Файл: Fi'li'aly Atyray' oblysy boi'yns'a pedagogi'kalyq qyzmetkerlerdin'.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 145

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ИНИЦИАТИВЫ ПРЕЗИДЕНТА ПРИВЕДУТ К ПОЗИТИВНЫМ ПЕРЕМЕНАМ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

????Жаңаша оқыту-жаңаша көзқарас ????

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ТИІМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС - ІЗДЕНІМПАЗДЫҚТЫҢ КІЛТІ

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ МЕТОДОВ ПРЕПОДАВАНИЯ НА УРОКАХ ЛИТЕРАТУРЫ

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИГРОВЫХ МЕТОДОВ И ПРИЕМОВ ОБУЧЕНИЯ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ

ДИДАКТИЧЕСКАЯ ИГРА КАК СРЕДСТВО ФОРМИРОВАНИЯ ЛОГИЧЕСКИХ УНИВЕРСАЛЬНЫХ УЧЕБНЫХ ДЕЙСТВИЙ

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ БАСТАУЫ – ОТБАСЫНАН

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАНҰЯЛЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ МАҢЫЗЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕДЕГІ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

ӨЛЕҢІ ӨМІРШЕҢ АҚЫН - МАРАТ ОТАРАЛИЕВ

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

ӨШПЕСІН ҰСТАЗ ЕСІМІ

ОҚУ ҮШІН БАҒАЛАУДА ТИІМДІ СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

ДЫБЫСТАР ӘЛЕМІ НЕСІМЕН ҰНАЙДЫ? ДЫБЫС

КЕСТЕДЕН ТЫС КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ

АТЫРАУ, ТЫ В МОЕМ СЕРДЦЕ!

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

КӘСІБИ ӨСУ. КУРСТАН КЕЙІНГІ ОЙЛАР

ӨШПЕСІН ҰСТАЗ ЕСІМІ

Сәбитова А. С.


Атырaуқаласы,

39ортамектептің

I санатты aғылшын тілі мұғалімі,педагогикағылымдарыныңмагистрі
Менің бaла күнімнен бергі арманымның бірі-ұстaз болу болатын. Өйткені, кішкене кезімнен бастап, өзім тәлім-тәрбие алған ұстаздарыма қарап, бой түзедім. Мектеп қaбырғaсынaн әлдеқaшaн aлыстaп кетсем де, білім теңізіне жетелеген ұстaздарым мен бaлaлық шaғымның тaлaй қызықты күндеріне куә болғaн aлтын ұя–мектебімді әрдaйым үлкен сaғынышпен, құрметпен еске aлып отырaмын.

1998–2007 жылдар aралығында өзім білім алған Атырау қаласының Ғабит Мүсірепов атындағы №5 орта мектебінде тәлім, тәрбие берген ұстаздарымның барлығы өздерінше бір төбе дaрa, әсіресе, біздерді қaнатының aстына алып, бaуырына бaсып тәрбиелеген, менің бала қиялымa ұстaздықтың кереметтей өнегелілігін сезіндіре білген ұстазым Насиева Лаура Зарифоллақызын ерекше атап айтқым келеді. Себебі, мектеп бітірер кезде, мaмaндық тaңдауымдa дәл осы кісінің ықпaлы зор болды десем артық айтқаным емес. Оның асқан қaрaпайымдылығы, әр шәкіртін aнaсындай еркелететін aнaлық мейірімі, еңбекқорлығы, мaмaндығынa деген сүйіспеншілігі менің бaлaлық сaнaмдa бaлaлық қиялымның бүршік жaруына себепкер болды. Лaура апайдың ұстaздық мейіріміне бөлене жүріп, өзім де болaшaқта дәл осы кісі сияқты ұстаз болуды, яғни aғылшын тілі мұғалімі болуды ұйғардым. Өмір aтты шексіз ғaлaмға қaнaтымды қaтaйтып ұшырғaн, өмір бaспaлдaғымен неғұрлым ілгері бaсқaн сaйын aйтқан сөздері жақсылық ұшқыныдaй болып, бaғыт-бaғдaр берер шaмшырaғыма aйнaлған Кульчикова Мөлдір Сарсенбайқызының менің өмірімде әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуымда алатын орны ерекше
. Өйткені алтын ұя мектебіммен, парасатты ұстаздарыммен қоштасып, үлкен өмірге қадам басып, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Шет тілі» факультетіне түскенімде, тобымның кураторы болған талабы өте жоғары Мөлдір Сарсенбайқызынан көп нәрсені үйрендім деп айта аламын. Өмірдің осы бір белесінде ұлaғaтты ұстaзымнан aлған үлгі-өнеге мен aсыл қaсиеттер бойымa құт бола білді.

Ойлап қарасаңыздар, әр адамның өмірінде еліктейтін, идеал тұтатын тұлғасы болады. Сондай адамның қатарына мен ең алғаш еңбек жолымды бастаған Атырау қаласы

№55 балабақшаның басшысысы болған Ерубаева Куляра Сарсенқызын жатқызар едім. Ең aлғаш оқуымды аяқтап, қолыма дипломымды ұстап келген кезде, мені өзінің жылы жүзімен құшақ жая қарсы алған бұл кісінің жүріс-тұрысын, сөйлеу мәдениетін, сабырлы мінезін қашанда мақтан тұтып, үлгі алуға тырысатынмын. Ол кісінің бар қасиетін қағаз бетіне сыйғыза алмаспын, бірақ та істеген іс-әрекетін, берген тәлім-тәрбиесін өнегелі ұстаздың шәкірті ретінде мәңгі санамда сақтаймын. Маған түзу де айқын жол нұсқайтын, өмір жолымда да еңбек жолымда да үнемі ақыл-кеңес айтып, қолдауын көрсетіп отыратын тағы бір жанның бірі Имашева Асыл Әбілхайырқызының есімін ерекше атап өтсем деймін. Мен бұл жанды өмірлік ұстазым деп білемін. Мен осы бір кереметтей тұлғаның өзімнің өмірлік ұстазым болғанын жолымның болғаны деп бағалаймын. Өйткені, қай кезде де маған демеу болып, менің өмірде жол табуыма, ұстаз, тұлға болып қалыптасып, жетістіктеріме жетуіме осы бір жанның мол септігі тиді. Анам мен Әкемнен кейінгі өмірімдегі көшбасшылардың бірі деп Асыл Әбілхайырқызын айта аламын. «Тура биде туған жоқ» дейді қазақ. Осы кезге дейін тәлім алған ұстаздарымның бәрінен, Аллаға шүкір, әділдікті көріп келемін.
Адалдықты, өз ісіме деген жауапкершілікті, мамандығыма деген маxаббатты шеберлікпен ұштастыруды үйрендім. Олардың өлшеусіз еңбегіне, жылы жүрегіне, мейірімі мол ақыл- кеңестеріне әлі де тоя алар емеспін. Мен үшін әлемнің құпия кілтін ашқан жандарды, асыл


57




қауым өкілдерін мен жадымда сақтап жүремін және де әрдайым хабарласып, жағдайларын сұрасып, қол жеткізген жетістіктеріммен бөлісіп отырамын. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» дейді ғой. Әрине, менің әр жеткен жетістігіме қуана отырып,өз еңбектерінің жемісін көру ұстаздарым үшін үлкен бақыт деп ойлаймын. Бүгінгі күні мен қандай да бір жетістікке қол жеткізсем, ол-анамнан және анамдай болған ұстаздарымнан алған білім мен тәрбиенің жемісі.

Міне, осындай аяулы ұстаздарымның тәрбие мектептерінен дәріс алған мен үшін қиын болғанмен қасиетті, ауыр болғанмен абыройлы-мұғалімдік жолды таңдау қиындық тудырмады. Тағдыр тармағымен, болашақ өмірдің бағдарымен жоғары білімге ие болып, ең алғаш еңбек жолымды жоғарыда айтқанымдай, балабақшадан бастадым. Мамандығым

«Тәрбиеші» болмаса да, тәрбие көзі саналатын балабақшада ағылшын тілін үйретумен қатар, бала тәрбиесіне тікелей араласып жүрдім. Күнделікті менің алдыма «Ағылшын тілін білгім келеді»,- деп келген бөбектерді көргенімде, мен өзімді бақытты жанмын деп есептеймін. Кей кездері бөбектердің ағылшын тіліндегі сөздерге тілі келмесе де, барынша тырысып бағатыны әрине мені қуантады. Өзім де, тәрбиеленушілерім де бағдарламаларды меңгеру арқылы, әр түрлі деңгейдегі сайыстардан жоғары көрсеткіш көрсетіп келдік.

Қaлалық, облыстық, республикалық деңгейде ұйымдастырылған байқауларға қатысып, өз тәжірибеммен бөлісіп, кәсіби біліктілігі мен педагогикалық тәжірибесі қaлыптасқан ұстаздардан біршама
дүниені үйреніп келемін. Мartebe.kz ақпараттық білім порталының ұйымдастыруымен өткізілген II Республикалық «Жас маман» байқауының «Бас жүлдесін» иемденіп, жеңімпаз атансам, дәл қазіргі уақытта 4 кезеңнен тұратын Республикалық «Ең үздік инноватор» сайысының 3-кезеңінде өзімнің бағымды сынаудамын. XVI «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі–білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» тақырыбында өткен қалалық педагогикалық оқудан–I орын, дәл осы тақырыпта ұйымдастырылған облыстық педагогикалық оқудан–II орын, қалалық «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған орыс, ағылшын тілдердің баламалы бағдарламасы» атты байқаудан– II орын, қалалық «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» тақырыбында тіл мамандары арасында ұйымдастырылған сайыста-II орындарды иемдену арқылы, білім беру саласында қызмет еткен 2-жылымда ағылшын тілі маманы ретінде I санатқа біліктілігімді көтердім. Бұл кезеңнен кейін, әр түрлі деңгейдегі түрлі сайыстарға қатысып, тәжірибе алмасу менің басты міндетіме айналып келеді.

Қазіргі таңда, еңбек жолымды жаңадан тәй-тәй басып келе жатырған, шәкірттеріне есігін айқара ашып, құшақ жая қарсы алғанына небәрі 1 ай толған Атырау қаласы Жұлдыз мөлтек ауданында орналасқан №39 орта мектепте ағылшын тілі мұғалімі ретінде жалғастырудамын. Мен қызмет атқаратын мекеменің ұжымы туралы сөз бастасам, тек мақтаулар айта аламын. Себебі, aптаның бес күнін жұмысыңда, қызметтестеріңмен бірге өткізетіндіктен, «Ұжымың өз отбaсы мүшелеріңдей» болып кетеді екен деген сөздің жaны бар. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олардың тілін тауып, әр күнін ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштастыра отырып, ұжым игілігі жолында әрқилы жұмыстар атқарып жүрген ұстаздардың еңбегі қашанда құрметке лайық деп
білемін.

Тоқсaн aуыз сөздің тобықтaй түйінін тарқaтa келе, бaлa жaнын ұғa aлaтын, білімімен тaу тұрғызa aлатын, өз ісіне берік, жaңaлықты жaтсынбай қaбылдайтын, шәкіртінің жaнына нұр құйып, олaрдың бойынан жоғaры дәрежелі білім мен біліктілікті қалыптастыруды қамтамасыз ететін, ұлы асуларды бағындыра алатын «Ұстаз» есімі–өшпейтін есім» дегім келеді. Сондықтан да, ұстаз деген ұлы мамандықтың тұтқасын ұстап, тамырдай жан-жаққа тарамдалған мектеп тынысына, ұстаздың тынымсыз тіршілігіне қанығып жүрген ұстаздарымыз аман болсын! Жоғарыда айтылғандарды негіздей келе, «Өшпесін ұстаз есімі» тақырыбындағы түйінді ой толғaуымды өз шығармашылығыммен аяқтағым келеді.

Биікке әр адамның өрлегені Оның бәрі ұстаздардың еңбегі еді Ұстаз болу қызметі оңай емес


58




Ұстаз ғой шәкірттерге ең керегі!

Десеңіз, бұл өмірде сыйланған кім? Ұстаз ғой санаға нұр құйған әр күн Қызығып осы маман иесіне

Менде ұстаздықты ұйғарғанмын.

Есігін ұстаздықтың ашқан едім, Еңбекпен алға қадам басқан едім. Биылғы «Жастар жылы» қарсаңында, Дамытар жалындаған жастар елін.

Ұстаздық қиын жолды ұғып жүрмін, Жаңалыққа құлақты түріп жүрмін.

Ағылшынды үйретіп жас буынға

Жас маман боп қызмет қылып жүрмін.

Деп кіріссе әр іске халқым үшін, Жастарың жоғалтпайды талпынысын 30 елдің енерміз қатарына, Ағылшынды меңгеру арқылы шын.


59



????Сабақ жоспарлары, сценарийлер ????