Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі оркыт Ата атындаы ызылорда университеті Гуманитарлы педагогикалы институты Педагогика жне оыту дістемесі кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 131

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Білім беру жүйесіндегі әлемдік дамудың негізгі үрдістері

12 жылдық жалпы орта білімнің мақсаты

12 жылдық жалпы орта білімнің міндеттері

Тұлғаны әлеуметтендіру

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

12 жылдық орта білімнің құрылымы

Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.

Негізгі орта білім беру білім беру бағдарламаларының аяқталуын және осы деңгейге тән түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндетті базалық деңгей болып табылады.

6.2.4.1 Проблемаларды шешу құзыреттілігінің аспектілері:

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

6.2.4.3 Коммуникативтік құзыреттіліктің аспектілері

Мазмұндық ерекшелігі: маңызды дағды мен қабілетті қалыптастыру және соған сәйкес пәндер:

ТАЛДАУ

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

3. Оқытудың ұжымдық және топтық тәсілдерін қолдана отырып баспа беттеріне жарыққа шыққан сабақ жоспарларына талдау жасаңыз.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары

Курстық жұмыстар тақырыптары

8. Қазақ тілі сабақтарында өздігінен жұмыс жасаудың жолдары


1. Білім туралы заң. – Алматы,1992

2. Жалпы білім беретін мектеп бағдарламасы. Бастауыш сыныптар (1-4 сынып).- Алматы,1997.

3. Ишмухамедова Н.Б. Изучение курса «Познание мира» с основами экологии.-Алматы: Агу им.Абая, 2000.

4. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподавания природоведения. – М.,2001.

5. Захлебный А.Н.,Суравегина И.Т. Экологгическое образование школьников во внеклассной работе. –М.,1984.

6. Окружающая среда и человек (метод.рекомендации) –Алматы,1983.

7. Экология и здоровье детей /отв.ред. З.Х.Мажитова. –Алматы, 1996.

8. Экологическое образование в школе. – М.,1994.

Қосымша әдебиеттер:

1. Асқарбаева А., Аймағанбетова Қ. Айналамен таныстыру. – Алматы,1994

2. Аймағамбетова К.А. Жунучсова К.Ж. и др. Методичесоке руковожсвто к учебнику«Познание мира».- Алматы, 1998.

3. Ишухамедова Н.Б. Методика проведения занятий по курсу «Ознакомление с окружающим миром» Учебное пособие для Магистрантов факультетов ПМНО.-Алматы, 1996.

4. Сорокумова Е.А. Уроки экологии в начальной школе. Пособие для учителя .- М.,1994.

Лекция 16 Тақырыбы: Бастауыш сыныпта дене тәрбиесін оқыту әдістемесі

16.1.Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі пәні ғылым ретінде.

16.2. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту бағдарламаларына шолу.

16.3.Сабақ – мектептегі дене тәрбиесінің негізгі түрі.

16.4.Бастауыш мектепте дене тәрбиесінен сабақ өткізуге болашақ мұғалімдердіңдаярлығы.
Пәнді оқыту мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дене тәрбиесін пәнін оқытуға, магистранттардың эстетикалық талғамын бейнелеу өнері арқылы көтеріп, сабақ өткізу іс-әрекетін ұйымдастыруға қажетті білім, іскерлік және дағдымен қаруландыру.

теориясынан адам денесін жетілдіру және дене тәрбиесінен сабақ беруді оқыту әдістемесінің пәні бойынша қажетті білім, білік, дағдылармен қаруландыру.

Пәнді оқыту міндеттері: дене тәрбиесі сабағын жұргізуде мұғалімнің қолданатын жұмысының мазмұны, формасы мен әдіс-тәсілдерімен Магистрантді таныстыру, педагогикалық басшылықтың негізі неде екендігін білу, сабақ өткізу, және факультативті ұйірме сабағының әдістемесімен таныстыру, дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын ұстанудың негіздерімен байланыстыра білуді ұйрету.


Дене тәрбиесі әдістемесі денені тәрбиелеу ғамалиясының жалпы заңдылықтарын басқару жөніндегі ғылым. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі ғылыми салалардың жұмысына сұйене отырып, дене тәрбиесіндегі жалпы заңдылықтарды зерттеуші әрі тұжырымдаушы ғылыми пән ретінде қаралады. Дене тәрбиесінің ілімі қазіргі замандағы дене тәрбиесінің қозғалыс жұйесін қамтып көрсетеді. Оның жекелеген заңдылықтарын талдап, қорытындылап, дене тәрбиесі ғамалиясының әдістемесін жетілдірудің негізін құрайды.

Дене тәрбиесінің пәні бірнеше тараулар мен бөлімдерден тұрады:

1. Дене тәрбиесінің жалпы әдістемелік және ілімдік негіздері. Бұл салада дене тәрбиесі ілімінің және әдістемесінің негізгі жағдайларын анықтайды.

2. Дене тәрбиесінің басты бағыттағы ілім мен әдістемесі. Бұл тарауда жалпы дене тәрбиесі мен арнаулы тәрбиесінің дайындығы қаралып оның жалпы бағыттағы ерекшеліктерін анықтайды.

3. Әр жастағы адамдардың дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі, негізгі бағыттағы арнаулы ғылыми мамандардың дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі пәні болып есептеледі.

Дене тәрбиесі ұғымы жалпы тәрбиелеу білім беру мәселелерін щещеді және өзін-өзі тәрбиелеу жұмысын жұзеге асырады. Дене тәрбиесінің ерекше белгілері: дағдылы қимыл-қозғалыстарыдың қалыптасуы мен бұлшық ет сапаларының дамуы – адамды қимыл-қозғалысқа ұйретіп, дененің сапалыққасиеттерін жетілдіретін педагогикалық жұйе. Адамды дене тәрбиесімен тәрбиелеуде негізгі жұмысты ұш бағытқа бөлуге болады: жалпы дене дайындығы, спорттық дайындық және кәсіптік қолданбалы дайындық.Жалпы дене дайындығының негізгі бағыты денсаулықты кұшейтіп, мұмкіндігінше дағдылы қозғалыстарға ие болып, алдағы уақытта арнайы дайындыққа негіз болатын керекті қозғалыс сапаларын дамыту.

Жалпы дене дайындығының мақсатын іске асыруда көптеген дене тәрбиесінің құралдарықолданылады: дене жаттығулары, табиғаттың сыртқы кұштері мен гигиеналық факторлар. Жалпы дене дайындығы дене тәрбиесінің барлық кезеңдерінде жұргізіледі, әсіресе мектептегі дене тәрбиесі мен бұқаралық және жекеленген дайындықтарда дене тәрбиесінің жаттығулары тұрінде қолданылады. Жалпы дене дайындығы – дене тәрбиесінің мамандандырылған тұрі, мазмұны, бағытталған жұмысын ұлкен табыстарға жеткізу жолындағы алғашқы бастамасы болып табылады.

Бастауыш сыныптағы дене тәрбиесінің міндеті: денсаулықты бекіту, дененің дұрыс дамуы мен шыңдалуына ықпал ету; бағдарлама көлемінде белгіленген білім көлемін меңгеру; өмірге қажетті қимыл-қозғалыстарды орындауға қажет дағды мен ептілікті меңгеруі, әрі ойында, гимнастикада, спортта қажет болатын қимыл-қозғаластарды меңгеру; жас шамасына қарай жылдамдық, ептілік, кұш, шыдамдылық, төзімділік, икемділік қабілеттерін дамыту; ұйде, көпшілік жерде, мектепте, көшеде қажет жеке және бұқаралық тазалық сақтау дағдысын қалыптастыру; дене мәдениеті мен спортпен айналысу дағдысын тәрбиелеу.


Дене тәрбиесі жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарына сай, бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты жетілдіріп, денсаулықғын нығайтып, оларды өмірде белсенді болуға Отанын қорғауға дайындайды. Бастауыш сыныптарда жұргізілетін дене тәрбиесі сабағының алдына қоятын міндеттері:

- оқушылардың денсаулықтарын нығайтып, денесін шынықтыру;

- жаттығулар мен ойындар туралы тұсінік алып, олармен шұғылдану ұшін керекті гигиеналық талаптарды білу;

- негізгі қимылдарды жасау техникасының дұрыс негізін қалап, оқушылардың жалпы икемділігін арттыру;

- қимыл сапаларын жетілдіріп, дене бітімін дұрыс қалыптастыру;

- өз денелерін дұрыс ұста, жаттығуларды тез, әдемі, тиімді жасауға ұйрету:

- жаттығуларды ынталанып жасауға, спорт тұрлеріне әуесқойлығын арттыру:

Бұл міндеттерге жетуге және дене тәрбиесі жұйесінің барлық тұрлері қолданылады. Олардың ең негізгісі дене шынықтыру сабақтары, денсаулық сақтау мен шынықтыру шаралары (сабаққа дейінгі гимнастика, сергіту кезеңдері, ұзілістерде жұргізілетін жаттығулар мен ойындар) және сабақтан тыс уақытта жұргізілетін спорт жаттығулары мен жас ерекшеліктеріне сай ГТО комплексінің тұрлері жұргізіледі. Қимыл сапаларын жетілдіру ұшін ұйге берілген тапсырмалар да осы уақытта қайталанады. Төменгі сынып оқушылары мектепте жұргізілетін әр тұрлі ұйірмелерге де өз талғамы бойынша қатысады.

2. Бастауыш мектепте дене тәрбиесі мазмұнына қысқаша тоқталатын болсақ:

I. Дене шынықтыру сабақтары-гимнастика

  1. Сапқа тұру.

  2. Жалпы бұлшық ет топтарын дамытатын жаттығулар.

  3. Өрмелеу.

  4. Тепе-теңдікті сақтау.

  5. Акробатикалық жаттығулар.

  6. Би жаттығулары.

  7. Мұсінді дұрыс қалыптастыруға арналған жаттығулар.

  8. Қолдың кұшімен денені ұстау.

  9. Қолды тіреп тұрып, денені ұстау.

II. Жеңіл атлетика

1. Жұру мен жұгіру.

  1. Секіру.

  2. Лақтыру

III. Спорт жаттығулары

  1. сырғанау.

  2. Шана.

  3. шаңғы.

  4. қазақша кұрес.

  5. жұзу.

IY. Ойындар

1.Баскетбол.

2. футбол.

3. Хоккей.

4.Қазан доп.

Y. Денсаулық сақтау және шынықтыру шаралары.

1. сабаққа дейінгі гимнастика.

2. жалпы білім беретін сабақтардың ұстінде өткізілетін сергіту мезгілдері.

3. Ұзілістерде жұргізілетін жаттығулар мен ойындар.

4. сабақтан тыс уақытта жасайтын жаттығулар мен ойындар.

YI Оқушылардың білімі мен икемділігіне қойылатын талаптар.

Бастауыш мектепте дене тәрбиесі сабақтары өзінің шешетін мақсаттарына қарай төрт типке бөлінеді:


1). Ұйрету сабақтары – алғашқы қимыл қозғалыс жаттығуларын айтып тұсіндіруден көрсетіп, оқушылардың жаттығуларды өз бетінше алғашқы орындауға бағытталған жұмыстарынан тұрады.

2). Қайталау және жетілдіру - өткен сабақ тапсырмаларын қайталау немесе кезекті қайталау сабағының тапсырмаларын жетілдіру.

3). Аралас сабақ – жаңа тапсырманы ұйретіп, сабақтың екінші жартысында өткен тапсырмаларды қайталау немесе жетілдіру.

4). Бақылау сабағы - өткен сабақтар тапсырмасы бойынша әр тоқсанның аяғында немесе сабақтың дайындық тұрлерінен жоспарлы уақыттары біткен кезде өтіледі. Мысалы, шаңғы дайындығында соңғы 1-2 сабақта 3-5 шақырым қашықтықты уақытқа өту.
4. Бастауыш мектепте дене тәрбиесінен сабақ өткізуге болашақ мұғалімдердің

даярлығы.

Сабақтың ойдағыдай өтуі, бастауыш мектеп мұғалімінің жақсы даярлығына байланысты. Даярлық төмендегілей іс-әрекеттермен анықталады.

  1. сабақтың міндетін анықтау. Дене тәрбиесі әдістемесінде барлық сабақтар бағытына байланысты білім беру, сауықтыру және тәрбиелеу деп ұш топқа бөлінеді:

а). білім беру мақсатының міндеттері – оқушылардың білімін шыңдай тұсу, жаттығуларды ептілікпен және дағдымен орындату, оларды өмірде қолдана алуға ұйрету;

ә). сауықтыру міндеттері – дене тәрбиесі жаттығуларының сабақ кезінде организмге сауықтыру әсерін тигізуіне тиімді жағдай жасау.

б). Тәрбиелеу міндеттері – оқушылардың адамгершіліктік қасиеттеріне дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен әсер ету. Осы міндеттерді басшылыққа ала отырып, әр сабаққа жеке міндеттер қойыады. Мысалы, төменгі старттың әдісін ұйрету; ұзындыққа секірудің әдісін жетілдіру; дене қуаты қасиеті – жылдамдықты дамыту.

2. Қоылған міндеттерді орындау жолдарын таңдау.

3. әдістемелік-ұйымдастыру шараларын белгілеу. Мұнда мұғалім оқушылардың әрекеттерін тиімді ұйымдастыру тұрлері мен әдістерін таңдайды. Олардың тұратын, отыратын орындарын, қозғалыс жолдарын анықтайды, дене шынықтыру құрал жабдықтардын жинау жолдарын көрсетеді.

4. Қимыл-қозғалыс дайындығы. Мұғалім бастауыш мектеп бағдарламасында берілген барлық жаттығуларды көрсете алуы керек. Сондықтан да мұғалім сабақта ұйрететін жаттығуларды қайталап, өз мұмкіншілігін әрдайым тексеріп отыруы қажет.

5. Теориялық және сөйлеу даярлығы. Мұғалім өтілетін сабақты жақсы білумен қатар, шешен сөйлей алуы керек (әңгімені дұрыс жұргізу, баяндау, бұйрық беру, талдау жасау т.б.).

6 Сабақты материалдық жағынан қамтамасыз ету (керек құрал жабдықтарды дайындау т.б.).


7.Көмекші даярлау (кезекшілерді т. б.).

8. Сабақтан босатылған оқушылармен жұргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру шаралары. Оларға мұғалім жаттығулардың жеңіл тұрлерін орындауын аз мөлшерде беруі тиіс.

9. Мұғалім өзінің сыртқы тұріне, киім киісіне ұқыпты қарауы қажет.

10. бастауыш сынып оқушыларының сабақ кезіндегі қимыл-әрекеттерін ұйымдастыру Оқу-тәрбие ұрдісін басқару қызметін орындай отырып, мұғалім барлық оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына, ұйренуіне барлық жағдай жасауы керек. Осы мақсатпен әр тұрлі оқу –тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері қолданылады. Олар – топтық, даралық, шеңберлі, фронталдық әдістер болып бөлінеді.

1. Фронталды әдіс кезінде жаттығушылардың бәрі бір тапсырманы орындайды. Оқушыларды жаңа оқу материалдарымен таныстырғанда, сақтандыру мен көмекті керек етпейтін қарапайым жаттығуларды ұйренгенде, жақсы меңгерген қозғалысты жетілдіргенде осы әдіс қолданылады. Оқушыларға қимыл-әрекеттерді көп орындату, яғни сабақ тығыздығын жоғарылата алу мұмкіншілігі құндылығын арттырады.

Фронталды әдістің негізгі варианттары; жаттығушылардың тапсырманы бір уақытта орындауы, жаттығуларды кезектесіп орындауы, жаттығуларды толассыз орындауы және ауысымды орындауы. Бір уақытта орындау кезінде барлық жаттығушылар бір жаттығуды санақ бойынша, узыка сұйемелдеуімен орындайды. Дене тәрбиесі жаттығуларын кезектесіп орындауда екіден, ұштен өзара көмектесу, өзара сақтандыру, өзара бғалау арқылы орындайды.

Құрал-жабдықтар аз кезде бұл варианттармен жаттығулар жасау өте тиімді болып табылады. Жаттығуларды толассыз орындау кезінде алдыңғы оқушы жаттығуды аяқтамай, келесі оқушы жаттығуды бастап жібереді (мысалы, алдыға аунап тұсуді ұйренгендегі толассыз орындаулар). Ауысымды жолмен жаттықандабарлық оқушылар бірнеше ауысымға бөлініп (4-6 одан да көп оқушыдан) бір жаттығуды реттілікпен «толқын» тұрінде орындайды. Сабақ өткізу орнына, қолда бар құрал-жабдықтарға байланысты қолданылады.

  1. Кұрделі жаттығуларды тереңдете ұйренгенде топтық әдіс қолданылады. Бұл кезде барлық жаттығулар жынысына, дене қуаты дайындығы деңгейіне байланысты бірнеше ұсақ топтарға бөлінеді.Әр бір топ мұғалімнің бақылауымен әр тұрлі тапсырмалар орындайды. Сабақ кезінде топтардың тапсырмалары, жаттығу орындары ауысуымұмкін.

  2. Оқушылардың тапсырма алып, жеке өз бетімен дербес орындауын дара ұйымдастыру әдісі дейміз. Көбінесе жеке тапсырма дене қуаты дайындығына, денсаулығына байланысты беріледі.

  3. Шеңберлі әдіспен ұйымдастыру депжаттығушылар топтарға бөлініп, белгіленген тапсырманы бір «станциядан» келесі «станцияға» ретті ауыса (шеңбер бойынша) отырып орындауын айтамыз. Бұнда өткен материалдарды бекіту ұшін және дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу ұшін қолданылады.