Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі оркыт Ата атындаы ызылорда университеті Гуманитарлы педагогикалы институты Педагогика жне оыту дістемесі кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 125

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Білім беру жүйесіндегі әлемдік дамудың негізгі үрдістері

12 жылдық жалпы орта білімнің мақсаты

12 жылдық жалпы орта білімнің міндеттері

Тұлғаны әлеуметтендіру

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

12 жылдық орта білімнің құрылымы

Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.

Негізгі орта білім беру білім беру бағдарламаларының аяқталуын және осы деңгейге тән түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндетті базалық деңгей болып табылады.

6.2.4.1 Проблемаларды шешу құзыреттілігінің аспектілері:

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

6.2.4.3 Коммуникативтік құзыреттіліктің аспектілері

Мазмұндық ерекшелігі: маңызды дағды мен қабілетті қалыптастыру және соған сәйкес пәндер:

ТАЛДАУ

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

3. Оқытудың ұжымдық және топтық тәсілдерін қолдана отырып баспа беттеріне жарыққа шыққан сабақ жоспарларына талдау жасаңыз.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары

Курстық жұмыстар тақырыптары

8. Қазақ тілі сабақтарында өздігінен жұмыс жасаудың жолдары



Педагог гуманист В.А.Сухомлинский (1918-1970) баланың табиғатына қарай, оны нақты ортадан бөлмей қарастыруды жеке тұлғаның дамуының көзі деп біліп, адамгершілік пен эстетикалық тәрбиенің факторы деп санайды. Қандай болмасын ықпал жеке тұлғаны дамытуға бағытталып, айып тағудан мұғалім бас тартуы керек деген пікірді ұстанды.

60 жылдары педагогикалық технология өзінің өміршегіндігін көрсетті. Тулада алғашқы педагогикалық техника бағдарламасы жасалды. Педагогикалық технологияның маңызды мәселесі ретінде пластикалық мәнерлілік туралы сұрақтар қарастырылып, оның белсенді тұріне (А. Румнев) мұғалімнің сөзін, эмоционалды-образды және логикалық интерпритацияны және сөзбен ықпал етуді жатқызады.

70-жылдары театрланған педагогика негізінде тілдік қатынас ықпалына тыныстық ықпал, дауыс, дикция, дұрыс сөйлеу, дұрыс екпін қою, жағымды дауыс ырғағы, фразалардың логикалық құрылымы т.т. жатады деген пікір қалыптасты.

Педагогикалық технологияның алғы шарттары осылай тарихи қалыптасты. Бұгінде жоғары оқу орнында дербес пәндерден сабақ беру теориясы мен технологиясы пәні бакалавриат, магистратура бөлімдерінде оқыту пәні, әрі болашақ маманның педагогтық шеберлікке жетуінің бір көзі ретінде қарастырылуда.

Пәннің қысқаша мазмұны: Бағдарлама 45 сағат көлемінде 1 курстың 2 семестріне шақталған (аптасына 3 кредит сағат).

Курстың негізгі мақсаты: жоғары оқу орнындағы дербес әдістемелік пәндерді оқыту технологиясы бойынша магистранттардың теориялық білімі мен практикалық дағдысын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. «Педагогикалық технология» тұсініктемесін қалыптастыру, дербес әдістемелік пәндерді оқыту теориясы және технологиясымен таныстыру.

2. Дербес әдістемелік пәндер бағдарламаларының мазмұнымен, бастауыш мектептің оқу ұлгісінде оқытудың өрелі (прогрессивті) технологиясымен таныстыру.

3. Дербес әдістемелік пәндерден сабақ беру тәжірибесінде теориялық білімдерді пайдалану біліктілігін қалыптастыру.

4. Дербес әдістемелік пәндерден сабақ беруге шығармашылықтық жеке тұлғалық қасиетін дамыту.

Курстың соңында магистрант мыналарды білуге міндетті:

Курстың мазмұны. Математиканы оқыту теориясы мен технологиясы бағадарламасының мазмұны. Бастауыш мектепте дұниетануды оқыту теориясы мен технологиясы бағадарламасының мазмұны. Дене тәрбиесі теориясы мен технологиясы бағадарламасының мазмұны. Бастауыш мектептегі музыкалық тәрбие теориясы мен технологиясы бағдарламасының мазмұны. Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерінің теориясы мен технологиясы бағдарламасының мазмұны. Бастауыш мектептегі еңбек тәрбиесінің теориясы мен технологиясы бағдарламасының мазмұны.


Оқу пәнін ұйрету технологиясы педагогикалық технологияның құрамдас бөлігі ретінде. Бастауыш мектептің оқу пәндерінің ұлгісінде прогрессивті оқыту технологиясының сипаттамасы: оқу материалына қызығушылығын арттыру, өткен сабақтағыны қайталау, алдыңғы сабақтарда өткен тақырыптарды қайталау, ұй тапсырмасын беру тәсілдері, ұжымдық оқыту әрекеті, ауызша сұрау тәсілдері, жазбаша бақылау тәсілдері.

Пәнді оқып білгеннен кейін оқушының білуі қажет білімдердің тізімі:

Музыкалық тәрбие әдістемесі мен музыка теориясының негіздері пәнінен:

- бастауыш мектептегі музыкалық оқытудың және тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін;

- музыкалық оқытудың мазмұны мен ұйымдастыру тұрлерін;

- музыкалық тәрбиенің дұние жұзіне белгілі жұйелерін, Қазақстандағы музыка пәнінің авторлық бағдарламаларының мазмұнын;

- бастауыш білімнің мемлекеттік стандарт бойынша жасалған жаңа буын оқу-әдістемелік комплектінің мазмұнын;

- музыкалық оқытудың және тәрбиенің әдістерін, музыканы тыңдауды ұйымдастыру әдістемесін, ән ұйрету сабағының әдістемесін.

Қазақ тілін оқыту әдістемесін оқыту әдістемесі пәнінен:

- қазақ тілін меңгерту заңдылықтарын;

- қазақ тілін оқыту мазмұны мен жұйесін;

- қазақ тілін оқыту әдістемесін;

- қазақ тілін оқыту әдіс-тәсілдерін;

- сабақ берудің әдіс-тәсілін.

Математиканы оқыту әдістемесін оқыту әдістемесі пәнінен:

- дайындық кезеңінің ұғымдарын оқыту әдістемесі.н;

- теріc емес бұтін сандар нумерациясын оқытудың әдістемесін;

- арифметикалық амалдарды және олардың қасиеттерін оқыту әдістемесі;

- есептеу тәсілдерін оқытудың әдістемесін;

- аса маңызды шамаларды және оларды өлшеуді оқыту әдістемесі;

- тексті арифметикалық есептерді шешуге оқып-ұйретудің әдістемесі;

- алгебра элементтерін оқыту әдістемесі;

- геометрия элементтерін оқыту әдістемесі.

Дене тәрбиесі мен оны оқыту әдістемесі пәнінен:

- дене тәрбиесі сабағын жұргізуде мұғалімнің қолданатын жұмысының мазмұнын;

- дене тәрбиесі сабағының формасы мен әдіс-тәсілдерімен Магистрантді таныстыру жолын;

- педагогикалық басшылықтың негізі неде екендігін;

- сабақ өткізу, және факультативті ұйірме сабағының әдістемесін;

- дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын ұстанудың негіздерімен байланыстыру жолын.

Бейнелеу нері мен оны оқыту әдістемесі пәнінен:

- бейнелеу өнерінің теориясы мен оны оқыту әдістемесін;

- бейнелеу өнерінің негіздері мен бейнелеу өнері шығармаларын эстетикалық қабылдауға оқыту әдістемесін;


- бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағын өткізу ұшін көрнекі құралдарды, дидактикалық материалдарды, көмекші құралдарды даярлау әдістемесін.

Дұниетануды оқыту теориясы мен технологиясы пәнінен:

- дұниенітану пәнін бастауышта оқыту әдістемесін;

- Дұниені танып білудің логикалық әдіс-тәсілдері (талдау, салыстыру, синтез т.б.), зерделеудің ғылыми әдістері мен тәсілдерін;

- лабораториялық, сарамандық, қоғамдық-пайдалы жұмыстарды, топсаяхаттарды іс жұзінде өткізу жолдарын;

- Магистранттарға арнап дұниетану пәнінен лекциялық, семинарлық сабақтарды өткізу, практика барысында сабақтарына жетекшлілік ету жолын.
Негізгі әдебиеттер

Педагогика. Дәріс курсы.-Алматы: Нұрлы әлем, 2003.-368 бет

Щуркова Е.Н. Педагогическая технология.-М.:Педагогическое общество России, 2002.-224 с.

Левина М.М. Технологии профессионального педагогического образования: Учеб.пособие для студ.высш.пед.учеб. заведений.- М.:Изд.центр «Академия»,2001.-272 с.
Қосымша әдебиеттер

Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии.-М.; 1989.

Хайруллин Г.Т. Технология и техника взаимодействия.-Алматы, 1999.

Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса:Учебное пособие.-Алматы, 2002.

Лекция 2. Тақырыбы: Дербес әдістемелік пәндерді оқытудың әдістері, құралдары және оларды оқытуды ұйымдастыру формалары

2.1 Студенттерді дербесәдістемелік пәндерді оқытуға дайындау.

2.2.Дербесәдістемелік пәндерді оқытудағы сабақтастық және пәнаралық байланыстар
2.3.Қазақстан Республикасы жоғары кәсіптік білімнің 050102- Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша мемлекеттік стандарттарын және дербесәдістемелік пәндердің оқу бағдарламаларын талдау.
1960 жылдары американдық педагогика профессоры Л.Трамп ізденісіне байланысты жарық көрген Трамп жоспарымен оқу жүйесі үлкен маңызға ие болды. Оқуды ұйымдастырудың бұл формасында үлкен дәрісханалардағы (100-150 адам) оқуды 10-15 адамдық шағын топтар мен жеке оқушылар жұмыстарын байланыстыра жүргізу көзделді. Әрқилы техникалық жабдықтармен өтілетін жалпы дәрістерге оқу уақытының 40%, дәрісті талқылау және кей бөлімдерді тереңдей меңгеру мен ептілік және дағдылар қалыптастыру семинарларына 20%, бөлініп, ал қалған уақытты (40%,) оқушылар мұғалім не жетекші оқушы басшылығында өз бетінше оқу ізденісіне пайдаланды. Бұл жүйеде сынып шегеріліп, шағын топтар құрамы тұрақсыз болды.


Еліміздегі қазіргі орта оқу орындарының көпшілігіндегі оқытудың негізгі түрі - сабақ. Өйткені сабақ жастары қатарлас топтағы оқушыларға бірыңғай бағдарламамен тиянақты күнтізбе бойынша білім берудің негізі болып табылады. Сабақтың типі жөнінде ғылыми тәжірибелік зерттеулер де, жүйелеулер де жетерлік. Дидактикалық мақсаттағы әр түрлі ойларды сараптай келгенде оны мына тұрғыда топтастырған орынды:

1. Жаңа білім меңгеру сабағы.

2. Іскерлік пен дағдыны қалыптастырып дамыту сабағы.

3. Алған білімді жүйеге келтіріп тұжырымдау сабағы.

4. Кайталау, пысықтау сабағы.

5. Тексеріп алған білім сапасын айқындау.

6. Аралас сабақ.

7. Жинақтап қорыту сабағы.

Сабақтың құрылымын, түрін жіктеп топтастыру шартты мәнде, өйткені бұлардың мазмұны мен әдісі бір-біріне ұқсастығымен қатар, іштей араласып бір арнада соғысып жатады. Сол себепті мектеп тәжірибесінде бір типті сабак болмайды. Сабақтың қойылған дидактикалық мүддеге жетуі оның құрылысына, оқылатын тақырыптың мақсатына, мазмұнына, оның әдіс-тәсіліне және оқушының дайындық деңгейіне байланысты. Оның айқын мысал үшін аралас сабақтың құрылымдық жүйесіне назар аударып қараңыз, ол бірден байқалады. Мұнда сабақты ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын тексеру, өткен сабақты пысықтау, жаңа сабақ, оны қайталау, үйге тапсырма беру. Оқытудағы дәстүрлі бұл жол сабақтың тиімділігін арттыруда қазіргі өскелең талапты толық қамтамасыз етуде әлсіздік көрсете бастады. Сондықтан оның құрылымын, мәнін жетілдіру жөнінде түрлі ізденулер етек алуда. Педагогика саласын зерттеуші ғалымдар оны қалай топтастырса да сабақтың ең негізгі көрсеткіші тұрғысынан мына салаларды айқындап, соған жауап беру керек деген тоқтамды ұсынады, ол мыналар: дидактикалық, әдістемелік, психологиялық және гигиеналық. Сабаққа қойылатын талаптың түйінін шешетін бұл ұстанымдарын таратып айтсақ былай болып шығады - дидактикада қамтылатын логикалық бағдар:

а) білімнің актуалдылығы және оны әрекетке айналдыру;

ә) жаңа білімдік мағлұматты меңгеру және таным түсінікті жетілдіру;

б) алған білімді пайдалану мен тиісті дағды қалыптастыру.

Әдістемелік бағдарда шешілетін міндет пен орындалатын жаттығу және оқушының кайталайтын жауабы жобаланып, сабақта атқарылатын іс-әрекет нақты жоспарлануы керек. Жаңа материалды түсіндірудің әдіс, тәсілдері керсетіліп, қойылып отырған міндетті шешудегі мұғалімнің басшылығымен атқарылатын, оқушының орындайтын және өздігінен атқаратын жұмыстары белгіленуге тиіс. Әдістемелік жобаның мән-мазмұндық құрылымынан қол жетуге тиісті мақсаттың тиімділік принциптері талап етіледі. Сабақтың психологиялық бағдарында қойылған мақсатқа орай психологиялық мотив мәселесі барлық жағынан қарастырылып, оқушының жас ерекшелігі мен дара ерекшелігімен санаса отырып, білімді меңгерудің психологиялы сипаттағы заңдылықтарына мән берілуі керек. Бұл ұстанымдағы сапалардың бірі гигиеналық бағдар болса, мұның да өзіне тән қоятын талаптары бар. Өйткені гигиена ғылымы сабақ ақыл-ой еңбегі болғандықтан оның өзіне тән талаптарын ғылыми-танымдық тұрғыдағы жөн-жосықты сақтауды міндеттейді.


Сабақ өткізу алдымен оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру болып табылады. Мұның құрылымдық түрі - сыныптағы оқушылардың барлық құрамын және жеке тұлғаны жұпқа, топқа болу арқылы әрекетке келтіру негізінде жүргізіледі. Сараптай айтқанда сыныптағы барлық оқушының іс-әрекетін мұғалім басқарып бағдарлайтын бірлескен әрекет болып табылады. Сондай-ақ жеке тұлғаның әрқайсысы өз алдына дара да дербес түрде әрекеттенеді. Сабақ барысында оқушыларды топқа бөлгенде 4-5 шәкірт бір топ немесе екі-екіден бірлескен топ болып, берілген тапсырманы мұндай жағдайда орындаудын натижелік көрсеткіші жоғарырақ болады. Өйткені топтастыруда үлгерімі бірыңғай немесе әр түрлі үлгерімдегі оқушылар болса олар бір-бірінен жәрдем алады. Өзара пікірлесіп еңбек ету барысында нашар оқитын шәкірт білімді тиісті деңгейде меңгерудің жол-жосығын құрбыларынан үйреніп, іс-әрекетке ықыластана кіріседі. Топтағы оқушылар бір-бірінен тәлім алып, белсенділігінің артуына ықпал етеді.

Сабақтың теориясы мен тәжірибесінің жүзеге асып, табысқа жетіп нәтижелі болуы мұғалімнің сабақка дайындала білуіне тәуелді. Өйткені өтілетін сабақтың жүйесін айқындап, жоспарлау барысындағы үрдіс негізінде оқушының білім, білік, дағды меңгеруі психологиялық, жағынан шешуші сипатқа ие болатындығы ақиқат шындық.

Саяхат сабағының мақсаты – ғылым саласындағы пәннен теориялық білімді нақты тәжірибеге жалғастырып көрсету. Бұл оқушының түрлі деректер мен құбылыстар жөніндегі таным түсінік арнасын кеңейтуге мүмкіндік туғызу.

Факультативтік сабақтар – оқушылардың сұранысы бойынша ұйымдастырылады. Сабақтың бұл түрінің негізгі мақсаты – оқушылардың талап-тілегін ескере отырып, олардың ғылыми-теориялық білімін, таным түсінігін дамытып шығармашылық жолдағы бағдарын ашуға жәрдемдеседі. Сонымен қатар оқушының бейімділігіне қарай кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын тұрақтандыруға ықпал етеді.

Педагогтар оқыту әдісі туралы түсінікті әр түрлі етіп дәлелдеді. Біреулері оны «танымды басқаға беру әдісі» (Д.И.Тихомиров) немесе мұғалімнің іс-әрекеті мен әдіс-тәсілі (Н.В.Ельницкий) деп қарастырса, С.А.Ананьев оқыту әдісін «білім беру тәсілдерінің үйлестіру жиынтығы» деп көрсетеді.

Педагогикалық энциклопедияда «Оқыту әдістері -мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттер дамиды»,-деп жазылған.

Демек, оқыту әдістері