Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі оркыт Ата атындаы ызылорда университеті Гуманитарлы педагогикалы институты Педагогика жне оыту дістемесі кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 134

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Білім беру жүйесіндегі әлемдік дамудың негізгі үрдістері

12 жылдық жалпы орта білімнің мақсаты

12 жылдық жалпы орта білімнің міндеттері

Тұлғаны әлеуметтендіру

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

12 жылдық орта білімнің құрылымы

Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.

Негізгі орта білім беру білім беру бағдарламаларының аяқталуын және осы деңгейге тән түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндетті базалық деңгей болып табылады.

6.2.4.1 Проблемаларды шешу құзыреттілігінің аспектілері:

6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері

6.2.4.3 Коммуникативтік құзыреттіліктің аспектілері

Мазмұндық ерекшелігі: маңызды дағды мен қабілетті қалыптастыру және соған сәйкес пәндер:

ТАЛДАУ

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

Негізгі әдебиеттер: 12,14,27

3. Оқытудың ұжымдық және топтық тәсілдерін қолдана отырып баспа беттеріне жарыққа шыққан сабақ жоспарларына талдау жасаңыз.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары

Курстық жұмыстар тақырыптары

8. Қазақ тілі сабақтарында өздігінен жұмыс жасаудың жолдары


Лекция 4. Тақырыбы: Бастауыш сыныпта оқытылатын пәндерді оқыту технологиясы

4.1.Оқытуды ұйымдастыру технологиясы туралы түсінік. Сабақтардың жіктемесі.

4.2.Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы мен мұғалімнің дайындығы.

4.3.Бастауыш сыныпта оқытылатын пәндерді оқыту технологиясының педагогикалық технологиялар арасындағы орны.
4.4.Дамыта оқыту технологиясының мазмұны.

Мақсаты: Оқытуды ұйымдастыру технологиясы, сабақ туралы тұсінік беру, сабақтың (лекция, семинар, лабораториялық сабақ) негізгі міндеттері мен талаптары, өткізу шарттарын тұсіндіру.

Міндеті: Сабақтың даму тарихына шолу, оқыту ұрдісін ұйымдастыру туралы тұсінік беру, әр тұрлі типті сабаққа мінездеме беріп, оның кезеңдерін ашу, Магистранттардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда оқытушының міндеті.

1. Білім беру жұйесіндегі жұргізіліп жатқан реформалау – қазіргі кұннің талабы. Реформалауды жұзеге асырудың жаңа бір сипаты, ол қазіргі уақыттағы оқыту мен тәрбие беру процесіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу болып отыр.

Оқу – тәрбие процессіндегі жаңа педагогикалық технология Дәстүрлі оқыту процесін мұлдем жоққа шығаруға болмай, керсінше, оны дәстұрден тыс әдіс-тәсілдермен, жаңа мақсат міндеттермен байыту болып табылуы керек.

Жаңа педагогикалық технология дегенді – тәжірибеде жұзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жұйенің жобасы деп тұсінетін болсақ, ол – педагогикалық жұйенің басты мақсаты: жан-жақты дамыған немесе өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру; осыған орай қытай даналығы “оқушы құйып толтыратын ыдыс емес, ол жағатын шамшырақ” деп пайымдауын еске тұсіруге болады. Оқытушы жұйелеп оқыту материалдарын пайдалану арқылы оқушыға алған білімін өз еркімен саналы тұрде, шығармашылық тұрғыда дамыта алатындай әсер етуі қажет.

Білім жұйесін реформалаудағы алға қойылған мақсат-міндеттерді орындау барысында бастауышта оқытудың маңыздылығы ескеріліп қарастырылуда. Оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. Оқыту технологиясы – оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту тұрі әдіспен амалдарға, құралдарға, оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады. Педагогикалық іс-әрекет бірбірімен өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің қарым-қатынасы. Оқытудың тұрі оқыту ұрдісінің құрылымы – мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас.


2. Оқытуды ұйымдастырудың тұрлері негізінен былай жіктеледі – оқушының саны мен құрамы, жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы. Осыған қарай оқытудың тұрі былай жіктеледі: жеке (бір оқушымен жұмыс); жеке жұптық (оқушы-оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, қазіргі жағдайда оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік ұрдісіндегі қызметімен айқындалады); жеке-топтық: топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады (оқытудың бұл тұрі орта ғасыр мектептерінде қолданылған); өзара бірлесіп оқыту (Англиядағы белланкастер жұйесі); саралап оқыту (оқушылардың қабілетіне қарай өткізідетін мангейм жұйесі); бригадалық оқыту, тапсырманы бригада алады, есеп беруші бригадир, американдық “Винетка-жоспар”, “Трампа- жоспар”; оқытудың микротоптық жұйесі (фронтальды, ұжымдық жұмыс). /№2МөЖ.

Сабақ жіктемесі дидактикалық мақсатқа, сабақ ұрдісінің негізгі кезеңдеріне қарай, дидактикалық міндеттеріне, оның сабақта шешілуіне орай, оқытудың әдіcтері мен оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру тәсілдеріне қатысты. Сабақ жіктемесінің әр тұрлілігі: дидактикалық пайым мен тұжырымдардың болуы, тәжірибеде тұрақталған сабақ тұрлерінің негізгі дидактикалық міндеттері мен оның кешендеріне байланысты: кіріспе сабақ, жаңа сабақты өту, білімді бекіту сабағы, жинақтау сабағы, есепті-бақылау, аралас сабақ, диспут, КВН сабақтары. Кіріспе сабақ оқушыларды тақырып, тарауларды оқуға дайындау міндетін атқарады. Жаңа сабақта оқушылар жаңа материалды меңгереді. Оқушылар сабақ барысында жаңа ұғымдарды білуі, әрекет тәсілдерін іріктеуі, өздігінен ізденіс әрекетін табуы қажет. Жаңа материалды игеруде дәріс, мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбат, ережелер, эвристикалық әңгіме, оқулықпен өзіндік жұмыс, эксперимент және оны өткізу, тәжірибелер сияқты оқыту тұрлері пайдаланылады. Сондықтан сабақ тұрлері де әр қилы болып келеді: дәріс-сабағы, семинар сабағы, кино сабағы, теориялық және тәжірибелік сабақтар, өзіндік сабақтар. Жаңа сабақты меңгеру ұрдісіне қоса бұрынғы игерілген білімді тәртіптеу, бекіту жұмысы жұргізіледі. Мұндай сабақта өткен материалды бекіту, қайталау, білімді, дағдыны қабілетті дамыту тәсілдері қолданылады.

Қорыту мен пысықтау сабақтарында оқушылардың теориялық білім деңгейлерін, пән курсында игерілген материалды оқушының біліктілігі, икемі мен қабілеттілігі тексеріледі.


Аралас сабақ. Бұл сабақтың белгісі ұй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты тұсіндіру. Сабақтың негізгі элементтері – оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, оқушылардың біліктілігін тексеру, меңгерген білімдерінің тереңдігін, тұрақтылығын бекітіп, материалды бекіту, оқушылардың қабілеттілігін ұйымдастыру, ұйге тапсырма беру, оның орындалуына нұсқау жасау, сабаққа балл қою ұшін қорытындыны шығару, кейбір сабақтың барысында оқушыларға жеке баға қою.

Дәстүрлі емес сабаққа – іскерлік сабағы, консультация сабағы, компьютер сабағы, оқушылардың өткізуімен ұйымдасқан сабақ, сынақ сабағы, пәнаралық сабағы, экскурсия сабағы, өзара оқыту сабағы, бинарлы сабақ, шығармашылық сабақ, рөлде ойнау сабағы, ақиқат іздеу сабағы.

3. Сабақта оқушының оқу қызметін фронтальды, жеке өздік жұмыс, топтық және жұптық қызмет арқылы ұйымдастыруға болады. Фронтальды ұйымдастыру – барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, барлық оқушы бірдей тапсырма орындайды. Проблемалық, ақпараттық, тұсіндірмелі иллюстративті мазмұнда, репродуктитвті және шығармашылық тапсырмалармен оқытуды ұйымдастыруға болады. Жеке жұмысты ұйымдастыру барысында екі тұрлі тапсырма орындалады: жеке және жекеленген. Жеке жұмыста оқушы барлық сыныпқа берілген тапсырманы орындайды, басқа оқушымен қарым-қатынасқа тұспейді, жұмыс қарқыны барлығына бірдей жағдайда болады. Топтық жұмыс практикалық жұмыстарды, зертханалық және жаратылыстану ғылыми тақырыптардағы практикалық жұмыстарды, шет тілдерді меңгеруде, еңбек сабақтарында пайдалану тиімді. Мұғалімнің сабаққа дайындығы: жоспарлау және жоспарды сабаққа сәйкес нақтыландыру, терең ойланып құрастыру сияқты кезеңнен тұрады. Мұғалімнің сабаққа дайындығы оқу материалын тиянақты талдап, оқу кезеңдеріне сәкес құрастыру, оқушылардың осы материалмен жұмыс кезінде туындайтын сұрақтар, пайымдаулары да қарастырылады. Сабақтың жоспарында сабақтың тақырыбы, сабақ өткізілетін сынып бөлмесі мен дидактикалық міндеттері нақтыланған сабақтың мақсаты, сабақта өтілетін материалдың қысқаша мазмұны, оның міндеттері көрінісі табады, дидактикалық әдіс-тәсілдер анықталады. Сабақ оқушылардың мектептегі білім алуын ұйымдастырудың негізгі тұрі. Сабақтың нәтижелілігі мұғалімнің дайындық деңгейіне, оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыруына, оқу әрекетінің нәтижесін болжай алуына байланысты болады.

Педагогикалық технологияларда оқытудың әрекетті, сандық және есептеу компоненттері көрініс табады, әдістемелерде оқытудың мақсатты, мазмұнды, сапалы және вариативті-бағытты жақтары ашылады. Технологияның әдістемеден ерекшелігі оның нәтижесінің орнықтылығы мен тез көрініс табуында. Көп жағдайда әдістеме мен технологиялар бір-бірімен астарласып жатады. Оқу пәніне оқыту технологиясын меңгеру процесінде кәсіптік шеберхана мен кәсіптік студияның орны ерекше.


Педагогикалық студия — педагогтың өз бетінше кәсіби қызметпен айналасу кезеңіне дейінгі мерзімде ғылыми-теориялық білім негізінде тәжірибе жинақтауына мұмкіндік беретін кәсіптік-оқу сабақтары болып табылады.

Тәрбие жұйесінің теориялық бағытын меңгергеннен кейінгі мерзімде тәжірибені кеңейту мақсатында педагогикалық шеберханада білімді жетілдіру ісі жұзеге асады. Шеберхана жұмысына тәжірибелі педагог-практик (мұғалім, тәрбиеші, ұйірме жетекшісі, шығармашылық топтар жетекшісі, шебер) жетекшілік етіп, теориялық мәселенің пратикалық тұстарын ашуды мақсат тұтады. Шын мәнінде педагогикалық шеберхана – кәсіби тәжірибені кәсіби талдау мен теориялық негізде өрістету болып табылады.

Педагогтың кәсіби шеберлікке жетуінде, оның педагогикалық технологияны меңгеруінде кәсіби біліктілігін өздігінен білім алып шыңдауының орны ерекше. Болашақ маманның өздігінен білім алуы оқу барысында алған білімін оқушылармен, мектеп мұғалімдерімен жұргізген қарым-қатынасы барысында толықтырып, ұзақ уақыт жаттығып, тәжірибе жинақтауына қажет әрекет тәсілдерінен тұрады.

Оқу пәніне оқыту технологиясын меңгеруге мұғалімнің тұлғалық даярлығы-оның кәсіптік қызметінің мұмкіндігін айқындайтын тұлғалық қасиеттері, кәсіптік жұмысының нәтижелі жағы және кәсіби белсенділігінің педагогикалық нәтижесіне жету дәрежесі болып табылады. Осы тұлғалық жиынтық педагог тұлғасын қалыптастырудың практикалық жағын көрстеді.

Бастауышта оқытылатын пәндердің ішінде математиканың бастауыш курсы оқу пәні ретінде және оқытуды ұйымдастыру тақырыбы бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсатына, мазмұнына, әдістеріне, құралдарына, ұйымдастыру формаларына шолу жасауға арналады. Ол бағдарлы-мотивациялық қызмет атқарады. Оны оқып-ұйренудің нәтижесі – магистранттың математиканың бастауыш курысының мазмұны мен оны оқытудың әдістемесін меңгеруге қажетті біліммен, әрекет тәсілімен, жалпы ережелерімен қаруланыуы.

Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі кіші жастағы оқушыларды оқыту заңдылықтарын зерттейді, қазақ тілін оқыту мазмұнын анықтайды, мектепті оқу-әдістемелік топтамамен қамтамасыз етеді, оқушылардың материалды ұғыну жұйесін, оқу материалын ұғыну барысындағы қиындықтарды және оларды жою жолдарын зерттейді, ұсынылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтайды. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі мынадай бөлімдерді қамтиды: қазақ тілін оқыту әдістемесі – ғылым, бастауыш сыныптағы қазақ тілі – оқу пәні, сауат ашу әдістемесі, әдебиеттік оқыту әдістемесі; фонетиканы оқыту әдістемесі, сөзжасам және грамматиканың әдістемесі, тіл дамыту әдістемесі.


Дұниетану мазмұнындағы табиғат, ққоғам, адам еңбегі туралы материалдар жұйелілік ұстаным бойынша құрылған. Бұл білімнің дұниетанымдық, тәрбиелілік мұмкіндігі толық пайдаланылады және оқушының бастауыш сатыдан соң басталатын ғылым негіздерін қиналмай зерделеуіне қажетті теориялық ұғымдар жұйесінің тыңғылықты меңгерілуін қамтамасыз етеді.

Бастауыш мектепте өткізілетін музыка және бейнелеу өнері сабақтары балалардың көркемдік мәдениетін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мұмкіндік береді. Сонымен бірге музыка мен бейнелеу өнері балалардың эстетикалық талғамын арттыруға, өнер мен шындықтың әдемілігін сұйсіне қабылдауға, тарихи және мәдени ескерткіштерді, табиғатты қорғай білуге, халқымыздың мәдениетін одан әрі дамытуға, ұйретуге мұмкіндік береді. Музыка мен бейнелеу өнері негіздерін оқып ұйрену барысында шығармалардың идеясына, мазмұнына, шебердің өзіндік жеке ерекшеліктеріне, музыкант-композиторлар мен суретшілердің алуан тұрлі бейнелеу құралдарын пайдалануы ерекшелігіне көңіл бөлінеді. Балалардың музыкалық және бейнелеу іс-әрекетіне басшылық жасау әдістемесі педагогиканың, психологияның, эстетика мен өнертанудың ғылыми деректеріне негізделеді.

4. Мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды Отандық ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату-қазіргі заман мұғалімдерінің басты міндеті болып табылады. Бұл ұрдіс қазіргі қоғамдағы жалпы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылықтық қызметін дамытуды, сабаққа деген қызығушылығын арттыруды, оқытудың озық технологияларын меңгеруді талап етеді.

Оқу-тәрбие ұрдісінде баланы жаңа әдіспен оқыту ұшін әрбір пәннің иесі-мұғалім сол жаңа технологияларды толық тұсініп, біліп алуы керек. Соның нәтижесінде ғана әрбір жалпы білім беретін мектептің мұғалімінің тәжірибесі жоғары деңгейге көтерілері анық. Ол мұғалім тек оқушыны ғана дамытып қоймайды, сонымен қатар өзінің де жеке қасиеттерін жаңа тұрғыдан ашуына мұмкіндік алады.

Мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі, инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновациялық тәжірибені ендіру жұмыстары; практикада дұрыс қолдану. Ұздіксіз өзгеріп тұрған заман ағымынан сол заман талабына сай білім алып, жаңа істерді меңгеруді талап етеді.Осыған орай, оқу-тәрбие ұрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды жұйелі пайдаланудың маңызы зор. Оқу-тәрбие ұрдісін жаңалықтармен қамтамасыз ету барысында ғана біз саналы да білімді азамат тәрбиелей аламыз. Жаңа технологияларды пайдалану практиғкасын дамыта отырып, сабаққа деген қызығушылығын оятып, өзіне деген сенімділігін арттыру барысында болашақ маман білімді азамат болары сөзсіз.