Файл: Fi'li'aly Atyray' oblysy boi'yns'a pedagogi'kalyq qyzmetkerlerdin'.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 147

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ИНИЦИАТИВЫ ПРЕЗИДЕНТА ПРИВЕДУТ К ПОЗИТИВНЫМ ПЕРЕМЕНАМ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

????Жаңаша оқыту-жаңаша көзқарас ????

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ТИІМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС - ІЗДЕНІМПАЗДЫҚТЫҢ КІЛТІ

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ МЕТОДОВ ПРЕПОДАВАНИЯ НА УРОКАХ ЛИТЕРАТУРЫ

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИГРОВЫХ МЕТОДОВ И ПРИЕМОВ ОБУЧЕНИЯ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ

ДИДАКТИЧЕСКАЯ ИГРА КАК СРЕДСТВО ФОРМИРОВАНИЯ ЛОГИЧЕСКИХ УНИВЕРСАЛЬНЫХ УЧЕБНЫХ ДЕЙСТВИЙ

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ БАСТАУЫ – ОТБАСЫНАН

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАНҰЯЛЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ МАҢЫЗЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕДЕГІ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

ӨЛЕҢІ ӨМІРШЕҢ АҚЫН - МАРАТ ОТАРАЛИЕВ

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

ӨШПЕСІН ҰСТАЗ ЕСІМІ

ОҚУ ҮШІН БАҒАЛАУДА ТИІМДІ СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

ДЫБЫСТАР ӘЛЕМІ НЕСІМЕН ҰНАЙДЫ? ДЫБЫС

КЕСТЕДЕН ТЫС КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ

АТЫРАУ, ТЫ В МОЕМ СЕРДЦЕ!

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

КӘСІБИ ӨСУ. КУРСТАН КЕЙІНГІ ОЙЛАР

для которого литература стала бы другом, советчиком.


БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Бижанова А.С.


Атырауқалалықбілімбөлімінің

химия,биология,географияпәндерініңәдіскері

Келешек елдің тұтқасын ұстайтын бүгінгі өскелең ұрпаққа білім мен тәлім-тәрбие беру- ұстаз алдындағы ең ауыр міндеттің бірі. Бүгінгі жаңа ғасырдың жаңашыл шәкірттерін тәрбиелеуде, мұғалім үздіксіз ізденіп, кез-келген тосын сұраққа жауап бере алатын, кез- келген жағдайдан шыға алатын, білімді болуы қажет.

«Мұғалім–өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де жойылады» деген қағидасын ұлы педагог К.Д.Ушинский нақты айтқан. Мұғалімнің негізгі мақсаты–сабақ барысында оқушыларға терең де, тиянақты теориялық және тәжірибелік білім беру.

Функционалды сауатты адам қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ахуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп, кез-келген әлеуметтік ортаға бейімделеді.

Осы тұрғыда функционалды сауатты адамның негізгі белгілерін тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген адам болып табылады. Жаратылыстану білімі ерекше және өзекті маңызға ие, ол оқушылардың бойында табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы ұғым қалыптастырады, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашады, оқушылардың табиғат әлемімен қатар өзгермелі әлемде
өз орнын табуларына жағдай жасауға бағытталған және олардың дүниетанымдық, мәдениеттанымдық және тәжірибеге бағытталған сипатын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту негізінде сыни ойлау қабілеттерін дамытады, құндылықты және тұлғалық сапалар жүйесін тәрбиелейді.

Оқушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті болып табылады.

  • Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану процестері мен құбылыстарын суреттеу, түсіндіру және болжау білігін дамыту;

  • Оқушылардың дәлелдер мен шешімдерді түсіндіру білім-білігін арттыру;

  • Оқушылардың зерттеу әдістерін түсінуі, ғылыми әдістердің көмегімен шешілетін сұрақтар мен мәселелерді анықтауды дамытуға қажетті жағдайлар жасау.

Мұғаліммен жұмысты талқылау, талдау және шешімдерді алдын-ала қарастыру барысында оқушылардың өздерінің оқу процесін жеткілікті деңгейде түсінулеріне, сонымен қатар білімді бағалау, түсіндіру және тануларына көмек көрсету ұсынылады.


30




Қоршаған әлемде және табиғатта болып жатқан құбылыстарды түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу, жүйелеу, жалпылау білік, дағдыларын меңгерту мақсаттары көзделгенде ғана оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға болады.

Оқушы әрекеті:


-Ақпаратпен танысу. Оқу барысында алынған ақпаратты, оқулықтар, энциклопедиялар немесе сайттар, дереккөздерден жинақталған деректерді қолдану.

-Болжамды анықтау. Дәлелдемелердің анықтығын және дәйектілігін, сонымен қатар дәлелдер,
пікірлер мен зерттеудің нақтылығын анықтау.

-Ақпаратты талдау. Тақырыптың негізгі компоненттері, ауызша дәлелдердің біріктірілуі және өзара байланыс принциптерін талдау.

-Салыстыру және зерттеу. Жеке компоненттер арасындағы ұқсастықты және айырмашылықты салыстыра алу және зерттеу.

-Жинақтау. Түрлі ақпарат көздерін, дәлелдерді немесе идеяларды біріктіру. Түрлі ақпарат көздері арасындағы байланысты табу.

-Дәлелдеу. Тұжырымдалған шешімдердің өзектілігі мен маңыздылығын дәлелдеу.

-Қолдану. Сұрақтардың жауаптарын түсіндіру.

Биология пәнін оқытудың ең маңызды мақсаттарының бірі–тәжірибелік мүмкіндіктерін ашу. Ол үшін күнделікті оқыту үдерісінде биология пәнінен берілетін теориялық білімді өмірдегі жағдайлармен байланыстырып, тәжірибелік жағына бағыттап отыру керек. Сондықтан теория мен тәжірибенің байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір сабақ бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай тәжірибелік маңызы ескерілуі тиіс. Сондай-ақ оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті.

Оқушы бойында функционалдық сауаттылық дағдыларды қалыптастыруда басшылыққа алатын сапалар:

- белсенділік;

-шығармашылық тұрғыда ойлау;

-шешім қабылдай алу;

-өз кәсібін дұрыс таңдай алу:

-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру-оқушының логикалық ойлау
қабілеттерін дамытудың үйлесімді жолы. Оны дамытудың негіздері:

1.Бақылаған нәрселерін салыстыру арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын айқындай білу; 2.Нәрсені ой жүзінде жеке бөліктерге жіктеу, оларды қайтадан біріктіру арқылы нәрсенің тұтас күшін және жеке бөліктерінің арасындағы байланысты танып білу;

  1. Нәрселердің елеулі қасиеттерін елеусіздерінен ажыратып, бөле білу;

  2. Бақылаулардан және жеке деректерден тиісті қорытынды жасап, дұрыстығын тексере білу; 5.Өз ойының дұрыстығын дәлелдеп, жалған болжамдарды теріске шығара білу;

  1. Өз ойын анық, жүйелі және нанымды баяндауға үйрету.

Іс-әрекеттер маңыздылығы мен құрылымына байланысты сатылай жіктеледі:

  • Қажеттілікті анықтау.

  • Оның мотивін шығару.

  • Мақсат қою.

  • Мақсатқа жету жолдарын ашу.

  • Нәтижесін шығару.

Қорыта айтқанда, функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың басты міндеті оқушылардың теориялық білімдерін тәжірибелік тұрғыда қолдануымен қатар тәуелсіз еліміздің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға үлестерін қосу болып табылады. Осы ретте, жаратылыстану бағытындағы пәндерін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор.


31




Оқушылардың функционалдық дағдылары мектеп қабырғасында қалыптасады. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.

Ертеңгі ел болашағы білім ошағында қалыптасады десек те, сапалы білім мен саналы тәрбиеге қосымша бағыт-бағдар, қоғамдық ықпалдың қажеттігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Өйткені күн өткен сайын жас ұрпақтың талғамы өзгеріп, қоғаммен