Файл: Тынысм шелеріні аурулар ы жедел бронхит жне бронхиолит.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 599

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Т Ы Н Ы С М Ү Ш Е Л Е Р І Н І Ң А У Р У Л А Р Ы

ЖЕДЕЛ БРОНХИТ ЖӘНЕ БРОНХИОЛИТ

БРОНХОЭКТАЗИЯ АУРУЫ

СОЗЫЛМАЛЫ ПНЕВМОНИЯ

ӨКПЕНІҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ДЕСТРУКЦИЯЛАРЫ

ӨКПЕ ІРІҢДІГІ (АБСЦЕСІ)

ПЛЕВРИТТЕР

ТЫНЫС ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ

Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары Артериялық гипертензиялар

Гипертония ауруы (эссенциальдық аг)

Қалыпты артериялық қан қысымы

Аққ көтерілуінің дәрежелері

Аг сатылары, ддұ классификациясы, 1993

Антигипертензивтік емнің тәсілдері

Алғашқы антигипертензивтік емді таңдау

Симптоматикалық (екінші ретті) артериялық гипертензиялар

Жүректің ишемия ауруы

Стенокардия (жүрек қыспасы)

Миокард инфарктісінің атипиялық түрлері.

Жедел ревматизм қызбасы және жүректің ревматизм ауруы

Жүрек ақаулары

Жүре пайда болатын жүрек ақаулары

Пароксизмальды тахикардия

Асқазан аурулары Созылмалы гастрит

Гастриттің ерекше түрлері

Гастриттің екі түрінің екшеу критерийлері

В гастритінің екі сатысының басты критерийлері

Жара ауруы

Бейспецификалық жаралы колит

Бауыр және өт жолдарының аурулары Созылмалы гепатит

Өт жолдарының дискинезиясы

Созылмалы тассыз холецистит

Бауыр циррозы

Бауыр циррозының ауырлық дәрежелерін анықтау

Бауыр циррозының ең жиі кездесетін түрлері.

Бауыр циррозының сирек түрлері.

Бауыр циррозымен ауыратын науқасты емдеу әдісі.

Асқынуларды емдеу.

Дәнекер тінінің жайылмалы аурулары

Жқж активтілік дәрежелері

Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы. Жқж диагнозын қоюда Американың ревматологиялық ассоциациясы ұсынған критерийлер (1982) кең қолданылып жүр:

Дерматомиозит

Буын аурулары Ревматоидтық артрит

Ра жұмыс классификациясы

Жүйелі өзгерістер жоқ ра.

Ра түрлеріне қарап емдеу

Подагра

Жүйелі васкулиттер

Түйінді периартериит

АНЕМИЯЛАР

Теміржетіспеушілік анемия

Витамин в12-жетіспеушілік анемия

Гемолитикалық анемиялар

Тұқым қуалайтын гемолитикалық анемиялар Тұқым қуалайтын микросфероцитоз (Минковский-Шоффар ауруы)

Жүре пайда болатын гемолитикалық анемиялар Аутоиммунды гемолитикалық анемия

Гипопластикалық (апластикалық) анемиялар

Гемобластоздар

Лейкоздар

Жедел лейкоздар

Классификациясы. А) Лимфобласттық лейкоздар:

Созылмалы лимфолейкоз

Созылмалы миелолейкоз

Геморрагиялық диатез

Гемофилия

Тромбоцитопениялық пурпуралар

Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (итп)

Геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох ауруы)



Эндокриндік бұзылыстарда орнын толтыру емі қолданылады:

  • гипотиреозда тиреоидтық препараттар (тиреотом, тиреокомб 1 таблеткадан күнге 1-3 рет, L-тироксин 100 мкг күнге 2-3 рет, трийодтиронин 25 мкг күнге 2-3 рет);

  • глюкокортикоидтық жетіспеушілікте – преднизолон 5 мг күнге 2-3 рет;

  • гипопаратиреозда – кальций препараттарын ішке қабылдау, паратиреоидин 1-2 мл етке күн аратпа;

  • қанттық емес диабетте – адиурекрин 0,03-0,05 күнге 2-3 рет, мұрын арқылы ішке дем алу.

Иммундық жүйе қызметін қалпына келтіру үшін продигиозан, зиксорин, натрий нуклеинаты, тималин, Т-активин қолданылады.

Айқын ауырғандық синдромында физиотерапия қолданылады: жылу процедуралары (жылыту компрессі, парафин, озокерит аппликациясы), анестезин қолданған электрофорез, ДМП-терапия, индуктотермия, Бернар токтары, УЖЖ.

Еңбекке қабілеттіктің қалпына келу критерийлері: аурудың қайталау белгілерінің тоқтауы, мальдигестия және мальабсорбция синдромдарының компенсация күйіне оралуы.

Еңбекке жарамсыздықтың орташа мерзімдері: СЭ І дәрежелі ауырлығында – 4-20 күн, ІІ-ІІІ дәрежелі ауырлығында – 1,5-2 ай.

МӘСК жолдама беру көрсетпелері: мальабсорбция синдромы, дене массасын жоғалту және эндокриндік бұзылыстар бар СЭ ІІІ дәрежелі ауыртпалығы.

Санаторийлы – курорттық ем. Санаторийлы – курорттық емге аурудың жеңіл және орташа ауыртпалығы бар, ремиссия фазасындағы науқастар жіберіледі. Белокуриха, Ессентуки, Боржоми, Одесса, Юрмала, Арзни, Железноводск курорттарына жібереді.

СЭ минералдық суларды іш өту жоқ кезде өте үлкен сақтықпен, газсыз күйінде жылытып ішу керек, бір қабылдағанда 1/4 - 1/3 стакан су ішіледі. Минералдығы аз сулар қолданылады: «Славянская», «Ессентуки-4», «Нарзан», «Ижевская».

Диспансерлеу. СЭ ауыратын адамдарды диспансерлік есепке алады, жылына 2 рет тексеруден өтеді, 1 рет гастроэнтеролог қарап, кеңес береді. Науқас адам мынандай тексерілуден өтеді: копрограмма, эндоскопиялық тексеру, іш қуысы мүшелерін УДЗ.

Прогноз: СЭ болжам жайлы болып келеді, дұрыс жүргізілген ем әдетте жақсы нәтиже береді.

Профилактика. СЭ тиімді қоректену, улы әсерлерден сақтану, жедел ішек инфекцияларын және ас қорыту мүшелерінің ауруларын мезгілінде емдеу керек.

Созылмалы колит


Созылмалы колит (СК) – толық тоқ ішектің (толық колит) немесе оның бөліктерінің (сегментарлы колит) созылмалы қабынулы – дистрофиялық ауруы және тоқ ішек функцияларының бұзылуы.

Ас қорыту мүшелері ауруларының ішінде СК науқас адамдардың 50% кездеседі, әйелдер 20-60 жаста, еркектер – 40-60 жаста ауырады.

Этиологиясы және патогенезі. СК ең жиі себептері не ішектің инфекциялық ауруларының қоздырғыштары - шигеллалар, сальмонеллалар, іш сүзек таяқшалары, кампилобактериялар, иерсиниялар және т.б. жатады.

Созылмалы колитті гельминттер мен қарапайымдар (амеба, лямблиялар, трихомонадтар, балантидийлер), шартты – патогендік және сапрофиттік флора (әдетте ұзаққа созылған дисбактериозда) тудыра ала алады. Созылмалы колиттің жиі себептеріне алиментарлық фактор жатады: жүйелі қоректенбеу, бірыңғай, көбіне көмірсулы немесе белокты тамақ, өткір және қиын қорытылатын тамақтар қолдану, ішімдік ішу.

Созылмалы колит экзогендік интоксикация (сынап, мышьяк, фосфор және басқалары) әсерінен де дамуы мүмкін.

Сонымен қатар «медикаментоздық» деп аталатын колиттер де болады (іш жүргізетін дәрілер, салицилаттар және басқа бейстероидтық қабынуға қарсы дәрілер тудырады).

Аллергиялық колиттер де болады: тағамға және дәріге аллергия болғанда бой көрсетеді.

Колиттер радиация әсерінен де дамиды (кіші жамбас органдарын сәулемен емдегенде).

Колиттің себебі іштен туа болатын ферментопатия болуы мүмкін, мысалы дисахаридазалық жетіспеушілік (лактаза жетіспеушілігі), колит ішектің кілегей қабығын тағамның толық емес гидролизінен пайда болған өнімдердің тітіркендіруінен дамиды.

Шажырқай тамырларының атеросклерозында болатын тоқ ішектің ишемиясы мен қан айналысы жетіспеушілігі де колиттің дамуын тудырады.

Колит іш қуысындағы тыртықтық процесте, долихосигмада, дивертикулезде бой көрсетуі мүмкін. Ұзаққа созылған іш қатуы, жиі жасалатын клизмалар және тік ішек балауыздары колиттердің механикалық себептері деп есептелінеді.

Колиттер ас қорыту органдарының басқа аурулары – созылмалы гастритте, созылмалы панкреатитте, созылмалы холециститте, асқазан мен он екі елі ішектің жара ауруында туындауы мүмкін.

Механикалық, токсикалық, аллергиялық, дәрілік және басқа факторлардың әсерінен тоқ ішектің кілегей қабығы зақымданады. Ішектің нерв аппаратының зақымдануы тоқ ішектің қозғалыс және секрециялық қызметін бұзып, ішек қабырғасындағы трофикалық өзгерістерді тереңдете түседі. Ішектегі қабыну процесін сүйемелдейтін ең маңызды фактор – дисбактериоз. Дисбактериоздың нәтижесінде екінші ретті ферментопатия туындайды. Бұл механизмдердің бәрі ішек диспепсиясының дамуын, ішектің иммундық функциясының бұзылуын, организмде сенсибилизация дамуын, тоқ ішектің кілегей қабығының антигендеріне қарсы аутоантиденелердің пайда болуын тудырады. Бұл өзгерістерге кейін гастроинтестинальдық гормондардың секрециясының бұзылуы қосылады, оның өзі ішектің моторлық функциясының бұзылысын, дисбактериозды, ішектің кілегей қабығындағы қабыну процесін, оның секреторлық функциясының бұзылысын тереңдете түседі.



Патоморфологиясы. СК қабыну өзгерістеріне қоса кілегей қабық эпителийінің регенерациясы бұзылады. Процесс склерозбен және атрофиямен аяқталады. СК атрофиялы да, атрофиясыз да болуы мүмкін.

Классификациясы

1. Этиологиясына қарай:

Инфекциялық СК

Паразитарлық СК

Алиментарлық СК

Интоксикациялық СК

Ишемиялық СК

Радиациялық СК

Аллергиялық СК

Аралас себепті СК

2. Басым орнына қарай:

Толық (панколит)

Сегментарлық (тифлит, трансверзит, сигмоидит, проктит)

3. Морфологиялық өзгерістер сипатына қарай:

Катаральдық

Эрозиялық

Жаралы

Атрофиялық

Аралас

4. Ауырлық дәрежесіне қарай:

Жеңіл түрі

Орташа ауыртпалықты

Ауыр түрі

5. Аурудың даму барысына қарай:

Қайталамалы

Монотонды, үздіксіз

Кезекпелі, ұстамалы

6. Аурудың фазасына қарай:

Қайталауы

Ремиссия

7. Функциональдық бұзылыстар сипатына қарай:

Моторлық функцияның бұзылысы:

Гипомоторлы типті

Гипермоторлы типті

Моторлық функция бұзылмаған

Ішек диспепсиясы типті:

Ашу диспепсиясы белгілері бар

Аралас диспепсия белгілері бар

Шіру диспепсия белгілері бар

Ішек диспепсиясының белгілері жоқ

8. Аллергиялық синдром бар немесе жоқ.

Клиникасы. Аурудың негізгі симптомдары – іштің ауыруы, дәретке отырудың бұзылысы, диспепсиялық симптомдар және астеновегетативтік синдром белгілері.

Ауырғандықтың тұйық, сыздаған, керген, кейде ұстама сипаты болады, тамақ ішкеннен кейін 30-90 минут өткен соң немесе тамақ ішкен бойда пайда болады, іштің төменгі жағында, қапталдарында, кейде қабырға астында орналасады, дөрекі өсімдіктік клетчаткалы тамақтан кейін, сүт, майлы және қуырған тамақтардан кейін, ішімдіктен кейін күшейе түседі, үлкен дәретке отырғаннан кейін немесе газ кеткеннен кейін, жылулық пен спазмолитикалық дәрілерден кейін азаяды.

Қабыну процесі серозды қабыққа (периколит), регионарлық лимфа түйіндеріне (мезаденит) тарағанда ауырғандық тұрақты күйге көшеді, жүрісі селкіл туғызатын көлікпен жүргенде, секіргенде, тазарту клизмаларынан кейін күшейе түседі.

Дәретке отырудың бұзылуы іш өту, іш қату немесе бұл белгілердің бір мезгілде кездесуі түрінде көрініс береді. Іш өту сұйық, ботқа тәрізді кілегей аралас нәжіс бөлу түрінде белгі береді. Кейде үлкен дәретке «шақыру» сезімі тамақ ішкен бойда (гастроцекальді рефлекс), ал кейде ұйқы кезінде («оятқыш» белгісі) байқалады. Кейде дефекациядан кейін дәретке толық отырмаған сезім қалады.


Тоқ ішектің дистальді бөлігі басым зақымданғанда, әсіресе патологиялық процеске артқы тесік қосылғанда дәретке отыру сезімінің жиілеуі, тенезмдер пайда болады. Кейде дәретке «шақырудың» жалған сезімі болады.

Созылмалы колитте байқалатын тоқтамсыз іш өту негізінен паразитарлық колитте байқалады.

Созылмалы колитте іштің қатуы да кездеседі. Жиі науқас адамдарда ұзаққа созылған іш қатудан кейін 1-2 күн тығыз нәжіс бөлінеді («нәжістік тығын»), одан кейін сұйық, көпірген және сасық иісті нәжіс массасы бөлінеді. Бұл жағдай «іш қатпалы іш өту» деп аталады. Белгі нәжіс тоқ ішектің төменгі бөліктерінде кідіріс жасап, кілегейлі қабықты тітіркендіріп, кейін секрецияны күшейтіп, нәжісті екінші ретті сұйылтатынынан туындайды. Кей науқас адамда іштің қатуы мен өтуі алмасып отырады.

Ауру адамның көбінде диспепсиялық симптомдар (жүрек айну, ауа кекіру, ащы кекірік, ауызда жағымсыз дәм болу, тәбеттің төмендеуі) болады. Олар тоқ ішектен асқазанға, өт қабына болатын рефлекторлық әсерлерге байланысты немесе ас қорытудың басқа мүшелерінің қосымша ауруларына байланысты туындайды.

Жиі іштің төменгі жағында және қапталдарында метеоризм анықталады, оған қоса салмақ сезіну, іштің шұрылдауы мен аударылып – төңкерілу сезімі болады.

СК болатын астеновегетативті синдром кейігіштік, ұйқының бұзылуы, бас ауыруы, көңіл-күйдің бұзылуы, жалпы әлсіздік, тез шаршау түрінде көрініс береді, интоксикация мен вегетактивті – тамыр дистониясына байланысты туындайды.

Созылмалы колитте ауру адамның жүдеуі болмайды. Науқас адамның тілі ақшыл – сұрғылт жамылғымен жабылған, ылғалды болып келеді.

Науқас адамды тексергенде 9-12 бел сегменттеріне сәйкес келетін тері гипестезиясының зоналары анықталады. Ішті сипап тексергенде немесе барлық тоқ ішек бойында, немесе оның басым бір бөлігінің үстінде ауырғандық және ішектің тығыздалғаны (немесе кеңігені) анықталады.

Қосымша мезаденит болған жағдайда ауырғандық тоқ ішекпен шектеліп қоймайды, ол кіндік айналасында және мезентериальдық лимфа түйіндері аймағында – соқыр ішектен ішке қарай және кіндік пен сол жақ бұғана сызығы мен қабырға доғасы қиылысатын нүктені қосатын сызықтың ортасында анықталады. Қосымша ганглионитте (патологиялық процеске жұлдызша өрімі қосылғанда) терең пальпация кезінде төс астында және іштің ақ сызығы бойында күшті ауырғандық анықталады.

Созылмалы колитте жиі тоқ ішектің түйілген жері мен кеңіген жері кезектесіп анықталады, кейде «шалпыл шуы» естіледі.


Екінші ретті колитте колит белгілерімен қатар негізгі аурудың белгілері болады.

Толық колит болмаған жағдайда аурудың клиникасы патологиялық процестің орнына тәуелді болады.

Тифлит (оң жақты колит). Іш өту тәулігіне 10 ретке дейін болады, іш өту мен қысқа мерзімді іш қату кезектесіп отырады, ауырғандық оң жақ мықын аймағында болады, оң аяқ, шап, кейде бел аймағына тарайды. Пальпацияда соқыр ішек түйілген немесе кеңіген, оның ауыратыны анықталады, перитифлит болған жағдайда – оның қозғалысы шектелген, мезаденит болған жағдайда – соқыр ішектен ішке қарай және кіндік маңы аймақта ауырғандық анықталады.

Трансверзит – көлденең жиек ішектің қабынуы. Іштің басым ортаңғы бөлігінде ауырғандық, іштің шұрылдауы мен кебуі байқалады, бұл белгілер тамақ ішкен бойда бой көрсетеді. Тамақ қабылдағаннан кейін жиі үлкен дәретке «шақырудың» күшті сезімі болады (гастротрансверзальдық рефлекс). Іш қату мен іш өту кезектесіп отырады. Терең пальпация кезінде түйілген немесе кеңіген, ауыратын көлденең жиек ішек анықталады. Кейде ішектің кеңіген жері түйілген жерлермен алмасып отырады.

Ангулит – тоқ ішектің талақтық бұрышының қабынуы (сол жақ қабырға асты синдромы). Сол жақ қабырға асты күшті ауырып, ауырғандық арқаға және кеуденің сол жағына тарайды. Ауырғандыққа қоса сол жақ қабырға астын басу, керу сезімі болады. Кейде жүрек тұсы ауырады және жүрек соғу сезімі болады. Дәрет тұрақсыз (іш өту мен қату кезектесіп отырады). Көлденең жиек ішектің талақтық бұрышы сипап тексергенде ауырғандық сезім береді. Осы жерде тимпанит анықталады.

Сол жақ колит (сигмоидит, проктит, проктосигмоидит) бәрінен жиі кездеседі. Іштің сол жақ жартысы мен сол жақ мықын аймағының ауыратыны тән, сонымен бірге дефекация кезінде артқы тесік тұсы ауырады, жаншу және керу сезімі болады. Дәретке отырудың жалған сезімі кезінде газ, кілегей және қан бөлінеді, ішектің толық босамаған сезімі болады. Ауырғандық дефекациядан және тазарту клизмасынан кейін күшейе түседі. Сыртқы тесік аймағы қышып, «суланады». Нәжіс «қой құмалағына» ұқсас болады, оған кілегей мен қан араласқан. Саусақпен тексергенде сфинктер спазмы анықталады. Проктосигмоидит диагнозы ректороманоскопия көмегімен дәлденеді.

Қосымша тексерулер. Копрологиялық тексергенде анықталатын белгілер:

1) қабыну белгілері: белокты анықтауда оң мәнді реакция (Трибуле сынамасы), лейкоцит саны мен сыдырылған эпителий клеткаларының көп болуы;