Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі оркыт Ата атындаы ызылорда университеті Гуманитарлы педагогикалы институты Педагогика жне оыту дістемесі кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 114

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Білім беру жүйесіндегі әлемдік дамудың негізгі үрдістері

12 жылдық жалпы орта білімнің мақсаты

12 жылдық жалпы орта білімнің міндеттері

Тұлғаны әлеуметтендіру

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

12 жылдық орта білімнің құрылымы

Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.

Негізгі орта білім беру білім беру бағдарламаларының аяқталуын және осы деңгейге тән түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндетті базалық деңгей болып табылады.

6.2.4.1 Проблемаларды шешу құзыреттілігінің аспектілері:

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

6.2.4.3 Коммуникативтік құзыреттіліктің аспектілері

Мазмұндық ерекшелігі: маңызды дағды мен қабілетті қалыптастыру және соған сәйкес пәндер:

ТАЛДАУ

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

3. Оқытудың ұжымдық және топтық тәсілдерін қолдана отырып баспа беттеріне жарыққа шыққан сабақ жоспарларына талдау жасаңыз.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары

Курстық жұмыстар тақырыптары

8. Қазақ тілі сабақтарында өздігінен жұмыс жасаудың жолдары



Магистранттың МОӨЖ бағалау критерийлері :



Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Сабаққа қатысуы

20

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Конспект,

Эссе,

Жеке таныстырылымы,

Топтық жоба, және басқа.

80

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




Барлығы

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100


Ескерту!

  • 1,2 критерийлер мен баллдар барлық білім алушыларға жүреді.

  • Бағалау критерийлері мен соған сәйкес баллдарды оқылатын пәннің өзіндік ерекшеліктеріне қарай оқытушы әзірлейді.

  • «Платонус»ААЖ-нде апта сайын, сабақ кестесіне сәйкес көрсетіліп отырады.



VI. КУРСТЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Жұмыстардың барлық түрлерін көрсетілген мерзімде орындап, қорғау қажет. Кезекті тапсырманы орындамаған немесе одан 50% баллдан кем алған білім алушылар көрсетілген тапсырманы қосымша кесте бойынша қайта тапсыра алады.


Жұмыстардың барлық түрлерін орындамаған білім алушылар емтиханға жіберілмейді.

Білім алушылар Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Академиялық адалдық кодексін орындауға міндетті. Толерантты, өзгелердің пікірімен санасатын болуы тиіс. Наразалығын әдепті түрде жеткізуі керек. Плагиат және басқа теріс жұмыс түрлеріне жол берілмейді. Аралық және шептік бақылаулар, midterm және қорытынды емтихан өткізу кезінде сыбырлап айтып жіберуге, көшіріп жазуға және шпаргалкалар пайдалануға, басқа біреулер шығарған есептерді көшіріп алуға, басқа біреудің орнына емтихан тапсыруға жол берілмейді. Курстың кез келген ақпаратын бұрмалаудан, интернетке рұқсатсыз кіруден, шпаргалкаларды пайдаланудан әшкереленген білім алушы «F» қорытынды бағасын алады.

Өзіндік жұмыстарды орындау (БӨЖ), оларды тапсырып, қорғау жөнінде кеңестер алу, сондай-ақ өтілген материалдар бойынша қосымша ақпараттар алу және оқитын курс бойынша туындаған барлық басқа сұрақтар бойынша білім алушылар оқытушыға оның офис-сағаттары кезінде жүгінуге құқылы.


Білім алушының оқудағы жетістіктерін бағалардың дәстүрлі шкаласына аудару арқылы баллдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі


Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдардың цифрлық эквиваленті

%-дық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы



В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54



0,5

26-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-25

Қанағаттанарлықсыз


«Педагогикажәне оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі






Б.Ж.Бекжанова


Пән оқытушысы



М.Н.Қойшыбаев



Лекция 1-2. Тақырыбы: Дербесәдістемелік пәндерді оқытудың ғылыми теориялық негіздері магистратурадағы оқу пәні ретінде

1.1.Курстың объектісі, пәні, мақсаты мен міндеттері және әдіснамасы, оның басқа пәндермен (жоғары мектеп педагогикасымен, психологиямен, т.б.) байланысы. Дербесәдістемелік пәндердің дамуына тарихи шолу


1.2.Дербесәдістемелік пәндер бакалавриаттағы оқу пәндері ретінде
Бұгінгі таңда-адамның қоғамдағы орны, оның әлеуметтікжәне рухани көзқарасы жаңа талаптарға сай жеке тұлғаны жаңаша қоғамға жаңаша даярлауда, оның жалпы білімдік және кәсіпке даярлығын дұрыс жолға қоя біліуінде. Осыған орай білім берудің дербес пәндердің жұйесін құру негізгі мәселелердің бірі болып, ұздіксіз тәлім тәрбие мен білім беру жұйесі арқылы қоғам сұранысын өтей алатын магистр-педагогтардың жеке тұлғасын қалыптастыру болып табылады.

Магистрлардың білім негізі мен танымдық білігі дербес пәндерді меңгеру барысында қалыптасады. Дербес пәндер қағидалары, әдістері, құралдары мен формалары өзара байланыста болып, педагогикалық шеберлікті талап етеді. Дербес пәндерден сабақ беру теориясы мен технологиясын меңгеру осы талаптарды орындауды көздейді

Бұгінде оқу-тәрбие процесінде «педагогикалық технологияны» қолдану маңызды мәселелердің бірі. Жоғары мектепте болашақ мұғалімдер ұшін арнайы курстар беріліп отыр. Педагогикалық әдебиеттердегі дискуссияларда бұл категория тек теорияда ғана емес, сонымен қатар практикалық тұрғыдан қарастырылуда. Педагогикалық технология тарихи қалыптасқан ұғым. Философтар мен ғалымдар ертедегі адамдарды жеке тұлғаның қалыптасуының алғашқы көзі ретінде қарастыруда.

Көне Греция философы Сократ (470/469-399) диалог арқылы дискуссия құрғызып, өздік коррекция жасауды ұйреткені педагогикалық технологияға бастама болып отыр.

Француз гуманисі М. Монтень (1533-1592) «Балаларға пайдасы бар жерде, сол жерде қанағаттарлық жағдай туғызу керек» деген пікірі педагогикалық технологияға қатысты тезис. Ол балалардың жеке дара ерекшеліктері мен жас ерекшеліктеріне көңіл бөлуді қажет деп санаған. Технологиялық қарым-қатынастықтың биік деңгейін «басқалармен қарым-қатынас» деп атап, алты ережені ұсынды:

-өзін-өзі мадақтап көрсетпеу;

-білім беруде ұстамды болу

- мазасыдықтан аулақ болу

- елеуге тұрарлық туралы пікір таласқа тұсу

-қысқа және тура дәлелдерді тыңғылықты таңдау

- шындыққа бас ию.

Чех ойшыл-гуманисі әрі педагог Я.А.Коменский (1582-1670) оқушыға жеке тұлға ретінде қараған. Ол «әр бір мұғалімді педагогикалық инструментарийді қолдана білуге ұйрету кажет, сонда ғана оның жұмысы нәтижелі болады„–деген пікірді ұстанды.


Ол «Ұлы Дидактика» еңбегінде технологияға қатысты «нақты», «тартымды», «тұпкілікті» негізде балаларды тәрбиелеп оқыту, «ойната отырып оқыту», оларды «ғылымның шыңына» жеткізу керек деген шешімдерді батыл айтады. Ол оқушының даму процесімен қалыптастыруға арнаған оптималды технологияларды ұсынды. Мысалы, сабақ қарым-қатынасты тудыратын форма; уақыты; баланың жасы мен физиологиясы дұрыс болу ұшін кұн тәртібін дұрыс құру қажеттігін талап етеді; ойлау қабілетінің дамуына көңіл бөледі, мысалдарды ережелермен бекітеді, т.б.

Ағылшын философ-материалисі Д.Локк (1632-1704) «айыптау» ықпалды тәсілінің кері әсері болатындықтан, оны жиі қолданбауды ұсынады. Швейцария педагог-демократы И.П.Песталоцци (1746-1827) баланы табиғи жаратылысында, жан-жақты және гармониялық тұрғыда тәрбие беру идеясына адамдардың кұшін жұмылдыру пікірін ұстанған.

Орыс педагогикасының ғылыми негізін қалаушы К.Д.Ушинский (1824-1870) педагогика теориясын жасауда философия, тарих, анатомия, физиология т.б. адам табиғатын танып білетін ғылым заңдылықтарына сұйеніп, құнды материалдар ретінде қолданған. Осыдан барып, жеке тұлғаны гармониялық тұрғыдан дамыту идеясында адамгершілікке тәрбиелеуді мұғалімнің өз басынан талап еткен. Балаларды салыстырмай жаман қылықтарынан біртіндеп айыртып, адамгершілікті қасиеттерін қалыптастыруды ұсынады.

Кеңес заманының алғашқы жылдарында мектептегі сабақ жұйесін ұйымдастыруда С.Т.Шацкий (1878-1934) сабақтардың спецификасын ескере отырып, барлық іс-әрекетті тәрбиелік «құндылықтармен толықтырудың» жолдарын қарастырды.

П.П.Блонский (1884-1941) мектептің негізгі мақсаты жеке тұлғаның өзін анықтайтын автономиялық тәрбиесі болуы ұшін, педагогикалық мекеменің барлық іс-әрекеті баланың мектепке аяқ басқанынан басталып, соған жетуге бағытталады. Ол өз ара байланысы жоқ пәндерді және сағат бөлумен айналысқанша, оқыту процесін баланың логикасын тәрбиелеуді (ойлау іс әрекетін, тіл қорын байыту, математикалық т.б.) қажеттілікте жетілдіре отырып, сонымен қатар психологиялық, физиологиялық және жас ерекшеліктерін ескеруді ұсынады. П.П.Блонский ең алдымен мұғалімнің адам болуын талап етеді. Адам ғана барлық ішкі жан дұниесімен және әр тұрлі ерекше қасиетімен баланы тәрбиелей алады деген.

А.С.Макаренко (1888-1939) педагогикалық теория мен практикасында технология тәсілін жасап және іске асырған. Тәрбиеде педагогқа энтузиазм және шеберлік керек. Жеке тұлғаны қалыптастырудың педагогикалық техникасын анықтауда ықпалды ұш тәсілді ұсынады: 1-тәрбие ұжымы- біріккен педагогика мекемелерінің еңбек ұжымы. 2-педагог шеберлігі. 3-тәрбиеленушіні жақсы білу және балалардың жеке басын есепке алу мен жас ерекшеліктерін ескеруді ұсынады.