Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі оркыт Ата атындаы ызылорда университеті Гуманитарлы педагогикалы институты Педагогика жне оыту дістемесі кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 136

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Білім беру жүйесіндегі әлемдік дамудың негізгі үрдістері

12 жылдық жалпы орта білімнің мақсаты

12 жылдық жалпы орта білімнің міндеттері

Тұлғаны әлеуметтендіру

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

12 жылдық орта білімнің құрылымы

Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.

Негізгі орта білім беру білім беру бағдарламаларының аяқталуын және осы деңгейге тән түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндетті базалық деңгей болып табылады.

6.2.4.1 Проблемаларды шешу құзыреттілігінің аспектілері:

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

6.2.4.3 Коммуникативтік құзыреттіліктің аспектілері

Мазмұндық ерекшелігі: маңызды дағды мен қабілетті қалыптастыру және соған сәйкес пәндер:

ТАЛДАУ

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

3. Оқытудың ұжымдық және топтық тәсілдерін қолдана отырып баспа беттеріне жарыққа шыққан сабақ жоспарларына талдау жасаңыз.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары

Курстық жұмыстар тақырыптары

8. Қазақ тілі сабақтарында өздігінен жұмыс жасаудың жолдары

, семинарларда алған білімдері тиянақталады.

Педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты:

1. Магистрантді мұғалім мамандығына деген сүйіспеншілікке және тұрақты қызығушылыққа тәрбиелеу;

2. студенттің өзін-өзі тұтас педагогикалық процестің субъектісі ретінде сезініп, үздіксіз кәсіби-тұлғасын дамытуға деген қажеттілігін қалыптастыру;

3. Магистранттың теориялық білімін тереңдету және бекіту;

4. мектептің тұтас педагогикалық процесінде пайдалана отырып әлеуметтік психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерін тереңдету;

5. тұтас педагогикалық процесті құзырлылық әдіспен іске асыруға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімнің кәсіби іскерлігін және дағдысын қалыптастыру;

6. педагогикалық іс-әрекеттің, шығармашылық, зерттеушілік әдісін дамыту;

7. мұғалімнің тұлғалық-кәсіби сапасын қалыптастыру. Педагогикалық іс-тәжірибенің міндеті: - Теориялық сабақтарда алған жалпы педагогикалық шеберліктері мен дағдыларын одан әрі қарай дамыту және жетілдіру; - Магистрант сабақтарда алған алғашқы білімдерін толықтыру; - Магистрантді мектеп ұжымымен, бастауыш кабинетімен және ондағы құрал-жабдықтармен таныстыру.

Есеп беру құжаты: 1. Күнделік; 2. Дербес-өзіндік жұмыстары; 3. Көрнекіліктері; 4. Қорытынды есебі. Оқу (таныстыру) педагогикалық іс-тәжірибеге арналаған әдістемелік нұсқаулар Жеке жоспар. Бұл құжатта іс-тәжірибенің өтуі мерзіміндегі орындалатын барлық жұмыстар көрсетіледі. Бұл жоспар бастауыш пәнінің мұғалімінің қатысуымен бірге түзіледі және әдіскер бекітеді. Жеке жоспар бір апта мерзіміне түзіледі. Оның мазмұны нақты және тақырыпты болуы тиіс.

Күнделік. Практиканттың күнделігі барлық жұмыстарды тіркеу үшін қажет. Әдіскер Магистранттың күнделікті жұмысының барысын күнделік арқылы қадағалайды. Іс тәжірибе біткенше практикант күнделігін өзімен бірге мектепте алып жүруі тиіс және оны жүйелі түрде толтыруы қажет. Тәжірибе аяқталғаннан кейін күнделік басқа құжаттармен бірге әдіскерге тапсырылады.

2.2 Педагогикалық практика туралы қысқаша сипаттама Педагогикалық практика ұйымдастыру конференциядан басталады. Конференцияда практиканың мақсаттары мен міндеттері анықталады. Магистрантді практика өтетін мектеппен таныстырады. Мектеп директорымен және бастауыш секциясының мұғалімдерімен таныстырады. Мектептегі сыныптардың оқушылары туралы және сабақ жүргізудің ерекшеліктері жайлы мұғалімдермен және мектеп басшасымен әңгіме өткізеді. Магистрантді бастауыш сыныптарына бөледі. Сабақ кестесімен таныстырады. Мектеп базасымен танысу.Бастауышқа бөлінген кабинеттермен таныстырады. Сабаққа қажетті көрнекілік материаладар базасын анықтайды. Күнделікті сабақтарға қажетті құрал-жабдықтарды анықтайды. Мұғалімдермен кездесу кезінде мектептегі сабақ жүргізу әдістемелік кешендерінің ерекшеліктерімен таныстырады. Сыныптағы оқушылардың тәртібі мен үлгерімі туралы мағлұматтар беріледі. Жылдық жоспарға сай практика басталған кездегі өтілетін тақырыптармен танысу. Мектептегі және сыныптағы көпшілік және қоғамдық жұмыстар жоспарларымен танысады. Магистрант жалпы практика жоспарын түзеді. Оқушылардың өз бетімен өтетін сабақтардың,ашық сабақтардың, тәрбие сабақтардың жоспарларын түзеді және конспектілер даярлайды.


Педагогикалық практика Магистранттың пән мұғалімінің сабағына пассивті қатысуынан басталады. Екі-үш сабақтар бойынша Магистрант мұғалімнің сабағын талдауы қажет. Сабақтың мазмұнына, әдістемелік құрылымына талдау жүргізеді. Келесі екі-үш сабақты мұғалімге жәрдемші ретінде жүргізеді. Жалпы практика мерзімінде студент жеке өзі 2-3 сабақ өткізуі тиіс. Сонымен қатар, мектептегі басқа студенттердің сабақтарына қатысуы тиісті. Пән мұғалімінің қатынасуымен және оның қадағалауымен сынақтық сабақтарды өткізуі тиіс. Практика соңында бекітілген сынып оқушыларына психологиялықпедагогикалық мінездеме түзу қажет. Практика бойында Магистрант мектеп өміріндегі қоғамдық жұмыс жоспары бойынша көпшілік жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысуы қажет.

Студенттердің педагогикалық іс-тәжірибе кезінде жүргізілетін жұмыстары туралы жеке жоспарының нұсқасы Жеке жоспар Күні Жоспарланған оқу жұмысы Жоспарланған тәрбие жұмысы 1 Университеттегі педагогикалық практиканың оқу жоспарымен танысу. Жоспарланған тәрбие жұмысы. 2 Мектептің педагогикалық ұжымымен танысу. Берілген сыныппен танысу. 3 Мектептегі бастауыш үйірмесімен танысу. Оқушылардың күнделігін тексеру. 4 Күнделікті сабақ жоспарын жасау. Халық педагогикасының маңызы. Сынып сағатын ұйымдастыру. 5 Бастауышта бөлінген сыныптың сабағына қатысу. Келесі тәрбие сағатын өткізуге дайындық. 6 Сабақ көрнекілігін дайындау. Мерекелік газет шығаруды жоспарлау.

3.3 Өтілген сабаққа талдау жүргізу әдістемесіне бойынша қойылатын талаптар:

1. Сабақтың мазмұнына талдау жасау.

2. Сабақтың алдына қойылған мақсатқа жетті ме?

3. Жаңа сабақтың мазмұны толық ашылдыма жоқпа?

4. Сабақтың әдістемелік негізі немесе тәсілі дұрыс анықталған ба?

5. Сабақ қай кездері сәтті немесе нашар өтті?

6. Жаңа сабақты түсіндіру әдісі дұрыс қойылдыма?

7. Мұғалімнің сабақ беру мәнері және білім деңгейі қандай болды?

8. Сабақ кезінде тақырып аралық және пән аралық байланыстар болдыма?

9. Жаңа сабақты бекіту қалай өтті?

10. Сабаққа берілген уақыт тиімді пайдаланылдыма?

11. Сабақ кезінде оқушылардың қызығушылығын арттыратын әдістер түрлері пайдаланылдыма?

12. Сабақты көрнекіліктермен қамтамасыз ету қандай дәрежеде өті?

13. Оқушылар үй тапсырмасын қандай дәрежеде орындады?

14. Үйген тапсырма нақты және түсінікті берілдіме?

Лекция 13. Тақырыбы: Бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесі бағдарламасының мазмұны

13.1.Бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесі – ғылым ретінде

13.2. Математиканың бастауыш курсы оқу пәні ретінде және оны оқытуды ұйымдастыру.

13.3.Математика сабағында дамыта оқыту технологиясын пайдалану
1. Бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесі пәні – мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне математиканы оқыту әдістемесінен білім, білік, дағды қалыптастыру жұйесі болып табылады.

Пәннің мақсаты: магистранттарды кіші жастағы мектеп оқушыларын оқыту барысында туындайтын оқу-тәрбиелік міндеттерді кәсіби деңгейде шешу ұшін қажет болатын білім және біліктермен қаруландыру.

Пәннің міндеті: оқушылардың математикалық білімдерді меңгеру процесі мен оның нәтижелерін зерттеу. Әдістемелік дайындық пәндік, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білім, білік, дағдыларды біріктіреді. Әдістемелік курсты оқып-ұйрену барысында жалпы теориялық мәселелерді пәннің ерекшелігін ескере отырып, нақтылау жұзеге асырылады.

Магистранттардың дайындығын ескере отырып, әдістемелік курсты «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде» атты тақырыптан бастаған орынды. Тақырыпты оқып-ұйрену барысында әдістемелік ғылымның объектісін, пәнін, міндеттері мен әдістерін меңгеру болып табылады. Сонымен бірге басқа ғылым салаларымен философия, логика, математика, педагогика, психологиямен байлаынысы анықталуы тиіс.

2. Математиканың бастауыш курсы оқу пәні ретінде және оқытуды ұйымдастыру тақырыбы бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсатына, мазмұнына, әдістеріне, құралдарына, ұйымдастыру формаларына шолу жасауға арналады. Ол бағдарлы-мотивациялық қызмет атқарады. Оны оқып-ұйренудің нәтижесі – магистранттың математиканың бастауыш курысының мазмұны мен оны оқытудың әдістемесін меңгеркге қажетті біліммен, әрекет тәсілімен, жалпы ережелерімен қаруландыру. Бастауыш сыныптарда матемтиканы оқытудың мақсаты мен міндеттерінің (білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, практикалық), мазмұнының ( теріс емес бұтін сандардың арифметикасы, шамалар, алгебралық және геометриялық материал, тексті есептер), әдістерінің, ұйымдастыру формаларының (жеке, топпен, ұжыммен), құралдарының (оқу-әдістемелік топтама, құралдар, ұлгілер, аспаптар, оқытудың техникалық құралдары) жалпы сипаттамасы. Балаларды бастауыш сыныптарда матемтаиканы оқуға дайындау және оның мектеп математикасы курсындағы алатын орыны. Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудағы сабақтастық пен бағыттылық. Бастауыш математикалық білім мазмұнына сипаттма. Бастауыш сынып оқушыларының әр сынып соңындағы математикалық білім, білік, дағдысына қойылатын бағалар межесі.


Математикалық білім мен білік және дағдыларды игеру барысын ұйымдастыру тақырыбы оқытушы мен оқушының қызметін ұйымдастыру тәсілдерін, сонымен бірге бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың нәтижелерінің дамуының әдістемелік жолдарын оқып-ұйренуге арналады. Тақырыпты меңгерудің қорытынды нәтижесі болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің математика сабақтарын және математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырумен байланысты дидактикалық біліктерінін жиынтығын қалыптастыру болып табылады. Сабақ – оқу пәнінің өзіндік мұмкіндіктеріне сұйеніп бастауыш мектепте тұтас педагогикалық процесті ұйымастырудың негізгі формасы: математика сабағының міндеттері және оларды оқытудың мазмұны, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың тәсілдері мен формалары арқылы жұзеге асыру, математика сабақтарының типтері мен тұрлері (сюжеттң, аралас, интеграцияланған сабақтар, экскурсия сабақтары), матемтака сабағында ынтымақтастықты жұзеге асырудың тәсілдері: сабақтың мақсаты, міндеттері және құрылымы, сабақтың кезеңдері және олардың өзара байланысы, сабаққа дайындалу және оны өткізу, қазіргі сабаққа қойылатын талаптар, сабаққа әдістемелік тұрғыдан талдау жасау. Сабақта жаңа ұғым және әрекет тәсілдерімен таныстыру барысында оқушылардың қызметін ұйымдастыру: тұсіндірме кезінде пайдаланылатын матералды іріктеу, оқыту әдістері мен көрнекіліктің тұрлерін ұйлесімді қатынаста мұғалімнің тұсіндірмесінде қолдану, жаңа материалды оқып-ұйрену кезінде оқушылардың белсенді іс-әрекетін ұйымдастыруды қамтамасыз ету (проблемалық жағдаят туғызу, жетекші сұрақтар қою, ойын тұріндегі іс-әрекет ұйымдастыру, қызықты жаттығуларды пайдалану, тапсырманы өз бетімен орындау, байқау, салыстыру, қорытындылау, жалпылау т.б.).

3 Дамыта оқыту технологиясының психологиялық қағидасына оқытудың проблемалығы, әртұрлі ойлау әрекетінің дамуы, оқытудың дербестенуі мен даралануы, ойлау әрекетінің алгоритмі мен эвристикалық тәсілдерін арнайы ұйымдастыру жатады. . Адамның ойлауқабілеті мен білімі арасындағы байланысты тұсіндіруде ғалымдар әр тұрлі көзқарасты ұстанады. Соның ішінде біз ұстанатын көзқарасқа Е. Н. Кабанова-Меллер мен В.А. Крутецкийдің пікірлері алынады: білім ақыл-ойдың дамуының шарты, адамның білімді алып қолдануы және жаңа жағдайда алған білімді пайдалану мұмкіндігі болып табылады. И. Калмыкова келесі пікірді ұсынады: ақыл-ойдың дамуы адамның жеке психикалық ерекшелігіне, тәжірибесінің жинақталуына байланысты санатты әрекетінде жұзеге асатын сапалы және санды өзгерістердің жұйесі
. Осыдан қырық жыл бұрын Кеңес Одағындағы ғалымдар «баланың жақын арада дамуы алаң» зерттей бастады. Егер оқытудың мазмұны мен әдістерін оқушының абстарктілі–теоретикалық ойлауын белсендіретіндей етіп өзгертсе, оқушылардың ойлау мұмкіндігі қандай болады деген мәселені шешу мақсаты қойылды. Жұргізілген эксперимент балалардың өте қабілетті екендігін көрсетті. Бірінші сынып оқушылары алаңдатушы символдарды қолдана алатындығы, формула негізінде есеп шығара алатындығы, грамматикалық тұсініктерді меңгеретіндігі байқалды.

Оқушы тұлғасының дамуына ықпал ететін оқу тәсілдері бар: меңгерген тәсілдерді оқыту міндетіннен жаңа міндетке ауыстыру, оқыту жұмысының жаңа тұрлерін қарастыру, өзінің оқу әрекетін басқаруы, қорыту тәсілдері.

Дамыта оқыту технологиясы оқушыны жан-жақты зерттеу нәтижесіне сұйене жұргізілуі тиіс. Дамыта оқытудың құрылымды негізін санатты қалыптастыру моделін құрудың мақсаты, жасалатын пішін айқындайды. Қажетті нәтижеге жету ұшін оқу процесін ұйымдастыру дамыта оқытудың технологиялық негізін құрайды.

Математика пәнінің негізгі ерекшелігі оқушылардың математиканы оқи отырып, тапқырлық қабілетін ұштауында, ой ұшқырлығына берілетін есептерді шығара отырып, логикалық ойлау, қабілеттерін дамытуында. Сондықтан оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру мақсатында математика сабағын тұрлендіріп, сайыс сабақ, ертегі сабақ, аукцион сабақ, паноромалық сабақ, саяхат сабақ т.б ретінде өткізген орынды.

«Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандартында» (1998 жылы баспадан шыққан 131-149бб). Математика пәні бойынша тұсініктеме және де әр сынып де әр сынып бойынша нақты нені оқып білу керек екендігі анықталған. Мұнда оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптардың міндетті және мұмкін деңгейлері көрсетілген.

Оқыту нәтижесімен қатар тексеру де оқу ұрдісінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

Математиканы оқытудағы білім берудің негізгі міндеті - жеткілікті жоғары деңгейде тұжырымды қорытындылау арқылы оқушылардың білімді игеру және оларды сәйкес біліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Мұмкін деңгейінің сапасы жоспарланған нәтиженің негізгі десек те болады. Сондықтан да білім нәтижесін жоспарлаудың негізгі осы мұмкін деңгейге жету. Бұдан шығатын қорытынды: нәтижені жоспарлау жұйелі тұрде, пән мазмұнының тарау-тарауынан басталып, толық мазмұнын қамтитындай, бірінен – екіншісіне байланыстыра көшуді қамтамасыз ету тиіс.[16]