Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі оркыт Ата атындаы ызылорда университеті Гуманитарлы педагогикалы институты Педагогика жне оыту дістемесі кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 135

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Білім беру жүйесіндегі әлемдік дамудың негізгі үрдістері

12 жылдық жалпы орта білімнің мақсаты

12 жылдық жалпы орта білімнің міндеттері

Тұлғаны әлеуметтендіру

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

12 жылдық орта білімнің құрылымы

Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.

Негізгі орта білім беру білім беру бағдарламаларының аяқталуын және осы деңгейге тән түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндетті базалық деңгей болып табылады.

6.2.4.1 Проблемаларды шешу құзыреттілігінің аспектілері:

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

6.2.4.3 Коммуникативтік құзыреттіліктің аспектілері

Мазмұндық ерекшелігі: маңызды дағды мен қабілетті қалыптастыру және соған сәйкес пәндер:

ТАЛДАУ

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

3. Оқытудың ұжымдық және топтық тәсілдерін қолдана отырып баспа беттеріне жарыққа шыққан сабақ жоспарларына талдау жасаңыз.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары

Курстық жұмыстар тақырыптары

8. Қазақ тілі сабақтарында өздігінен жұмыс жасаудың жолдары



Бастауыш сыныпта оқытылатын пәндерді оқыту технологиясында елеулі орынды дамыта оқыту технологиясы алады. Дамыта оқыту ұрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, білімді өздері меңгеруге мұмкіндік алады. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарға алынады. Оқушы өз тарапынан өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезінуі оның білім алуға деген ынтасының артып, білім алуға әрекеттенуіне ықпал етеді. Сабақ мұндай жағдайда мынадай ұш құрамдас бөліктерден тұратын болады: оқу мақсаттарының нақты қойылуы, оны шешудің жолын бірлесе қарастыру, шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. Бұл ұшеуі-дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жұйелердің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын ұлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштегі талқылау, сосын жинақтау арқылы жұзеге асырылады. Мұғалім сабақ ұрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы ролінде ғана болады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын дәлелдей білуге ұйреніп, әр оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға мұмкіндік беріледі. Дамыта оқыту ұрдісінде оқушының субъект ретінде танылуы мына төмендегідей жағдайлармен айқындалады (Сурет 1).

Дамыта оқыту жұйесіндегі технологиялардың классификациялық сипаттамасы:

1. Қолдану деңгейіне қарай- жалпы педагогикалық

2. Философиялық негізіне қарай-гумандық

3. Психологиялық даму факторына қарай-социотектік, психотектік

4. Игерудің ғылыми тұжырымдамасына қарай-рефлекторлық, дамытушылық

5. Мазмұндық сипатына қарай-білімдік, тәрбиелік

6. Басқару типіне қарай-шағын топтар жұйесі

7. Ұйымдастыру формасына қарай-сыныптық, сабақтық,топтық және жеке

8. Балаға қатынас амалына қарай-тұлғалық,бағдарлық

9. Басымдық танытатын әдісіне қарай-дамытушы

10. Оқушылардың категорияларына қарай-жалпы

11. Жетілдіру бағытына қарай-балама.
Дамыта оқыту жұйесінің дидактикалық ұстанымдарына кешенді дамытушы жұйе негізінде мақсатты бағытталған дамыту; теориялық білімнің басты роль атқаруы; мазмұнның толықтығы мен жұйелілігі; материалды игертуді қарқынды жұргізу; оқытуда эмоционалды ұрдісте іске қосу; мазмұнды проблемаландыру; оқыту ұрдісінің вариативтілігі; барлық оқушыны бірдей дамыту жұмыстарын жұргізу.
Дамыта оқытудың белгілері:

- педагогикадағы тұсіндірмелі-иллюстративті әдісі алмастырылады. Бұл әдіс тұлға дамуына тығыз байланысты;

- дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі;


- балаға қоршаған орта мен өзара қатынасқа тұсетін дербес субъект ролі беріледі;

- бала іс-әрекетінің толыққанды субъектісі болып табылады;

- тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген;

- баланың жақын даму аймағында жұзеге асырылады.

Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті- оқу материалдарын оқушыға дайын кұйінде көрсету емес, олармен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойылған міндеттерді тұсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы кұнделікті іс-тәжірибеде қолдану:

  1. оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дұниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершіліктік нормаларын меңгерту;

  2. Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру.

  3. Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа мән бер


Негізгі әдебиеттер

Педагогика. Дәріс курсы.-Алматы: Нұрлы әлем, 2003.-368 бет

Щуркова Е.Н. Педагогическая технология.-М.:Педагогическое общество России, 2002.-224 с.

Левина М.М. Технологии профессионального педагогического образования: Учеб.пособие для студ.высш.пед.учеб. заведений.- М.:Изд.центр «Академия»,2001.-272 с.
Қосымша әдебиеттер

Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии.-М.; 1989.

Хайруллин Г.Т. Технология и техника взаимодействия.-Алматы, 1999.

Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса:Учебное пособие.-Алматы, 2002.
Лекция 5. Тақырыбы: Оқыту әдістемесіне сипаттама

5.1. Оқыту әдістемесі туралы түсінік және оның классификациясы.

5.2. Оқыту әдістерінің мәні мен мазмұны.

5.3. Оқытудың ұжымдық және топтық тәсілдерінің ерекшелігі.

5.4. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының мазмұны

Мақсаты: мұғалімнің іс-әрекетіндегі білім беру тәсілін меңгерту, оқушылардың сабақ ұстіндегі оқу-танымдық білімін арттыруды ұйымдастыру.

Міндеті: дидактикадағы оқыту әдістеріне тұсінік беру, оқыту әдістемесінің салыстырмалы тиімділігін көрсету, оқыту әдістерінің мазмұнын ашу, оқыту әдістерін таңдау факторларын кқрсету.

1. Әдіс – (гректің metodos) деген сөзінен алынған зерттеу немесе таным жолы, яғни, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын, құбылыстарды оқып білу жолдарын, методологиялық теория-танымы мен шындықты бекітуді зерттейтін тәсіл. Оқыту әдістері –оқушылардың білім, білік және дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жолы мен ғылыми практикалық тиімділігі болады. Оқыту әдiстерi – оқушылардың бiлiмдi меқгеруiне, олардың дамуы мен тәрбиесiне бағытталған, оқытушы мен оқушы арасында бiрлесiп жұргiзiлетiн iс-әрекеттiң қарым-қатынас құралы. Педагогикада оқыту әдiстерiнiң ең кең тараған ұш тобы бар:


  1. ауызша әдiстер - әңгiме-кеңес, кiтаппен жұмыс;

  2. көрнекiлiк әдiс – демонстрация;

  3. тәжiрибелiк әдiс – лабораториялық, тәжiрибелiк жұмыстар.

Оқытушы шеберлiгiне, тәжiрибесiне байланысты оқыту әдiстерiнiң бұл ұш тобын оқу жұйесiнде тұтас пайдалана алады.

әрбiр әдiс жеке элементтер – тәсiлдерден тұрады. әдiс– оқытушының оқу-тәрбие қызметiнiң дидактикалық заңдылықтар мен қағидаларға сұйене отырып құрастырған тәсiлдерi мен ережелерiнiң жиынтықты жұйесi. Қарапайым тұрде айтқанда – оқыту әдiсi – оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, оқушының қабiлеттерiн дамыту мен дағдысын қалыптастыруда көздейтiн оқытушының iс-әрекетi. Оқыту әдiстерi оқытушының ненi және кiмдi оқытып жатқанына байланысты.

Оқыту әдістерін классификациялау – оқыту пәндерінің мазмұнын, оқу процесінің логикасын, ұқсас жалпы ерекшеліктерін, тұрлі қажетті жақтарының көрсетілуі.

Оқытуды классификациялауда педагогика ғылымында бірнеше көзқарастар қалыптасқан. Соның ішінен И.П.Подласыйдың жіктемесіне тоқталайық. Ол оқыту әдістерін классификациялауды білім көзінен (практика, көрнекілік, сөз ) қарастырады. Кітап пен жаңа компьютерлік жұйе негізін жаңа ақпараттық білім көзі ретінде ұсынады. Соның негізінде И.П.Подласый әдісті бес топқа бөледі:

а) практикалық іс-тәжірибе, жаттығу, оқу-өндірістік еңбек; б) көрнекілік: иллюстрация, демонстрация, оқушыларды бақылау; в) сөздік; тұсіндіру, анықтау, әңгіме, сұхбат, инструктаж, лекция, дискуссия, диспут; г) кітаппен жұмыс әдісі: оқу, жаттау, реферат жазу, жалпы қарап шығу, цитатталар жазу, мазмұндау жоспар құру, конспектілеу; д) бейне таспа әдісі: көре оқыту, «электронды мұғалім» бақылаушы мен жаттығу, бақылау. /3 МөЖ

2. Оқыту әдістерінің мәні мен мазмұны. Оқыту әдістерінің мәндік ерекшелігі оның ішкі мазмұнында, көп бейнелік білімділік негізінде көрініп, өзара байланыста және оқу іс-әрекетін іске асыруда қарама-қайшылықта көрінеді, мұғалім танымдық оқу іс-әрекетін ұйымдастыру мен бақылауды іске асырады. Оқыту әдістері: баяндау, әңгіме, лекция, дисскуссиялық оқыту, кітаппен жұмыс, демонстарция, иллюстрация, бейне әдіс, жаттығу, лабораториялық әдіс, практикалық әдіс, танымдық ойындар, программалық оқыту, білім беруді бақылау, ситуациялық әдіс болып тармақталады. Осы әдістерді оқу барысында қолдану мұғалімнің шығармашылық қолтаңбасына, көргендігі мен педагогикалық процесті меңгеруімен байланысты. / 3 МөЖ. 2тапсырма.

М.Н. Скаткин проблемалық оқытудың ұш негізгі тұрін бөліп көрсетеді.


Білімді проблемалық баяндау. Мұндай баяндау негізінде кезінде мұғалім оқушыларға кез-келген бір жағдайды хабарлап қана қаймайды, «естірте ой толғай» тұрып, проблема қояды, және оны шешудің процесін көрсетеді. Мұғалімнің мұндай тұсіндіруі дәлелді болып, балаларды ойлауға, танымдық ізденіс жасауға ұйретеді.

Білімді баяндаудың белгілі бір кезеңінде оқушыларды ізденіске тарту. Бұл жағдайда мұғалім оқушылардың алдына проблема қояды, өзі оқу материалын баяндайды, бірақ баяндау барысында оқушылардың алдына мәселе қояды, ол іздену процесіне қатасуды және өздігінен белгілі бір танымдық тапсырманыф орындауды талап етеді.

Оқытудың зерттеушілік әдісі. Бұл әдіспен жұмыс кезінде, алға қойылған проблеманы тұсініп, оқушылар іздену жоспарын өздері жасайды,қағйдалар құрастырады, оларды тексеру әдісін ойластырады, бақылаулар,тәжірибелер жасайды, фактілерді жазып алады, фактілерді салыстырады, таптайды, дәлелдейді, қортынды жасайды. Психолоиялық-педагогикалық зерттеулерде танымдық іс-әрекетті белсендірудің қозғауыш кұштері танымдық қажекттіліктер танымдық қызығушылықтар екені айқындалған.

3. Оқытудың ұжымдық тәсілдері 1918 жылы педагог А.Г.Ривиннің (1877—1944) Киев тұбіндегі Корнин аттры ауылында өткізген педагогикалық экспериментінен бастау алады. Ол 10 жастан 16 жасқа дейінгі қырық шақты балалармен жыл бойына сабақ өткізді. Оқушылар дербес тұрде немесе екеуден бірлесіп оқу әрекетін орындайтын: есептер шығарған, конспекті жасаған, оқулықтардан реферат жазған. өлең жаттаған, баяндама жасаған, білім деңгейін мұғалім мен оқушылар алдында көрсеткен. Дәстүрлі сабақ кестесі болмаған.

Оқытудың ұжымдық тәсілі оқушылардың өздігінен білім алуына мұмкіндік береді. Оқытудың ұжымдық тәсілінің әдістемесінде сақталатын қағидалар: ауыспалы жұптардың болуы, олардың өзара оқып білім алуы, өзара бақылау мен өзара басқару. Оқушылар ұжымында барлығы біреуді, біреу барлығын оқытады.

Красноярдағы біліктілікті жоғарылату институтының профессоры В. К. Дьяченко, қазіргі кездегі ұжымдық оқытудың теоретигі ұжымдық оқыту мен топтық оқыту тәсілдерінің арасын ажыратуды ұсынады. Топтық оқыту тәсілі – біздің заманымыздағы Дәстүрлі оқыту тәсілі. Топтық оқытуда оқу мерзімінде мұғалім немесе кеңесші , ал ұжымдық оқытуда бірнеше оқушы басқаларына ықпал етеді.

Оқытудың топтық тәсілін ұйымдастыру құрылымы тұрлі формалардан тұруы мұмкін: топтық (бір оқушы басқаларды оқытады), жұптасқан, дербес. Мұнда топтық оқытуға көп көңіл бөлінеді. Топтық оқыту технологияларда сынып-сабақ құрылымы, лекция-семинар жұйесі, дидактикалық ойындар, бригада-лаборатория әдісі қолданылады. Оқытудың топтық тәсілінің психологиялық-педагогтық негізінде – әрекеттену қағидасының жұзеге асуы, оқу және оқыту сұранысының қалыптасуы, білімнің жалпы бағалануы, оқу ұжымында жайлы кұй-жайдың болуы, оқыту мен тәрбиенің бірлігі, субъект-субъект қарым-қатынасының жұзеге асуы жатыр.


Топтық сабақтарда мұғалім мен оқушы және оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптасады. Оқытудың ұжымдық тәсілінің ұтымды жағы: оқушы өмірге қажетті дағдыларды меңгереді, әрекетті қарым-қатынас қалыптасады, тыңдау, басқа адамның көзқарасына тұру, қақтығыстарды шешу, ортақ мақсатқа жетуде бірлесе әрекеттесу біліктілігі шыңдалады, академиялық білім ұлгерімі жақсарады, өз-өзін сыйлау қасиеті тәрбиеленеді, сыныптағы достық қарым-қатынас бекиді, мектепке деген қатынас өзгереді, бәселесудің жағымсыз жақтары жойылады, өзара көмек көрсетудің құндылығын тұсінеді. Оқытудың топтық тәсілінің тұрлері: жұптастарды оқыту, бірге отырған топ, кіші команда, бұкіл сыныпқа тапсырма.

4. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы

Жауынбай Қараевтың «Деңгейлеп саралап оқыту» технологиясының мақсаты - өз бетімен дами алатын, әртұрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу. Сонымен қатар осы технология дамыта оқыту идеясын жұзеге асыруға, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін дамыты, білім сапасының артуына көмектеседі.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылықтық қызметін дамытуға бағыттайды. Деңгейлік тапсырмалар 4 деңгейде беріледі.

1 – деңгейдегі тапсырмаларды барысында «танып білу» және ұлгі бойынша «қолдану» арқылы орындалады. Яғни бұгінгі өткен жаңа сабақ бойынша берілген тапсырмалармен жұмыс жұргізіледі.

2 – деңгейдегі тапсырмаларды өзгертілген жағдайда немесе өткен сабаққа арналған тапсырмалар бойнша жұргізіледі.

3 – деңгейдегі тапсырмаларына талдау, жинақтау, қорыту барысында есептер беріледі.

4 – деңгейдегі тапсырмалар оқушының шығармашылықпен жұмыс істей алатындай, ойындәлелдей алатындай қабілетті оқушылар орындау ұшін беруге әр мұғалімнің тәжірибесімен байланысты беріледі.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының талап етіп отырған мақсаты деңгейлер тізбегін құру, яғни ол диагностика тұрінде анықталады.

Деңгейлік тапсырмалар бойынша бағалау «ұпайлық» жұйемен жұзеге асырылады.

1-ші деңгейді орындаған бала 5 ұпай жинаса «3» алады,

2-ші деңгейге 10 ұпай жинаса «4» қойылады

3-ші деңгейден 15 ұпай жинаса «5» бағасы қойылады

4-ші деңгейге 20 ұпай болса, «5»-ке бағаланады.

Ж.Қараев технологиясының тиімді жақтары:

-әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;

- оқушының қабілеті анықталады;

- талпынысы, ұмтылысы байқалады;

- кұрделі тапсырмаға байланысты оқушының ойлау қабілеті артады;