Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі оркыт Ата атындаы ызылорда университеті Гуманитарлы педагогикалы институты Педагогика жне оыту дістемесі кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 118

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Білім беру жүйесіндегі әлемдік дамудың негізгі үрдістері

12 жылдық жалпы орта білімнің мақсаты

12 жылдық жалпы орта білімнің міндеттері

Тұлғаны әлеуметтендіру

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

12 жылдық орта білімнің құрылымы

Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.

Негізгі орта білім беру білім беру бағдарламаларының аяқталуын және осы деңгейге тән түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндетті базалық деңгей болып табылады.

6.2.4.1 Проблемаларды шешу құзыреттілігінің аспектілері:

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

6.2.4.3 Коммуникативтік құзыреттіліктің аспектілері

Мазмұндық ерекшелігі: маңызды дағды мен қабілетті қалыптастыру және соған сәйкес пәндер:

ТАЛДАУ

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

3. Оқытудың ұжымдық және топтық тәсілдерін қолдана отырып баспа беттеріне жарыққа шыққан сабақ жоспарларына талдау жасаңыз.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары

Курстық жұмыстар тақырыптары

8. Қазақ тілі сабақтарында өздігінен жұмыс жасаудың жолдары



Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқыту мен оқуға сындарлы көзқарасты қолдайды, ол оқушыларды мұғаліммен және бір-бірімен диалог жүргізуге ынталандыруды көздейді. Диалог аясын кеңейту үшін мұғалім сабақты оқушылар оны тыңдап қана қоятындай емес, нақты пән немесе тақырып туралы ойлана алатындай белсенді етіп жүргізу керек. Мұғалім сұрақ қоюды ойластырған кезде ол сұрақтарға берген оқушының жауабы жаңа сұрақ тудыратындай болуы тиіс. Салмақты жауап беруді қажет ететін тиісті сұрақ қою үшін мұғалім алдымен қойылған сұраққа қандай жауап ала алатынын ойластыруы керек. Егер мұғалімнің сұрақтары бұлыңғыр болса, онда өзі де бұлыңғыр, екіұшты жауап алады. Сонымен қатар, сұрақтар оқушылардың жауаптарын шектемеу керек, керісінше, оқушыларға мәселені мейлінше зерделеп, жауапты өз бетінше қалыптастыруға еркіндік ұсыну керек. Оқушылар өзінің жауабымен белгілі үлес қосатындығын сезінуі үшін мұғалім жауаптарды зейін қойып, айқын қызығушылықпен тыңдауы керек. Бастауыш сыныпта оқитын оқушылар анағұрлым жан-жақты және күрделі жауап бере алады.

МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖҮРЕТІН ОҚЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАЗЫЛЫМ

Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым оқудың сындарлылық теориясына негізделеді, яғни оқушылар жаңа ұғым туралы сын тұрғысынан ойлана отырып, оның мәнін, мағынасын ұғынады, оны бұған дейінгі білімімен байланыстырады. Мұғалімнің жетекшілігімін жүретін оқылымдағы мұғалімнің рөлі мұқият ойластырылған сұрақ қойып, нұсқау беріп, пікір таластыруға тартып және бағамдай отырып, тапсырманы орындардың алдында, орындау барысында және орындағаннан кейін ойлануға жетелеу әрі қолдау көрсету болып табылады. Мүмкіндіктері бірдей оқушылар топ болып мұғалім таңдаған мәтінмен немесе тапсырмамен жұмыс істейді. Олар оқылым/жазылым әдіс-тәсілдерін пайдалануды және материалдарды өз сыныптастарымен және мұғалімдермен талқылауды үйренеді.

Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылымды былай сипаттайды:«Сіз және балалардың шағын тобы... оқып отырған әр адамға белгілі бір деңгейде күрделі болып табылатын мәтін туралы әңгімелесу, ойлану және оны оқу. Бұл кездегі мұғалімнің рөлі оқушылардың түсініп оқып жатқанына кепілдік беру үшін қолдау көрсетуге бағытталған. Балаларды назарда ұстау және тыңдау. Оқылымның мақсаты – мәтін мағынасын түсіну немесе анықтау».

Мұғалімдер пайдалана алатын аса бір тиімді әдістердің бірі «Дауыстап ойлану» деп аталады. Мұғалім мәтінді оқиды және «дауыстап ойлайды», сол арқылы оқушыларға мәтінді түсінуге көмектеседі.


ДӘЛЕЛДЕУ

Жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қалыптастыру және оларды қолдану – бастауыш сыныптың білім беру бағдарламасының өзекті аспектісі. Осы ойлау дағдыларын қалыптастырудың ең басты тәсілдерінің бірі – дәлелдеу. Дәлелдеу бастауыш сыныптарда кез келген пікірталас бастау, жүргізу және оны бағамдау үшін маңызды, әсіресе, математика үшін оның маңызы өте зор, себебі онда бір есептің бір ғана шешімі болғанымен, оған жетудің тәсілдері толып жатыр.

Бастауыш сыныптарда кеңінен қолданылатын, өзара әрекеттесудің түрлі жағдайларында қалыптасатын және жүретін оқудың екі саласы бар; бұл монологтік және диалогтік. Монологтік көзқарас заттарды абсолюттік материя ретінде түсінеді және де бұған дейін алынған білімнің негізінде қалыптасады, ал диалогтік көзқарас болса білімді оқу барысында жүретін үдеріс ретінде, дәлелдеу барысында, яғни пікірталас пен келіссөз барысында қалыптасатын білім ретінде қарастырады. Дәлелдеудің үлгісі мен күрделілігін сипаттау жөніндегі жұмысы білім беру саласындағы зерттеулерге, соның ішінде зерттеуге негізделген оқуды пайдалануды бағамдауға ықпал етті. Зерттеуге негізделген оқу барысында оқушылар, қажет болған жағдайда мұғалімнің көмегімен, идеяларды түсіндіру, талқылау, оларға қарсы шығу және өз ойларын қайта қарау арқылы пікірталасқа араласа отырып, белсенді рөл атқарады.

Оқу бағдарламалары аясында дүниетану пәнінде дәлелдеудің негізгі құрамдас бөліктері сыныптан сыныпқа ауысу шамасына қарай күрделеніп отырады, атап айтсақ, оқушылар ақпарат көздерін талдап, талқылайды және өз нәтижелерімен таныстырады.
Негізгі әдебиеттер

Педагогика. Дәріс курсы.-Алматы: Нұрлы әлем, 2003.-368 бет

Щуркова Е.Н. Педагогическая технология.-М.:Педагогическое общество России, 2002.-224 с.

Левина М.М. Технологии профессионального педагогического образования: Учеб.пособие для студ.высш.пед.учеб. заведений.- М.:Изд.центр «Академия»,2001.-272 с.
Қосымша әдебиеттер

Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии.-М.; 1989.

Хайруллин Г.Т. Технология и техника взаимодействия.-Алматы, 1999.

Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса:Учебное пособие.-Алматы, 2002.


Лекция 8. Тақырыбы: Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі

8.1. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі – ғылым ретінде.

8.2. Қазақ тілі – бастауыш сыныптарда оқу пәні.

8.3. Сауат ашу әдістемесі. Тілді үйретудің тиімді тәсілдері

1. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні – мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қазақ тілін оқыту әдістемесінен білім, білік, дағды қалыптастыру жұйесі болып табылады.

Пәннің мақсаты – болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қазақ тілін (Әліппені, Ана тілін, грамматиканы ) оқыту әдістемесінің теориясынан жұйелі білім беру, сабақ жұргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту.

Пәннің міндеті – бастауыш сыныпта оқытылатын білім мазмұнын және оқыту жұйесін білдіру; сауат ашу әдістемесін меңгерту; оқуға ұйрету әдістемесін игерту, тіл дамыту әдістемесін ұйрету, оқыту барысында шығармашылықпен жұмыс жұргізу жолдарын көрсету.

Қазақ тілін оқу барысында балалардың ойы дамиды, дұниетанымы кеңейеді, әдебиет пен өнердің алуан тұрлі салаларына қызығып, рухани дамиды. Қазақ тілін оқытудың жетекші принципі ауызша және жазбаша тіл дамыту болып табылады. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі кіші жастағы оқушыларды оқыту заңдылықтарын зерттейді: қазақ тілін оқыту мазмұнын анықтайды, мектепті оқу-әдістемелік топтамамен қамтамасыз етеді, оқушылардың материалды ұғыну жұйесін, оқу материалын ұғыну барысындағы қиындықтарды және оларды жою жолдарын зерттейді, ұсынылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтайды. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі мынадай бөлімдерді қамтиды: қазақ тілін оқыту әдістемесі – ғылым, бастауыш сыныптағы қазақ тілі – оқу пәні, сауат ашу әдістемесі, әдебиеттік оқыту әдістемесі; фонетиканы оқыту әдістемесі, сөзжасам және грамматиканың әдістемесі тіл дамыту әдістемесі.

Лекцияда әдістеменің негізгі теориялық қағидалары, ең соңғы зерттеу жұмыстарының нәтижелері және озат мұғалімдер тәжірибелері айтылады. Практикалық сабақтарда бағдарламалар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар талданады, оқушыларға арналған дидактикалық материалдар жасалады, сабақ ұлгілері көрсетіледі. Магистранттардың өзіндік жұмыстарында лекцияда ұсынылған әдебиеттерді оқып, конспект жасайды. Тіл мен ойлаудың бірлігі. Дидактикалық принциптер, ана тілін оқыту әдістемесінің негізі. Лингвистика – қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізі. Зерттеу әдістері. Озат мұғалімдердің ұлгілі тәржірибелерін жиқнақтау, қорыту.

2. Қазақ тілі – бастауыш сыныптарда оқу пәні. Қазақ тілінің тұрмыстағы, мектепте білім беру жұйесіндегі маңызы. Бастауыш мектептегі қазақ тілінің білім мазмұны. Бастаукыш сыныптар ұшін оқу-әдістемелік топтаманы талдау. Бастауыш мектептерде «Қазақ тілі» пәндерінің тәрбиелік, дамытушылық мәні. Бағдарламаны талдау. Әрбір сыныптағы білім, білік, дағдының көлемі. Бастауыш мектептерде қазақ тілін оқытуды интерграциялау мұмкіндігі. Қазақ тілі, әдебиеттік оқуға, сауат ашуға қойылатын қазіргі талаптар. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың негізгі бағыттары.


3. Сауат ашу әдістемесі. Сауат ашу әдістемесінің мектептің оқу-тәрбие жұмысының жалпы жұйесіндегі маңызы. Сауат ашу әдістемесінің лингвистикалық негізі. Сауат ашу әдістемесінің психофизиологиялық негізі. Бірінші сыныптағы оқушылардың бастапқы оқи бастау кезіндегі ерекшеліктері. Оқу, жазу механизміне сипаттама? Қазақ тілінің дыбыстық жұйесі және оның графикасы. Фонетика мен графиканың негізгі және қиын мәселелерін тұсіндірудің әдістемелік тәсілдері, буындық, Дәстүрлік, дыбыстық принциптер. Қазақ тіліндегі буын.

Сауат ашу әдістемесі дамуының қазіргі проблемалары. Қазіргі «Әліппе», оның ерекшеліктері. Сауат ашу барысында оқушылардың ерекшеліктеріне көңіл бөлу. Дыбыстық талдау-жинақтау әдісі. Сауат ашу жұйесіндегі Дәстүрлік және қазіргі жаңалықтар. Балалардың сауат ашуға психологиялық және тілдік дайындығы. Сауат ашудың қазіргі әдісінің ерекшеліктері оқу мен жазуға қатар ұйрету, әріптерді ұйрету жұйесі, оқу-жазуға ұйретудегі буындық принцип. Сауат ашуды оқыту процесі. Дайындық кезең; оның міндеттері, мазмұны, жұмыстың ерекшелігі, оқушыларды дыбыс пен әріпті ұғынуға дайындау. Сауат ашу кезеңіндегі оқу-тәрбие міндеттері. Білім, білік, дағды, ұғыну шеңбері. «Әліппенің» мазмұны мен әдістемесі. Оқыту әдістемесінің дыбыс пен әріпті ұйрету тәртібіне тәуелділігі. Оқушылардың ойлауы мен сөйлеуінің дамуы. Оқу сабақтарыныңнегізгі тұрлері. Әріппемен жұмыс жасау тәсілдері: танысу, есте ұстау, тану, айыру. Дыбыстық талдаудың мазмұны мен оны жұргізу тәртібі. Бастапқы оқуды қалыптастыру: буындап оқу, тұтас сөзді оқу. Тіл дамыту: сөзге, сөйлемге байланыстыра сөйлеуге ұйрету. Әліппеден кейінгі кезең, оның міндеттері, мазмұны, оқуға қойылатын талаптар. Бастапқы жазуға ұйрету. Мазмұны мен міндеттері, қазіргі «Жазу ұлгілеріне» сипаттама. Жазуға дағдыландыру этаптары. Жазуға ұйрету әдістері; әдістемелік тәсілдер.

Оқу сабақтарында оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасату (орфоэпиялық). Сауат ашуға арналған оқу-әдістемелік топтама. Әдебиеттік оқудың әдістемесі. Оқудың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы, мақматы мен міндеттері. Бастауыш мектепке арналған әдебиеттік оқу топтамасы. Бағдарлама мен оқулықтардың мазмұны мен тақырыптары. Әр сыныпта берілетін білім, білік, дағды көлемі. Әдебиеттік оқуға қойылатын талаптар. Оқу дағдысына сипаттама: саналы, дұрыс, шапшаң, мәнерлеп оқу. Оқу сабақтарында көркем шығарманы оқуды ұйымдастыру. Көркем шығармамен жұмыс. Әр тұрлі жанрдағы шығармаларды оқудың әдістемелік ерекшеліктері: әңгіме, ертегі, мысал, өлең т.б. Оқу сабақтарының типтері, құрылым. Қорытынды сабақтарының ерекшеліктері. Сабақта кино, музыка, живопистерді пайдалану. Оқу сабақтарын интеграциялау. Тіл дамыту. Сыныптан тыс оқу. 4. Фонетика; сөзжасам, грамматиканың әдістемесі. Фонетика – тіл ғылымының бір бөлімі. Бастауыш мектепте фонетика мен графика мәселелерін оқыту әдістемесі. Сөздің морфемалық құрамын оқыту әдістемесі. Морфология – тіл ғылымының бөлімі. Бастауыш мектепте сөз таптарын оқытудың әдістемелік негіздері. Сөз таптарын оқыту барысындағы тіл дамыту жұмыстары. Орфографияны оқыту әдістемесі. Орфографиялық ережелермен жұмыс ұқйымдастыру. Орфографиялық жаттығулар, оларды таңдау. Бастауыш мектепте қазақ тілінен жұргізілетін қазіргі сабақ. 5. Тіл дамыту әдістемесі. Тіл дамыту – бапстауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың негізгі принципі. Сөйлеу туралы ұғым және оны дамыту. Сөйлеу - әрекет ретінде , оның тұрлері мен қызметі.


Тіл дамыту - тәрбиелеу құралы. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар. Бастауыш сыныптардағы сөз тіркесі және сөйлемдермен жұргізілетін жұмыстардың мазмұны мен міндеттері.

Сынақ сұрақтарының мазмұны

Бастауыш сыныптарда қаза тілін оқыту әдістемесі. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кездегі өзекті мәселелері, жаңа бағдарламалары мен оқулықтары. Сауат ашу әдістемесі. Саналы оқуға ұйрету әдістемесі. Шапшаң оқуға ұйрету жұмысының әдістемелік тәсілдері. Мәнерлеп сөйлеу құралдары, оның жұмысының әдістемесі. Бастауыш сыныптарда оқытылатын әдеби материалдардың ерекшелііг мен оларды оқыту әдістемесі. Оқу сабақтарында шығармашылық жұмыстарға ұйрету әдістемесі. Бастауыш сыныптарда балаларға арналған кітаптарды оқуғк қызықтыру әдісі. Балар бойында грамматикалық ұығымдар қалыптастыру, грамматикалық анықтамалар және терминдермен жұмыс жасау әдістемесі. Емле жаттығуларының негізгі тұрлері, оларды таңдау және жұргізу әдістемесі. Шығарманың тұрлері, шығармаға ұйрету әдістемесі.

4. Қазақ тілін ұйретуде шет тілдерін ұйретудің озық-тәсілдерін шебер пайдаланудың маңызы бар. Тіл ұйрету сабағында қазақ халқының тарихына, ұлттық мәдениетіне баса назар аудара отырып, оны оқушыға таныту, азаматтыққа баулу қабыса жұзеге асқанда сабақтың тәрбиелік және білім беру мән-мағынасы арта тұседі. Тілді ұйретудің эмоционалды әдісін қолдану оқушының тілге деген ықыласын арттырады. Сабақта халық музыкасы, әні орындалып тұрса әсерлі болады. Тілді ұйрету барысында мақал-мәтелдерді жиі қолдану жұмыстың нәтижелі болуына ықпал етеді.

Көрнекіліктерді тиімді пайдалану да сабақтың мазмұнын ашуға өз ықпалын тигізеді: тақырыптық мазмұндағы суреттер, тірек фразалар пайдалану.

Электрлі әріп жазылған тақшай арқылы дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратуға мұмкіндік бар. «Ұндемес», «Кім жылдам» ойындары арқылы оқушылардың танымдық қабілетін шыңдау тұсуге болады.

Тілді аудио-визуальды әдіспен ұйрету де тиімді. Сөзді көрнекілікпен қайталап жаттығу, музыкалық ұзінділер келтіріп, сөзбен сипаттау, ойын элементтерін енгізу де тиімді.

Қазақ тілі сабақтарында өздігінен жұмыс жасаудың да пайдасы зор. Қиындықтары әр тұрлі тапсырма жазылған карточка пайдаланып, әр оқушы өз бетінше сөз құрайды. «Қай сөзді» жоғалттым ойыны арқылы өзіндік тапсырма ретінде сөзді тацып жазу, орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жазу, көру, сөздік, терме диктанттарын жазу беріледі. өтілген тақырыптарға байланысты қорытынды бақылау диктантын, мазмұндама жазғызу арқылы оқушыны өз бетімен еркін жұмыс істеуге дағдыландыруға болады. Диктант жазылып, оны тексенргеннен кейін оқушылармен талдау жұргізу оқушылардың зейініні, өзіндік жұмысқа ынта-ықыласын арттырады.