Файл: Fi'li'aly Atyray' oblysy boi'yns'a pedagogi'kalyq qyzmetkerlerdin'.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 130

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ИНИЦИАТИВЫ ПРЕЗИДЕНТА ПРИВЕДУТ К ПОЗИТИВНЫМ ПЕРЕМЕНАМ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

????Жаңаша оқыту-жаңаша көзқарас ????

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ТИІМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС - ІЗДЕНІМПАЗДЫҚТЫҢ КІЛТІ

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ МЕТОДОВ ПРЕПОДАВАНИЯ НА УРОКАХ ЛИТЕРАТУРЫ

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИГРОВЫХ МЕТОДОВ И ПРИЕМОВ ОБУЧЕНИЯ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ

ДИДАКТИЧЕСКАЯ ИГРА КАК СРЕДСТВО ФОРМИРОВАНИЯ ЛОГИЧЕСКИХ УНИВЕРСАЛЬНЫХ УЧЕБНЫХ ДЕЙСТВИЙ

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ БАСТАУЫ – ОТБАСЫНАН

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАНҰЯЛЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ МАҢЫЗЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕДЕГІ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

ӨЛЕҢІ ӨМІРШЕҢ АҚЫН - МАРАТ ОТАРАЛИЕВ

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

ӨШПЕСІН ҰСТАЗ ЕСІМІ

ОҚУ ҮШІН БАҒАЛАУДА ТИІМДІ СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

ДЫБЫСТАР ӘЛЕМІ НЕСІМЕН ҰНАЙДЫ? ДЫБЫС

КЕСТЕДЕН ТЫС КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ

АТЫРАУ, ТЫ В МОЕМ СЕРДЦЕ!

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

КӘСІБИ ӨСУ. КУРСТАН КЕЙІНГІ ОЙЛАР

арқылы қайталатып, өз сөзімен түсінгенін қағаз бетіне түсіруге немесе мазмұнын қысқаша дәптеріне жазуға болады. Сонымен бірге дауыс интонациясымен оқу, рөлге бөліп оқу, ұнаған кейіпкерге мінездеме беру жаттығуларын үйге де беруге болады.

Оқушылардың сауаттылығын арттыруға сабақ сайын диктант жаздыруға машықтандыру – жақсы тиімді әдіс-тәсілдердің бірі.

Бірінші үйрету диктанттары жиі алынып, содан соң бақылау диктанттары алынады. Диктант алынған соң 1 сағат қатемен жұмыс жүргізу міндетті. Осы кезде оқушыларға


51




шығармашылық жұмысын арттыру мақсатында карточкамен жұмыс істеуге үйретіп, емле қателерін қайталатып, грамматикалық ойындар жүргізіліп отырады.

Оқушылардың ауызша-жазбаша сауаттылығын дамытуда мазмұндама мен шығарма жазудың маңызы зор. Әсіресе, 1-2 сынып оқушалары бұл жұмыс кезінде көп қиналады.

Ол үшін жоғарыда айтылған ауызша мазмұндау жұмыстары, жазба жұмыстары өз мәнінде жүргізіледі. Соларды меңгергеннен кейін мазмұндама, шығарма жұмыстары жұмыстары нәтижелі болмақ.

Мазмұндама 1 сыныптың 2 жарты жылдығынан бастап жазылады. Мазмұндаманы мазмұнына қарай мынадай топтарға бөлуге болады:

  • дайын мәтін;

  • сурет бойынша мазмұндау;

  • кино, деректі фильм бойынша мазмұндау.

1-сыныпта мазмұндама жазу оқушыларға қиындау. Сол үшін мәтінді тақтаға жазып қоямын. Сонда олардың көру, ойлау, есту сезімдері қатар дамиды. Көптеген сөздердің жазылуымен танысады. Жазылған мәтінді 1-2 оқушы оқиды. Сонан соң мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қойылып, оның жауабын мәтіннен тапқызамын. Келесі кезекте екінші тақтаға мәтіннің мазмұнына сай сұрақтар жазылады. Оған оқушылар мәтінді пайдаланбай
ауызша жауап қайтарады. Сол жауаптарына сүйеніп мазмұндама жазылады.

Қорыта келгенде, бастауыш сыныптарда шағын мәтінді оқу, өзіне таныс емес кітаптармен танысу, өз бетімен шағын әңгіме, ертегі, өтірік өлең, шығарма, мазмұндама т.б. құрастыра білу – оқушының шығармашылық ауызша және жазбаша тілін дамытуға көмектестін негізгі құрал болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Мұқанов М. И. «Жас және педагогикалық психология» Алматы, 2002. 2.«Бастауыш мектеп» журналдары.


52



????Педагогтік зерттеулер ????


ӨЛЕҢІ ӨМІРШЕҢ АҚЫН - МАРАТ ОТАРАЛИЕВ

Даулбаев М.О.


Ұстаз-композитор.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалыАтырауоблысыбойыншаПҚБАИ

Оқужұмысыжәнемониторингтік қызметбөлімініңбасмаманы
Атырау өлкесі әнші-күйші, ақын-жыршы, өнер иелеріне бай мекен. Осынау өлкеде дүниеге келіп, Ақ Жайықтың сағасы, қарт Каспийдің жағасы Атыраудан, сонау Алатаудың етегіндегі зиялы қауым иелері мекен еткен, өнер ордасы Алматыға дейін барып, тамаша өлеңдер шығарумен, барша қазаққа ақындығымен мәшһүр болған - Марат Отаралиев.

Марат Отаралиев (1937-1973)–ақын. Қызылқоға ауданы Тайсойған елді мекенінде дүниеге келген М. Отаралиев Атырау педагогикалық институтын бітірген. «Социалистік құрылыс»,

«Коммунистік еңбек» (қазіргі Облыстық «Атырау» газеті), Балықшы аудандық «Каспий таңы» газетінде істеді. «Көбелек», «Қалампыр», «Жас дәурен» атты өлеңдер жинағы жарық көрді.

Марат аласа бойлы, бірбеткей, мінезді, жанына көп дос жинаған, қарапайым адам болған. Ол бала кезінен өлеңге құмартып, қазақ ақын-жыраулары мен шығыс шайырларының да өлеңдерін көп оқыған. Ерте жастан өлең жаза бастаған. Өлеңдері біраз тақырыптарды қамтыған. Сондай өлеңдерінің бірін Марат ақын әскер қатарында жүріп былай жазған:

«Билеп бір өрлік кеудені Байқатпай күндер өтуде, Жүрсің сен, Отан, мендегі Анамның суретінде де»,

Бұл өлең шумақтарынан біз Мараттың қара сөзбен айтып жеткізе алмайтын ойды, өлеңмен өрнектей алған ақын екендігін көреміз. Оның Ана мен Отанды қатар қойып құрметтеуі өзі ойлаған, өзгені ойландырған азаматтығын танытып, жақсы жырда – мәңгілік пен мәнділік болатынын білдіреді.

Марат Гурьев педагогикалық институтында оқып жүріп, Алматының Қазақ мемлекеттік
университетіне оқуға ауысады. Жазба ақындық өнері мен суырыпсалма ақындықты қатар ұстаған Марат Отаралиев қазақ поэзиясының жарық жұлдыздары Жұмекен Нәжімеденов, Мұқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов, Жұматай Жақыпбаев сынды өлең тарландарымен бірге жүреді.

Өткен ғасырдың 60-жылдарының ортасы мен 80-жылдары Алматыда оқыған студенттер жатақханадағы көңілді отырыстар мен өнер, поэзия кештерінде өзіне ұнайтын ақындарының өлеңдерін оқитын кездер болған. Сондай өлең-жыр оқу додаларында Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерімен қатар, Марат Отаралиевтің де өлеңдерін жастар оқыған. Бұл өлең сүйер қауымға Мәкеңнің мәшһүр кезі болатын. «Марат шығарды» деген өлеңдерді, «Марат айтты» деген сөздерді университеттің сол кездегі тоғыз факультетінің студенттері түгел қызығушылықпен оқиды.

Жалынды ақынның өзінің туған еліне, достарына, анасына сыршыл өлең шығарып, Гурьевтен Алматыға келген жастар арқылы сәлем жолдаған кездері болған. Ол өлең былайша өріледі:

Көп сәлем таныс жандарға, Оларды көру жақсы-ақ шын. Досым сен елге барғанда-ау, Мен жайлы көп сыр ашпассың.


53




Өзгелер сенің еркіңде, Кеудеңе талай жыр келсін. Тек қана ақ шаш кемпірге,

«Жалғызың аман жүр» - дерсің!

Марат ағамыз ағайын, бауырға деген сағынышын «Мен жоқта»деген өлеңінде былай жеткізеді:

Бәрі де жатыр - ау көрісіп, Сағыныш төгіліп тәтті үнмен. Жеңгейлер кеткен бе толысып, Ағалар - шашына ақ кірген...

Марат Отаралиев бірде аудандық аурухананың дәрігері Бақтыгерей Молдағалиевтің үйінде отырғанда үй иесі:

  • Жиенжан, сені ақын дейді. Нағашыңа арнап өлең шығармайсың ба? -дейді. Сонда Марат ағамыз мырс етіп күліп жіберіп, кідірместен:

  • Жақындардың қашанда – бағасы мың, Жақын адам сыйлайды әр асылын. Жиен бірақ болады «ақымақтау»,


Келген кезде үйіне нағашының, - деп өлеңін төгілтеді.

Марат ақынның өткен ғасырда жазған бір өлеңінің мағынасына үңілсек, оның қазіргі уақыт тынысымен де үндескен, болашақ та да мән-мағынасын жоймайтын өміршең өлең екенін ұғынуға болады. Адамның ішкі уәжін арттырып, өзі-өзіне сенуге үндейтін өлең мынадай:

Қорықпа достым, тұлпар шапса - сен де шап, Кәдімгідей етек - жеңді кеңге сап.

Тұлпар деген көктен түсті деймісің, Ол да таймен тұқымдас ат, жөндес ат.

Марат Отаралиев өлең жазумен қатар халқымыздың күй өнерін ерекше құрметтеген. Оны білетін себебім Алматының шет тілдер институтын оқып бітірген, Картешов Ержігіт деген көкем осы Марат Отаралиевпен бір мектепте, бір класта оқып бір ауылда өскен, өмір бойы дос болатын. Сол Ержігіт аға ағылшын тілі маманы болумен қатар, талай өнер додаларында топ жарған керемет күйші еді. Марат Отаралиев Ержігіт ағамның үйіне келгенде екеуі балғын балалық кездерін, жастық шақтарын еске түсіріп, қазақ мәдениеті, өнері, әдебиеті жайында біраз әңгіме айтып, сыр шертісетін. Сондай отырыста Ержігіт көкем күй шертетін. Сол күйлердің ішінен Марат Отаралиев Ержігіт ағамызға Құрманғазы Сағырбаевтың Исатай мен Махамбеттің жорыққа ерітпей кеткеніне арнап шығарған «Кішкентай» күйін тарқызып, ерекше бір сезімге беріліп тыңдайтын. Осы күйді екі-үш қайтара тартқызатын. Мен, Марат ағамыз жалпы философиялық күйдің табиғатын жақсы түсініп, сол «Кішкентай» күйі арқылы- ол өзінің қуаныш пен тартысқа, арманға толы жастық шағын еске түсіретін болған болар-ау деп ойлаймын...

Осы шағын мақаламда Марат Отаралиевтің туыстары жөнінде аз кем әңгіме қозғасам, олар да өнерлі, білімді жандар. Марат ағамның Қадірбек деген інісі керемет күйші- домбырашы болды. М.Қойшыбаев атындағы музыка мектебінің домбыра сыныбында сабақ берді. Мәкеңнің Отаралиев Айса атты інісі суретші.