Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі оркыт Ата атындаы ызылорда университеті Гуманитарлы педагогикалы институты Педагогика жне оыту дістемесі кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 137

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Білім беру жүйесіндегі әлемдік дамудың негізгі үрдістері

12 жылдық жалпы орта білімнің мақсаты

12 жылдық жалпы орта білімнің міндеттері

Тұлғаны әлеуметтендіру

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

12 жылдық орта білімнің құрылымы

Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.

Негізгі орта білім беру білім беру бағдарламаларының аяқталуын және осы деңгейге тән түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндетті базалық деңгей болып табылады.

6.2.4.1 Проблемаларды шешу құзыреттілігінің аспектілері:

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

6.2.4.3 Коммуникативтік құзыреттіліктің аспектілері

Мазмұндық ерекшелігі: маңызды дағды мен қабілетті қалыптастыру және соған сәйкес пәндер:

ТАЛДАУ

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

3. Оқытудың ұжымдық және топтық тәсілдерін қолдана отырып баспа беттеріне жарыққа шыққан сабақ жоспарларына талдау жасаңыз.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары

Курстық жұмыстар тақырыптары

8. Қазақ тілі сабақтарында өздігінен жұмыс жасаудың жолдары

“Педагогикалық технология” туралы түсінік

3.1.Дербес әдістемелік пәндерді оқыту теориясы және технологиясы.

3.2.Дәстүрлі педагогикалық технология ерекшелігі
Мақсаты: “Педагогикалық технология, теория туралы тұсінік қалыптастыру, дербес әдістемелік пәндерді оқыту теориясы және технологиясымен таныстыру.

Міндеттері:

а) технология, педагогикалық технология және теория ұғымдарына анықтама беру

б) дербес әдістемелік пәндердің мазмұнын ашып көрсету
Ғылыми технологиялық даму нәтижесінде, өмірге, білім саласына жаңа компьютерлік технологиялардың енуіне байланысты “технология” деген ұғым пайдаланылуда. ХХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап АҚШ пен Англияда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұгінгі кұнгі қолдланыста оны өндірістік және әлеуметтік технология деп пайдаланамыз. өндірістік технология – қайта өңдеу процесін білдіреді, әлеуметтік технология адам өмірі мен қызметіне байланысты болғандықтан мамандыққа оқыту процесі деп айта аламыз (классикалық ұлгісі).

Педагогикалық іс әрекет саласына “технология” деген сөзді енгізу индустриалдық технология идеясына негізделіп, оқытуда техникалық жабдықтарды пайдаланумен байланысты болды.

Технология – гректің techne – өнер, шеберлік, кәсіп және logos – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан, яғни шеберлік туралы ғылым немесе ілім деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық технологиялар білім беру саласына қатысты болғандықтан (білім берудің мақсаты – білім жұйелерін меңгеру), білімнің сапасы мен көлемін меңгерумен бағаланады.

Жалпы технология дегеніміз қандайда болсын істе, өнерде қолданылатын тәсілдердің жиынтығы. Технология-бұл өнер, шеберлік, ептілік, өңдеу тәсілдерінің жиынтығы, қалыпты өзгерту.( В.М.Шигель) Ал педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ой-пікірлер жиынтығынан сараптар болсақ, педагогикалық технология-оқытудың нәтижесін жоспарлы суреттеу (И.П.Волков); білім беру тұрлерін оңтайландыруды өзінің міндеті ретінде қарастыратын техникалық және адамдық қорларды есепке ала отырып, өзара бірлескен білімді меңгеру мен оқытудың барлық процесін анықтау, қолдану, құру тәсілдерінің жұйесі (ЮНЕСКО), педагогикалық мақсатқа жету ұшін қолданылатын барлық жеке тұлғалық, құралдық, әдістемелік тәсілдерінің жұйелі жиынтығы ретінде жұмыс істеу (М.В.Кларин).

Педагогикалық технология ұғымы педагогика ғылымында әр тұрлі тұсіндіріледі. В.П.Беспалько, В.С.Ильин, В.М.Монахов, Г.К.Селевко, В.Н.Бордовская мен А.А.Реан, Г.М.Құсайыновсынды ғалымдардың берген анықтамалары бар. / 1-МөЖ.


В.А.Сластенинның пікірінше педагогикалық технология – ғылыми жоспарлау және педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету. Педагогикалық процесс белгілі бір принциптердің жұйесі, педагогикалық технология да сол принциптердің сыртқы және ішкі іс-әрекеттердің жиынтығы ретінде қарастырылады, олардың объективтік өзара байланысындағы ұстаз тұлғасының тұтасымен көрінуі. Педагогикалық технология сабақ беру мен тәрбие жұмысының әдістемесінен осынысымен ерекшеленеді. әдістеме оқыту мен тәрбиелеу әдістерін жұзеге асырушы әрекетінен тыс тұтас комплексті қолдану процесі, ал педагогикалық технология ұстаз тұлғасының барлық жақтарымен көптеген көріністерінің қосындысы. Қандайда болмасын педагогикалық міндет тек қана оған сай кәсіби маман ұстаздың жұзеге асыратын технологиялар көмегімен шешіледі.

Педагогикалық технология туралы пікірлердің қарама-қарсылықтарына қарамастан оны сабақ беру мен ұстаздың жоспарлаған мақсаттары мен оқушылардың іс-әрекеттерінің жетістіктеріне жету процесі ретінде тұсіндіруге болады. Технология арқылы соңғы жетістікке жету жолын анықтап, бақылауға болады. Технология статусы алдын-ала жобалағаннан, өнімнің негізгі қасиеттері мен анықтау құралдары белгіленіп, мақсаттары бір қалыптасып жұзеге асырылатын қарапайым процеске беріледі.

Ғалымдар педагогикалық технология тұсінігін ұш тұрлі құбылыс ретінде қарастыруды ұсынады:

  • ғылыми,

  • іс жұргізу, суреттеу;

  • ықпалды іс жұргізу.

Педагогикалық технология оқытудың ұтымды жолдарын зерттейтін ғылым ретінде, оқуда қолданылатын тәсілдер жұйесі ретінде, оқытудың шынайы барысы ретінде қарастырылады.

Педагогикалық технологияның негізі болып психология, педагогика және әлеуметтану ғылымдарының жетістіктері, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе, халықтық педагогика, отандық және шетелдік педагогика тарихындағы жетістіктер мен озық ұлгілі тәжірибе саналады. Педагогикалық технология оқыту әдістемесінен кең ұғым.

Педагогикалық технология-оқыту мақсатына қалай жету керек деген сұраққа жауап береді. Технология-алдын ала жоспарланған жұйені жұйелі тұрде іске асыруға бағытталған іс-әрекеттер және оның нәтижелі көрсеткіші. Педагогикалық технологияның нақты шарттарын таңдау оны жоспарлау болып табылады. Педагогикалық технология тұлғаның жеке ерекшеліктерін зерттеуді және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін әрекетті, олардың дайындығының шарттарын таңдауды талап етеді.


Теория – таным процесінің нәтижесі. Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады. Теориялық білім белгілі бір педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және тұсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастар, тұсініктер, идеялар жиынтығы. Теория мазмұны пікірлер мен тұсініктер жиынтығынан тұрады. Теория көбінесе жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту мен қалыптастырудың қалыптасқан тәжірибесін шығармашылықпен қайта құрумен байланысты. Педагогикалық тәжірибені қорытындылап, жеке тұлғаның болашақта қалыптасуы мен дамуының жоспарын жасайды.

Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы тұрінде құралуының механизмі, Теория шынайы өмірде жоқ, бірақ теориялық әдіснамалық білімдерге сұйеніп жұзеге асыруға болатын нәрсені құрастыруға көмектеседі. Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле алатын көрсетеді. Кез-келген теорияның ақиқаттылығының белгісі – болмыстың практикалық өзгерісі.

Оқыту, тәрбиелеу мен дамыту теориялары педагогика ғылымының әдістерінің негізгі мазмұнын құрайды. Кез-ккелген мұндай теория зерттеу әдісі қызметін атқара алады, басқа теориялардың құрамды бөлігі бола алады. Теорияның негізін мына компоненттер құрайды: 1. фактологиялық материалдың бастапқы әмпирикалық негізі, ол теориялық тұсіндірмені талап етеді; 2. бастапқы теориялық негіз. Зерттеу объектісін суреттейтін алғашқы жорамалдар, аксиомалар, болжамдар, теориялық ыңғайлар; 3. теорияның логикасы мен құрылысы; 4. эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы; 5. педагогикалық теорины қалыптастырудың әдіснамалық негізі, дәріптелінген объект пен оның теориялық моделін суреттеумен байланысты.

Дербес педагогикалық пәндер тобын жеке немесе пәндік педагогика құрайды. Мұнда педагогикалық заңдар мен заңдылықтар, жеке пәнге қарасты танымдық әрекет әдістері, жеке ерекшеліктері бар сабақтың мазмұны қарастырылады.

Жоғары оқу орнында дербес әдістемелерді оқыту теориясы мен технологиясы педагогикалық технологияның құрамды бөлігі ретінде қарастырылады. Бастауыш мектепте дербес пәндерді оқыту әдістемесінің бағдарламасының мазмұны негізінен Дәстүрлі педагогикалық технологияға сұйенеді. Сонымен бірге, бастауыш мектептің оқыту ұрдісінде ойын технологиясы, топтық технология, білім берудегі тұлғаға бағыталған технология, дамыта және бағдарламалап оқыту технологиясы, компьютерлік (ақпараттық) технологиялар ұйлесе қолданылады. Бастауыш мектептің оқу пәндері ұлгісінде оқытудың жетілдірілген технологияларын пайдалану барысында оқушылардың оқу материалына қызығушылығын дамытуға, сабақта өткенді және бұрын өткен тақырыптарды қайталауға септігін тигізетін ұй тапсырмасын беру әдістерін, ұжымдық оқу іс-әрекетін, сана-сезіміне әсер ету тәсілдерін, іскерлік ойындарды, ойындық оқу іс-әрекетін, ауызша сұрау және жазбаша бақылау әдістерін де кеңінен қолдануға болады.


3. Оқытудың Дәстүрлі технологиясы. «Дәстүрлі оқыту» технологиясы оқытуды ұйымдастырудың сыныпты-сабақтық жұйесі болып табылады. XVII ғасырда дидактиканың негізгі қағидаларын Я.А.Коменский қалыптастырғаннан бері, дұние жұзі мектептерінің көпшілігінде осы жұйе қолданылып келеді.

Оқытудың сынып-сабақтық жұйесінің белгілері: оқушы, оқу кұні, сабақтар кестесі, оқу каникулдары, ұзілістер.

Дәстүрлі технологияның қағидаларын Я.А.Коменский құрастырған педагогика қағидалары құрайды: ғылымилық, бірізділік, жұйелілік, беріктілік, белсенділіктегі сапалылық, көрнекілік, теория мен практиканың байланыстылығы, жас аралық пен өзіндік ерекшеліктерді ескеру.

Оқыту – ұлкен ұрпақтың өсіп келе жатқан ұрпаққа білім, білік және дағдыларды, әлеуметтік тәжірибені алып беруі. Бұл тұтас процестің құрамын мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдар енеді. Дәстүрлі оқыту дегеніміз тұлғаны белгіленген қасиеттермен тәрбиелеу. Дәстүрлі оқыту көбіне білім, білік және дағдыларды меңгертуге бағытталған.

Дәстүрлі оқыту технологияларының әдістерін екі топқа жатқызуға болады:

  1. Иллюстративті- тұсіндіру әдістері (лекция, баяндау, әңгімелесу, тәжірибелерді көрсету, еңбек операциялары, экскурсиялар) – мұғалім тұсіндіреді, оқу материалын көрнекті тұрде көрсетеді.

Репродуктивтік әдіс: мұғалім білімді, іс-әрекет тәсілдерін, тапсырмаларды шешуде оқушы тәжірибесін ескере отырып тапсырма құрастырыдаы. Оқып ұйренуші оқу материалын белсенді еске тұсіреді (сұраққа жауап береді, есептер шығарады) білім көшірмелерін қалыптастырады.

Дәстүрлі сыныпты-сабақты технология ерекшелігі мынада: оқу жылына тұрақты құрамы бар, жас шамасы мен дайындық деңгейі бір оқушылар сыныпты құрайды;

Сынып жұмысы бірыңғай жылдық жоспар мен бағдарлама бойынша сабақ кестесіне сәйкес жұргізіледі. Оқушылар мектепке жылдың белгіленген мерзімінде, алдын-ала анықталған уақытта келеді; оқытудың негізгі бірлігі – сабақ.

Сабақ бір пәнге, тақырыпқа бағытталғандықтан оқушылар берілген материалмен жұмыс істейді, оларға жетекшілікті мұғалім жұргізедіы: оқушылардың білім алуы нәтижесін және білім алу деңгейін бағалайды, жыл соңында оқушыны жоғары сыныпқа көшіру туралы шешім қабылдайды;

Оқулықтар ұй жұмысы ұшін пайдаланылады.

Сыныпты-сабақ жұйеге қатысты терминдер – оқу жылы, оқу кұні, сабақ кестесі, оқу демласы кұндері, сабақтар арасындағы ұзілістер.

Дәстүрлі сабақ беру әдістемесінің ерекшелігі. Дәстүрлі технологияда сабақ беру әдістемесі авторитарлы педагогикалық талаптардан тұрады. Оқудың бала ішкі дұниетанымымен байланысы өте нашар, жеке тұлғалық қабілеттерінің ашылуына, шығармашылық тұрғыдан көрінуіне жағдай жасалынбайды.


Оқытудың авторитарлығы мынадан көрінеді: әрекеттің шектеулігі, оқыту ұрдісінің еріксіздігі, бақылаудың орталықтығы, орташа оқушыға бағыттылығы, оқушы оқыту әсерінің тәуелді объектісі, оқушы «міндетті», қалыптасып болмаған тұлға.

Мұғалім – басшы, төреші, оқытатын аға ұрпақ. Білімді меңгеру әдістерінің негізі-дайын білімді хабарлау, белгіленген ұлгі бойынша оқыту, жекеден көпше деген индуктивті логикаға негізделуі, құрғақ жаттау, белгілі тұрде айту мен көрсету.

Дәстүрлі оқытуда оқушының еңбектену сұранысының әлсіздігі, дербес қызметінің болмауы. Оқушының оқу әрекетінде өздігінен мақсат қою жоқ, оқыту мақсатын мұғалім қояды; әрекетті жоспарлау оқушының қалауынсыз жұргізіледі, баланың әрекетін талдау мен бағалау оқушының өзімен орындалмайды, оны мұғалім жасайды. Мұндай жағдайда оқу ұрдісі «таяқ астымен» жұргізілген еңбекке айналады.