Файл: Тынысм шелеріні аурулар ы жедел бронхит жне бронхиолит.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.04.2024
Просмотров: 567
Скачиваний: 0
СОДЕРЖАНИЕ
Т Ы Н Ы С М Ү Ш Е Л Е Р І Н І Ң А У Р У Л А Р Ы
ӨКПЕНІҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ДЕСТРУКЦИЯЛАРЫ
Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары Артериялық гипертензиялар
Гипертония ауруы (эссенциальдық аг)
Аг сатылары, ддұ классификациясы, 1993
Антигипертензивтік емнің тәсілдері
Алғашқы антигипертензивтік емді таңдау
Симптоматикалық (екінші ретті) артериялық гипертензиялар
Миокард инфарктісінің атипиялық түрлері.
Жедел ревматизм қызбасы және жүректің ревматизм ауруы
Жүре пайда болатын жүрек ақаулары
Асқазан аурулары Созылмалы гастрит
Гастриттің екі түрінің екшеу критерийлері
В гастритінің екі сатысының басты критерийлері
Бауыр және өт жолдарының аурулары Созылмалы гепатит
Бауыр циррозының ауырлық дәрежелерін анықтау
Бауыр циррозының ең жиі кездесетін түрлері.
Бауыр циррозының сирек түрлері.
Бауыр циррозымен ауыратын науқасты емдеу әдісі.
Дәнекер тінінің жайылмалы аурулары
Буын аурулары Ревматоидтық артрит
Витамин в12-жетіспеушілік анемия
Тұқым қуалайтын гемолитикалық анемиялар Тұқым қуалайтын микросфероцитоз (Минковский-Шоффар ауруы)
Жүре пайда болатын гемолитикалық анемиялар Аутоиммунды гемолитикалық анемия
Гипопластикалық (апластикалық) анемиялар
Классификациясы. А) Лимфобласттық лейкоздар:
Химиялық және радиациялық синовэктомияда енгізілген агенттер синовиальды қабықтың беткей және өте агрессивті қабатын талқандайды.
Химиялық агент ретінде осмий қышқылын қолданады (оның 50-200 мг 1-2% сулы ертінді-де).
Радиоизотопты синовэктомияда буын қуысына қысқа өмір сүретін, басым бета-сәулесін беретін радионуклидтер алтын (198Au), иттрий (90Y), фосфор (32P), эрбий (169Er) изотоптары қолданылады.
Химиялық және радиоизотоптық синовэктомияның теріс мәнді әсерлері: шеміршектің зақымдануы, радионуклидтің регионарлық лимфа түйіндеріне, несеп жолдарына ағып кетуі, емделген буынның тұрақсыздығының дамуы.
Димексид (диметилсульфоксид) қабынуға қарсы, сепсиске қарсы әсер көрсетеді, спазмды тоқтатады және кейбір дәрілерді тері арқылы алып өтеді. Аппликация үшін оның 50% ертіндісі немесе димексид гелі қолданылады.
Лазерлік ем жергілікті қабынуға қарсы әсер көрсетеді. Сәулелендіру аптасына 5-6 рет орындалып, 25-30 күнге созылады: тізе буыны 5 мин., иық және сирақ-аяқ ұшы буыны – 3 мин., білезік және шынтақ буыны – 2 мин., аяқ ұшы мен қол ұшының ұсақ буындары – 1 мин. сәулелендіріледі. Бір сеанс кезінде сәулелендірудің жалпы ұзақтығы 30-35 мин. құрайды. 4-6 айдан кейін ем курсін қайталайды.
Емнің экстракорпоральды әдістері. Оларға гемосорбция, плазмаферез және лимфоцитоплазмаферез жатады.
Гемосорбцияда қан сорбент арқылы (активтенген көмір, өсімдік сорбенті) жіберіледі. Бұл әдістің көмегімен қанды Jg, айналып жүрген иммундық комплекстерден, кейбір гормональдық (айырша без гормондары) және биологиялық активті заттардан (гистамин, серотонин, брадикинин) тазартады. Гемосорбцияны процестің жоғарғы активтілігінде, БҚҚП резистенттілікте, кортикостероидтарға тәуелділікте, цитостатиктерге қарсы көрсетпелер барында және аурудың жүйелік өзгерістерінің күшейе түсуінде қолданады. Гемосорбцияға қарсы көрсетпелер: 1) новокаинды көтере алмау; 2) қан айналысы жетіспеушілігінің ІІ және ІІІ сатысы; 3) геморрагиялық диатез және қан кету көзінің болуы; 4) веналардың ауыр кеңуі; 5) гинекологиялық аурулар. Гемосорбцияны 5-7 күннен кейін жасап, 6 процедураға жеткізуге болады.
Плазмаферез де Jg, иммундық комплекстердің және қабыну заттарын жоюға көмектеседі. Плазмаферезді аптасына 2 рет (ем курсі 3-6 процедурадан тұрады) жасайды, әр сеанс кезінде 1,5-2 л плазма алынып, оның орнына альбумин, қанның орнын толтыратын сұйықтықтар немесе физиологиялық ертінді жіберіледі.
Плазмаферезді криоглобулинемия, шамадан тыс қанның тұтқырлығы бар адамдарға және жоғары активті процесте әдеттегі ем тиімді болмағанда қолданады.
Лимфоцитоплазмаферезде бір мезгілде Jg, иммундық комплекстер мен сенсибилизацияланған лимфоциттерді аластайды. Бір сеанс кезінде 1,5-2 л плазма және 3х109/л – 5х109/л лимфоцит алынады. Плазманы қанның орнын басатын белоктық және белоктық емес сұйықтықтармен толтырады. Арасына 7 күн салып, 3 сеансқа дейін өткізеді.
РА емдеуде ЕДТ мен физиотерапевтік тәсілдер де қолданылады. Артриттің жедел фазасында ауырғанды тоқтатып, буынның функциясын сақтау үшін буынды дұрыс орналастырып, бақылауға болатын тыныштық пен изометриялық жаттығулар белгіленеді. Сау буындармен кинезотерапия (қимылмен емдеу), кейде криотерапия өткізіледі. Аурудың жедел фазасында физиотерапиялық емдерден лазермен емдеу, магнитпен емдеу және қысқа импульсті электроаналгезия қолданылады.
Аурудың жеделше фазасында қимыл координациясын жақсартатын жаттығулар мен изометриялық жаттығулар жасалады. Кинезотерапия (еден үстінде) да, еңбекпен емдеу де қолданылады. Аурудың бұл фазасында жедел фазада қолданылған физикалық әдістерден басқа төменгі жиіліктегі импульсті токтар, интерферентті токтар және ультрадыбыспен емдеу қолданылады.
РА созылмалы фазасында қолданылатын физиотерапия мен ЕДТ көлемі кеңиді. Ремиссия сатысында парафинотерапия, пелоидотерапия, жоғары жиілікті электромагнитті терапия (УЖЖ, ДМВ) қолданылады.
Жүйелі өзгерістер белгілері бар науқастарға, процесс өршіп кетуі мүмкіндігі болатындықтан жылу процедуралары жасалмайды.
Консервативті ортопедия. Аурудың алғашқы сатыларында буындардың деформациясының алдын алу үшін буынға белгілі бір қалып беріп емдеу – науқас адамның өзінің қол ұшының дұрыс қалпын (физиологиялық ұтымды қалпын) бақылауға дағдылануы. Контрактура мен деформацияда ортездеу әдісі – қисаюды, деформацияны құрал көмегімен түзету қолданылады.
Буын функциясы ауыр бұзылғанда хирургиялық емдеу әдістері қолданылады: синовэктомия (қабынған синовиальды мембрананы алып тастау), артролиз (артротомия, буын капсуласының бүрісіп, жабысып қалған жерлерін бөлу), артродез (тізе буынын толық жабу), эндопротездеу (буынның бөлігін немесе буынды толық жасанды буынмен алмастыру).
Ра түрлеріне қарап емдеу
Моно және олигоартритте ұзақ уақыт БҚҚП (индометацин, вольтарен, ибупрофен) емдейді.
«Классикалық» РА-те тез әсер ететін дәрілер (индометацин, вольтарен) мен базистік препараттар қолданылады.
Жүйелі белгілері бар РА негізгі емі – базисті дәрілермен емдеу. Базисті препараттар мен қатар тез әсер ететін дәрілер (индометацин, вольтарен, глюкокортикостероидтар) қолданылады.
Фелти синдромында экстракорпоральдық әдістермен (гемосорбция, плазмаферез) қоса метилпреднизолонмен пульстерапия (циклофосфанды қоса қолдануға болады) жасайды, одан кейін базистік препараттарды (алтын тұздары, метотрексат немесе азатиоприн), глюкостероидтарды қосып қабылдайды. РА амилоидозбен асқынғанда негізгі емнен басқа колхицин қолданады [2 мг күнге, жағымсыз әсерлері көрініс бергенде (жүрек айну, құсу, іш өту) оның дозасын екі есе азайтады], 1% димексид ертіндісін күнге 30 мл (3 рет қабылдау керек) қолданады.
РА емдеуде сатылап емдеу схемасы қолданылады. Емнің бірінші сатысына БҚҚП, аминохинолин препараттарын қолдану, жергілікті ем (глюкокортикостероидтарды буынға жіберу), физиотерапия әдістері, консервативтік ортопедия жатады.
Емнің екінші сатысында базисті препараттарды (алтын тұздары, Д-пеницилламин, сульфасалазин немесе салазопиридазин) қосады.
Жоғарғы емдер нәтижесіз болған жағдайда емнің үшінші сатысына көшеді – емге иммунодепрессанттарды (метотрексат, азатиоприн немесе циклофосфан) қосады.
РА ерекше агрессивті түрлерінде емнің төртінші сатысы қолданылады – метилпреднизолонмен пульс – терапия және/немесе экстракорпоральды емге базисті препараттарды немесе иммунодепрессанттарды қосып емдеу.
Ең соңғы кезеңінде (бесінші саты) тәжірибелік ем тәсілдерін қолдану: моноклонды ),антиденелермен (ФНО- интерферонның рекомбинанттық препараттарымен, иммуноглобулиндерді венаға егу, иондаушы сәулемен емдеу.
Еңбекке қабілеттіліктің қалпына келу критерийлері: а) негізгі синдромдардың (артрит, висцеральдық белгілер, астения) жойылуы; б) қабыну процесінің ремиссиясына қол жеткізу немесе 2-3 дәрежелі активтілікті 1-дәрежеге көшіру; в) 1-ші дәрежеден аспайтын буындар жетіспеушілігі.
Уақытша еңбекке жарамсыздықтың орташа мерзімі. Моно- немесе олигоартриттерде симптоматиканың кері қарай дамуы 3-5 аптадан кейін, аурудың «классикалық» вариантында – 6-8 аптадан кейін, буынды – висцеральдық вариантында – 3-4 айдан кейін болады.
Диспансерлеу. РА ауыратын адамдар ревматологта немесе учаскелік терапевте диспансерлік есепте тұруы керек. Дәрігердің қарау жиілігі жүйелі зақымдану белгілері жоқ болса – жылына 4 рет, активтіліктің клиникалық және лабораториялық белгілері болмаса және ФЖ0-ФЖ1 болса, жылына 1-2 рет, алтын препараттарымен, цитостатиктермен, Д-пенициламинмен, глюкокортикостероидтармен емделгенде – жылына 3-4 рет.
Санаторийлық-курорттық ем РА буындық түрінде, процестің ең төмен активтілігі кезінде және аурудың активті емес кезінде іске асырылады. Деформациясыз ауырғандық болса, радон былауы бар курорттарға жолдама беріледі: Цхалтубо, Белокуриха, Белая Церковь, Пятигорск. Деформация мен контрактура болса, балшық қолданылатын курорттарда (Саки, Евпатория, Одесса, Пятигорск) емдейді.
Санаторийлы-курорттық емді висцериттер бар РА-те, қабыну процесінің жоғарғы активтілігінде, науқас адам өзіне-өзі қызмет ете алмайтын жағдайда қолдануға болмайды.
Прогноз. Науқас адамның көбінде жағымды болады. Ол жүйелі зақымдануларда және РА бүйрек амилоидозымен асқынғанда төмендейді. Жас адамның ауыруы, активтіліктің жыл ішінде сақталуы, РФ жоғарғы титрі және ревматоидтық түйіндердің болуы буын қызметінің қалпына оралу болжамын жағымсыз қылады.
Профилактикасы. Бірінші ретті алдын алу шараларын ауру адамның туысқандарымен іске асыру керек (салқын тигізбеу, интеркуренттік инфекцияны емдеу). Екінші ретті профилактикада аурудың өршуінің алдын алу шаралары мен буын зақымдануының үдей түсуіне кедергі жасау іске асырылады.
Остеоартроз
Остеоартроз (ОА) – буын шеміршегінің алғашқы дегенерациялық өзгерістері кейін буын беттерінің өзгерістерімен жалғасып, жиелік остеофиттер пайда болуымен және буындардың деформациясы қалыптасуымен сипатталатын буындардың дегенеративті-дистрофиялық ауруы.
ОА-да болатын шамалы реактивті синовит екінші ретті болып келеді.
Тұрғындардың 10% остеоартрозбен ауырады. Европа және АҚШ ревматологтарының мәліметтері бойынша барлық ревматизмдік аурулардың 60-70% ОА үлесіне тиеді. Әйелдер еркектерге қарағанда жиірек ауырады. Жас өскен сайын ОА жиілей түседі – 50-ден жоғары жастағылардың ішінде ОА 27% жағдайда кездеседі, 60-тан жоғарғы жастағылардың 97% кездеседі.
Этиологиясы және патогенезі. ОА негізгі себебі – буын бетіндегі шеміршекке түсетін механикалық салмақ пен шеміршектің осы салмаққа қарсы тұрарлық қабілетінің арасындағы сәйкессіздік. Кейбір буындарға шамадан тыс күш түсу кейбір мамандық иелерінде (ұстаның иық буынының артрозы, сырлаушының білезік буынының, жүк тиеушілердің омыртқа буындарының артрозы т.б.), спортсмендерде (жүгірушілер мен футболистердегі тізе буынының артрозы) және семіздікте (аяқ буындарына күш түседі) байқалады.
Ауру себептерінің екінші тобын сау шеміршектің буындық бетінің қалыпты конгруенттілігінің (үйлесімділігінің) бұзылуы құрайды. Бұл себеп іштен туа болатын қаңқаның даму кемістіктерінде (санның дисплазиясы, genu varum, genu valgum), статика бұзылғанда (сколиоз, кифоз, гиперлордоз, жалпақ аяқ, жалғама – бұлшық ет аппаратының әлсіреуінен болатын буындардың шамадан тыс қозғалмалылығы) кездеседі. Бұл себептердің әсерінен буынға түсетін күш барлық шеміршек бетке тегіс бөлінбейді, күш негізінен буын беттері өте жақын орналасқан нүктелерге түседі.
ОА себептерінің үшінші тобын буын шеміршегінің физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі құрайды. Мұнын өзі жарақатта, контузияда, субхондральды қан айналысы бұзылуында, буындағы әр түрлі қабыну процестерінде, метаболизмдік және эндокриндік бұзылыстарда орын алады.
Кей жағдайларда тұқым қуу факторын да жоққа шығаруға болмайды. Әке-шешесінде геберден түйіндері бар отбасыларында ОА өте жиі кездеседі.
Әдетте шеміршектің қалыпты қызмет етуі екі факторға тәуелді болып келеді: буын беттерінің қалыпты конгруенттігі және шеміршектің серпімділігі мен мықтылығы. Буын беті конгруенттілігінің бұзылуы шеміршекке түскен күштің біркелкі емес тарауын тудырып, күш ең көп түскен жерлерде шеміршек дегенерациясын дамытады.
Шеміршектің серпімділігі мен мықтылығы шеміршектің негізгі затының протеогликандарының (белокты-полисахаридты комплекстер) сапасы мен мөлшеріне тәуелді болады. ОА дамуының басты механизмі – протеогликан жетіспеушілігі (ең бастысы хондроитинсульфаттың жетіспеушілігі). Оның өзі шеміршектің жарақаттанып (буынға абсолютті немесе салыстырмалы күш түсуі нәтижесінде), одан кейін хондроциттер зақымданып, сапасыз протеогликандар синтездеуден туындайды. Сонымен қатар, шеміршектің зақымдануы коллаген торының жыртылуын, протеогликандардың синовиальды қуысқа шығып, ондағы ферменттер-дің активтенуін тудырады. Мұның өзі шеміршек протеогликандарының ыдырауын күшейте түседі. Хондроциттер зақымданғанда лизосомальды ферменттер бөлініп, олар да протеогликандарды талқандайды.