Файл: Тынысм шелеріні аурулар ы жедел бронхит жне бронхиолит.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.04.2024
Просмотров: 585
Скачиваний: 0
СОДЕРЖАНИЕ
Т Ы Н Ы С М Ү Ш Е Л Е Р І Н І Ң А У Р У Л А Р Ы
ӨКПЕНІҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ДЕСТРУКЦИЯЛАРЫ
Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары Артериялық гипертензиялар
Гипертония ауруы (эссенциальдық аг)
Аг сатылары, ддұ классификациясы, 1993
Антигипертензивтік емнің тәсілдері
Алғашқы антигипертензивтік емді таңдау
Симптоматикалық (екінші ретті) артериялық гипертензиялар
Миокард инфарктісінің атипиялық түрлері.
Жедел ревматизм қызбасы және жүректің ревматизм ауруы
Жүре пайда болатын жүрек ақаулары
Асқазан аурулары Созылмалы гастрит
Гастриттің екі түрінің екшеу критерийлері
В гастритінің екі сатысының басты критерийлері
Бауыр және өт жолдарының аурулары Созылмалы гепатит
Бауыр циррозының ауырлық дәрежелерін анықтау
Бауыр циррозының ең жиі кездесетін түрлері.
Бауыр циррозының сирек түрлері.
Бауыр циррозымен ауыратын науқасты емдеу әдісі.
Дәнекер тінінің жайылмалы аурулары
Буын аурулары Ревматоидтық артрит
Витамин в12-жетіспеушілік анемия
Тұқым қуалайтын гемолитикалық анемиялар Тұқым қуалайтын микросфероцитоз (Минковский-Шоффар ауруы)
Жүре пайда болатын гемолитикалық анемиялар Аутоиммунды гемолитикалық анемия
Гипопластикалық (апластикалық) анемиялар
Классификациясы. А) Лимфобласттық лейкоздар:
(+) инфекцияның саны өте аз (таңқұрай түсі тәуліктің соңында пайда болады);
(++) инфекция саны орташа (таңқұрай түсі 2 сағат ішінде пайда болады);
(+++) инфекция саны ауқымды (таңқұрай түсі бірінші сағат ішінде пайда болады);
(-) теріс мәнді нәтиже (таңқұрай түсі бір тәуліктен кейін пайда болады).
Басты морфологиялық өзгерістерді (қабыну, активтілік, метаплазия) және НР өсуін жартылай санды әдіспен әлсіз, орташа және ауыр дәрежелі деп бағалайды.
Рентгенологиялық тексеру. Хеликобактерлік антральдық гастриттің алғашқы сатысында анықталатын белгілер: кілегей қабық бедері күшті өзгерген, асқазан қақпасының спазмы, сегментті перистальтика, контрастты заттың ретсіз эвакуациясы. Жайылмалы (пангастритта) хеликобактерлік гастритта (кеш сатысы) болатын белгілер: кілегей қабық бедері тегістелген, гипотония, солбыр перистальтика, контрастты заттың эвакуациясының күшеюі.
Аутоиммунды гастритте асқазанның кілегей қабығының қатпарларының айқындылығы азаяды.
Гастриттің ерекше түрлері
Гранулематозды гастрит эпителиоидтық клеткалық гранулемалардың болуымен сипатталады, кейде кілегей қабықтың өз табақшасында эпителиоидты клеткалармен бірге көп ядролы алып клеткалар қоспасы анықталады. Саркоидозда, туберкулезде, Крон ауруында, микоздарда, бөгде денелер барында кездеседі. Симптомдары негізгі ауруға байланысты болады, диспепсиялық белгілер (құсуды қоса), гематомезис байқалады.
Эозинофильдік гастрит асқазанның кілегей қабығында және оның қабырғасының барлық қабатында эозинофильдердің айқын инфильтрациясының болуымен сипатталады. Антральді бөлік басым зақымданады. Сирек кездеседі, әдетте васкулитпен байланысты.
Лимфоцитарлық гастрит асқазанның кілегей қабығының таңдамалы лимфоцитарлық инфильтрациясымен сипатталады. Созылмалы лимфоцитарлық гастриттің дамуында маңызды рольді асқазанның кілегей қабығына кейбір антиген әсер еткенде жауап ретінде пайда болатын иммундық жауап атқарады деген пікір бар. Лимфоцитарлық гастритке тән ерекшелікке кілегей қабықта эрозиялардың болатыны жатады.
Гипертрофиялық гастрит (Менетрие ауруы). Морфологиялық белгілері – тұтқыр кілегеймен жабылған ауқымды қатпарлар. Гистологиялық тексергенде кілегей қабық өте қалыңдаған. Шұңқыршықтар ирелеңдеген, кеңіген, олардың қуысы кілегейге толған. Кисталарға айналған бездер мен кілегей өндіретін клеткалар басым болады.
Ең жиі белгілері – тамақ ішкеннен кейін көп кешікпей пайда болатын ауырғандық, құсу, диарея, дене массасының азаюы, анорексия. Гипопротеинемия, тұз қышқылы секрециясының төмендегені анықталады, рентгенологиялық тексергенде кілегей қабықтың алып қатпарлары көрінеді.
Реактивті гастрит асқазанның кілегей қабығына өттің, ұйқы безі ферменттерінің немесе дәрілердің әсер етуінен пайда болады. Өтпен байланысты гастрит рефлюкс – гастрит (С типті гастрит) деп аталады. Рефлюкс – гастрит жиі асқазан резекциясынан кейін байқалады.
Радиациялық гастрит асқазанның кілегей қабығының коагуляциялық некрозымен және оған екінші ретті қабыну инфильтрациясының қосылуымен сипатталады. Аурудың ауыр түрінде жара, фиброз, тамырлардың облитерациялаушы гиалинозы болады.
Эрозиялы (геморрагиялық) гастрит асқазанда қан айналысының регионарлық бұзылуынан туындайды. Оның нәтижесінде көптеген қанталаған эрозиялар пайда болады. Себептері ішімдікті көп қабылдау және БҚҚ дәрілерін қабылдау болып табылады. Созылмалы гастриттің бұл түрінің клиникалық ерекшелігіне эпигастрий маңының ауыруы (ерте, аш қарынға), қан аралас құсу жатады. Рентгенологиялық тексергенде асқазан қақпасы аймағында кілегей қабықтың бедері өзгерген. Фиброгастроскопияда – беткей гастрит фонында асқазанның шығар бөлігінде көптеген эрозиялар көрінеді.
Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы. Созылмалы гастриттің диагностикалық критерийлері:
1. Аурудың субъективті симптомдары.
2. Инструментальдық тексеру әдістерінің мәліметтері: ФГС, рентгенологиялық тексеру, НР табу әдістері.
3. Асқазан секрециясының өзгеруі.
Созылмалы гастритті іш қуысының көптеген функциональдық немесе органикалық ауруларынан, ең алдымен асқазан ауруларынан (жара ауруы, асқазан рагі, асқазан полипозы) айыра білу керек.
Ең алдымен созылмалы гастриттің екі түрін (созылмалы аутоиммунды гастрит және хеликобактериялық гастрит) бір-бірінен ажырата білу керек (44-кесте).
Гастриттің екі түрінің екшеу критерийлері
Критерийлер | Аутоиммунды гастрит | Хеликобактериялық гастрит |
Морфологиялық белгілер | ||
Басым орны Қабыну реакциясы Эпителий атрофиясының дамуы Эрозияның болуы | Асқазан түбі, денесі Болмашы Бірінші ретті Сирек | Антрум Айқын Екінші ретті Жиі |
Иммунологиялық белгілер | ||
Инфекциялық фактор (НР) НР қарсы антиденелердің болуы Париетальды клеткаларға қарсы антиденелер Ішкі факторға қарсы антиденелер | Жоқ Жоқ Бар Бар | Бар Бар Жоқ Жоқ |
Клиникалық белгілер | ||
Айқын гастринемия Гипоацидтық күй В12-жетіспеушілік анемия Жара ауруымен қоса кездесуі Малигнизация | Бар Ауыр Бар Байқалмаған Өте сирек | Жоқ Қышқылдықтың кез келген түрі, ахлоргидрия болмайды Жоқ Жиі Жиі |
Асқазанның кілегей қабығында НР инфекциясы ұзақ уақыт болған жағдайда патологиялық процесс антральді бөліктен асқазанның денесіне тарайды, ауру пангастритке ауысады. Пангастритте атрофиялық процесс қабыну процесінен басым болады. В гастритінің бұл екі сатысының клиникасында өзгешеліктер болады (45-кесте).
45-кесте
В гастритінің екі сатысының басты критерийлері
Критерийлер | Созылмалы В гастритінің түрлері | |
Антральдық СГ (ерте сатысы) | Жайылмалы (пангастрит) (кеш сатысы) | |
Ауру адам жасы Қайталаған кездегі субъективті белгілер Ішті сипаудың нәтижелері Эндоскопия-лық тексеру нәтижесі Биоптатты гистология-лық тексеру нәтижесі | Көбіне жас адам Жиі жараға ұқсас диспепсия белгілері: кезекті ауырғандық, оның ішінде ашқарынға ауыру, қыжыл, қышқыл кекірік, іш қату Іш қабырғасының жергілікті қатаюы мен пилородуоденальды зонада ауырғандық болуы Антральды бөліктің кілегей қабы-ғының гиперемиясының фонында кілегей астылық қан құйылу мен эрозиялар (жайпақ, көтеріңкі), қатпарлар гиперплазиясы, эксуда-ция, антральдық стаз, асқазан қақпағының спазмы Айқын активті антральді гастрит (кілегей қабықтың өз табақшасы мен эпителийдің лимфоцитарлық, плазмоцитарлық, нейтрофильді ин-фильтрациясы). Ішек метаплазиясы-ның ошақтары. Кілегей қабық бетінде және шұңқырлардың ішінде НР көп табылуы | Жиі егде жас Дискинезиялық немесе бейспеци-фикалық диспепсия, төс астында ауырлық, толып кету сезімі, тұйық ауыру, ауызда жағымсыз дәм болу, тәбеттің төмендеуі, ауа кекіру, тұрақсыз ұлы дәрет Іштің алдыңғы қабырғасының жай-ылмалы қатаюы және эпигастрий аймағының ауыруы. Асқазанның денесі мен антрумы-ның қуқыл тартуы, тегістелуі, жұ-қаруы, кейде теңбіл гиперемия, та-мырлардың көрініп тұруы, жара-қаттанғыштық. Гипотония, гипо-кинезия, өт рефлюксі Без эпителийінің атрофиясы, ішек метаплазиясы, асқазанның антрумы мен денесінің кілегей қабығында НР аз болуы, қабынудың жалған активтілігі |
Хеликобактериялық гастриттің клиникасы асқазанның қақпа бөлігі мен он екі елі ішек жарасы ауруының клиникасына ұқсас болады. Жара ауруында ауырғандықтың кезеңділік пен маусымдық ерекшеліктері жиі болады, асқазаннан қан кету жиірек кездеседі. Шешуші диагнозды эндоскопиялық және рентгенологиялық зерттеулер нәтиже-сіне қарап қояды.
Асқазан рагі. Асқазан рагінің ерте белгілері деп аталатын белгілер күдік тудыруы керек: тәбеттің төмендеуі немесе болмауы, себепсіз әлсіздік, дене массасының азаюы, “асқазандық дискомфорт”, депрессивті синдром түрінде психиканың өзгеруі және “себепсіз анемия”. Мұндай симптоматика бой көрсеткенде рентгенологиялық және эндоскопиялық тексерулер жасау керек. Рентгенологиялық зерттегенде кілегей қабықтың “атипиялық” бедері көрінеді, толу кемістігі, перистальтика болмауы, шеттері “инфильт-рацияланған” жаралар анықталады.