Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі оркыт Ата атындаы ызылорда университеті Гуманитарлы педагогикалы институты Педагогика жне оыту дістемесі кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 138

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Білім беру жүйесіндегі әлемдік дамудың негізгі үрдістері

12 жылдық жалпы орта білімнің мақсаты

12 жылдық жалпы орта білімнің міндеттері

Тұлғаны әлеуметтендіру

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

12 жылдық орта білімнің құрылымы

Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.

Негізгі орта білім беру білім беру бағдарламаларының аяқталуын және осы деңгейге тән түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндетті базалық деңгей болып табылады.

6.2.4.1 Проблемаларды шешу құзыреттілігінің аспектілері:

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

6.2.4.3 Коммуникативтік құзыреттіліктің аспектілері

Мазмұндық ерекшелігі: маңызды дағды мен қабілетті қалыптастыру және соған сәйкес пәндер:

ТАЛДАУ

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

3. Оқытудың ұжымдық және топтық тәсілдерін қолдана отырып баспа беттеріне жарыққа шыққан сабақ жоспарларына талдау жасаңыз.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары

Курстық жұмыстар тақырыптары

8. Қазақ тілі сабақтарында өздігінен жұмыс жасаудың жолдары



Әлі де болса мектептерде оқу-тәрбие ұрдісінде ою-өрнектің өздік Дәстүрлі, әсерлі кұші ұмытылып пайдаланылмай келеді. Сондықтан да, сәндік-қолданбалы өнерін пайдалануда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда қол өнер туындылыры мен ою-өрнек туралы анықтамасынан бастап, тарихынан толық мәліметтер береміз. Болашақ мұғалімдер іс-тәжірибесінде өздігінше кең ауқымда қолданулары ұшін, ою-өрнек тарихына тоқталамыз.

Қазақтардың ою-өрнегі персиялықтар ою-өрнегі тәрізді тегіс етіп салынып, боялады. Қазақ ою-өрнегі мұлде ерте заманнан келе жатқан өнер. Қазіргі кезде оны былайша классификациялауға болады; жануарлар кескінді ою-өрнек, аспан әлемінің денелеріне қатысты ою-өрнек, өсімдіктерден құрастырылған ою-өрнек, геометриялық ою-өрнек, жәндіктер іспетті ою-өрнек, құстар пішінді ою-өрнек, көркем өнер каллиграфиясы, техникалы-полиграфиялық каллиграфия, компьютерлік каллиграфиялар, қағаз пластика, тірі мозайка, қиял–ғажайып ою-өрнектері. Сәндік–қолданбалы өнеріндегі ою-өрнек өнерінің белгілі бір заңдылықта, тәртіпте т.б. көрнек жанрында кеңінен қолданылып келгені бізге ғылыми еңбектерден мәлім. Ою-өрнектерді классификациялауда жануарлар кескінді оюдың бірінші аталуы, қазақ халқының төрт тұлік малдың ішінен қойды ең төзімді, қай жағынан болсын; кисе киімі, жесе тағамы болғандықтан болуы керек.

Ертеден қазақтар бар байлығын жануарлар кескінді ою-өрнекте көрсете білген. Ал бау–бақшамен айналысқан орыс халықтары өздерінің ою- өрнектерінің негізін еңбегінің нәтижесі ретінде, бақша өсімдіктерін стилизациялап, байлығын көрсеткен. Өзбек халқы мақта, граната гұлдерін негізге ала отырып, өз байлығын, мәдениетін т.б, ою-өрнекте көрсете білген.

Барлық ою-өрнектердің өзара классификациялауда атаулары бір болғанымен, әр халықтың таңдауымен, оның ерекшелігімен салт–дәстұрімен санаспауға болмайды.

Жоғарыда аталып кеткен ою-өрнектер тұрмыстық заттар мен бұйымдарды әшекейлеп–сәндеуде; кілем–кілше, киіздер, текеметтер, тұс киіздер, сырмақтар, кілемдер, алашалар, баулар, басқұрлар т.б., қолданылады. Мысалы; ағаш ою жанрында; сандықтар, асадалдар, ер – тұрмандар, т.б. Киім-кешек жанырында; сәукеле, тақиялар, қалпақтар, көйлектер, камзолдар, шапандар, кимешектер т.б. Кестелеу жанрында;бас киімдер, жең, жаға, комзол т.б. пайдаланылған. Бейнелеу өнерінің тұрі сәулет ғимараттарын әсемдеуде; мазарларды; [Қозы–Көрпеш, Баян-сұлу; Бабаджа-қатын; Айша-бибі т.б.],мешіттерді; [Арыстан-баб, Қожахмет-Яссауи т.б.]; ұй құрылыстарын; [Баба-ата, Тараз, Сықанақ т. б.] құлпы тастарды; [Қарағаш, Қамысбай, Қойтас т. б.] моншаларды; [Отырар, Тараз т.б.] дәлел бола алады.


Демек ою-өрнекті тудырушы көшпелі өмір салты мен сол көшпелілердің дұниетанымының ұлттық сәндік-қолданбалы өнері тұрлеріндегі тіршілік пен көрнек жанрларындағы; тұрмыстық заттар мен бұйымдар. Сәулет өнерінде адам ойын бейнелі тұрде жеткізуде, наным- сенімді білдіруде төрт тұлік малды–жанды қастерлеудегі көріністері. Кей жағдайда төрт дөңгелекке бөлінетін сегіз қырлы безекті бұйымдар болған. Оның әр бір дөңгелегінде қандай да болса бір хайуанаттың суреті болуы қажет. Мұндай сурет қолда болса, адам сол хайуанатқа қожа болады дегенге сенген. Геометриялық ою-өрнектер немесе төрт бұрышты болып келеді. Оның тұсі ұш тұрлі, төрт тұрлі және одан да көп болып отырады. “Өсімдікті өрнектер Иран өнерінің әсерімен туған өрнектер” делінген. Ою-өрнек шығармашылығы еңбек іс-әрекеті процесінде, адамзаттың өзін қоршаған тығыз қарым-қатынаста пайда болған.

Оюдың мәндік белгісі өрнек семантикасы – ол қолданбалы ертедегі дәстұр куәсі, жартылай ұмытылып қалған аңыздардың жеке дара бейнелері мен халық сенімінің қызықты тұрі болып табылады.

Ұ.Әбдіқапбарова қазақтың ұлттық ою-өрнегі өнерінің педагогикалық классификациясын жасады. Оны екі топқа бөлді. Бірінші топқа бейнесінің ұқсастығына байланысты яғни, өнердегі атаулары өмірдегі бейнелеріне сай келетін ою-өрнектерді жатқызады. Мысалы, қошқар мұйіз, тұмар, гұл т. б. [ Бұл топтың өзін іштей, төмендегідей жіктелеуі;

Жан-жануар; аң, құс тектес, Аспан әлеміне байланысты.

  1. Өсімдік, жер, су бейнелі.

  2. Тұрмыстық заттарға қатысты.

  3. Аралас ою-өрнектер ұнемі қозғалыста, даму ұстінде болуы себепті кейбір өрнек элементтері бір-бірімен қосылып кетіп, өзгеше бір өрнек жасайды.

Әрине мұндай өрнектерді бірінші топқа жатқызуы, оның қағидасына бағынуды қажет етеді.

Екінші топқа өнерде бейнеленген зат, құбылыс тұрі табиғи атына сәйкес емес, әр тұрлі себептерге байланысты аталған ою-өрнектерді жатқызады. Мысалы, терме, шалма, бұқар теру, сыңар ою, бастырма т.б. Бұл топтың өзінде іштей, жасалу ерекшелігіне, іс-тәсіліне қатысты; территория, ұлт, ру, атымен байланысты; ру, ен, таңбаларына қатысты; затқа, бұйымға орналасуына байланысты; салыну жағдайына қатысты ою-өрнектер.

Ұ.Әбдіқапбарованың айтуынша ою-өрнектерді осылайша топтауы біріншіден ою-өрнектерді [1-топ] бала ес білгеннен бастап салыстырмалы тұрғыда тез қабылдайды. Олардың атауларының мәнін, мазмұнын терең меңгереді, ертедегі қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, дұниетанымымен, салт-дәстұрімен, әдет-ғұрпымен, табиғатымен танысады. Халықтың тапқырлығына, даналылығына, білімдарлығына, эстетикалық талғамының тазалығының жоғары екендігіне көздерін жеткізеді. Нәтижесінде дұние, өмір, қоғам, төл мәдениеті жөніндегі тұсініктер ұлғаяды, ақыл-ойы, танымдық қабілеті, эстетикалық тұсініктері, адамгершіліктік қасиеттері, еңбекке деген қатынасы артады, тұған жеріне, табиғатқа, халық өнеріне аялы көзқарастары қалыптасады делінген.

Негізгі әдебиет:

1. Ростовцев Н.Н. Методика преподавания изобразительного искусства в школе. Учебник для Магистрантов худ-граф.фак.пед.инст. 2-е изд. Доп., перераб.- М.:Просвещение, 1980. 104-108 с.

2. Шпикалова Т.Я. Изобразительное искусство в 1,2,3 классе. –М.,1981?

3. Ибрагимов Ұ., Болатбаев К.К. Бейнелеу өнері 1-4 сынып.- Алматы:Ата мұра,1999.

4. Құдабаева К.І. Суретшілер туындысын қабылдау. – Қарағанды; 1994.
Қосымша әдебиет

1. Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортық. – Алматы,1977.-96 б.

2. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қол өнері. – Алматы, 1987. б. 128


Лекция 15. Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі

15.1.Бастауышта дүниетануды оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты, міндеті.

15.2.Бастауыш сыныптардағы дүниетану пәнінің оқыту қағидалары, білімдік, дамыту және тәрбиелік міндеттері.

15.3.Дүниетану пәнінен негізгі түсініктерді қалыптастыру әдістемесі.

Пәнді оқыту мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дұниетану пәнін оқытуға және табиғатты қорғау іс-әрекетін ұйымдастыруға қажетті білім, іскерлік және дағдымен қаруландыру.

Пәнді оқыту міндеттері: магистранттардың тірі және өлі табиғаттың өзара байланысын тұсінуде және дұниеге біртұтас көзқарасын қалыптастыру, адамның табиғаттағы орнын тұсінуге көмектесу. Экологиялық білім беру, экологиялық мәдениет пен ойлау стилін тәрбиелеу. Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесін меңгерту.

Магистрант міндеті: курстың тақырыбы бойынша өзіндік жұмыс орындау (реферат, баяндама, сабақ фрагменті, оқу бағдарламасы мен оқулықтарды талдау).

«Дұниетану» пәні – Айналамен танысу (1-2 сынып), Табиғаттану (3-4 сынып) пәндерін алмастырған мектептің бастауыш сатысындағы жаңа пән және ол «Адам», «Қоғам», «Табиғат» деп аталатын ұш ірі дидактикалық блоктан тұрады. Адам алғаш рет әлеуметтік тұлға ретінде жеке оқылып, адамның сезім мұшелерінің қызметі мен маңызы, тілдің әлеуметтік ерекше рөлі, ойлау, бақылау, тыңдау, оқу және ойға тоқу, басқаға айту, тәжірибе, дұниені зерделеу әдістері қарастырылады. Бұл ұғымдарды меңгеруден алған білім, біліктері оқушының өзін-өзі тануына көмектеседі. Осыдан айналадағы дұниені зерделеп білуге мұмкіндік бар екендігіне сенімі артады.

Адамның айналадағы дұниемен қарым-қатынасы (2 сынып) Адам –табиғат перзенті (3 сынып), Адам – қоғам перзенті (4 сынып) тақырыптарын зерделеу барысында оқушы өзін-өзі танып білуден біртіндеп адамның дұниедегі алатын орын мен рөлін тұсінуге негіз салады.

Адам туралы бөлім «Табиғат», «Қоғам» дидактикалық бірліктерімен тығыз байланысып, ұндағы адамның басты құралы – еңбек деген идея пән мазмұнының өзекті арқауы боп тартылады. Адам – нақты дұниенің ұш саласында басты тұлға – кейіпкер болып, бұкіл мазмұнды интеграциялаушы фактор рөлін атқарады.

Дұниетану мазмұнындағы табиғат, ққоғам, адам еңбегі туралы материалдар жұйелілік ұстаным бойынша құрылған. Бұл білімнің дұниетанымдық, тәрбиелілік мұмкіндігі толық пайдаланылады және оқушының бастауыш сатыдан соң басталатын ғылым негіздерін қиналмай зерделеуіне қажетті теориялық ұғымдар жұйесінің тыңғылықты меңгерілуін қамтамасыз етеді.


Бұгінде дұниетану сабақтарында экологиялық апат қаупінің алдын алу, жедел табиғатты қорғау жұмыстарын жұргізу ісіне оқушыларды баулу көкейкесті мәселе болып отыр. Экологиялық тәрбие істері бастауына экология туралы білімдер, қажетті ақпараттарды қабылдау, балқылау, тұсіну жатады. Педагогтың тікелей парызына-жергілікті материалдар мен экология туралы жалпы мәліметтер беріліп, табиғатқа көмек көрсету қажеттігін тұсіндіру жатады. Экологиялық тәрбие істері негізі – табиғатты қорғау ниеттерін тәрбие жұзінде жұзеге асыру. Бұл істің адам өмірінің бастауы – жер, су, ауа, аң, өсімдік. Аймақ қажеттігі мен жергілікті табиғат жағдайы тәрбие істерінің бағытын, тұрін, оны ұйымдастыру мен іске асыру формалары мен мазмұнын анықтайды (жасыл патрульдер, орман достары, аңдар мен құстар қорғаушылар тобы).

3. Дұниені танып білудің логикалық әдіс-тәсілдері (талдау, салыстыру, синтез т.б.), зерлелеудің ғылыми әдістері мен тәсілдері (бақылау, тәжірибе, картамен, сұлбамен жұмыс, әр тұрлә аспаптар көмегімен өлшеу, бағдарлау, шартты белгілерді қолдану, сызбамен, кестемен жұмыс т.б.) дербес мазмұн ретінде оқытылып, оларды бұкіл оқу материалын зерделеуге берілетін уақыттың 20-30 пайызына жуығын алатын лабораториялық, сарамандық, қоғамдық-пайдалы жұмыстарда, топсаяхаттарда іс жұзінде қолданып, бекіту көзделеді.

Оқушыларға өздігінен жұмыс істеуге баулу олардың білімге деген ынтасын арттырып, өз бетінше еңбектенуге, еңбек сұйгіштікке, алған білімдерін іс жұзінде пайдалана білуге, оқыған материалын тиянақты меңгеруге жәрдемседі, олардың логиалық ойлау қабілетін жетілдіреді.

Айналамен таныстыру сабағында, табиғатқа саяхат кезінде бақылау жұргізу және оны қорытындылауда оқушыларға өздігінен жұмыс істеуге тапсырма беріледі. Ол ұшін тақырыпқа сәйкес сөйлем құрау, жұмбақтар құрау тапсырмасы беріледі. Табиғатқа саяхат барысында көргендерін өздігінен айтқызудың да маңызы бар. Ол ұшін бақылау сұрақтарын пайдаланған тиімді. Ауа райын бақылап, маңайдағы өсімдіктерден қандай өзгеріс байқағандарын айтқызған да өздігінен жұмыс істеу дағдысын артыра тұседі. өздігінен бақылау, қорытынды жасау арқылы оқушыларды табиғатты сұюге, оны қорғауға ұйретуге болады. Бастауыш сыныптарда өздігінен жұмысқа ұйрету оқушының сабаққа қызығушылығын және зейінін арттырып, іскерлігі мен ойлау қабілетін дамытуға мұмкіндік алынады.
Негізгі әдебиет: