Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі оркыт Ата атындаы ызылорда университеті Гуманитарлы педагогикалы институты Педагогика жне оыту дістемесі кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 130

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Білім беру жүйесіндегі әлемдік дамудың негізгі үрдістері

12 жылдық жалпы орта білімнің мақсаты

12 жылдық жалпы орта білімнің міндеттері

Тұлғаны әлеуметтендіру

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

12 жылдық орта білімнің құрылымы

Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.

Негізгі орта білім беру білім беру бағдарламаларының аяқталуын және осы деңгейге тән түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндетті базалық деңгей болып табылады.

6.2.4.1 Проблемаларды шешу құзыреттілігінің аспектілері:

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

6.2.4.3 Коммуникативтік құзыреттіліктің аспектілері

Мазмұндық ерекшелігі: маңызды дағды мен қабілетті қалыптастыру және соған сәйкес пәндер:

ТАЛДАУ

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

3. Оқытудың ұжымдық және топтық тәсілдерін қолдана отырып баспа беттеріне жарыққа шыққан сабақ жоспарларына талдау жасаңыз.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары

Курстық жұмыстар тақырыптары

8. Қазақ тілі сабақтарында өздігінен жұмыс жасаудың жолдары

 бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері.

Сонымен оқыту әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.

Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, өйткені, оқытуда ең бастысы оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелер: оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практика мен теорияны жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды; идея нақты өмір мәліметтерінен қорытылады. Осы ережелердің бәрі оқушылар көзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады.

Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.

«Оқыту әдісі» және «әдістемелік тәсіл» ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты. Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі (компоненті, құрамды бөлімдер) мысалы, жеке сөздерді түсіндіру, суреттерді демонстрациялау т.б.

«Әдіс» пен «тәсілдің» шекарасы өте жылжымалы, құбылмалы, сондықтан олардың шекарасын анықтау өте қиын. Өйткені, әдіс кейде тәсілге, ал әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады. Мысалы:

1. Егер мұғалім баяндау процесінде суреттерді демонстрациялап көрсетсе, онда демонстрация әдістемелік тәсілге жатады.

2. Оқушылар зерттеу негізінде суреттермен танысып, тақырып бойынша нақты білім алса, онда суреттерді демонстрациялау әдіске, ал баяндау тәсілге жатады.

3. лабораториялық сабақтың мәнін және мағынасын анықтайтын әңгіме әдіс ретінде қолданылады.

4. Егер оқушылар лабораториялық тапсырманы өз бетінше орындауға кіріссе, ал мұғалім сол дербес жұмыс процесінде тек әңгіме элементтерін қолданса, әңгіме тәсіл ретінде пайдаланылады.


Құралдидактикада дербес терминологиялық мәні бар сөз. Мысалы, дидактикада қолданатын құралдар оқыту жабдықтары, оқыту ақпаратының көздері (оқытудың техникалық құралдары, оқулықтар, оқу құралдары, көрнекі құралдар т.б.) Қалай оқыту керек? дейтін дәстүрлі дидактикалық сұрақ заңды түрде оқыту әдісінің категориясын шығарады. Әдіс-жоспарланған мақсат пен соңғы нәтиженің арасын байланыстыратын оқу процесінің өзегі болып табылады. Оның жүйедегі айқындаушы рөлін «мақсат-мазмұн-форма-оқыту әдісінің құралдары» көрсетеді.

Әдіс (гректің metodos) деген сөзінен алынған, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын зерттеу немесе таным жолы, құбылыстарды оқып білу жолдарын, әдіснамалық теория танымы мен шындықты зерттейтін тәсіл.

Әңгімелеу.(баяндау) Мұғалім оқу материалын бір ізділікпен баяндайды. Ол үшін материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді. Фактыға негізделген мәліметтер әңгімелеу түрінде сөз етіледі. Әңгімелеуде талдау, жинақтау тәсілдері пайдаланылады. Әдетте, әңгімелеу, бастауыш сыныптарда 10-15, ал жоғары сыныптарда 20-25 минутқа созылады. Әңгімелеу әдісі көбінесе тіл, әдебиет, тарих, география сабақтарында қолданылады. Сабақтың қалған уақытында оқушылар мұғалімнің басшылығымен әр түрлі жұмыстарды өз бетінше орындайды.

Әңгіме әдісісабақта сұрақ-жауап формасы түрінде қолданылады. Сондықтан мұғалім алдын-ала жоспар жасап, онда сұрақтардың жүйесін мұқият ойластырады. Бұл оқушылардың білімін тақырып бойынша логикалық бір ізділікпен аықтауды қамтамасыз етеді. Әңгімені осылай өткізу оқушылардың ойлау белсенділігін арттырады. Оларды басты және өте маңызды мәселелердің мазмұнын, өзара байланысын анықтауға талаптандырады. Оқушыларды болжауға бағыттайды, өз ойларын дәлелдеуге мәжбүр етеді. Әңгіме әдісінің барлық процесі өтілген оқу материалын жүйеге келтіруге және жинақтап қорытуға мүмкіндік береді.

Түсіндіру.Мұғалім оқу материалын баяндауда оқушылардың белсенділігіне, ынтасына, білім деңгейіне сүйенеді, материалдың мазмұнын дәлелдейді, кейбір ережелердің, ұғымдардың, заңдардың мәнін ашады. Материалды түсіндіруге түрлі құралдарды, есептер шығаруды, жазып алуды кең түрде қолданады, оқушылар баяндау процесінде мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, байымдайды, дәлелдеуге тырысады. Мұғалім түсіндіру әдісі бойынша оқушылардың іс-әрекетін басқарудың барлық мүмкіншіліктерін пайдалана білсе, онда оқушылар жаңа материалды қабылдай отырып, өткен сабақта алған білімін салыстырады, талдайды. Мұғалімнің басты міндеті оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ішкі процесін сезу, күдікті және қиын мәселелерді күні бұрын болжау, оларды болдырмаудың жолдарын іздестіріп, оқушыларға көмектесу.


Лекция.Басқа әдістерге қарағанда лекцияның көлемі, күрделілігі, логикалық құрылысы жағынан өзгешелігі бар. Сондықтан лекцияны бастар алдында оқушыларға нақты сұрақтардан тұратын оның жоспары ұсынылады. Лекция сұрақтар бойынша логикалық бір ізділікпен баяндалады. Әрбір сұрақтан кейін қорытынды жасалады. Лекцияда кейбір тың, құнды ғылыми әдебиеттерде осы уақытқа дейін жарияланбаған мәселелер баяндалады. Сонымен бірге талас пікірлер және жалған теориялар жөнінде нанымды түсініктер беріледі. Оқушылар баяндалған материалдың мазмұнын, маңызды дәлелдемені, нақты мысалдарды, ғылыми анықтамаларды, негізгі қорытындыларды жазып алады.

Лекция сабақтың 25-30 минут уақытын алады. Қалған уақытта оқушылар тақырыпқа сәкес мұғалімнің көмегімен өз бетінше түрлі жаттығу жұмыстарын орындайды. Ең соңында мұғалім сабақты қорытындылайды.

Кітаппен жұмыс.Мектепте кітаппен жұмыс істеу- өзіндік білім алуда негізгі әдістердің бірі. Бұл әдістің мәнділігі оқушының оқу ақпаратын өз ыңғайына, жағдайына қарай қайталап қарап, танымын өз шешімімен шектелуінде.

Оқулық кітаптар оқу-іс-әрекетін атқарады: білім алу, дамытушылық, тәрбие, ойлау, коррекциялық-бақылау т.б.

Кітаппен өзіндік жұмыста оқып шығу, жеке тараулармен танысу, жеке сұрақтарға жауап іздеу, кітапты немесе мәтіндерді рефераттау, мысалдар мен есептері шешу, бақылау тестерін орындап, материалдарды есте қалдыру мақсатында жаттау жұмыстарын орындау жатады.

Әдістің сапасы еркін, жылдам оқып, ойдан өткізіп, түсіну, қарастырылатын мәселелерге әдебиеттер таңдай білуінде.

Берілген біліктердің бәрі оқушының мектепке келген күнінен бастап білім алу мақсатын біртіндеп қалыптастырады.

Жаттығу- ол оқыту әдісі, жоспарда ұйымдастырылған бірнеше рет қайталанатын іс-әрекет, білік пен дағдыны игеруде және олардың сапасын көтеру мақсатында орындалады.

Кәдімгі жағдайда жаттығулар түсіндірілген, арнайы, еркін болып бөлінеді.

Арнайы жаттығулар- бірнеше рет қайталанатын, оқыту және еңбек біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаттығу. Егер арнаулы жаттығуларды бұрын-соңды қолдануға ендірсе, онда олар еркін жаттығулар деп аталады.

Еркін жаттығулар ертеде қалыптастырылған дағдыларды қайталау мен бекітуде қолданылады. Еркін жаттығусыз дағды ұмытылады. Түсіндірілген жаттығулар оқытуды белсендендіруге, оқу тапсырмаларын орындауға бағытталған. Бұл жаттығулардың мәнділігі мұғалім мен оқушылардың орындалатын іс-әрекеті негізінде материалдар жақсы қабылданады.


Ауызша жаттығулар тіл мәдениетін дамытуда және логикалық ойлауда, оқушылардың танымдық жағдайларында кеңінен қолданылады. Ауызша жаттығулар оқу мәдениеті техникасын игеруде, ауызша санауда, әңгімелеуде, білімді логикалық түрде мазмұндауда, тіл, әсіресе шет тілдерін игертуде үлкен роль атқарады. Ауызша жаттығу оқушылардың даму деңгейі мен жас ерекшеліктеріне байланысты күрделеніп отырады. Жазба жаттығулар (стилистикалық, грамматикалық, орфографиялық диктант, мазмұндама, конспекті, есеп шығару, іс-тәжірибені жазу т.б.) білік пен дағдыны дамытуда қолданылады. Жазба жаттығулар графикалық жаттығулар мен математика, физика, сызу, география, сурет, сонымен қатар өнеркәсіптік білім беруде қатар жүреді.

Лабораториялық әдіс.Жұмыс жасауда білік және дағдыны игертуде, практикалық білігін қалыптастыруға жағдай жасайды. Бұл әдіс өлшеу және есептеу нәтижесін салыстырып және шығару, зерттеу жұмыстарының жаңа жолдарын іздеу және белгілі жолдармен тексеру үшін өте қолайлы.

Лабораториялық әдіс көрнекілік және басқа да практикалық әдіс қосындыларымен жүзеге асырылады. Сондлықтан да жаттығу мен демонстрацияға қандай талаптар қойылса, оған да дәл сондай талаптар қойылады.

Практикалық әдіс басқаларға қарағанда оқушыларды тапсырманы жауапкершілікпен орындауға үйретеді, олардың бойында үнемді, шаруаға бейім сияқты қаиеттерді қалыптастыруға бағытталады. Оқушылардың еңбекке деген ықыласын, жан-жақты дағдыларын қалыптастырады. Орындалатын жұмыстың мақсатын, міндеттерін талдау және оның шешімін табу, жұмыстың жоспары және кестесін құру, материалдар мен инструменттерді дайындау, жұмыстың сапасын бақылау, қорытындыны талдау кіреді.

Практикалық жұмыстар бес кезеңге бөлінеді. Бұнда оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәжірибе сабақтарында тексеріледі.

а) мұғалімнің түсіндіруі, жұмысты теориялы кезеңдермен үйрету;

ә) көрсету (инструктаж);

б) жұмысты жасап көру (екі-үш оқушының жұмыс жасауы, егер қате жіберілсе қалған оқушылар бақылау жасап, мұғаліммен бірге қатесін түзеуі);

в) жұмыты әркімнің өзі орындауы;

г) бақылау, оқушылардың жұмысы тексеріліп, бағаланады. Орындалу сапасы ескертіледі, уақытты, материалдарды үнемдеуі, жұмысты дұрыс және жылдам жасауы бақыланады.

Өзіндік оқу жұмыстары.Өзіндік оқу жұмысы-бұл оқушының бүкіл құрылымдық компоненттерінде, яғни мәселе қоюдан бастап, бақылау жасауға дейін өзін-өзі басқару және түзету орнатуға дейінгі белгілі бір дәрежедегі дербестік болып табылады. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға нұсқау:


- оқушының берілген есептің айқындылығы мен маңыздылығын түсіну арқылы тапсырмаға деген қызығушылығы болуы керек;

- мұғалімнің алдын-ала өзіндік жұмысқа керек материалды дайындап алуы;

- тапсырманың қиындығы, оны бүкіл оқушылардың шешу мүмкіндігіне байланысты болуы;

- жеке топтардың дайындығы мен табыстылығына байланысты дифференциалданған маетриал берген дұрыс;

- жұмыс тексерілген, қателері түзетілген, нәтижесі бағаланған болуы шарт.

Өзіндік жұмыстың оқыту нәтижесі баланың материалды жинауынан, оның жеке ойлай білу тәжірибесінен, бағалауынан байқалады. Дамытушылық тиімділігі шектен тыс белсенділік пен психикалық күшті қайтаруымен қамтамасыз етіледі. Адамгершілік, шыдамдылық, жауапкершілік сияқты ізгілік тәрбиесі қалыптасады.

Танымдық ойындар (дидактикалық)-оқушылардың өздері шешімін табатын, модельдейтін, арнайы ситуациялар құратын ойындар. Негізгі мәні-танымдық қызметті ынталандыру. Оқушылар ойынға белсенді түрде қатысады. Ойындарға тоқталатын болсақ: математикалық, лингвистикалық ойындар, саяхат-ойыны, электронды викторина түрінде, тақырыптық жинақтармен ойындар, «Конструкторлар», «Шеберлер», «Жас маман» т.б.

Кейінгі кезде ынталандыратын ойындарға түрлі әдістерді, идеяны күрделендірулер енгізілді. Осындай күрделенген ойындар арқылы оқушылар мәселені жан-жақты талқылауға барынша атсалысады. Бұл ойындар іскерлік ойындар деп аталып жүр. Мұндай ойындарға рөлдік ойындар жатады. Нарықтық кезеңге байланысты сабақта «Банк», «Парламент», «Пресс-конференция» деп аталатын ойындар белсенді роль атқаруда. Бұл ойындарды материалды бекіту кезінде пайдалануға болады.

Негізгі әдебиеттер

Педагогика. Дәріс курсы.-Алматы: Нұрлы әлем, 2003.-368 бет

Щуркова Е.Н. Педагогическая технология.-М.:Педагогическое общество России, 2002.-224 с.

Левина М.М. Технологии профессионального педагогического образования: Учеб.пособие для студ.высш.пед.учеб. заведений.- М.:Изд.центр «Академия»,2001.-272 с.
Қосымша әдебиеттер

Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии.-М.; 1989.

Хайруллин Г.Т. Технология и техника взаимодействия.-Алматы, 1999.

Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса:Учебное пособие.-Алматы, 2002.
Лекция 3. Тақырыбы: Педагогикалық технологиялар