., 1968.
Лекция 9. Тақырыбы: Бастауыш оқытудың жүйелері

9.1.Әлемдік педагогикалық тәжірибедегі бастауыш оқытудың жүйелері дамуының негізгі тенденциялары.

9.2.Бастауыш оқыту теориясы мен технологиясының дамуындағы психологиялық, педагогикалық, лингвистикалық, әдістемелік зерттеулер.

9.3.Бастауыш оқытудың қазақстандық жүйесі.

9.4.Бастауыш оқыту теориясы мен технологиясының дамуындағы психологиялық және дидактикалық зерттеулердің маңызы.

АҚШ пен Батыс Европада XX- ғасырдың екіншІ жартысынан бастап оқу процесінің технологиясын жасау бағытындағы ізденістер белсендІ түрде жүргізіле бастады. 1940-50- жылдары оқыту үрдісіне техникалык кұралдардың енуіне байланысты «білім берудің технологиясы» терминІ кеңінен қолданыла бастады. Кейінірек, 50-60-шы жылдары түрлі техникалық кұралдарды қолдану әдістері жөніндегі еңбектердің ықпалымен «педагогикалық технология» деп атала бастады. 60-шы жылдардың ортасында технологиялык әдіс шет елдерде баспасөз беггерінде және халықаралык конференцияларда кеңінен талқылана бастады. Бұл істе негізгі екі бағыткөзге түсті. Біріншісі,бұрынғыша технологиялык әдісті техникалык құралдарды колданумен байланыстырса, екіншісініңкөлемінде оқу процесінің өзін ұйымдастырудағы технологиялык әдістер дами бастады да «оқытудың технологиясы»деген термин пайда болды.