Файл: Fi'li'aly Atyray' oblysy boi'yns'a pedagogi'kalyq qyzmetkerlerdin'.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 144

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ИНИЦИАТИВЫ ПРЕЗИДЕНТА ПРИВЕДУТ К ПОЗИТИВНЫМ ПЕРЕМЕНАМ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

????Жаңаша оқыту-жаңаша көзқарас ????

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ТИІМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС - ІЗДЕНІМПАЗДЫҚТЫҢ КІЛТІ

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ МЕТОДОВ ПРЕПОДАВАНИЯ НА УРОКАХ ЛИТЕРАТУРЫ

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИГРОВЫХ МЕТОДОВ И ПРИЕМОВ ОБУЧЕНИЯ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ

ДИДАКТИЧЕСКАЯ ИГРА КАК СРЕДСТВО ФОРМИРОВАНИЯ ЛОГИЧЕСКИХ УНИВЕРСАЛЬНЫХ УЧЕБНЫХ ДЕЙСТВИЙ

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ БАСТАУЫ – ОТБАСЫНАН

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАНҰЯЛЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ МАҢЫЗЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕДЕГІ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

ӨЛЕҢІ ӨМІРШЕҢ АҚЫН - МАРАТ ОТАРАЛИЕВ

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

ӨШПЕСІН ҰСТАЗ ЕСІМІ

ОҚУ ҮШІН БАҒАЛАУДА ТИІМДІ СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

ДЫБЫСТАР ӘЛЕМІ НЕСІМЕН ҰНАЙДЫ? ДЫБЫС

КЕСТЕДЕН ТЫС КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ

АТЫРАУ, ТЫ В МОЕМ СЕРДЦЕ!

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

КӘСІБИ ӨСУ. КУРСТАН КЕЙІНГІ ОЙЛАР

отбасы қалыптастыруды насихаттаудың, жол көрсетудің шуақты күні ретінде қабылдап келеміз. Отбасы беделін арттыру бағытында жүзеге асырылып жатқан іс шаралардың қатарында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының орны ерекше. Ұлттық конкурс биыл 6 рет өткізілді. Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан конкурстың биылғы жеңімпазы– атыраулық, индерлік Тілекқабыловтар отбасы. Бұл байқаулар соншалықты көп уақыт болмаса да, отбасы тәрбиесінде өзіндік қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін мерзім. Осының бәрі отбасы – адам баласының өмірге жолдама алатын кәусар бастауы, арқа сүйер алтын діңгегі екенін, Қазақстан қоғамында отбасының мәртебелік мәні қашанда терең екенін көрсетеді. Бәрімізге белгілі баланың алғашқы тәрбие алатын орны–отбасы. Отбасында баланың мінез құлқы, әдет дағдысы қалыптасады.

43




Жазушы-педагог Жүсіпбек Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға жақсы мінез болсын, әйтеуір іспен көрсету керек», - дейді. Осы бір ұлағатты ой астарында баланың алғашқы көретін ортасы-отбасында ата-анадан талап етілетін тағылым жүгі жатыр. Ұрпақ тәрбиесі тағылымды болсын десе, жұмысты ең алдымен, ата-анамен, яғни, отбасынан бастағаны, жүргізгені жөн. Бұл қазіргі замандағы ең басты қажеттілік. Әрине, отбасында бала ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленеді. Алайда, қазіргі таңда ата-ана әр түрлі, олардың ұрпақ тәрбиесіне деген көзқарасы да сан алуан.

Осыған орай, ана мен балаға қамқорлық жасау, отбасын қолдау, ұлттық құндылықтарды сақтау ісіне мемлекеттік органдар ғана емес, еліміздегі үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық ұйымдар қатысуының саны да, сапасы да
арта түсуде. Осылайша «Саламатты отбасы»,

«Мүмкіндіктері шектеулі әйелдердің денсаулығын сақтау», «Ана мен бала», «Отбасының қолынан бәрі келеді» шаралар өтіп келеді. Соңғы жылдары өмірдегі отбасындағы әке рөлі тақырыбын жандандыру қолға алынды. «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің бастамасы бойынша «Әкелер ізі» конкурсы өткізіліп, болашақта отбасы тірегі ел қорғаны болар ұландарды тәрбиелеу мәселесіне назар аударылды. Осы жұмыстардың нәтижесінде отбасылық рухани адамгершілік ахуалға бәрі керемет деген үзілді-кесілді баға бере алмаймыз. Өйткені бүгінгі әлеуметтік ортада бүкіл ел болып, қолға алатын мәселелер бар екендігі шындық. Соның ішінде соңғы кездері отбасы тәрбиесі бұзылып, балаларға, әйелдерге зорлық-зомбылық жасау сияқты жан түршігерлік оқиғалардың орын алуы қоғамды қатты алаңдатып отыр. Осыған орай президентіміз Қ. Тоқаев биылғы жолдауында «Зорлық- зомбылықтан зардап шеккен балалармен олардың отбасын қорғау жөнінде толыққанды бағдарлама» жасауды тапсырды. Мұндай қылмыстардың алдын алуға қатысты заң талаптарын қатаңдату, педофильдерге қатал жаза қолдану шаралары күшейтілуде. Десек те бұл дертпен күресуде ең бастысы ошақтың үш тұғырындай «отбасы-қоғам-мемлекет» болып бірлесіп күш біріктіру, осы арқылы ымырасыз күрес жүргізу қажет екені түсінікті.

Қазақ отбасында ұл бала мен қыз баланың тәрбиесі екі түрлі. Ұл бала мейірімді, ізетті болғанымен, керек жерінде ержүрек, батыл болуын талап еткен. Сол бағытта тәрбие берген. Ал қыз баланың тәрбиесі мүлдем бөлек. «Қыз жат жұрттық» екенін ертеден есте ұстаған қазақ қыздарын ерекше құрметтеген. Үй ішінде күнделікті айтылатын ұлағатты өсиеттері мен ақылы, отбасы өмірінің ерекше рухани бір байлығы. Осындай отбасында өскен балалар бақытты, олардың өмірден алатыны да, өмірге беретіні де көп болады. Адамның ең асыл
қасиеттерінің бірі-оның жұртқа ұнамды мінез-құлқы. Ол қасиет отбасында қалыптасады. Баланы тәрбиелеуге ата-ана жеткілікті мән бермесе, бұл істің нәтижесіз болары күмәнсіз. Абай былай дейді: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады. Біріншісі-ата-анадан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі-құрбысынан. Солардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады». Сондықтан жұмыс қаншалықты қауырт болса да, қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де ата-ана бала тәрбиесін ұмытпауы тиіс. Бала жақсы әдетті болса да, жаман әдетті болса да ең алдымен жанұяда алады.

Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым, һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық. Ата- бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті

44




ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. Сондықтан баланың болашағына толғанар ер, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ.

Адам азса, тәрбиенің жоқтығынан азады, қоғам азса адамдардың тәрбиесіздігінен азады. Балаға дұрыс тәрбие беру қоғамның болашақ
дамуының кепілі. Сондықтан қоғам және мемлекет қайраткері Ә.Кекілбаев «Ұрпағына ие бола алмаған жұрт ұлттықтан айрылады» деп айтқанындай баланың тәрбиесін мектепке тапсырып қоймай, ата-ана, бүкіл қоғам, ақпарат құралдары болып атсалысу ортақ парыз.


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАНҰЯЛЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСТЫҢ МАҢЫЗЫ

Әлім Г. Ә.


«Өрлеу»БАҰО»АҚфилиалы

АтырауоблысыбойыншаПҚБАИдиректорының

оқу-әдістемелікжұмыстарыжөніндегіорынбасары
Жанұя ересектерге бала тәрбиелеу арқылы ғана ықпал етпейді. Жанұяда әртүрлі ұрпақ өкілдерінің ара қатынасы үлкен роль атқарады. Жанұя кішкентай әлеуметтік топ болғандықтан, өзінің мүшелеріне ықпалын тигізеді. Олардың әрқайсысы жеке ерекшеліктерімен өздерінің жүріс тұрыстарымен жанұя өміріне әсер етеді. Бұл кішкентай топтың жекелеген мүшелері, оның басқа мүшелерінің рухани құндылықтарының қалыптастыруына және бүкіл өмірлік қағидаларымен мақсаттарының қалыптасуына ықпал ете алады.

Жанұя тұлғаның дамуында үлкен маңызы зор. Оған туысқан, жақын адамдардан тұратын кішкентай топтың өміріне араласа алмайтын бала яғни жанұясы жоқ бала көп нәрсені жоғалтады, әсіресе бұл жанұядан тыс балалар үйінде немесе сол сияқты жерлерде тәрбиеленіп жатқан кішкентай балаларда қатты байқалады. Бұл балаларда тұлғалық даму жанұяда тәрбиеленіп жатқан балаларға қарағанда өзгеше болады. Бұл балалардың ақыл- есімен әлеуметтік дамуы кешігіп жатады, ал эмоциялық дамуы тежеліп қалады. Ересек адаммен де дәл осындай жағдай болады. Жекелеген қатынастардың аз болуы жалғыздықтың болмысы болып келеді. Ал бұл көптеген теріс құбылыстардың көзіне айналып тұлғаның күйреуіне әкеліп соғады.

Көптеген адамдардың жүріс тұрыстарына басқа адамдардың қатынасы әсер ететіні белгілі. Көптеген адамдар басқа адамдардың көзінше өздерін жеке қалған кездегіден өзгеше ұстайды. Егер адам достық қатынасты сезетін болса. Ол адамда осындай әрекеттерге деген