Файл: Тынысм шелеріні аурулар ы жедел бронхит жне бронхиолит.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 377

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Т Ы Н Ы С М Ү Ш Е Л Е Р І Н І Ң А У Р У Л А Р Ы

ЖЕДЕЛ БРОНХИТ ЖӘНЕ БРОНХИОЛИТ

БРОНХОЭКТАЗИЯ АУРУЫ

СОЗЫЛМАЛЫ ПНЕВМОНИЯ

ӨКПЕНІҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ДЕСТРУКЦИЯЛАРЫ

ӨКПЕ ІРІҢДІГІ (АБСЦЕСІ)

ПЛЕВРИТТЕР

ТЫНЫС ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ

Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары Артериялық гипертензиялар

Гипертония ауруы (эссенциальдық аг)

Қалыпты артериялық қан қысымы

Аққ көтерілуінің дәрежелері

Аг сатылары, ддұ классификациясы, 1993

Антигипертензивтік емнің тәсілдері

Алғашқы антигипертензивтік емді таңдау

Симптоматикалық (екінші ретті) артериялық гипертензиялар

Жүректің ишемия ауруы

Стенокардия (жүрек қыспасы)

Миокард инфарктісінің атипиялық түрлері.

Жедел ревматизм қызбасы және жүректің ревматизм ауруы

Жүрек ақаулары

Жүре пайда болатын жүрек ақаулары

Пароксизмальды тахикардия

Асқазан аурулары Созылмалы гастрит

Гастриттің ерекше түрлері

Гастриттің екі түрінің екшеу критерийлері

В гастритінің екі сатысының басты критерийлері

Жара ауруы

Бейспецификалық жаралы колит

Бауыр және өт жолдарының аурулары Созылмалы гепатит

Өт жолдарының дискинезиясы

Созылмалы тассыз холецистит

Бауыр циррозы

Бауыр циррозының ауырлық дәрежелерін анықтау

Бауыр циррозының ең жиі кездесетін түрлері.

Бауыр циррозының сирек түрлері.

Бауыр циррозымен ауыратын науқасты емдеу әдісі.

Асқынуларды емдеу.

Дәнекер тінінің жайылмалы аурулары

Жқж активтілік дәрежелері

Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы. Жқж диагнозын қоюда Американың ревматологиялық ассоциациясы ұсынған критерийлер (1982) кең қолданылып жүр:

Дерматомиозит

Буын аурулары Ревматоидтық артрит

Ра жұмыс классификациясы

Жүйелі өзгерістер жоқ ра.

Ра түрлеріне қарап емдеу

Подагра

Жүйелі васкулиттер

Түйінді периартериит

АНЕМИЯЛАР

Теміржетіспеушілік анемия

Витамин в12-жетіспеушілік анемия

Гемолитикалық анемиялар

Тұқым қуалайтын гемолитикалық анемиялар Тұқым қуалайтын микросфероцитоз (Минковский-Шоффар ауруы)

Жүре пайда болатын гемолитикалық анемиялар Аутоиммунды гемолитикалық анемия

Гипопластикалық (апластикалық) анемиялар

Гемобластоздар

Лейкоздар

Жедел лейкоздар

Классификациясы. А) Лимфобласттық лейкоздар:

Созылмалы лимфолейкоз

Созылмалы миелолейкоз

Геморрагиялық диатез

Гемофилия

Тромбоцитопениялық пурпуралар

Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (итп)

Геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох ауруы)


Өкпені жасанды желдендіру (ӨЖЖ) көрсетпелері:

Абсолюттік көрсетпелер: сананың бұзылуы, жүректің тоқтауы, өмірге қауіп төндіретін аритмиялар.

Шартты көрсетпелер: үдемелі ацидоз (рН < 7,2) үдемелі гиперкапния, рефрактерлік гипоксемия, тыныс алудың тежелуі, науқастың қозу күйі, тыныс бұлшық еттерінің шаршауы.

ӨЖЖ тиімді болмаса, санациялық бронхоскопия жасап, бронх тарамдарын натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісімен жуады.

Болжамы. Аурудың болжамы оның диагнозын мезгілінде қоюмен, науқас адамның өз күйін өзі бақылай алатын қабілетімен, түрткі факторларды аластаумен, медициналық көмекті мезгілінде көрсетумен байланысты. БД -ың үлесіне жалпы өлім-жетімнің 0,2% тиеді. БД -мен ауыратындар басқа аурулардан өледі.

Еңбекке қабілеттілік сараптамасы. Іріңді обструктивті бронхитпен қоса кездесетін БД -ң ауыр дәрежесінде уақытында еңбекке қабілетсіздіктің орташа мерзімі 34-48 күн, орташа ауырлықты БД -да - 24-28 күн, аурудың жеңіл дамуында -12-18 күн.

Еңбекке қабілеттіліктің қалпына келу критерийлері: ұстаманың сиреуі немесе тоқтауы, дәрілік ремиссияға қол жеткізу, тыныс тұншықпасының даму барысының тұрақтануы, БД -ң бронхитпен қоса кездесетін жағдайларда бронхтардағы белсенді қабыну процесінің жойылуы.

МӘСК жолдама беру көрсетпелері: тыныс жетіспеушілігінің ІІ немесе одан да жоғары дәрежесі бар гормонға тәуелді БД -ң ауыр дәрежесі, декомпенсациялы өкпе-текті жүрек.

Санаторлық-курорттық ем. Аурудың қайталауы жоқ кезде науқас адамдар Қырымның Оңтүстік жағалауында орналасқан климаттық курорттарға, Кисловдскіге т.б. климаттық курорттарға жіберіледі. Жергілікті санаторий-прафилакторийлерде, пульмонологиялық санаторийларда емдеуге болады. БД -ң орташа және жеңіл түрімен ауыратындар тұзды шахталарда емделеді.

Диспансерлеу. БД -мен ауыратын адамдар пульмонологта диспансерлік есепте болуы керек, оларды жүйелі түрде аллерголог қарап тұру керек. Қарау жиілігі – жылына 4 рет. Керек тексерулер жасалып, керегіне қарай ем қолданылады.

Алдын алу (профилактикасы). Бірінші ретті профилактика сұрақтарын отбасын құру жоспарланған кезде шешу керек. БД -мен ауыратын адамдар отбасын құрмаулары керек. Екінші ретті профилактика жедел респираторлық аурулардың алдын алу және оларды мезгілінде емдеу, қоршаған ортаны ластаумен күрес, аллергендерді және басқа себеп факторларды аластау түрінде іске асырылады.


БРОНХОЭКТАЗИЯ АУРУЫ


Бронхоэктазия ауруы (БЭ) - (грек. bronchos – бронх + ektasis - кеңу) - патологиялық кеңіген бронхтардың созылмалы эндобронхиальды іріңді қабынуы. Бронхоэктазия ауруына өкпе іріңдігі, туберкулез, созылмалы бронхит, бейспецификалық пневмофиброз салдарынан пайда болған екінші ретті бронхоэктаздар жатпайды. Бронхоэктазия ауруы мен екінші ретті бронхоэктаздар арасындағы басты айырмашылық – бронхоэктазия ауруында өкпе тіні болмашы зақымданады, ал екінші ретті бронхоэктаздарда өкпе тінінің зақымдануы басым болып келеді. БЭ халықтың 0,1-0,6% кездеседі. Еркектер жиірек ауырады (3:1).

Этиологиясы және патогенезі. БЭ көп себепті ауру. БЭ барлық себебін екі топқа бөлуге болады: ішкі (генетикалық) және сыртқы себептер. Аурудың басты себебі тұқым қуалайтын бронх қабырғасы сапасының төмендігі: оның салалы бұлшық етінің, серпінді және шеміршекті тінінің жеткіліксіз дамуы, бронхтың қорғаныс жүйесінің кемістігі. Бронх қабырғасының тұқым қуалайтын сапасыздығының бронхоэктазия ауруына алмасуы (трансформациясы) сыртқы себеп факторлардың [бала кезінде болған бронх-өкпе инфекция ауруларының әсерінен бронх қабырғасының іріңді талқандалуы, бөгде денелердің аспирациясы, бронхтардың тыртықты (іріңді қабынудан кейін) немесе қабыну себепті (бронхоаденитте) тарылып, олардың ішінде секреттің жиналуы және стеноздан дистальды аймақтың тұрақты іріңді қабынуы] әсерінен болады.

Ауру патогенезінде екі механизм рөль атқарады: бронх өткізгіштігінің бұзылып, обтурациялық ателектаздың пайда болуы және бронх обтурациясынан дистальды аймақта іріңді қабыну болуы. Сегментарлық немесе бөліктік бронхтың өткізгіштігінің бұзылуы бөгде дене аспирациясы, тыртықты бронх стенозы, бронхтарды гиперплазияланған лимфа түйіндерінің басуы, бронхты ұзақ уақыт кілегейлі тығынның бітеуі нәтижесінде туындайды. Бронх өткізгіштігінің бұзылуы мен сурфактант белсенділігінің төмендеуі (тұқым қуалайтын немесе қабынудың салдарынан) нәтижесінде обтурациялық ателектаз қалыптасады.

Бронх қуысы инфекциясының басты көздері мұрын-жұтқыншақтың созылмалы инфекция ошақтары (синуситтер, аденоидтар, тонзилит). Бронх ішіндегі секретте Фридлендер таяқшалары, көкшілірің таяқшасы, алтынсары стрептакокктер, сирегірек жағдайда – басқа флора өсіп жетіледі. Оның нәтижесінде пайда болатын қабыну бронх қабырғасының үдемелі және қайтымсыз зақымдануына әкеліп соқтырады. Мұның өзі жөтел кезінде көтерілетін бронх іші қысымға бронх қабырғасының қарсыластығын азайтады, бронх ішіндегі секреттің бронх қабырғасын керуін күшейтеді және ателектаз аймағындағы өкпе көлемінің кішіреюіне байланысты плевра қуысы ішіндегі теріс мәнді қысымды көбейте түседі. Осы факторлардың әсерінен бронх қуысы тұрақты түрде кеңіп бронхэктаздар пайда болады. Бронхтардың тазару функциясы нашарлайды. Осындай фонда эндобронхиадьдық іріңді процесс, яғни бронхоэктазия ауруы қалыптасады.


Бронхэктаздар қабырғасындағы тамырлардың эрозиясы нәтижесінде өкпеден қан кету көрініс береді, оның дәрежесі әр түрлі болып келеді.

«Дабыл таяқшасына» ұқсас саусақтар симптомы түрінде көрініс беретін Бамбергер-Мари периостозының (өкпенің гипертрофиялық артропатиясының) дамуын сүйек жүйесінің созылмалы интоксикацияға, гипоксияға және қышқыл-негіз күйінің бұзылуына реакциясымен байланысты деп есептейді. Бамбергер-Мари периостозының дамуы өкпенің метаболизм функциясының бұзылуымен байланысты болуы да мүмкін.

Патоморфологиясы. Көбіне сол жақтың төменгі бөлігінің базальді сегменттері мен жоғарғы бөліктің тілді сегменттері, оң жақта-ортаңғы бөлікке қоса төменгі немесе базальді сегменттер зақымданады. Зақымданған бронхтар кеңіген, кеңіген бронхтар қапшық немесе цилиндр тәрізді болады. Микроскопия жасағанда бронх қабырғасының созылмалы қабынуы мен перибронхиальды склероз көрінеді. Жақын жатқан паренхимада ателектаз, қабыну және склероз белгілері, кейде эмфизема болады.

Классификациясы.

І Бронхтың кеңу түрлері:

1. Цилиндр тәрізді

2. Қапшық тәрізді

3. Ұршық тәрізді

4. Аралас

ІІ Клиникалық даму барысы (түрлері):

1. Жеңіл

2. Айқын

3. Ауыр

4. Асқынулы

ІІІ Фазасы:

1. Қайталау

2. Ремиссия

ІV Процестің тарау сипаты:

1. Біржақты

2. Екіжақты (орнын дәл көрсету керек)

V Асқынулары:

1. Өкпе жағынан болатын: қан кету, пневмония, тыныс жетіспеушілігі

2. Өкпеден тыс болатын: созылмалы өкпе-текті жүрек, бүйрек амилойдозы, септицемия.

Клиникасы. Бронхоэктазия ауруымен ауыратын адамдардың басты шағымдары: жөтел, қақырық бөлу және қан қақыру. Жөтел көбіне ертеңгілік болады, оған қоса науқас адам аузын толтырып іріңді қақырық тастайды. Тазалаушы бронх тік төмен қарап тұратын науқастың төсектегі қалпында қақырық жеңіл бөлінеді. Бөлінетін қақырықтың мөлшері аурудың фазасымен байланысты. Аурудың ремиссиясы кезінде қақырық болмауы мүмкін немесе өте аз болады (20-30 мл), аурудың қайталауы кезінде тәулігіне 100-500 мл қақырық бөлінуі мүмкін. Қақырықтың ертеңгі кезде көп бөлінуінің себебі – түнде науқас адамның тыныш күйінде қақырықтың бронх бойымен қозғалысының тоқтап, ертеңгілік науқас қозғала бастағанда қақырықтың бронх бойымен қозғалысы қайтадан жаңғаратындығы.

Ауру адамның 25-95% қан қақыру байқалады. Басқа симптоматикасыз болатын қақырық бөлу құрғақ қан қақыру (Безансон синдромы) деп аталады. Кей ауру адамда өкпеден ауқымды қан кетеді.


Кеуденің ауыруы әдетте қосымша пневмония немесе плеврит болса байқалады.

Аурудың өршу (қайталау) фазасында қызба және интоксикация белгілері (тершеңдік, әлсіздік, делсалдық) байқалады.

Науқас адам анамнезінде бала кезден бері мезгіл-мезгіл жөтел болатыны, оның бала кезде пневмониямен, қызылшамен, көкжөтелмен ауырғаны анықталады.

Қараған кезде тері жамылғысы мен кілегей қабықтардың қуқыл тартқаны, дабыл таяқшаларына ұқсас саусақтар, сағат әйнектеріне ұқсас тырнақтарды көруге болады. Кеуде торының түрі басым патологиялық процеске (өкпе эмфиземасы немесе пневмофиброз) тәуелді болады, көбіне кеуде торының астениялық түрі байқалады, зақымдану біржақты болған жағдайда – кеуде торы ассимметриялы болады, дем алған мезгілде кеуденің бір жағы қалыңқы болады.

Бронхоэктаздар біржақты орналасса, онда кеуденің зақымданған жағының үстінде дауыс дірілінің күшейгені анықталады. Перкуссиялық белгілер өзгермелі: ауқымды фиброз үстінде өкпе дыбысының тұйықталғаны (әлсірегені) анықталады, ішінде сұйықтық жоқ бронхоэктаздар үстінде өкпе дыбысында қорап дыбысының реңі болады. Өкпенің төменгі шетінің қимылы (экскурсиясы ) шектелген.

Аускультация кезінде қатқыл дыбыс фонында шектелген аймақта орташа және ірі көпір-шікті ылғалды сырылдар естіледі.

Қосымша тексерулер.

Қан анализіндегі өзгерістер қабыну процессінің белсенділігінің дәрежесіне байланысты болады (лейкоцитоз, ЭТЖ өсуі).

Несеп анализінде протеинурия болуы мүмкін, протеинурия бронхоэктазия ауруының бүйрек амилоидозы түрінде асқынуының белгісі болуы мүмкін.

Қақырықтың жалпы анализі. Қақырық кілегейлі – іріңді немесе іріңді, ыдысқа құйып қойғанда қақырық екі қабат түзеді; қақырықта нейтрофильдер көп болады, эластикалық талшықтар анықталады, эритроциттер жиі кездеседі.

Өкпе рентгенографиясында өкпе суретінің деформациясы, шектелген пневмофиброз, ұялы өкпе суреті, ауру қайталаған кезде - перифокальды пневмония ошақтары көрінеді.

Бронхография бронхоэктаздарды анықтауда қолданылатын ең маңызды әдіс. Бронхо-граммада зақымданған аймақта әр түрлі кеңіген бронхтар көрінеді, әдетте 4-6 тарамдану деңгейіндегі бронхтар кеңіген және бронхоэктаздардан төмен (дистальды) орналасқан бронхтарда контраст зат болмайды. Көбіне бронхоэктаздар өкпелердің төменгі бөліктерінде, әсіресе сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде орналасқан.