Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі оркыт Ата атындаы ызылорда университеті Гуманитарлы педагогикалы институты Педагогика жне оыту дістемесі кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 139

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Білім беру жүйесіндегі әлемдік дамудың негізгі үрдістері

12 жылдық жалпы орта білімнің мақсаты

12 жылдық жалпы орта білімнің міндеттері

Тұлғаны әлеуметтендіру

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

12 жылдық орта білімнің құрылымы

Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.

Негізгі орта білім беру білім беру бағдарламаларының аяқталуын және осы деңгейге тән түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндетті базалық деңгей болып табылады.

6.2.4.1 Проблемаларды шешу құзыреттілігінің аспектілері:

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

6.2.4.3 Коммуникативтік құзыреттіліктің аспектілері

Мазмұндық ерекшелігі: маңызды дағды мен қабілетті қалыптастыру және соған сәйкес пәндер:

ТАЛДАУ

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

3. Оқытудың ұжымдық және топтық тәсілдерін қолдана отырып баспа беттеріне жарыққа шыққан сабақ жоспарларына талдау жасаңыз.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары

Курстық жұмыстар тақырыптары

8. Қазақ тілі сабақтарында өздігінен жұмыс жасаудың жолдары



Бағдарламада математика пәніне барлығы 136 сағат аптасына 4- сағаттан бөлінген.

Бастауыш сыныптардың математикасы мектептің негізгі сатысындағы математика курсының ажырамас бөлігі болып табылады. Осыған сәйкес бастауыш мектепте математиканы оқыту мынадай жалпы мақсаттарды көздейді:

  • мемлекеттік білім стандартына деңгейінде білім, білік және дағдыларды игеру;

  • «Математика» пәнінің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай –ақ ата-дәстұр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты жалпы адамзаттың мәдени мұралармен ұндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру;

  • оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;

  • мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындау жұзеге асыру болып табылады.

Бағдарлама балалардың математикалық білім, біліктерін қалыптастыру; ой-өрісін кеңейту; шығармашылығын, қиялдау қабілетін дамыту; оқытудың өмірмен байланысын нығайту мақсатындағы қосалқы әдістемелік тәсіл ретінде өздігінен есептер құрастырып шығаруды ұсынады. Осындай шығармашылық жұмыс берілген есепке кері есеп құрастыру және шығару, шығарылуы, берілген қатынас, дайын сызба және сурет бойынша есептер құрастыру, сұраққа сәйкестендірілген шартты іріктеп алу және керісінше, шартқа сәйкесетін сұрақты сұрыптау, есептің шартын және сұрағын тұрлендіру, жай есепті екі жіне одан да артық амалдармен шығарылатын есепке тұрлендіру, шамаларды өлшеудің нәтижелерін немесе қосымша материалдарды пайдаланып өздігінен әр тұрлі есептер құрастыру және тиімді жолдармен шығару сияқты мәселелерді қамтиды.

Есепті шығару барысындағы басты фактор және көрнекілікті қолданудың тиімді жолы оның нақты тұрінен абстракты тұріне көшуді жұзеге асыру. Сондықтан көрнекілікті мынадай тізбекте пайдалануды ұсынады: нақты заттық иллюстрация, схемалық иллюстрация, оқушының тұсінігі, белгілі тұсіндірмелердің ұлгілері, есептің қысқаша жазылуы, тұжырымдалған жалпы ережеге сілтеме жасау, есептің мәтіні (тірек сөздер).[4]

Мектептің оқу ұрдісіне ақпараттық технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жұзеге аысрылып, сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мұмкіндік туады. Ақпараттық технологяны шағын жинақталған мектептерде де пайдалануға болады. Онда сабақты тиімді өткізуге, оқушының танымдық белсенділігін арттыруға, әрбір оқушының өз беттерінше ізденіп білім алуларына көмектесуге болады. Ақпараттық технология оқушының өзіндік жұміс атқаруына және ең бастысы- оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді. Қазіргі өмір талабына сай 1- сыныпқа арналған «Математика» электрондық оқулығы (авторы: Құрманалина Х.Ш, Спатаев И) қазақ тілінде 2002 жылы (ЦПТИО) даярланып, республика мектептеріне берілді. Бұл электрондық оқулық мектеп оқушыларын ақпараттық технологияны кіші жастан меңгеруге көмектесіп, оқушылардың өз бетімен білімдерін толықтыруға мұмкіндік береді.[14]


Ұрпақ ұшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы ұшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарда компьютердің қуаттануымен жұргізуді ұйрену – бұгінгі кұннің кезек кұттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Математика пәнін оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану – оқу ұрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мұмкіндік туғызады. Сонымен қатар, бұл кезде оқытудың мынадай психологиялық аспектісінің маңызы зор екендігін ескеру қажет:

  • оқушылар бірден өзінің әрекеттерінің нәтижелерін сәйкес талдаулармен және ұсыныстарымен бірге көреді;

  • компьютермен жұмыс істеу оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, жалпы мәдениетінің деңгейі мен ықыласын көтереді.[16]

Ақпараттық – педагогикалық құралдарды пайдаланып, оқушылардың дербес оқу-танымдық әрекетін жандандырудың тиімді болуы оқу материалдарын дұрыс таңдап алуға байланысты. Әсіресе, бастауыш мектепте математикалық білім беруде ақпараттық –педагогикалық құралдарын пайдалану оқушылардың дербес оқу-танымдық әрекетін тиімді ұйымдастыруға жол ашады. Ол ұшін оқу материалын дұрыс таңдаудың мынадай қағидаларын бөліп айтамыз:

  • тапсырманы орындау нәтижесінде пәннің мазмұнын игеруді жеңілдететін жаңа білім алу;

  • танымдық есепті басқа оқыту құралдарын қолдану арқылы шешу өте қиын немесе мұмкін емес болуы;\

  • берілегн типтегі есепті дербес компьютерді пайдаланып шешудің нақты мұмкіндігі. [13]

Кейінгі кездегі зерттеу жұмыстары математиканы оқытуға компьютерді қолданудың жемістілігін көрсетіп отыр. Зерттеулерде компьютер оқытушының көмекші құралы ретінде сабақтың тиімділігін арттыратыны дәлелденген. Сондай-ақ, компьютердің сабақты өткізу барысында әрбір оқушыға әр тұрлі деңгейдегі тапсырмаларды беруде, ал топтағы оқушылардың білім көрсеткіштерін есепке алып, бақылап отыруға толық мұмкіндік беретін тұстары қолданыс тапқан.

Р.Гуттарцтың айтуынша, пәнге байланысты дәріс материалын, тәжірибелік сабақтың тапсырмаларын, оқу материалдарын оқушының қаншалықты меңгергенін, тексеру жұмыстарын және т.б. компьютерге енгізу тиімді. Мұнда пәнге қатысты әрбір тақырып бойынша оқушының алған білімдерін, игерген біліктері мендағдыларын тексеру ұшін тестік жұйені қолдануға болатындығы келтірілген.[18]

Математиканы бастауыш сыныпта оқытуда мынадай іс-әрекетттер:

-математика тілін меңгеру;

-математикалық тұсінікті меңгеру;


- математикалық білік, дағдыларды меңгеру;

- математикалық жалпы интеллектуалдық біліктілікті меңгеру;

- оқу еңбегіне қатысты білік пен дағдысын меңгеру,- деп есептейді И.Ф.Тесленко.

В.В.Силковтың пікірінше, «Математика пәнін оқыту нәтижесінің көзі (негізі) деп математикалық теориялық білімді, математикалық білік, дағдыларды, өз бетінше жұмыс істеуді, жалпы интеллектуал жұмыс істеуді, жалпы интеллектуал, дағдыларын т.б. меңгеру».

Мектепте жұргізілген тәжірибелік жұмыстар нәтижені бақылау мынадай екі ұғымға әкеліп тірелетінін көрсетті.оқушының меңгерген білім деңгейін анықтау және бағалау.

Бастауыш сынып математика пәні бойынша тексерілетін білім мазмұнының құрамына мыналар кіреді: пәннің оқу материалы (әр оқу жылының, әр тоқсанның, әр тараудың, әр тақырыптың материалдары), яғни математикалық ұғымдар, терминдер, ережелер, білік пен дағдылар. [16]

Оқу процесіне ақпараттық технологияны негізу ісі математикамен де тығыз байланысты. Пән ерекшелігіне қарай математика курсын толығымен компьютерлік негізге ауыстыруға болмайды.

Мысалы, есепті шығаруда оқушылардың абстрактылық ойлау қабілетін дамыту істері бұрынғы тәсілдермен жұргізілуі тиіс. Оқушылардың пәнді жақсы игерудің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа деген қызығушылықты тудыра білуінен басталады.

Тестік жұмыстарын жұргізуде компьютерді пайдалану негізгі орын алып келеді, өзіндік жұмыстар, консультациялар ұйымдастыру және тест тапсырмаларын орындау оқушылардың білім деңгейін көтеретіні сөзсіз. Компьютердің графикалық мұмкіндіктерін сызу, сурет сабақтарын өткізгенде пайдалану сабақтың сапалығын арттырады.

Оқушылардың бастауыш мектеп кезеңіне тән физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін, әрі ойлау қабілеттерін дамыту ақпараттық технологияның мұмкіндіктерін пайдалану арқылы жұзеге асырылады.

Математика сабағында арихметикалық амалдарды орындауға арналған компьютерлік ойын программасы 1-сыныптарда қосу және азайту, 2-сыныпта көбейту және бөлу тақырыптары бойынша білім дағдыларын тексеру ұшін қолдануға болады. Әрбір оқушы өз бетімен тапсырманы орындайды. Егер берілген жауаптың барлығы дұрыс табылмаса, компьютер балаға дұрыс жауапты ашып көрсетеді.

Сөйтіп, ақпараттық технологияны бастауыш мектептегі оқу-тәрбие ұрдісіне жиі пайдалану мынадай артықшылықтарды аңғартады:

  • оқу- тәрбие ұрдісінің қарқынын аңғартады;

  • оқытудың сапасын арттыру;

  • дифференциалды оқуға көшу;

  • оқушылардың дұниетанымын кеңейту;

  • оқушылардың компьютерге қызығушылығын, білімге құштарлығын арттыру. [10]


Сонымен, қорытындылай келе, бұл сабақтың жетістігі, мұғалім сабағын жеңілдетеді, оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттырады. Топтық жұмыстар кезінде оқушылар бір-бірінің ойын, пікірін тыңдауға дағдыланады, бір-біріне жолдастық қарым-қатынаста болады.

Негізгі әдебиет

1. Оспанов Т.Қ. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен тохнологиясы: Мұғалімдерге және Магистранттарға арналған оқу құралы. – Алматы, 1994.

2. Оспанов Т.Қ, Құрманалина Ш.Х. Математиканың бастауыш курсын оқытудың әдістемесі. Педагогикалық колледждің оқушыларына және мұғалімдерге арналған оқу құралы. 1,2 бөлімдер.- Алматы,1995.

3. Оспанов Т.Қ. Математиканы оқыту әдістемесі. 1 сынып. –Алматы:Атамұра,1997.

4. Оспанов Т.Қ.және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 2 сынып. –Алматы:Атамұра,1997.

5. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 3 сынып. –Алматы:Атамұра,1999.

6. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 3 сынып. –Алматы:Атамұра,2000.

7. Қосанов Б.М. Математиканың бастауыш курсындағы шығармашылық жаттығулар және оларды орындаудың әдістемесі. 3 сынып.-Алматы, 2001.
Қосымша әдібиеттер:

1. Оспанов Т.Қ. Математика. Жоғары педагогикалық оқу орындарының бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі факультеті Магистранті мен педагогикалық колледж оқушыларына арналған оқу құралы. – Алматы, 2000.

2. Оспанов Т.Қ. Бастауыш класстарда математиканы оқыту. –Алматы, 1987.

3. Бастауыш мектеп математикасы бойынша оқу бағдарламалары, оқулықтар, дидактикалық материалдар мен баспа негіздегі дәптерлер. – Алматы: Атамұра, 1997-2000.

4. Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты. –Алматы:РИК, 1988.

5. Математика. Жоғары педагогикалық оқу орындары Магистрантіне арналған оқу құралы. / Т.Қаражанұлы және т.б.- Алматы, 1992

Лекция 14. Тақырыбы: Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі бағдарламасының мазмұны

14.1.Бастауыш мектепте бейнелеу өнері әдістемесі пәнінің мазмұны, мақсаты, міндеті.


14.2.Бейнелу; мүсіндеу және сәулет өнерін оқыту әдістемесінің тарихына қысқаша шолу.

14.3.Бастауышта бейнелеу өнері мен мүсіндеу өнеріне оқыту бағдарламаларына шолу

14.4..Бейнелеу өнері пәнінде дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімділігі.Сәндік-қолданбалы өнерін оқыту әдістері.

Пәнді оқыту мақсаты: магистранттарды бейнелеу өнері пәнін оқу орындарында (бастауыш мектеп мұғалімін даярлайтын оқу орнында) оқытуға, магистранттардың эстетикалық талғамын бейнелеу өнері арқылы көтеріп, сабақ өткізу іс-әрекетін ұйымдастыруға қажетті білім, іскерлік және дағдымен қаруландыру.

Пәнді оқыту міндеттері: бейнелеу өнерінің теориясы мен оны оқыту әдістемесімен таныстыру, бейнелеу өнерінің негіздері мен бейнелеу өнері шығармаларын эстетикалық қабылдауға оқыту, бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағын өткізу ұшін көрнекі құралдарды, дидактикалық материалдарды, көмекші құралдарды даярлау әдістемесімен таныстыру.

Бастауыш мектепте өткізілетін бейнелеу өнері сабақтары балалардың көркемдік мәдениетін қалыптастырып, творчествалық қабілеттерін дамытуға мұмкіндік береді. Сонымен бірге бейнелеу өнері балалардың эстетикалық талғамын арттыруға, өнер мен шындықтың әдемілігін сұйсіне қабылдауға, тарихи және мәдени ескерткіштерді, табиғатты қорғай білуге, халқымыздың мәдениетін одан әрі дамытуға, ұйретуге мұмкіндік береді. Бейнелеу өнері негіздерін оқып ұйрену барысында шығармалардың идеясына, мазмұнына, шебердің өзіндік жеке ерекшеліктеріне, суретшілердің алуан тұрлі бейнелеу құралдарын пайдалануы ерекшелігіне көңіл бөлінеді. Балалардың бейнелеу іс-әрекетіне басшылық жасау әдістемесі педагогиканың, психологияның, эстетика менөнертанудың ғылыми деректеріне негізделеді.

Бейнелеу іс-әрекеті жөніндегі сабақтардың мазмұны мен оларды өткізу әдістері балалардың қоршаған болмысты бақылау, кітап оқу, ойнау және т.б. процестерде алған әсерлерімен тығыз байланысты болуға тиіс. Ойын мен бейнелеу іс-әрекеті бір-біріне ерекше жақын, өйткені олардың екеуі де өзінің мәні жағынан балалар творчествасынан көрінісін береді. Көптеген психологиялық және педагогикалық зерттеушілер:С.Т.Шатский, П.П.Блонский, Л.В.Выготский Е.И.Игнатьев, Н.П.Сакулина ойын мен бейнелеу іс-әрекетінің бастауыш сыныптағы балалардың жасында көркем сурет салу шығармашылығына сапалы тұрде көп әсер етеді деген тұжырымға келген. Бейнелеу іс-әрекеті музыкалық тәрбиемен де байланысты. Музыка баланың сезіміне әсер ете отырып, оның қоршаған дұниені тұсінуін тереңдете тұседі.Тек бақылау, әңгіме, картинка арқылы ғана емес, сонымен бірге музыка арқылы да қабылданған заттың бейнесі суретте, аппликацияда, мұсінде, неғұрлым мәнерлі, әсерлі, шынайы беріледі.