Файл: Fi'li'aly Atyray' oblysy boi'yns'a pedagogi'kalyq qyzmetkerlerdin'.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 149

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ИНИЦИАТИВЫ ПРЕЗИДЕНТА ПРИВЕДУТ К ПОЗИТИВНЫМ ПЕРЕМЕНАМ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

????Жаңаша оқыту-жаңаша көзқарас ????

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ТИІМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС - ІЗДЕНІМПАЗДЫҚТЫҢ КІЛТІ

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ МЕТОДОВ ПРЕПОДАВАНИЯ НА УРОКАХ ЛИТЕРАТУРЫ

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИГРОВЫХ МЕТОДОВ И ПРИЕМОВ ОБУЧЕНИЯ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ

ДИДАКТИЧЕСКАЯ ИГРА КАК СРЕДСТВО ФОРМИРОВАНИЯ ЛОГИЧЕСКИХ УНИВЕРСАЛЬНЫХ УЧЕБНЫХ ДЕЙСТВИЙ

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ БАСТАУЫ – ОТБАСЫНАН

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАНҰЯЛЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ МАҢЫЗЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕДЕГІ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

ӨЛЕҢІ ӨМІРШЕҢ АҚЫН - МАРАТ ОТАРАЛИЕВ

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

ӨШПЕСІН ҰСТАЗ ЕСІМІ

ОҚУ ҮШІН БАҒАЛАУДА ТИІМДІ СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

ДЫБЫСТАР ӘЛЕМІ НЕСІМЕН ҰНАЙДЫ? ДЫБЫС

КЕСТЕДЕН ТЫС КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ

АТЫРАУ, ТЫ В МОЕМ СЕРДЦЕ!

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

КӘСІБИ ӨСУ. КУРСТАН КЕЙІНГІ ОЙЛАР

лаконично. С целью привлечения детей в игру может создаваться ситуация ожидания, загадочности. Успех проведения дидактической игры тесным образом связан с организацией самой игры. В игре, которая содержит несколько правил, целесообразно выделять составные части и реализовывать ее поэтапно. В большинство игр целесообразно включать элементы соревнования, поскольку это значительно повышает активность детей в процессе обучения.

Литература:


  1. Асмолов А.Г., Бурменская, Г.В., Володарская И.А. «Как проектировать универсальные учебные действия в начальной школе. От действия к мысли: пособие для учителя» М.: Просвещение, 2011.

  2. Петрова Л.Н. «Формирование универсальных учебных действий у учащихся начальных классов» . - М.: Просвещение, 2012.



41



????Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы ????


ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ БАСТАУЫ ОТБАСЫНАН

Қарамурзин А.Қ.


«Өрлеу»БАҰО»АҚфилиалы

АтырауоблысыбойыншаПҚБАИбасқармабасшысы
Еліміздің Тұңғыш президенті Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап бергені баршаға мәлім. Халқымыздың тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі отбасы құндылықтары. Тіпті біздің рухани құндылықтарымыздың негізі де осы отбасылық дәстүрімізде жатыр десек те қателеспейміз.

Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағида қай дәуірде болсын өзгерген емес, өзгермек те емес. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында да «Отбасы және бала институтын қолдау» туралы бағыттарға баса мән беру керектігін атап көрсетті.

Елімізде тәуелсіздік жылдарында отбасы құндылықтарын нығайту бағытында көптеген істер атқарылды. Елбасымыз Н.Назарбаевтың бәсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы, саналы да білімді ұрпақ қалыптастыруға бағытталған сындарлы саясатының нәтижесінде ана мен баланы қолдау бойынша бағдарламалық құжаттар қабылданып, мемлекеттік деңгейдегі отбасылық саясатта тұтастай жүйе қалыптасты. Көп балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау бағытында мемлекеттік жәрдемақы түрлерінің әр жыл сайын артып, өсіп келе жатқаны да белгілі. Бұл мақсаттарға бюджеттен жылма жыл қаржы қарастырылып және жыл сайын 15% артып келеді. Әрине отбасылық саясаттан бөлек отбасылық құндылықтардың да мәні зор. Ол халқымыздың тарихымен бірге қайнап, пісіп шыққан отбасылық дәстүрлер, отбасы мәдениеті мен этикасы. «Әке–асқар тау, ана– мөлдір бұлақ, бала–жағасындағы құрақ» деген
даналық сөз ұлттық тәрбиенің отбасылық өмірде атқарар рөлін айқындап тұрғандай. Қазақтың тарихында киелі отбасының қасиетті ұрпақтары туралы, олардың ел өміріндегі алатын орны, сіңірген еңбегі, қалдырған рухани байлығы, үлгі боларлық тірліктері, өнегелі өмірлері туралы мысалдар көп. Уақытында бізге бай, феодал ретінде оқытылған Құнанбайдың өзі тегін адам болмағандығын еліміз егемендікке жеткенде ғана білдік. Кішкене артық сөйлеп кетіп «Мен сізден оздым әке, мені бүкіл қазақ таниды» деген Абайға,

«Е, Абай, сен менен оздым деуің үшін әуелі мен құсап өзің сияқты ұл тудырып ал» деген сөзі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын өнегелі сөз емес пе? Өкінішке қарай, қазіргі қазақ қоғамында отбасы құндылықтары құлдырауға ұшырап бара жатқаны ащы да болса ақиқат. Қазіргі уақытта өмірге келген біздің балаларымыздың кіндігін кімге кестіру керек, бұрын жерге ғана көмілетін сол кіндік қайда, қай жерде қалып жатыр? Басқасын айтпағанда ұлдарымыздың сүндет тойын, мұсылмандыққа қадам басу сәтін қай жер болса, сол жерде, арақ-шарап араластырып, ысырапшылдықпен өткізуіміздің өзі ата дәстүрмен қалай қабысады? Өкініштісі, той өткізу бәсекеге айналып, ойсыз даңғазалыққа ұласып бара жатырғандай. Сол қыруар шығынның үйленген жастардың бақытына емес, бақталастығына айналып, ақыры жақсылыққа апармай жатқандығын да сезінеміз. Соның нәтижесінде әкесіз тәрбиеленген ұл мен қыздың жарымжан тағдырына жалпы қоғам болып жауапты екенімізді ұғынуымыз керек.

Бүгінгі қыз–ертеңгі ана. Баланың тағдыры анаға тікелей байланысты. Соңғы кезде жаңа ғана туған баласын сәбилер үйінің алдында қалдырыпты, күл қоқысқа тастап кетіпті деген хабарларды жиі естиміз, көңіл құлазиды. Өзі туған сәбиін керексіз бір зат сияқты лақтырып кету үшін қандай адам болу
керек? Баласын тастап кеткен әйелді де, сондай жағдайға душар


42




еткен еркекті де жақтаудан аулақпыз. Статистикаға сүйенсек, бүгінде балалар үйіндегі сәбилердің 10% жуығы ата-аналары құқығынан бас тартқандар, 6% тастанды балалар екен. Ал 47% ата-ана құқығынан айырылғандар. Яғни, балалар үйіндегі бар баланың 63% әке- шешесі тірі деген сөз. Бұл адам тауқыметі ғана емес, нағыз қоғам тауқыметі деп айтуға болады.

Бір абыз ақсақалдың «дінімізден айырылып, тілімізді ұмытып, ұлт ретінде жойылып бара жатқанда бізді аман алып қалған қазақы кең пейіліміз бен ақ дастарқанымыз» деген ұлағатты сөзі бар. Түсінген адамға астары терең, мазмұны мәнді сөз. Аталған дәстүрлер–ол біздің өткеніміз, ғасырлар бойғы ұлт бойына дарытып, көсегемізді көгертіп, жапырағымызды жайқалтқан жалғыз күш. Жасы 80-ге таяған, өзін 12 перзенттің анасымын деп таныстырған бір әже:«Қарақтарым! Тәуелсіздік бізге тәңірдің берген үлкен бақыты. Біз, шалымыз екеуміз, осы тәуелсіздікке қалай үлес қоссақ екен деп көп ойланамыз. Үлкен кәсіпкер емеспіз қаржылай қоса салатын, үлкен қызметкер емеспіз, жай ғана зейнеткерміз. Бірақ тереңінен ойласақ біздің әлі де қосатын еңбегіміз көп екен. Біріншіден, біз балаларымызға дұрыс тәрбие беруіміз керек екен. Әр үйдің баласы тәрбиелі болса, қоғам тәрбиелі болады. Екіншіден, өз үйімізді таза ұстауымыз керек екен. Әр үйдің іші, есігінің алды таза болса, ауылымыз, еліміз таза болады. Үшіншіден, өз көршімізбен тату тұруымыз керек екен. Әр көрші тату болса, еліміз ынтымақта болады. Әрбір отбасы осы үш қағиданы дұрыс ұстанса біздің тәуелсіздігіміз баянды, мемлекетіміз мықты болары сөзсіз», деген еді. Бұл қарапайым ғана, ауылдағы «Батыр ананың» сөзі. Мағынасына бойлап қарасақ, Ұлы сөз. Осыдан артық айту да
мүмкін емес сияқты. Әр бала атаның қанымен, ананың сүтімен келетін туабітті қасиеттер сияқты ұлттық рухани құндылықтарды да ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық. Ендеше ұлттық тәрбие – ұлт болып ұйысудың, ел болып ертеңге нық қадам басудың негізі болмақ.

Әр жылдардағы мемлекетіміздің мәртебелі мерекесі–тәуелсіздік күні тарихи табыстарымызды елеп-екшегенде отбасылық дәстүрді орнықтырудағы іргелі істерді айрықша атап көрсетіп келеміз. Тәуелсіздік жылдарында Елбасы Н.Назарбаевтың бәсекеге қабілетті ұлт, әл-аухаты артқан отбасы, білімді ұрпақ қалыптастыруға бағытталған саясаты отбасылық саясатты жетілдіруге осы бағытта тұтастай жүйенің құрылуына жол ашты. Осылардың қатарында Отбасы күнінің белгіленуін, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының өткізілуін және басқа да көптеген шараларды айтуға болады. Бұл игілікті істер нәтижесінде әрбір босағасы берік отбасы еліміздің болашағының берік негізі ретінде орнықтырылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2013 жылдан бері мерекеленіп келе жатқан Отбасы күні осы мақсаттан туындаған игілікті қадамдардың бірі болып табылады. Жылма-жыл Отбасы күні отандастарымыз асыға күтетін, ізгілікті іс-шараларына шынайы ықыласпен, ыждағаттылықпен қатысатын жалпыхалықтық жарқын мерекеге айналды. Еліміздің мерекелер күнтізбесіне бұл күннің енуі сан ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық құндылықтардың жандануына, дәстүрлердің жаңғыруына, ұрпақ тәрбиесіне жаңаша дем беріп, өнегелі әулеттердің өрісін кеңейтуге ықпал етті. Яғни, бұл мерекені отбасылық құндылықтарды құрметтеудің, іргесі берік жарасымды