Файл: Fi'li'aly Atyray' oblysy boi'yns'a pedagogi'kalyq qyzmetkerlerdin'.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 138

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ИНИЦИАТИВЫ ПРЕЗИДЕНТА ПРИВЕДУТ К ПОЗИТИВНЫМ ПЕРЕМЕНАМ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

????Жаңаша оқыту-жаңаша көзқарас ????

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ТИІМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС - ІЗДЕНІМПАЗДЫҚТЫҢ КІЛТІ

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ МЕТОДОВ ПРЕПОДАВАНИЯ НА УРОКАХ ЛИТЕРАТУРЫ

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИГРОВЫХ МЕТОДОВ И ПРИЕМОВ ОБУЧЕНИЯ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ

ДИДАКТИЧЕСКАЯ ИГРА КАК СРЕДСТВО ФОРМИРОВАНИЯ ЛОГИЧЕСКИХ УНИВЕРСАЛЬНЫХ УЧЕБНЫХ ДЕЙСТВИЙ

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ БАСТАУЫ – ОТБАСЫНАН

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАНҰЯЛЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ МАҢЫЗЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕДЕГІ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

ӨЛЕҢІ ӨМІРШЕҢ АҚЫН - МАРАТ ОТАРАЛИЕВ

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

ӨШПЕСІН ҰСТАЗ ЕСІМІ

ОҚУ ҮШІН БАҒАЛАУДА ТИІМДІ СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

ДЫБЫСТАР ӘЛЕМІ НЕСІМЕН ҰНАЙДЫ? ДЫБЫС

КЕСТЕДЕН ТЫС КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ

АТЫРАУ, ТЫ В МОЕМ СЕРДЦЕ!

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

КӘСІБИ ӨСУ. КУРСТАН КЕЙІНГІ ОЙЛАР


Ойынбөлімі:

Жүргізуші тақырыпты жариялайды, кіріспе сөз сөйлейді, рет-ретімен сұрақтарды жариялайды. Оқушылар баяндама жасап, өз орындарынан баяндамашылардың жаубын толықтырып отырады. Семинар барысында әрбір оқушының қанша балл жинағанын жүргізуші айтады. Сабақ барысында оқушының қызметі көптеген тұлғалық қасиеттеріне қарай бағаланады (ойдың дамуы, тіл мәдениеті, дербестігі, ынталылығы, жауапкершілігі, т.б.) Әрбір оқушының дамуы басқа оқушымен емес, өзімен салыстырылады. Оқушыға өзін- өзі бағалауға мүмкіндік беріледі. Мектептегі «Шежіре» өлкетану үйірмесіне жетекшілік етемін. Мақсатты, жүйелі ұйымдастыра білсе өлкетану жұмысының танымдық, тәрбиелік мәні зор. Мәселен тарих сабағында жергілікті жерге байланысты деректерді тиімді пайдалану оқушылардың тарихи құбылыс заңдылықтарын толық түсініп, адамзаттың материалдық және рухани байлықты жасаушы ретіндегі рөлін ғылыми жолмен түсінуіне мүмкіндік береді. 7 сыныпта өткізген «Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы сілемдері» атты сабағымда өлке материалы ретінде «Сағыздың бойы ен жайлау» энциклопедиялық кітабынан алынған материалды пайдаланғанымда оқушылардың сабаққа қызығушылығы оянғанын байқадым. Бірнеше шәкірттерім аудандық, облыстық, республикалық ғылыми жобалар байқауында жүлделі орындар иеленді. Осы орайда оқушым Шыңбай Ж, Төлегенова А. өз жобаларын облыстық байқауда қорғап жүлделі орындар иемденді. Аудандық 5-7 сынып оқушыларының арасында өткізілген «Зерде» ғылыми жобалар байқауына оқушым Кәрім Әлия «Ұлы Жібек жолының өлкеміздегі сілемдері» атты жұмысын қорғап жүлделі орынға ие болды.

Республикалық «Білім-Ғылым-Инновация» интеграциялық орталығы ұйымдастырған

«Ғылым көкжиегі-2019» атты республикалық ғылыми жобалар байқауынан оқушым Балнияз
Гүлназ жүлделі бірінші орын иеленді.

Дарынды бала бойында ғылыми ізденіске деген құштарлық қалай қалыптасады? Мәселен, мен оқушым Гүлназды ғылыми жобаға дайындағанда, ол өзін жаңалықтың авторы ретінде сезініп кітап оқуға ізденуге ерекше талпыныс байқатты, әрбір ісіне жауапкершілікпен қарап, оған қызығуы арта түсті.

25




Мұғалім оқушыны ғылыми жобаға әзірлегенде, ұстаз мақсаты мынаған жұмылдырылуы керек.

1.Бала бойындағы қабілетті дамыту, ой-өрісін кеңейту. 2.Шығармашылық жұмысқа талпындыру.

  1. Өзіндік ізденіске бағыт беру.

  2. Iзденуге деген қабілетін арттыра отырып, әдеби-көркем шығармаларын оқып, ғылыми ой түйіндеуге, тұжырым жасауға баулу.

Құзыреттілік дегеніміз-жеке тұлғаның белгілі бір мәселені шешудегі өзара байланысты білім, білік дағдыларының жиынтығы және адамның жеке өзінің іс-әрекет, қызмет саласына қарай құзыреттерді меңгеруі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мен ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа сенім артамын» деп атап көрсеткендей, әрбір қадамын сенімді басқан мемлекетіміздің, әлемдік қауымдастықтар қатарынан қалмай, болашақты оптимистік қөзқараспен болжамдап, өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдей алатын, өркениетті даму жолындағы жаңа бағыттарын айқындай аларына сеніміміз мол. Ол міндетті жүзеге асырушылар-әрине жастар. Ал, білім сапасын арттыру, оның деңгейін әлемдік білім кеңістігіндегі стандартқа сай келтіру мұғалімге, оның кәсіби құзырлығына, әдістемелік біліктілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты. Осы орайда жаңаша әдіспен мектепте

«Оқытудың белсенді формалары немесе оқыта үйрету
ойындары», «Жаңа форматты сабақ

«топтық» жұмысты ұйымдастыру», «Дарынды және талантты балалармен жұмыс» деген тақырыптарда коучингілер өткіздім.

Қазір сабақтарымда ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын. Өйткені ынтымақтастық оқу-өзара іс–әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Сабақтарымызды топтық бағытта өткізуді қолға алудамыз.

Топтық жұмыстың маңызы:

1.Қарым-қатынас:жазбаша және ауызша әңгімелесу, тыңдау, ым мен қимылды пайдалану. 2.Өзін-өзі таныту:үстемдік танытпай, топтағы жұмысқа белсенді қатысу үшін өзіне–өзі

сенімді болу.

3.Басқаларды қолдау: топтың қызметіне үстемдік жүргізбей, топ жұмысына белсенді қатысу үшін күрделі жағдайларды шешу.

Басқаларды бақылау және басқалар туралы хабардар болу. Топтың басқа мүшелеріне қатысты елгезектік. Бұрын сабағымызда өзіміз тақырыпты айтып, оны талдап, қорытындыны өзіміз шығаратынбыз. Сөйтсек оқушының ойлануына еш мүмкіндік берілмеген екен. Мысалы: 7 сыныпта «Қасым хан», «Тәуке хан», «Есім хан», 8 сыныпта «Абылай тұсындағы қазақ хандығы», «С.Датұлы бастаған көтеріліс», «1836-1838 ж.ж. Бөкей ордасындағы қазақтар көтерілісі», «1837-1847 жж Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыптарын өткенде оқушылар тарихи оқиғаларды саралап, салыстырады, тұлғалардың көшбасшылық қабілеттерімен танысады, бүгінгі тұлғалармен салыстырады, өлке тарихына қатысты деректермен толықтырады, ой қорытып, тұжырым жасайды. Сонымен оқушының зерттеушілік іскерлігін дамыту арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады:

  • жеке ерекшеліктерін, икемділіктерін дамыту;

  • оқушылардың өзіндік шығармашылықтарын басты ықпалда ұстау;

  • ұлтжандылыққа, ұлыларды ұлықтай білуге тәрбиелеу.


Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ендеше ізденісті ізгі мұраты санайтын әрбір мұғалім шәкірттерінің парасатты, заман талабына сай біліммен қаруланған, құзыретті тұлға болып қалыптасуы жолында аянбай еңбек етуі, бүгінгі күннің басты талабы екенін естен шығармаған жөн.

Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Қ.К.Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы.


26




  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «НЗМ» ДББҰ, 2012. 3.«Сағыздың бойы ен жайлау»- Алматы. Арыс баспасы-2009. 4.«Мұғалім және қоғам» №1, 2010.

  1. «Қазақстан тарихы» әдістемелік журнал №6, 2010.

  2. Құдайбергенова Қ.С. «Құзырлық амалының негізгі ұғымдары» Алматы 2007.


ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ МЕТОДОВ ПРЕПОДАВАНИЯ НА УРОКАХ ЛИТЕРАТУРЫ

Мустафина А.Я.


Областнойлицей

имениЖолдаскалиДосмухамбетовадляодаренныхдетейсинтернатнымучреждением
Инновационное обучение – это исторически новый тип социальной организации учения. В рамках инновационного обучения создаются условия развития личности, осуществляется её право на индивидуальный творческий вклад, на личностную инициативу, право на свободу саморазвития. Ведущую роль в этих вазимосвязях играет инновационное, творческое начало. Основой реализации инновационного, творческого характера учения служит новый тип социальных отношений между старшими и младшими поколениями, между учителем и учениками. Это демократические отношения, предполагающие взаимную помощь, сотрудничество и сотворчество.

Среди огромного разнообразия новых педагогических технологий в своей практике использую комбинированную технологию, технологию проблемного обучения и педагогику сотрудничества. Краеугольным камнем педагогики сотрудничества являются переход от педагогики требований к педагогике доверительных отношений; гуманно личностный подход к ученику, единство обучения и воспитания. Каждому педагогу известно, как трудно научить чему-либо учеников, когда они не проявляют никакого интереса к содержанию урока, украдкой зевают или поглядывают на часы, в глазах застыли равнодушие и скука. Как избежать безразличия? Задача словесника–воспитать активную, творческую, гармонически развитую личность с твердой гражданской позицией. Главенствующая роль в формировании такой личности отводится литературе–кузнице души. Урок литературы во многом сродни