Файл: Fi'li'aly Atyray' oblysy boi'yns'a pedagogi'kalyq qyzmetkerlerdin'.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 145

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ИНИЦИАТИВЫ ПРЕЗИДЕНТА ПРИВЕДУТ К ПОЗИТИВНЫМ ПЕРЕМЕНАМ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

????Жаңаша оқыту-жаңаша көзқарас ????

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ТИІМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС - ІЗДЕНІМПАЗДЫҚТЫҢ КІЛТІ

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ МЕТОДОВ ПРЕПОДАВАНИЯ НА УРОКАХ ЛИТЕРАТУРЫ

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИГРОВЫХ МЕТОДОВ И ПРИЕМОВ ОБУЧЕНИЯ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ

ДИДАКТИЧЕСКАЯ ИГРА КАК СРЕДСТВО ФОРМИРОВАНИЯ ЛОГИЧЕСКИХ УНИВЕРСАЛЬНЫХ УЧЕБНЫХ ДЕЙСТВИЙ

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ БАСТАУЫ – ОТБАСЫНАН

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАНҰЯЛЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ МАҢЫЗЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕДЕГІ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

ӨЛЕҢІ ӨМІРШЕҢ АҚЫН - МАРАТ ОТАРАЛИЕВ

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

ӨШПЕСІН ҰСТАЗ ЕСІМІ

ОҚУ ҮШІН БАҒАЛАУДА ТИІМДІ СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

ДЫБЫСТАР ӘЛЕМІ НЕСІМЕН ҰНАЙДЫ? ДЫБЫС

КЕСТЕДЕН ТЫС КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ

АТЫРАУ, ТЫ В МОЕМ СЕРДЦЕ!

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

КӘСІБИ ӨСУ. КУРСТАН КЕЙІНГІ ОЙЛАР

қоюына түрткі болады. Олар «балаға дегенімізді істетеміз» деп қатты қателеседі. Егер күшпен көндірмек болсаңыз жағдай мүлдем ушығып кетеді. Бала бұндай жағдайда ересектерден қашып кеткісі келеді. Өтпелі кезеңде бала ата-анадан оның таусылмас қамқорлығынан құтылғысы келеді. Ата-ананың махаббаты мен қамқорлығына мұқтаж болса да дербес болғылары келеді. Бұл қиын кезең өткеннен кейін қарым-қатынас ары қарай қалай дамитыны дұрыс тәрбиеге байланысты. Ата-ана баласының ересекпін деген сезімін қабылдауы керек. Бұл кездегі ата-аналардың жүріс-тұрысын –авторитарлы, демократиялық, попусительді деп үш түрге бөліп қарастыруға болады. Авторитарлы стильде ата-анасының тілігі бала үшін заң. Бұндай ата-аналар өз балаларын жаншып тастайды. Олар бозбаладан тіл алуды талап етіп, өзінің не үшін ұрсып жатқанын түсіндіру керек деп те ойламайды. Олар баласының барлық өмірін жіті қадағалап отырады. Бұндай жанұядағы балалар әдетте өз өзіне кіріп кетеді. Олрдың ата–анасымен қарым–қатынасы күйрейді. Кейбір балалар конфликтке


47




дейін барады. Бірақ бұндай жанұяда өсіп жатқан бала үйде болып жатқан жағдайларға еті үйреніп өз өздеріне сенімсіз болып өседі.

Туа салғанда адам қоғамға келіп түседі. Ол сол қоғамда өсіп сонда өледі. Адамның дамуына көптеген факторлер оның ішінде биологиялық және әлеуметтік факторлер әсер етеді. Тұлғаның қалыптасуындағы ең маңызды фактор ол жанұя. Жанұялар әртүрлі болады. Жанұяда қанша адам бар екеніне байланысты, жанұядағы адамдардың қарым-қатынасына байланысты адам өзінің әлемге өзіндік көзқарасын қалыптастырады. Жанұядағы қарым- қатынас адамның болашақ өмірін қалай жасайтынын,
қай жолмен жүретінін айқындайды.

Бұдан біз бала мен ата-ананың арасындағы өте тығыз байланысты көруге болады. Бұл қатынасты Хоментаус экологиялық қатынас деп атайды. Көп жағдайда жанұядағы балалар екі жыныс өкілдері болғанда олардың арасында онша қайшылық болмайды.

Ер баланың өзінің оны күштілігі, тәуелсіздігі ашушаңдығы үшін мадақтайды, ал қыз баладан болса, нәзіктік, сезімталдықты талап етеді. Бұндай жанұядағы қайшылықтың себебі көбіне ата-ананың қандайда бір жынысқа басымдылықпен қарауымен болып келеді. Мәселен: ер балаға ұрпақты жалғастырушы жеке тұлға, дене күш иесі деп қарайды. Осының салдарынан қыз балада жетіспеушілік сезімі пайда болады. Кейде ол ата-ананың көңілінен шығу үшін ер адамның мінез қырларын қабылдауы мүмкін. Сонда қарап отырсаң ата-ананың балада мұндағы орны ерекше екеніне көз жеткізуге болады. Жоғарыда біз тұңғыш бала мен екінші бала қатынастар сипатын қарастырдық және де бір жанұядағы балалар еліктеп әр түрлі мінезді болады деген сұраққа жауап бердік. Көп әсер ететін фактор олардың даму жағдайларының әртүрлілігінде болып отыр.

С.Холл бойынша жанұядағы жалғыз бала ерке бала болып өседі. Жалғыз бала дамуындағы ерекшелік ол ұзақ уақыт бойы үлкендермен өте жақын қарым-қатынаста болады. Бұл бала үшін оңай емес. Бала көп жағдайда өзінің әлсіздігін пайымдауы мүмкін. Нәтижесінде өзіне деген сенімін жоғалтады. Жалғыз бала ата-анасының көз алдында өседі. Егер
оның қолынан бір нәрсе келмей жатса оған тез арада көмек береді. Ал егер үлкен жанұяда бала түймені қадай алмаса он рет немесе бірнеше рет қайталу барысында үйренеді. Жанұядағы жалғыз баланың бір ерекшелігі олар өзімен жасты балалармен жақын араласа алмайды. Және де өзінде қайталанбас құнды деп санайды.

Олар өзімен құрдас балалармен қалай сөйлесу керектігін біле бермейді. Жанұясының суретін салғанда туысқан апа інілерін салып қояды. Бала ата-аналарының өзіне деген қатынасын сезінеді. Көп балалар көмек беріп, серік болып өседі. Бірінің білмегенін бірі айтып, қол ұшын беріп, қолынан келгенін аямайды, өзінен үлкеннен үлгі - өнеге алып, соған ұқсауға тырысып бағады. Ал үлкендері кішіге ізет көрсетіп оларды жетелейді. Өзін бауырлары үшін жауапты сезінеді. Осындай даму жағдайында белгілі бір мінез қырлары өмірге деген көзқарасы қалыптасады.



ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕДЕГІ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Есенбаева А.К.


Атырауқаласы

Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептіңбастауышсыныпмұғалімі

Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға әсер ететін рухани– адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады. Балаға тек белгілі білім негіздерін меңгертіп, олардың бойында рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік қағидаларды ғұмыр бойы басшылыққа алып өмір сүретін тұлға қалыптастыруға бет бұру қажет. Ол үшін әлеуметтік тәрбиедегі - адамның ең жақын өмірлік ортасымен және мақсатты тәрбиенің (отбасылық, рухани-


48




адамгершілік, азаматтық, құқықтық, діни, т.б.) жағдайларымен өздігінен әрекеттесуде нәтижеге қол жеткізу, адамның белгілі рөлдерге, нормативтік ұстанымдарға, әлеуметтік көріністер үлгілеріне белсенді бейімделуін жүзеге асыру, адамның әлеуметтену үдерісінде едәуір мақсатты дамуы үшін жоспарлы түрде жағдай жасауға көңіл бөлу керек. Жас ұрпақтың өзінің ішкі әлеміне терең бойлау арқылы рухани адамгершілік тұрғысынан кемелденуін, рухани тағылымды меңгеруін, өзін-өзі жан-жақты зерттеуін, түсінуін, бойындағы құндылықтарды бағалай білуін, өзінің жалпы адамзаттық құндылықтар кеңістігіне қатыстылығын түсініп, өмірден өз орындарын табуға және өз күштеріне сенетін жан-жақты, жаны мен тәні үйлесім тапқан жан ретінде қалыптастыру
көзделеді.

Осы орайда, ұстаз өзін жақсы адам ретінде тәрбиелеу үшін ең алдымен өзін-өзі тани білуі тиіс. Өзін-өзі тани білу өзіндік сананың қалыптасуынан туады. Өзіндік сана дегеніміз – ең алдымен тұлғаның өзінің рухани және дене күшін, әрекеттері мен ой-сезімдерін тануы. Ол тұлғаның өзін қоғам мүшесі ретінде, қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынасын тануы. Өзіндік сана адамгершілік сананың дамуына ықпал етеді және рухани-адамгершілік құндылықтарды саналы түрде бойына сіңіреді. Руханилық – жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады. Ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Адамгершілік–қоғамдық қасиеттердің дамуы мен тарихи-мәдени, рухани қажеттіліктің нәтижесі ретінде–қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін, қарым-қатынасы және көзқарасын сипаттайды. Адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, жанашырлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық, қамқорлық, сыпайылық, батылдық т.б. Адамгершілік–ең жоғарғы құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттердің жиынтығы. Адамгершілік – адамның рухани байлығы. Құндылық – ұмтылыстар мен мақсаттардың, ал абсолюттік мағынасында болмыстың мәні болып табылады.

Ұлттық құндылықтар: ұлттың тілі, ділі, діні, салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпы, тарихы, мәдениеті, өнері, әдебиеті, музыкасы, ата мұрасы және т.б. Осы құндылықтардың мәні не, маңызы қандай, мақсаты неде дегенге келетін болсақ, құндылықтардың әрқайсысы адам баласының өмірлік ұстанымына тікелей әсер-ықпал етіп, жеке тұлғаның бағыттылығын, оның сенімдерін, дүниеге көзқарасын, идеалдарын, ұмтылыстарын, өмір сүру түрін еркін таңдай алуын өз бетінше