Файл: Тынысм шелеріні аурулар ы жедел бронхит жне бронхиолит.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 410

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Т Ы Н Ы С М Ү Ш Е Л Е Р І Н І Ң А У Р У Л А Р Ы

ЖЕДЕЛ БРОНХИТ ЖӘНЕ БРОНХИОЛИТ

БРОНХОЭКТАЗИЯ АУРУЫ

СОЗЫЛМАЛЫ ПНЕВМОНИЯ

ӨКПЕНІҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ДЕСТРУКЦИЯЛАРЫ

ӨКПЕ ІРІҢДІГІ (АБСЦЕСІ)

ПЛЕВРИТТЕР

ТЫНЫС ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ

Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары Артериялық гипертензиялар

Гипертония ауруы (эссенциальдық аг)

Қалыпты артериялық қан қысымы

Аққ көтерілуінің дәрежелері

Аг сатылары, ддұ классификациясы, 1993

Антигипертензивтік емнің тәсілдері

Алғашқы антигипертензивтік емді таңдау

Симптоматикалық (екінші ретті) артериялық гипертензиялар

Жүректің ишемия ауруы

Стенокардия (жүрек қыспасы)

Миокард инфарктісінің атипиялық түрлері.

Жедел ревматизм қызбасы және жүректің ревматизм ауруы

Жүрек ақаулары

Жүре пайда болатын жүрек ақаулары

Пароксизмальды тахикардия

Асқазан аурулары Созылмалы гастрит

Гастриттің ерекше түрлері

Гастриттің екі түрінің екшеу критерийлері

В гастритінің екі сатысының басты критерийлері

Жара ауруы

Бейспецификалық жаралы колит

Бауыр және өт жолдарының аурулары Созылмалы гепатит

Өт жолдарының дискинезиясы

Созылмалы тассыз холецистит

Бауыр циррозы

Бауыр циррозының ауырлық дәрежелерін анықтау

Бауыр циррозының ең жиі кездесетін түрлері.

Бауыр циррозының сирек түрлері.

Бауыр циррозымен ауыратын науқасты емдеу әдісі.

Асқынуларды емдеу.

Дәнекер тінінің жайылмалы аурулары

Жқж активтілік дәрежелері

Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы. Жқж диагнозын қоюда Американың ревматологиялық ассоциациясы ұсынған критерийлер (1982) кең қолданылып жүр:

Дерматомиозит

Буын аурулары Ревматоидтық артрит

Ра жұмыс классификациясы

Жүйелі өзгерістер жоқ ра.

Ра түрлеріне қарап емдеу

Подагра

Жүйелі васкулиттер

Түйінді периартериит

АНЕМИЯЛАР

Теміржетіспеушілік анемия

Витамин в12-жетіспеушілік анемия

Гемолитикалық анемиялар

Тұқым қуалайтын гемолитикалық анемиялар Тұқым қуалайтын микросфероцитоз (Минковский-Шоффар ауруы)

Жүре пайда болатын гемолитикалық анемиялар Аутоиммунды гемолитикалық анемия

Гипопластикалық (апластикалық) анемиялар

Гемобластоздар

Лейкоздар

Жедел лейкоздар

Классификациясы. А) Лимфобласттық лейкоздар:

Созылмалы лимфолейкоз

Созылмалы миелолейкоз

Геморрагиялық диатез

Гемофилия

Тромбоцитопениялық пурпуралар

Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (итп)

Геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох ауруы)



ӨЖЖ абсолютті көрсетпелері:

  • тыныстың тоқтауы;

  • санасыз күйдің ауыр түрі (сопор, кома);

  • тұрақты емес гемодинамика (шок критерийлері);

  • тыныс бұлшық еттерінің шаршау белгілері (тыныс саны 1 минутте 12-ден аз).

Шартты көрсетпелер:

  • тыныс саны > 35 мин;

  • артериялық қан рН < 7,3;

  • Ра О2 < с.б. 45 мм (оттегімен емдеуге қарамастан).

Өкпені инвазивті емес желдету (ӨИеЖ) тыныс жетіспеушілігін емдеуде қолданылатын жаңа бағыттардың бірі, герметикалық (ауа жібермейтін) мұрын және бет маскаларының көмегімен іске асырылады.

Жедел ТЖ ӨИеЖ көрсетпелері:

  • тыныш күйдегі ауыр ентікпе, тыныс саны > 25;

  • тыныс бұлшық еттерінің дисфункциясы;

  • Ра О2 < с.б. 45 мм;

  • рН < 7,35 және рН үдемелі азаюы;

  • Ра СО2 > с.б. 60 мм және Ра СО2 үдемелі өсуі.

ӨИеЖ қарсы көрсетпелер:

  • тыныстың тоқтауы;

  • сананың терең бұзылуы;

  • артериялық гипотония (систолалық ҚҚ < с.б. 70 мм);

  • қадағалауға келмейтін жүрек аритмиялары;

  • жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы және бет жарақаттары;

  • бронх бұтасының тиісті дренажын қамтамасыз ете алмау;

  • пациенттің дәрігер белгілеген нұсқауларды орындай алмауы.

Созылмалы тыныс жетіспеушілігінде өкпенің үйдегі ұзақ уақыт желденуі (ӨҮЖ) қолданылады.

ӨҮЖ көрсетпелер:

а) клиникалық көрсетпелер:

- мүгедек қылатын ентігу, әлсіздік, ертеңгілік бас ауыруы;

- ұйқының бұзылуы және тұлға өзгерістері;

- консервативті емге көнбейтін өкпе-текті жүрек;

б) функциональдық көрсетпелер:

- оттегімен ұзақ емдеу көрсетпелеріне төмендегі бегілердің біреуінің қоса кездесуі:

а) Ра СО2 > с.б. 55 мм;

б) Ра СО2 с.б. 50-54 мм, оған қоса түнгі десатурация (2 л/мин. жылдамдығынан жоғарғы оттегімен 5 мин. емдегенде Sa O2 < 80%);

в) Ра СО2 с.б. 50-54 мм қоса пациентті вентиляциялық ТЖ (12 айда 2 эпизодтан жиі) байланысты стационарға жатқызу.

ӨҮЖ үшін портативті респираторлық және мұрын маскалары (кейде трахеостомия) қолданылады, вентиляция түнгі кезде жасалады және бірнеше сағат бойы күндіз жасау да мүмкін.

Обструкциялы өкпе ауруларының фонында кездесетін жедел ТЖ-де тыныс аппаратына түсетін күшті азайту үшін оттегімен аралас қоспа қолданылады. Көрсетпелері:

  • тыныс тұншықпасымен өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының ауыр қайталауы, жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы;

  • тыныс саны > 25/мин.;

  • ауыр ентігу, ортопноэ;

  • шамадан тыс тыныс қызметінің белгілері және көмекші тыныс бұлшық еттерінің қатысуы;

  • Sa O2 < 90%, Ра О2 < с.б. 60 мм.


Қарсы көрсетпелер:

  • сананың бұзылу белгілері;

  • тыныстың тоқтауы;

  • тұрақты емес гемодинамика, қан тамырларын тарылтатын дәрілерді қолдану қажеттігі;

  • Ра О2 < с.б. 40 мм-і, оттегімен емдеуді қажет ету;

  • Ра СО2 > с.б. 70 мм, рН < 7,25.

Тыныс аппаратына түсетін күшті азайтудың басқа әдістеріне жатады:

  • бронх кедергісін азайту (бронхолитиктер, трахеостомия, бронх секретін тазалау);

  • кеуде торы мен өкпенің серпінділігін күшейту (өкпе шеменінде диуретиктер, плевроцентез, ателектазды жазу).

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

4. Ұсақ бронхтардың кілегей қабығы басым зақымданған жедел бронхитта төменде келтірілген белгілердің біреуінен басқасының бәрі болады:

  • а) орташа дәрежелі интоксикация белгілері

  • б) төс артының ауыруы, кеудені қырнау сезімі

  • в) ентігу

  • г) алдында құрғақ, кейін ылғалды жөтел болу

  • д) қатқыл тыныс пен құрғақ сырылдар

6. Бронхоэктазия ауруының асқынулары:

  • а) бүйректер амилоидозы

  • б) өкпеден қан кету, қан қақыру

  • в) перифокальды пневмония

  • г) өкпе абсцессі

  • д) келтірілгеннің бәрі

11. Өкпенің іріңді ауруларында антибиотиктерді енгізудің ең тиімді тәсілі:

  • а) ингаляциялық

  • б) интратрахеялық

  • в) интраларингеальдық

  • г) эндобронхиальды

  • д) парентеральды

13. Созылмалы іріңді аурулардың ең жиі асқынуы:

  • а) амилоидоз

  • б) гломерулосклероз

  • в) ретинопатия

  • г) энцефалопатия

  • д) келтірілгеннің бәрі

14. Өкпе абсцесінің басты рентгенологиялық белгісін көрсетіңіз:

  • а) ішінде горизонтальді деңгейлі сұйықтық бар қуыс

  • б) шеттері айқын дөңгелек қарайғандықтар

  • в) ішінде ауа бар қабырғасы жұқа қуыс

  • г) ауқымды қарайғандық фонында көптеген қуыстар

  • д) суреті біркелкі емес, шеттері айқын емес дөңгелек қарайғандар

19. Плевра сұйықтығына біреуінен басқасының бәрі тән:

  • а) зақымдану зонасы үстінде тұйықтық

  • б) көкірекаралығының зақымдану ошағына қарай ығысуы

  • в) тыныс пен бронхофонияның әлсіреуі

  • г) сұйықтық сол жақта болғанда Траубе кеңістігінің әлсіреуі немесе жойылуы

  • д) дыбыс дірілінің әлсіреуі

20. Құрғақ плевритте:

  • а) ауырғандық сау жаққа еңкейгенде күшейе түседі

  • б) ауырғандық ауру жаққа еңкейгенде күшейе түседі

  • в) ауырғандық ауру жақ бүйіріне жатқанда күшейе түседі

  • г) ауырғандық барлық көрсетілген жағдайда күшейе түседі

  • д) ауырғандық күшеймейді


21. Тыныс жетіспеушілігі дегеніміз:

  • а) қанның қалыпты газ құрамы қамтамасыз етілмейтін, немесе оған сыртқы тыныс аппаратының қызметін күшейту арқылы қол жеткізілетін және оның нәтижесінде организмнің функциональдық мүмкіншіліктері төмендейтін күй

  • б) шеткі тіндерге қажет оттегінің мөлшері жеткізілмейтін күй

  • в) тыныс көлемдерінің (ӨТС және т.б.) анағұрлым азаюы болатын күйлер

  • г) өкпенің функциональдық қабілетінің төмендеуі (обструктивті немесе рестриктивті өзгерістер) ентікпе тудыратын күй

  • д) жедел және созылмалы альвеолярлық гипоксия қоса болатын күй

23. Келтірілген факторлардың қайсысы тыныс жетіспеушілігінің себебі бола алады?

  • а) орталық немесе шеткі тыныс жолдарының обструкциясы

  • б) тынысты реттеудің орталық механизмдерінің бұзылуы

  • в) тыныс бұлшық еттерінің қалыпты қызметінің бұзылуы

  • г) альвеола-капилляр мембранасы қасиетінің өзгеруі (мембрананың қалыңдауы)

  • д) келтірілгеннің бәрі

25. Қандай микроб тудырған пневмония өкпе іріңдігін тудырады:

  • а) сальмонелла

  • б) стафилококктер

  • в) аденовирустар

  • г) шигелла

  • д) грипп вирусы

26. Бронхы демікпесінде кездеседі:

  • а) -адренергиялық жүйенің үстеме сезімталдығы

  • б) -адренергиялық жүйенің блокадасы

  • в) холинергиялық жүйе активтігінің төмендеуі

  • г) - және -адренергиялық жүйе тепе-теңдігінің бұзылуы

  • д) 2-адренергиялық жүйе активтігінің көтерілуі

32. Созылмалы бронхиттегі бронхообструкциялы синдромға біреуінен басқасының бәрі жатады:

  • а) қырнап жөтелу

  • б) құрғақ ысылдақ сырылдар

  • в) қақырықтың қиналып бөлінуі

  • г) ентігу

  • д) қақырықта Куршман шиыршығының болуы

  • 33. Созылмалы бронхит диагнозы төмендегідей белгілері болғанда қойылады:

  • а) науқас жылдың 3 айы ішінде қақырық бөледі

  • б) науқас соңғы 2 жылдың ішінде жыл сайын 3 ай қатар жөтеліп, қақырық бөледі

  • в) соңғы 3 жылдың ішінде жылына 2 рет жедел бронхит болады

  • г) жөтел мен қақырық бөлу жылына 4 ай ішінде байқалады

  • д) пневмониядан кейін 8 апта бойы жөтел мен қақырық бөлу байқалады

  • 34. Ем мақсатында бронхоскопиялық лаваж жасау ең тиімді:

  • а) қанда JgE жоғары деңгейі болатын тыныс тұншықпасы

  • б) созылмалы іріңді бронхит

  • в) 1-антитрипсин ингибиторы жетіспеуінен болатын үдемелі өкпе эмфиземасы

  • г) экзогендік фиброздаушы альвеолит

  • д) бронх-өкпе аспергилезі


36. Созылмалы бронхитті антибиотиктермен емдеу керек:

  • а) күз-қыс мезгілінде

  • б) ұзақ уақыт

  • в) қолданбау керек

  • г) іріңді қақырық бөлінгенде

  • д) қан қақырғанда

64. Эмфиземада өкпе зақымдануының рентгенологиялық белгілері:

  • а) өкпе алаңдарының ақшылдығының күшеюі

  • б) өкпе алаңдарының қалыпты ақшылдығы

  • в) өкпе алаңдарының ақшылдығының төмендеуі

  • г) ошақты көлеңкелердің болуы

  • д) өкпе түбірі суретінің күшеюі

65. Жедел пневмонияны антибиотиктермен емдеуді тоқтату керек:

  • а) емнің басынан 1 апта өткен соң

  • б) дене қызуы қалыпты күйге оралғаннан кейін 3 күн өткен соң

  • в) өкпедегі сырылдар жойылғаннан кейін

  • г) аурудың клиникалық белгілері жойылғаннан кейін

  • д) рентгенологиялық белгілері жойылғаннан кейін

68. Созылмалы обструкциялы бронхитті емдеудің мақсаты:

  • а) толық сауықтыру және пациентті реабилитациядан өткізу

  • б) бронхиттің үдеу жылдамдығын азайту

  • в) қақырықпен бактерия бөлінуді жою

  • г) эмфиземаның кері дамуы

  • д) пациентті бронхиттің хирургиялық еміне әзірлеу

69. Вирустық инфекциядан кейін жиі қандай пневмония дамиды:

  • а) стрептококктік

  • б) пневмококктік

  • в) саңырауқұлақтық

  • г) стафилококктік

  • д) клебсиелалық

76. 34 жастағы науқаста салқын тигеннен кейін қызба, ентігу, кеуденің ауыруы, жөтел, тот түсті қақырық бөлу пайда ,болған. Қарағанда: дене қызуы 37,8 оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде перкуссиялық дыбыс қысқарған, осы жерде бронхофония күшейген және әлсіреген тыныс фонында ұсақ көпіршікті, дауысты сырылдар естіледі. Рентгенографияда: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде ошақты инфильтрация бар. Қанның жалпы анализі: ЭТЖ 26 мм/сағ., лейкоциттер 10,2х109/л. Қақырықта: лейкоциттер көру алаңында 25-ке дейін, эритроциттер 5-10, фибрин. Сіздің диагнозыңыз?

  • а) крупозды пневмония

  • б) госпитальдық пневмония

  • в) вирустық пневмония

  • г) атипиялы пневмония

  • д) өкпе рагі

Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары Артериялық гипертензиялар


Артериялық гипертензия (АГ) – систолалық артериялық қысым с.б. 140 мм жоғары, диастолалық артериялық қысым с.б. 90 мм жоғары болатын күй. АГ бірінші және екінші ретті деп бөледі. АГ-ның айқын себебі болмаса, ол бірінші ретті, эссенциальдық АГ деп аталады (ТМД елдерінде – гипертония ауруы деп аталады). Егер АГ-ның себебі болатын болса, ондай АГ екінші ретті (симптоматикалық) АГ (САГ) деп аталады. Барлық АГ-ң ішінде эссенциальдық АГ үлесіне 90-95% тиеді, екінші ретті АГ үлесіне – 5-10% тиеді.

Бұдан басқа, жекеленген систолалық АГ (ЖСАГ) бөледі, оның диагнозы диастолалық қан қысымы с.б. 90 мм төмен күйде, систолалық қан қысымы с.б. 140 мм жоғары болған жағдайда қойылады.

Егер диастолалық артериялық қысым с.б. 120 мм-нен жоғары болса, ондай АГ қатерлі деп есептейді.

Гипертония ауруы (эссенциальдық аг)


Гипертония ауруы – қан қысымының көтерілуінің себептері белгісіз, негізгі белгісі артериялық гипертония синдромы болып табылатын, созылмалы дамитын ауру.

«Гипертония ауруы» деген атауды совет кардиология мектебінің негізін қалаушы Г.Ф.Ланг ұсынғандықтан, бұл атауды бұрынғы Совет одағының дәрігерлері қолданады. Басқа елдерде «эссенциальдық гипертензия», «эссенциальдық гипертония» деген атауларды қолданады.

АГ-мен ересек тұрғындардың 20-30% ауырады. Жас өскен сайын АГ-да жиілей түседі, 65-тен жоғарғы жастағылардың 50-65% АГ ауырады. 50 жасқа дейін АГ көбіне еркектерде кездеседі, 50 жастан кейін әйелдерде жиірек кездеседі.

Гипертония ауруы жүрек-тамыр ауруларынан болатын өлімнің жоғарғы көрсеткішінің себебі болып табылады. АҚҚ-ң деңгейі және инсультпен ауыру қаупінің арасында тура байланыс болады. Сонымен қатар, ГА атеросклероз бен ЖИА, жүрек әлсіздігінің дамуына жағдай жасайды.

Этиологиясы және патогенезі. ГА себебі белгісіз. Гипертония ауруының пайда болуында бірнеше жағымсыз фактордың қосылып әсер етуінің маңызы бар деп есептеледі. Жағымсыз факторлар қатерлі факторлар деп аталады. Гипертония ауруының дамуында маңызы бар қатерлі факторларға жататындар: тұқым қуалау, науқас адамның өзінде және оның туысқандарында липидтер алмасуының бұзылуы, пациенттің өзінде және оның әке-шешесінде қант диабетінің болуы, әке-шешесінде бүйрек ауруларының болуы, семіздік, алкогольді көп қолдану, ас тұзын шамадан тыс қолдану, стресс, гиподинамия, шылым шегу, науқастың жеке тұлғасының ерекшеліктері. Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары – тұқым қуалау бейімділігі және жағымсыз экзогендік әсерлер.