Файл: Fi'li'aly Atyray' oblysy boi'yns'a pedagogi'kalyq qyzmetkerlerdin'.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 135

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ИНИЦИАТИВЫ ПРЕЗИДЕНТА ПРИВЕДУТ К ПОЗИТИВНЫМ ПЕРЕМЕНАМ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

????Жаңаша оқыту-жаңаша көзқарас ????

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ТИІМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС - ІЗДЕНІМПАЗДЫҚТЫҢ КІЛТІ

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ МЕТОДОВ ПРЕПОДАВАНИЯ НА УРОКАХ ЛИТЕРАТУРЫ

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИГРОВЫХ МЕТОДОВ И ПРИЕМОВ ОБУЧЕНИЯ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ

ДИДАКТИЧЕСКАЯ ИГРА КАК СРЕДСТВО ФОРМИРОВАНИЯ ЛОГИЧЕСКИХ УНИВЕРСАЛЬНЫХ УЧЕБНЫХ ДЕЙСТВИЙ

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ БАСТАУЫ – ОТБАСЫНАН

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАНҰЯЛЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ МАҢЫЗЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕДЕГІ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

ӨЛЕҢІ ӨМІРШЕҢ АҚЫН - МАРАТ ОТАРАЛИЕВ

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

ӨШПЕСІН ҰСТАЗ ЕСІМІ

ОҚУ ҮШІН БАҒАЛАУДА ТИІМДІ СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

ДЫБЫСТАР ӘЛЕМІ НЕСІМЕН ҰНАЙДЫ? ДЫБЫС

КЕСТЕДЕН ТЫС КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ

АТЫРАУ, ТЫ В МОЕМ СЕРДЦЕ!

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

КӘСІБИ ӨСУ. КУРСТАН КЕЙІНГІ ОЙЛАР

действия участников ситуации, принимаемые ими самостоятельные решения в зависимости от условий сценария, действий других исполнителей и в зависимости от ранее принятых собственных решений, т.е. при разыгрывании ролей нельзя полностью предсказать ситуации, в которых оказывается тот или иной исполнитель, этот метод обучения используется для выработки практических профессиональных и социальных навыков.

Как же облечь урок в игровую форму в школьной практике? Здесь великое множество вариантов, но обязательно, на мой взгляд, соблюдение следующих условий:

    • соответствие игры учебно - воспитательным целям урока;

    • доступность для учащихся данного возраста;

    • умеренность в использовании игр на уроках.

Кроме того, в рамках темы я бы выделила такие виды уроков:

    • ролевые игры на уроке (инсценирование);

    • игровая организация учебного процесса с использованием игровых заданий (урок - соревнование, урок - конкурс, урок - путешествие, урок - КВН);

    • игровая организация учебного процесса с использованием заданий, которые обычно предлагаются на традиционном уроке (найди орфограмму, произведи один из видов разбора и т.д.);

    • использование игры на определённом этапе урока (начало, середина, конец; знакомство с новым материалом, закрепление знаний, умений, навыков, повторение и систематизация изученного);

    • различные виды внеклассной работы по русскому языку (лингвистический КВН, экскурсии, вечера, олимпиады и т.п.), которые могут проводиться между учащимися разных классов одной параллели.

Приведу фрагменты уроков в 5-ом классе. Почему именно этот год обучения? Пятый класс-переходный этап в жизни детей: из начальной
школы - в среднюю, в мир новых учителей, новой программы, новых предметов. Задача учителей в это время - сделать так, чтобы встреча с незнакомым не испугала, не разочаровала, а, наоборот, способствовала возникновению интереса к учению, к открытию.

Учителям русского языка и литературы приходится решать такую задачу почти каждый день. Как же сделать почти ежедневные встречи с фонетикой, морфологией, синтаксисом не скучными и обыденными, а радостными и интересными. Вот здесь на помощь учителю придут уроки-игры, уроки-путешествия в страну Русского Языка. Разумно и уместно используя подобного рода уроки наряду с традиционными формами, учитель увлекает детей и тем самым создаёт почву для лучшего восприятия большого и сложного материала.

Литература:


1.Н.В.Киселева «Уроки профессионального мастерства» Москва. 2019. 2.Г.А.Богданова «Уроки русского языка» Просв. 2019.



34



ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТӘСІЛДЕРІН САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАРЫСЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫНДА ПАЙДАЛАНУ

Жалелов Е. Н.


Атырау облыстық дарынды балаларға арналғанмектепгимназиясыныңденешынықтырупәнімұғалімі

Дене шынықтыру мен халық ойындарының ұлттық түрлері халықтардың адамгершілігінде, көзқарасы мен әлеуметтік дамуында, егеменді елдердің арасында достастық қатынастарын нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Жалпы мәдениеттің бір бөлігі, алдымен адамгершілікке тәрбиелейтін тәрбиенің іргетасы бола отырып, олар халықтардың дене дайындығының артуына, денсаулығының нығаюына, белсенді
демалысқа арналған жағдайлар жасауға ықпал етеді.

Соңғы жылдары дене шынықтырудың ұлттық түрлеріне ерекше көңіл бөлінуде, ол бір жағынан біздің қоғамдағы әлеуметтік-саяси процестерге байланысты болса, екінші жағынан, оның халықтар арасында кең танымалдығына байланысты болып келеді. Тәрбиенің дәл осы әдістері мен тәсілдері адамның ұлттық сапасының ашыла түсуіне анағұрлым ықпал етіп, тұлғаның азаматтығы мен оның қабілеттерінің арта түсуіне әсер етеді.

Сабақта қолданылатын дене тәрбиесінің көптеген тәсілдерінің ішінде ерекше орын халықтық педагогика тәсілдеріне тиесілі болып келеді.

Халықтық педагогика тәсілдері дегеніміз халық ауыз әдебиеті, балалар фольклоры, қозғалмалы ойындар, еңбек дәстүрлері, өнер түрлері, қол өнері, мәдени-тұрмыстық дәстүрлер мен салттар, олар адам мәдениетінің асыл қазынасы болып келеді. Олар адамдардың материалдық және рухани шығармашылығын көрсете біледі. Өскелең ұрпақты бала кезден халықтық дәстүрлер негізінде тәрбиелеу қоршаған табиғатқа және қоғамдағы өзара қатынасқа деген дұрыс қатынастың қалыптасуына ықпал етті.

Мұғалімнің шеберлігін, оның беделін, өз жұмысын жақсы меңгергендігін, оқушыларға деген қарым-қатынасын талдай отырып, В.В. Белорусов, М. Станкин және басқа да авторлар сабақты дұрыс құра білу мен өткізу, сабақтардың жоғары тығыздығы сабаққа деген қызығушылықты арттырып, олардың бойында ерік күшін тәрбиелеп, қиындықтарды жеңу дағдыларына үйретеді. Керісінше, оқушылардың аз шұғылдануы, мұғалімнің аз талап етуі іштің пысуына, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының төмендеуіне, тәртіпсіздікке және сабаққа нашар қатысуға алып келеді.

Сабақтарда шұғылданушылардың жақсы тұстарын анықтауға арналған жағдайлар жасап, олардың жақсы тұстарын атау арқылы оқушылардың қандай жаңа нәрсеге
үйренгенін көрсете білу қажет. Себебі оқушылардың шығармашылық негізінде қозғалыс белсенділігінен де оның нәтижелеріне деген қызығушылық басым болып келеді.

Тиімді жағдайлардың бірі мұғалімнің түрлі оқыту әдістерін қолдана білу болып табылады. Сондай әдістердің бірі дене шынықтыру сабақтарында қазақтың қозғалмалы ойындарын қолдана білу. Оқушылардың бойында халықтық педагогикаға деген қызығушылықты қалыптастыру арқылы мұғалімдер халық ойындарына, жарыстарына, дене тәрбиесі элементтеріне, ұмытыла бастаған көне мәдениет түрлеріне – ойындарға, жарыстарға, билер мен спорт түрлеріне деген қызығушылықты барынша толық пайдалануы қажет.

Әрбір халықтың ұлттық дәстүрлерінің қайта туындауы тек сол халықтың ғана үлесінде болмауы тиіс. Әртүрлі халықтардың ойындарын оқу-тәрбие процесінде қолдану, оларға деген қызығушылықты ынталандырады, интернационализм тәрбиесіне ықпал етеді. Балалар ойнай жүріп жағымды көңіл-күйін ойынмен және сондай ойынды өмірге әкелген, сыйлаған халықпен де сабақтастыра алады. Ойын арқылы алғашқыда сол халықтың мәдениет элементтерімен, тілімен (сол тілдегі ойын атауымен, ойын элементтерімен, ойын терминдері) танысуы іске асады. Оның өзі ойыншыларға ойынның ерекшелігі мен халықтың мәдени дәстүрлерін жақсы түсінуге көмектеседі, түрлі халықтардың ойындарын салыстыруға ықпал етеді.


35




Мектеп оқушыларының өміріне халықтық педагогика тәсілдерін тиімді енгізудің негізгі шарты әрқашан да кең ойын репертуары мен педагогикалық жетекшілік жасау әдістемесін меңгеру болып табылады.

Педагог ойын барысында балалардың назарын ойын мазмұнына аударып, қозғалыстың дәлдігін, ережелерге сәйкестігін, дене жүктемелерінің шамасын байқайды, қысқаша сілтемелер жасайды
және ойын жағдайында пайда болған жайтқа сай епті де жылдам қимылдауға үйретеді.

Ойын дегеніміз көңілді уақыт өткізу немесе ағзаның дене жүктемесі ғана емес, ол психологиялық дайындықтың да құралы. Орыс дәрігері мен ғалымы П. Лесгафттың ойынша тек ойын арқылы ғана адам «өмірде кездесетін кедергілерді жеңу тәжірибесін» меңгереді.

Қазақ халқының халықтық педагогика тәсілдері, соның ішінде ең кең тараған аударыспақ, жорға жарыс, соқыр теке, жаяу көкпар, жаяу жарыс, жігіт жарыс және басқалар оқушылардың назарын аударып, олардың бойында қимылдың ептілігін дамытады, ойын ойнау мен көңіл көтеру мәдениетіне тәрбиелейді, өз халқына, оның дәстүрлері мен салтына деген махаббат сезімін, аға ұрпаққа деген құрмет сезімін ұялатады. Ойын арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыруға әбден болады.

Қазақтың халықтық педагогика тәсілдерін дене шынықтыру сабақтарында, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс барысындағы нұсқалық бөліктерінде пайдалану мүмкіндігі бар. Бұл ойындарды сабақтың дайындық бөлімінде, негізгі бөлімінде, әсіресе, шаршағанды басу үшін – сабақтың қорытынды бөлімінде қолдануға болады.

Үзілістерге де арналған арнайы ойындар бар: «ұшты-ұшты», «кім ұрды?», «жаяу жарыс» және басқалар, бұл ойындар жүйкеге түскен салмақты азайтып, сабақ алдында демалуға мүмкіндік береді. Әдетте қозғалмалы ойындар үлкен үзілістерде өткізіледі.

Қазақтың қозғалмалы ойындары, спорт түрлері, билер және халықтық педагогиканың басқа да тәсілдері дене шынықтыру мен спортты толықтыру мен байыту арқылы дене тәрбиесі жүйесінде құрметті орынға ие болуы тиіс. Оқушылардың халық шығармашылығына деген құмарлығы ерекше. Сондықтан да дене шынықтыру мен спорт ұжымдары қызметкерлерін