Файл: Fi'li'aly Atyray' oblysy boi'yns'a pedagogi'kalyq qyzmetkerlerdin'.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 142

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ИНИЦИАТИВЫ ПРЕЗИДЕНТА ПРИВЕДУТ К ПОЗИТИВНЫМ ПЕРЕМЕНАМ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

????Жаңаша оқыту-жаңаша көзқарас ????

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ТИІМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС - ІЗДЕНІМПАЗДЫҚТЫҢ КІЛТІ

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ МЕТОДОВ ПРЕПОДАВАНИЯ НА УРОКАХ ЛИТЕРАТУРЫ

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИГРОВЫХ МЕТОДОВ И ПРИЕМОВ ОБУЧЕНИЯ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ

ДИДАКТИЧЕСКАЯ ИГРА КАК СРЕДСТВО ФОРМИРОВАНИЯ ЛОГИЧЕСКИХ УНИВЕРСАЛЬНЫХ УЧЕБНЫХ ДЕЙСТВИЙ

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ БАСТАУЫ – ОТБАСЫНАН

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАНҰЯЛЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ МАҢЫЗЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕДЕГІ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

ӨЛЕҢІ ӨМІРШЕҢ АҚЫН - МАРАТ ОТАРАЛИЕВ

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

ӨШПЕСІН ҰСТАЗ ЕСІМІ

ОҚУ ҮШІН БАҒАЛАУДА ТИІМДІ СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

ДЫБЫСТАР ӘЛЕМІ НЕСІМЕН ҰНАЙДЫ? ДЫБЫС

КЕСТЕДЕН ТЫС КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ

АТЫРАУ, ТЫ В МОЕМ СЕРДЦЕ!

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

КӘСІБИ ӨСУ. КУРСТАН КЕЙІНГІ ОЙЛАР

стимул пайда болады. Ал ол өз алдына қоршаған адамдардың қолдауын тауып оған жақсы жағынан көрінуге көмектеседі. Егер адам қастық қатынасты сезетін болса, ол адамда қасарысушылық пайда болады. Ол бар күшін салып қасарысатын болады. Жақсы тәрбие көрген адам бұндай қастықты саналы күрес арқылы жеңеді.

Ата-ананың ролі жан-жақты. Ата-ана баланың өмірлік позициясын таңдауына ықпалы зор болғандықтан, үлкен жауапкершілікке ие. Баланың дүниеге келуі және оның дамуына қажетті заттармен қамтамасыз ету жанұялық өмірдің қандай да бір ұйымдасқандығын талап етеді. Баланы асыраудан басқа, ата-ана баланың тұлға болып қалыптасуында да ролі жоғары. Баланың гармониялық дамуы тек ата-ананың әрқайсысы белсенді әрекетімен және қатысуына ғана байланысты емес. Олардың тәрбиелеу кезінде бір-бірімен бір келісімге келулеріне байланысты. Ата-ана бір ымыраға келмей баланы әрқайсысы өз жақтарына тартқылайтын болса, бала ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажырата алмай есі шығады. Онымен қоймай ата-ана арасындағы ымыра бұзылып, ұрсысып жатса, оның үстіне бұның бәрі соның кесірінен болып жатқан күнде естіп жүретін болса, ондай бала өз өзіне деген сенімділікті жоғалтып алады. Бұндай жағдайда ол өзін қауіпсізмін сезінбейді. Бұдан келіп


45




балалық үрей туады. Бала қорқақ болып, тіпті жүйке ауруна шалдығуы мүмкін. Бала үшін жанұя мүшелерінің ара-қатынасы өте маңызды. Әсіресе ересектердің оған деген қарым- қатынасы қандай екенін сезіну ерекше маңызды.

Ата-ананың балаға деген эмоциональді қарым-қатынасының сипатын ата-аналық позиция деп атауға болады. Бұл фактордың басымдықтан бастап толық бей-жайлыққа дейін бірнеше
вариациялары бар. Оларды балаға үнемі телу де, балаға мүлдем қарамай қою да балаға зиян. Бала саған өз тарапынан жылылық көрсеткісі келген ата-анаға баламен қатынасты дұрыстап алу өте маңызды. Баланы тым еркелетіп те, тым өзіңнен алыстатып та қажеті жоқ. Баламен арадағы қарым-қатынас еркін болу керек. Бала шынымен нені қалайды соны түсінуге тырысу қажет. Және сол қажеттіліктерді беруге ұмтылу керек. Балаға тек бұйрық беріп, немесе тек оның айтқандарын істей бермеу қажет. Белгілі бір деңгейде оған еркіндік яки тәуелсіздік беріп, дұрыс емес жақтарын көрсетіп отыру қажет. Баламен ортадағы қатынастың бұзылғанын шамадан тыс агрессивті болудан немесе баланың мінез-құлқын толық түзеуге күш салудан байқауға болады.

Өте ерте жастан бастап баланың даму прцессінің дұрыс болуы бірінші орында ата-ананың мейіріміне байланысты. Кішкентай бала ата-анасынан ойлауды, сөйлеуді, түсінуді, өзінің реакцияларын қадағалауды үйренеді. Ата-анасының тұлғалық үлгілерінің арқасында ол басқа жанұя мүшелерімен қалай араласу керек екенін үйренеді. Қалай жақсы көру керек, кімнен аулақ болу керек, кіммен санасу керек, кімге өзінің симпатиясын я болмаса антипатиясын көрсету керек, қай кезде өз реакцияларын ұстап қалулары керек деген сияқты қатынастарды бала бірінші орында ата-анасынан үйренеді. Жанұя баланы қоғамда болашақ жеке өмір сүруге дайындайды. Ол рухани құндылықтарды, моральді нормаларды, жүріс-тұрыс үлгілерін, салт-дәстүр, өзі өмір сүріп жатқан қоғамның мәдениетін дәл осы жанұядан үйренеді. Ата-ананың келісіліп жасалған тәрбие тәсілдері баланы аламгершілік қасиеттерге сай өзінің сезімі мен әрекеттерін басқара алуға үйретеді. Балада құндылықтар әлемі қалыптасады. Бұндай жан-жақты дамудың барысында ата-ана өздерін үлгі ретінде көрсету арқылы балаға үлкен көмек көрсетеді. Алайда кейбір ата-ана өздерінің балаларының жүріс- тұрысын қиындатып, тежеп, тіпті
бұзылуына себеп болып жатады.

Тұлғалық үлгі ата-ана болған жанұяда тәрбиеленген бала келесі әлеуметтік рольдерге дайындық алады: әйелдер немесе еркектер, әйелі немесе күйеуі, ана немесе әке. Онымен қоймай әлеуметтік қысым өте күшті. Балаларды әдетте оның жынысына қарай мақтайды, ал ұрысқанда қарсы жынысқа зиян тигізгенде даттап, ұрсады. Дұрыс жыныстық тәрбие, өзінің жынысына тән сезімнің қалыптасуы тұлғаның ары қарай дамуының бірден бір негізі болады.

Баланы жүріс-тұрысы көбіне үйдегі көрген тәрбиесіне байланысты болады. Осылайша, ересектер тарапынан көрсетілген теріс яки дұрыс қатынас балада өзін өзі бағалауын қалыптастырады. Өзін өзі бағалауы төмен балалар өздеріне көңілі толмай жүреді. Бұл ата-ана көп ұрсып баласының алдына тым жоғары мақсаттар қоятын жанұяларда болатын жағдай. Онымен қоймай ата-анасының бір-бірімен тіл табыспай жүргендерін көрген бала, оған өзін кінәлайды. Нәтижесінде өзін өзі бағалауы төмендеп кетеді. Бұндай бала өзін ата-анасының қалауына мүлдем сәйкес келмейтін сияқты сезінеді. Бірақ тым тәкәппарлық деген де проблема бар. Әдетте тәкаппар балалар не бүлдірсе де бәрін аузына тосып, мүлдем жазаламайтын жанұялардан шығады. Өзін дұрыс бағалай алмайтын бала кейін өзіне де маңайындағыларға да қиындық тудырып жатады. Сондықтан да ата-ана өз балаларының бойында қалыпты бағалаудың қалыптасуына тырысу керек. Бұл жерде жазалау мен мақтауда сақтық танытқан жөн болады. Баланың көзінше таң қалып тым мақтауға болмайды, және тым қатал жазаны да қолдануға да болмайды.

Өзін өзі бағалаумен қатар ата-ана талаптану деңгейін де береді. Талаптың жоғары деңгейіне ие, өзін
өзі бағалауы тым жоғары балалар тек жеңісті ғана көздейді. Ал егер жеңіліп қалса ол оларға үлкен психикалық соққы болады. Ал талабы төмен оған қоса өзін өзі бағалауы да төмен балалар болашақта да осы шақта да ешнәрсене ұмтылмайды. Олар

46




алдарына жоғары мақсаттар қоймайды. Әрдайым өздерінің мүмкіндіктеріне күмәнданып жүреді. Жеңілісті оңай қабылдайды, бірақ сөйте тұра өмірде көп жетістіктерге қол жеткізеді.

Әрбір жанұяда тәрбиенің қандай да бір түрі қалыптасады. Көбіне жанұяларда әлі толық жетілмеген тәрбие жүйесі қалыптасқан. Тәрбиенің мақсатын түсіну, тәрбиенің түрлерін түсіну, баланы тәрбиелегенде не нәрсе болады не нәрсе болмайтынын білу керек. Ол үшін жанұядағы тәрбиені төрт тактиға бөлуге болады. Сонымен бірге жанұялық қарым-қатынасқа жауап беретін төрт типке бөлеміз: диктат яғни артықшылық, қамқорлық, «араласпау», серіктесіп бірігіп істеу.

Балалардың беделі мен ынтасын үнемі түсіре беруі жанұяда диктаттың бар екенінің белгісі. Әрине ата-ана тәрбиелеу мақсатында өзінің баласына әртүрлі талаптар қоюы керек. Алайда ол талаптардың ішіндегі асыра сілтеушілікке бала екіжүзділікпен, өтірік айтумен, дөрекілік көрсетумен, тіпті кейде ашық түрде жек көретіні көрсетумен қайтаруы әбден мүмкін. Бірақ қарсыласу әлсіз сипатта болса онда ол баланың бойындағы өз өзіне деген сенім, ынталылықтың жойылуы, дербестік сияқты барлық жақсы қасиеттердің де жойылып кету қаупі төнеді. Бұл жағдай тұлғаның сәтсіз қалыптасуының кепілдігі болады.

Жанұядағы қамқорлық дегеніміз ата-ананың баланың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жұмыс істеп, баланы қандай да бір болмасын қиындықтардан қорғап бала үшін
жанын беруге даяр қарым-қатынас жүйесін айтады. Тұлғаның белсенді түрде қалыптасуы туралы мәселе екінші орынға кетеді. Ата-ана балаларының үйдің сыртындағы шындыққа дайындық процесін шектен тыс қамқорлығымен жауып тастайды. Бұндай шектен тыс қамқорлық, тығыз эмоциональді қатынаста шектен тыс баланы қадағалау гиперқамқорлық деп аталады. Ол баланың енжар, тұйық, өздігінен еш нәрсе істей алмайтын болып өсуне жағдай жасайды. Бұған қарама-қарсы гипо қамқорлық деген ұғым бар. Ол дегеніміз ата-ананың бала тәрбиесіне қалай болса солай қарап, өз бетімен жіберуі. Бала ойна келгенді істеп жүре беруге мүмкіндік алады. Нәтижесінде өскен кездерінде ондай балалар ешкімді силауды білмейтін, өздері силауға татымайтын өзімшіл, міншіл онымен қоймай, өзінің тілегін орындауды талап еткіш болып шығады.

Балалардың ата-анасыз, ата-ана балаларсыз дербес өмір сүруге болады деген жанұяда тұлғааралық қатынас жүйесі «араласпау» тактикасынан пайда болуы мүмкін. Бұл жерде екі әлем болуы мүмкін деп қарастырылады. Яғни бала және ересек әлемі. Екеуі бір бірінің шекарасынан аспау керек. Ара қатынастың бұл типінің негізінде ата-ананың тәрбиеші ретінде енжар болуы жатыр. Бірлесіп, ақылдасып істеу деп жанұяда тұлға аралық қарым- қатынаста ортақ мақсат пен міндеттер қойып оны ұйымдастыруды айтады. Дәл осындай жағдайда ғана баланың өзімшілдігін жеңуге болады. Ара қатынастың ең жоғары типімен тәрбиелеп жатқан жанұя өте жоғары деңгейде дамыған топ болады.

Көптеген ата-ана балаларының өтпелі кезеңін қорқынышпен күтеді. Кейбір балаларда бұл кез мүлдем білінбей өтіп кетеді, ад біреулерде кәдімгідей қиындықтар туады. Жақында ғана тіл алып тып-тыныш жүрген бала аяқ астынан ашуланшақ, маңайындағылармен қақтығысқа түсе беретін болып кетеді. Бұл ата-ана мен мұғалімдерде ойланбай теріс әрекет жасап