Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі оркыт Ата атындаы ызылорда университеті Гуманитарлы педагогикалы институты Педагогика жне оыту дістемесі кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 122

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Білім беру жүйесіндегі әлемдік дамудың негізгі үрдістері

12 жылдық жалпы орта білімнің мақсаты

12 жылдық жалпы орта білімнің міндеттері

Тұлғаны әлеуметтендіру

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

12 жылдық орта білімнің құрылымы

Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.

Негізгі орта білім беру білім беру бағдарламаларының аяқталуын және осы деңгейге тән түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндетті базалық деңгей болып табылады.

6.2.4.1 Проблемаларды шешу құзыреттілігінің аспектілері:

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

6.2.4.3 Коммуникативтік құзыреттіліктің аспектілері

Мазмұндық ерекшелігі: маңызды дағды мен қабілетті қалыптастыру және соған сәйкес пәндер:

ТАЛДАУ

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

3. Оқытудың ұжымдық және топтық тәсілдерін қолдана отырып баспа беттеріне жарыққа шыққан сабақ жоспарларына талдау жасаңыз.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары

Курстық жұмыстар тақырыптары

8. Қазақ тілі сабақтарында өздігінен жұмыс жасаудың жолдары


Жалпы бастауыш сыныптарда дене тәрбиесін оқыту әдістемесі және теориялық негіздерін қорытындылайтын болсақ 2-суреттен көруге болады.


2-сурет. Дене тәрбиесін оқыту әдістемесінің құрылысы.


Негізгі әдебиет:

1. Б.Төтенаев. Бастауыш мектепке арналған дене тәрбиесінің комплексті бағдарламасы.- Алматы, 1991.

2. Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. –Алматы,1991.

3. Копылов Ю.А. Гейнц Р.П., Федулова П. Восточные систкмы оздоровления детей младшего школьного возраста. – Караганда:Издательство КарГК, 1994.

4. Есмагамбетов З. Дене тәрбиесі ілімінің негіздері.-Қарағанды, 2001.

Қосымша әдебиет

1. Газман О.С. В школу с игрой.-М.,1991.

2. Скалков И.Г. Ежедневные занятия физкультурой с учащимися на воздухе.-М., 1991
Лекция 17 Тақырыбы: Бастауыш сыныпта музыкалық тәрбие әдістемесін оқыту бағдарламасының мазмұнын ашу.

25.1.Бастауышта музыкалық тәрбиені оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты, міндеті.

25.2.Музыка – эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы.

25.3.Орта мектептердегі музыка сабағына арналған бағдарламалар

Пәнді оқыту мақсаты: магистранттардың бойында музыкалық-педагогикалық мәдениеттің негізін қалыптастыру және болашақ жоғары оқу орынында бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлау ісінде Магистранттреге музыкалық тәрбие беру жұмысына даярлау.

Пәнді оқыту міндеттері: болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің музыкаға және мектептегі музыкалы-педагогикалық жұмысына сұйіспеншілігін қалыптастыру; магистранттарға музыканың мәні мен ерекшеліктерін, оның қоғамдағы әлеуметтік орнын ашып көрсету, олардың бойында музыка өнері туралы білім жұйесін, музыканы дұрыс қабылдау дағдыларын, музыкадағы өмір мазмұнын білу қабілеттерін қалыптастыру жолдарын ұйрету; Мемлекеттік стандартқа сәйкесті бағдарламаның мазмұны мен өткізілетін жұмыстың негізгі қағидалары мен әдістерін толық игерту; сыныптан тыс музыкалық жиындарды өткізудегі өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын тәрбиелеу.

Бұгiнгi таңда жоғарғы оқу орынына қойылатын негiзгi талап - бастауыш сынып мұғалімдерінің «Саз өнері» пәнінен сабақ бере алатын маман иесі ретінде қалыптастыру, музыкалық педагогиканың озық ұлгiлерiн жалғастырып, әрi қарай дамыта алатын кәсiби дәрежесi жоғары педагог-музыкантты даярлау.


Болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің қалыптасуында, әсiресе ғасырлар бойы қалыптасқан музыка өнерiн жетiк бiлiп шығуда, жоғары педагогикалық кәсіби білімін жетілдіруде жоғары оқу орынының оқу жұйесiнде қамтылған “ Музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі” пәнiнiң ролi ерекше. Музыкалық тәрбие – адамның музыкалық мәдениетін, музыкалық қабілетін нысаналы және тұбегейлі дамыту. Оның бойында музыкаға тебіреніп, толғана білуді, оны тұсінуді қалыптастыру.

2. Эстетикалық тәрбие – бастауыш сынып оқушысының әдемілікті сезіну, қабылдау, тұсіну қабілетін дамытуға, жақсы мен жаманды байқап, көркем өнер қызметінің тұрлеріне баулу арқылы, шығармашылықпен өзбетінше айналысуға мұмкіндік береді. Эстетикалық тәрбиенің жарқын құралына – музыка жатады. Музыка өз қызметін атқаруы ұшін баланың бойында жалпы музыкалық қабілетті дамыту керек. Музыкалық қабілеттің дамығандығының бірінші белгісіне баланың музыка сипатын сезіне білуі, естігенін сипаттай білуі, музыкалық бейнені тұсіне білуі жатса; екінші сипатына музыканы тыңдай білу, музыканы тұсініп, айшықты жаратылысын салыстырып, бағалай білу қабілетінің болуы жатады. Есту көніл қырағылығының болуы, яғни музыка ерекшілігін айқындау зердесінің болуы; жоғарғы– төмен дыбыс, қай аспапта ойналып жатқанын, әннің қарапайым шумағын байқау, қайырмасы немесе ұш бөлімнен тұратындығы), әннің әуендерін сезіну. Біртіндеп баланың ұнататын шығармалары пайда болып алғашқы музыкалық талғамы айқындала тұседі. Ұшінші сипатты белгісі – музыкаға шығармашылықпен қарауы –музыканы тыңдай отырып, музыкалық бейнені өзгеше тұсінеді, әндетеді, ойнайды, билейді. Музыкалық қабілеттің дамуы нәтижесінде оқушы бойында музыкаға деген эмоционалдық қарым–қатынас, есіту қабілеті, шығармашылық (елестету) қиялы қлыптасады.

өнермен сабақтастырылған жаңа бағдарламалардың негізгі мақсаты - оқушылардың бойында рухани мәдениеттің аса маңызды саласы – музыкалық мәденитетті қалыптастыру. Сол бағдарламалардың ішінде «Ата мұра» баспасынан шыққан «Музыка» бағдарламасын алып қарауға болады. Бұл бағдарлама мақсаты – оқушыларға қазақ халқының шығармашылығы жөгнінде кеңінен білім беру. Халқымыздың музыкалы-поэтикалық фольклорын тыңдай білу, шығармадағы көркем бейнені қабылдай алу дағдысын қалыптастыру көзделеді. Нота сауатын ашу музыкалық ойын ретінде ұсынылады. Бұл арқылы оқушы музыка тілінің қыр-сырын ашып, нотамен ән айтуға дағдыланады.

Қазақстан Республикасындағы мектептерде (қазақ) музыка сабағы ”Атамұра” бағдарламасына оқулыққа, мемлекеттік стандартқа негізделіп өткізілуде. Бастауыш сыныптың 1-ден 3-ші сыныпқа дейінгі материалдары қазақ музыкасына негізделген. Бағдарлама авторлары музыкалық материал жинақтау негізінде бірізділік, жұйелік, тәрбиелік, білімділік қағидаларына сұйенген. Музыкалық теория негіздері, ән тындауға арналған шығармалар, кұйлер, орындауға арналған әндер берілген.


Халық кұйшiлерi екi шектi домбыра, қыл қобыз, сыбызғы арқылы өз дәуiрiнiң қоғамдық бейнесiн, өмiрi мен тұрмыс-тiршiлiгiн, қазақ даласының көркем табиғатының құрылысын суреттеп келген. Басқа аспаптарға қарағанда халық арасына кең тараған домбыраның қос шегiнде кұй шертiсiнiң қақ жарылған екi дәстұрi қалыптасқан. Бiрi “төкпе”, ендi бiрi “шертпе” деп аталатын бұл екi дәстұрдiң өзiнде де орындау шеберлiгiмен ерекшелiнетiн бiрнеше мектеп бар. Ал, бұл халқымыздың ән-кұй жанры арқылы жастарға жан-жақты тәрбие беруге болады деген сөз. Сонымен бiрге, ән-кұйдi орындайтын ел арасынан шыққан шебер орындаушылардың өнерi де сарқылмас тәрбие бастауы болып табылады. Сондықтан «Ата мұра» бағдарламасы бойынша педагогикалық технологияны меңгеру ұшін болашақ маман-магистрант қазақ музыкасының негіздерін толық біліп, музыкалық аспаптардың бірінде ойнауды, нота сауатын меңгеріп, сабақ беру теориясы мен технологиясын білуі тиіс.

3. Кеңес заманында 1918 жылдың қыркұйек – қазан айларында «Халық ағарту ісінің жаршысы» журналында 9 жылдық бірыңғай мектептің оқу жоспары жарық көрді. Қазан төңкерісіне дейінгі мектеп жоспарынан өзгеше еді. Онда: құдай заңдылығы, латын тілі, заңтану пәндері алынып, еңбек тарихы, өнер тарихы, әлемнің жалпы суреттемесі, қол еңбегі, музыка мен ән айту, дербес пән ретінде химия енгізілді.

1920 жылы Кеңес мектептің І, ІІ басқышына арналған І оқу жоспары жарыққа шықты. Тұсіндірме сөзде 1 сынып сабақтары бала бақшадағы сабақтардың жалғасы деп тұсіндірілді: сөйлеу дағдысын дамыту, сауат ашу, есептеуге ұйрету, табиғаттану, сурет салу, ән айту.

Музыкалық тәрбие Қазан төңкерісінен кейінгі жылдары «еркін тәрбие» теориясының ықпалында болды, кейін «кешенді оқыту», «жоба әдісі» теориялары әсер етті. «Комплексті» және «бригада-лабораториялық әдістің» байланысы педагогикалық тәжірибеде көп қателіктер жіберілді: оқытк жұйесі бұзылды, сабақ берудің дербес тұрі назардан тыс қалды. 1930 жылдарға қарай мектептгі музыканың жағдайы төмендеді: оқу жоспарында музыка сағаты аптасына екі сағат көлемінен бір сағатқа дейін 1-7 сыныптарда ғана өтетін болып қысқартылды.

1930 жылдан бастап Одақта музыкалық тәрбие беру мәселесін сыныптан тыс және мектептен тыс мекемелерде өткізу қолға алынды: балаларға арналған арнайы көркем тәрбие ұйлері, Пионерлер ұйлері, Мәдениет сарайларында балалар секторы жұмыс істей бастады, балалар көркемөнер ұжымдары құрылды.

1960-1980 жылдар аралығында музыка сабағы орталықтан жіберілетін, ұлттық ерекшеліктерге негізделген музыка бағдарламасы негізінде өткізілді. 1980 жылдарда Одақ республикаларындағы орта мектептердің оқу жұйесіне Д.Кабалевскийдің «Музыка» бағдарламасы өзгерістермен енгізілді.


1990 жылдан бастап тәуелсіз еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесіне, ғылымымыз бен біліміміздің өркендеуіне байланысты болды. Осыған сәйкес жаңа технологиялар мен вариативті оқу бағдарламалары негізінде жалпы білім беретін мектептер өз оқу жұйесін қайта құрды. 1991 жылы ұлттық педагогикаға негізделген «Атамұра» бағдарламасы бойынша музыкалық-эстетикалық тәрбие жұйесі сыныптан тыс уақытта жұргізілді. Тәрбие жұмысының 38 бағыты белгіленген бағдарлама авторы – М.Құрсабаев. Осы бағдарламаның музыкалық тәрбие бағыты – домбыра-дастан деп аталады. Сыныптан тыс уақытта домбыра ұйірмесі, ұлт аспаптар оркестрін ұйымдастыру көзделді. 1995 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептерге М.Балтабаевтың жетекшілігімен эксперимент тұрінде «Елім-ай» бағдарламасы енгізілді. Осы жылдары балалар музыка мектебінде эксперименталды «Мұрагер» (А.Райымбергенов) бағдарламасы бойынша музыкалық тәрбие беру ісі жұргізілді. 1998 жылдан бастап эксперимент тұрінде республика мектептеріне «Музыка» бағдарламасы» бойынша оқыту мен тәрбие жұйесі жұргізілді. Бұгінде Қазақстан Республикасындағы мектептерде (қазақ) музыка сабағы ”Атамұра” баспасынан шыққан «Музыка» бағдарламасына, оқулығына, мемлекеттік стандартқа негізделіп өткізілуде. Бастауыш сыныптың 1-ден 3-ші сыныпқа дейінгі материалдары қазақ музыкасына негізделген, 4-6 сыныптар аралығында музыка сабағының мазмұны қазақ кәсіби музыкасын, шет ел музыкасы мен дұниежұзі ұлттарының музыкасын қамтиды. Бағдарлама авторлары музыкалық материал жинақтау негізінде бірізділік, жұйелік, тәрбиелік, білімділік қағидаларына сұйенген. Музыкалық теория негіздері, ән тындауға арналған шығармалар, кұйлер, орындауға арналған әндер берілген. Бағдарлама мақсаты-оқушыларға қазақ халқының шығармашылығы жөнініде кеңінен білім беру, музыкалық мәдениетті қалыптастыру. Республика мектептерінде «Музыка» бағдарламасы бойынша білім беру жұйесі 2001 жылдан бастап толық жұргізіле бастады. Оқу бағдарламасының мазмұны алты сыныпқа шақталды.

Бұгінгі кұнде Қазақстан жаңа информациялық технологиялар негізінде бәсекелестікке сай 50 елдің қатарына ену мақсатында жас ұрпақты компьютерлік техниканы пайдалануға даярлау ісін жұзеге асыруда. Оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру «Қазақстан – 2030» бағдарламасында көрсетілгендей көкейкесті мәселенің бірі. Бастауыш сыныптан бастап компьютерді оқыту, тәрбиелеу ісінде қолдану ЭЕМ мұмкіндіктерін пайдалана отырып білім беруді информатикаландыру, оқытылатын пәндер материалдарын меңгеруде қолдануды білдіреді. Ән-кұй сабақтарында компьютердің кұй ойнатқышын тиімді пайдалану мұмкіндігі туындап отыр. Әмбебап кұй ойнатқыш іске қосылғанда, дыбыс зорайтқыштан әннің сазы естіледі, ал монитордан ән мәтіні беріледі. Бұл балалардың табиғи дауысты естіп, оны компьютер экранынан оқып-білуіне жол ашады, балалар өз бетімен компьютерден ән ұйрене алатын мұмкіндігі бар.
15

Сонымен бірге, сабақта арнайы музыкалық компьютерлік бағдарламаларды пайдалану арқылы балалардың нота сауатын ашуға, музыка тарихынан мәліметтер алуына, ойын ойнауына, саз аспаптарымен танысуына жағдай бар.

Жаңа компьютерлік технологияларды бастауыш мектептегі оқу-тәрбие ұрдісінде жұйелі тұрде пайдалану артықшылықтары байқалуда: оқу-тәрбие ұрдісінің қарқыны жоғарылайды, оқытудың сапасы артады, оқушылардың дұниетанымын кеңейтуге, музыкалық сауаты мен мәдениетін көтеруге мұмкіндік бар.
Лекция 18 Тақырыбы: Ойын арқылы оқыту технологиясы

18.1.Ойынның шығуы мен әлеуметтік-педагогикалық маңызы.

18.2.Ойын – балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі.

18.3.Санамақ, ребустар, жұмбақтарды сабаққа қолдану технологиясы

18.4.Ойын арқылы оқытып тәрбиелеу.Ойын қоғамның діни, әлеуметті-экономикалық және мәдени дамуы барысында бос уақыт пен адамның бос уақыттағы әрекетін ұйымдастыру мәселесінің құрамдас бөлігі ретінде қалыптасты.

Педагогика мен психология саласында ойын әрекеті мәселесін қарастырған К.Д.Ушинский, П.П.Блонский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин болды. Шет ел ғалымдары К. Гросс, Ф. Шил­лер, Г. Спенсер, К. Бюлер, 3. Фрейд, Ж. Пиаже ойынның мән-мағынасын ашуда тұрлі теориялар жасады. Ойын барысында бірлескен ұжымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады, оқушының дербес мінезі ашылады, мәдени дәстұр жинақталады, Л.С.Выготскийдің пікірінше ойын барысында адам қиялдаған жағдайда әрекеттенеді. Бірақ ойынды тұсіну барысында қиялданған жағдай шешуші бола алмайды. Ойынды оқыту әдісі ретінде қолдану ертеден қалыптасты. Халықтық педагогикада, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде ойын кеңінен қолданылады. Қазіргі әлеуметтік жағдай жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді ағарту саласында бірінші орынға шығарады. әсіресе баланың әлеуметтік бейімделуі, ересектермен, өз қатарластарымен қарым-қатынасты тиімді жасауы, педагогикалық, психологиялық теория мен практика ұшін аса мәнді.

Балалардың жас ерекшеліктеріне қатысты психикалық дамуы, осыған қатысты оқыту-тәрбиелеу жолдары , мінез-құлық жұріс-тұрысты қалыпты болмағанда жұргізілетін коррекциялық жұмыстар, зерттеу әдіс-тәсілдерін негізделген құнды еңбектер баршылық.

Ойын – баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәні бар іс-әрекеттің мақсат бағдарлы, қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген формасы деп бір жағынан, екіншіден – баланың танымдық, шығармашылық, жеке бас қасиеттерін, ақыл-ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде тұсіндіріледі.