Файл: Тынысм шелеріні аурулар ы жедел бронхит жне бронхиолит.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.04.2024
Просмотров: 591
Скачиваний: 0
СОДЕРЖАНИЕ
Т Ы Н Ы С М Ү Ш Е Л Е Р І Н І Ң А У Р У Л А Р Ы
ӨКПЕНІҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ДЕСТРУКЦИЯЛАРЫ
Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары Артериялық гипертензиялар
Гипертония ауруы (эссенциальдық аг)
Аг сатылары, ддұ классификациясы, 1993
Антигипертензивтік емнің тәсілдері
Алғашқы антигипертензивтік емді таңдау
Симптоматикалық (екінші ретті) артериялық гипертензиялар
Миокард инфарктісінің атипиялық түрлері.
Жедел ревматизм қызбасы және жүректің ревматизм ауруы
Жүре пайда болатын жүрек ақаулары
Асқазан аурулары Созылмалы гастрит
Гастриттің екі түрінің екшеу критерийлері
В гастритінің екі сатысының басты критерийлері
Бауыр және өт жолдарының аурулары Созылмалы гепатит
Бауыр циррозының ауырлық дәрежелерін анықтау
Бауыр циррозының ең жиі кездесетін түрлері.
Бауыр циррозының сирек түрлері.
Бауыр циррозымен ауыратын науқасты емдеу әдісі.
Дәнекер тінінің жайылмалы аурулары
Буын аурулары Ревматоидтық артрит
Витамин в12-жетіспеушілік анемия
Тұқым қуалайтын гемолитикалық анемиялар Тұқым қуалайтын микросфероцитоз (Минковский-Шоффар ауруы)
Жүре пайда болатын гемолитикалық анемиялар Аутоиммунды гемолитикалық анемия
Гипопластикалық (апластикалық) анемиялар
Классификациясы. А) Лимфобласттық лейкоздар:
Стенокардияға ең тән ауырғандық ұстамасын денеге түскен күш (қыдырып түру, жүгіру, жыныс қатынасы), көңіл-күй күйзелістері (стресс, ашу, үрей, қуаныш т.б.) тудырады. Ангинозды ұстаманың түрткісі салқындық, желге қарай жүру, тойып тамақтану (әсіресе ішті кептіретін тағам), шылым шегу, қан қысымының көтерілуі және тахикардия болады. Кейде стенокрадия асқорыту мүшелерінің қосымша аурулары қайталаған кезде пайда болады.
Стенокардияда болатын ауырғандық түскен күшті тоқтатқан кезде жойылады (ауырғандық ұстамасы кезінде науқас адам тоқтап, айналасына, витринаға қараған болады – витрина симптомы) және нитроглицерин таблеткасын тіл астына салғаннан кейін 30 с – 5 минут ішінде тоқтайды.
Сұрастырған кезде науқас адам ауырған жерін көрсету үшін жұмған қолын төске қойып көрсетеді (С.Левин симптомы).
Стенокардиядағы ангинозды ұстамаға қоса жиі тыныстау, ауыздың құрғауы, кіші дәретке жиі отыру сезімі, тершеңдік сияқты вегетативтік дисфункция белгілері кездеседі. Ауыру ұстамасынан кейін (әсіресе ол күшті болған болса) шаршағандық, әлсіздік, делсалдық сезім байқалады.
Клиникалық тексергенде спецификалық белгілер болмайды. Гиперлипидемия белгілері мен ерте қартаю белгілері болуы мүмкін: шаштың ағаруы мен ерте түсуі (қасқабастық), ауру адамның сырт пішіні мен жасының сәйкес келмеуі, самай тамырларының ирелеңдеп көрінуі, ксантелазмалар, ксантомалар, arcus sinilis. Кей науқастың құлақ сырғалығында диагональды қатпар табылады. Қолқа атеросклерозының белгілері (тамыр будасы аймағының кеңуі, қолқа үстіндегі ІІ тон акценті, осы жерде естілетін систолалық шу) болуы мүмкін.
Стенокардия эквиваленттері немесе стенокардияның атипиялық түрлері. Стенокардия эквиваленттеріне ұстамалы ентігу және күш түскенде байқалатын өте күшті әлсіздік (тұншықпа варианты) жатады. Бұл белгілер күш түсуді тоқтатқаннан кейін және нитроглицерин бергеннен кейін тоқтайды. Тұншықпа вариантынан (астматикалық вариант) басқа стенокардияның аритмиялық және перифериялық (шеткі) варианттарын ажыратады. Стенокардияның аритмиялық эквивалентінде көбіне қарыншалық экстрасистолия (топтасқан, политопты, полиморфты) байқалады. Сирегірек жыбыр аритмиясы, пароксизмальды суправентрикулярлық тахикардия, қарыншалық тахикардия кездеседі. Сирек кездесетін белгілерге атриовентрикулярлық немесе қарынша ішілік өткізгіштіктің бұзылуы жатады.
Стенокардияның аритмиялық эквивалентінде аритмия денеге күш түскен кезде пайда болады және нитроглицерин немесе басқа антиангинальдық дәрілердің әсерінен (антиаритмиялық дәрілердің әсерінен емес) тез жойылады.
Стенокардияның перифериялық вариантының клиникалық белгісіне күші әр түрлі, көбіне сыздап ауырудың кеуде торының аймағында емес, нағыз стенокардиядағы ауырғандықтың тарау аймақтарында (сол жақ иықта, сол жақ шынтақ буыны тұсында, білекте, мойын маңында, кеңірдекте, жақ аймағында) болуы жатады. Стенокардияның эквиваленті сирек қыжыл түрінде белгі береді. Барлық жағдайда нитроглицерин немесе басқа антиангинальдық дәрілер жақсы нәтиже береді.
Күш түсу стенокардиясы. Стенокардияның бұл клиникалық түрінде ангинозды ұстаманың пайда болуы денеге күш түсуімен, көңіл-күй күйзелістерімен (эмоциональдық күш түсу) немесе басқа да миокардтың оттегін қажет етуін күшейтетін факторлармен байланысты болады. Ауыру ұстамасы түскен күшті тиған кезде немесе нитроглицерин қабылдағаннан кейін тоқтайды. Күш түсу стенокардиясының негізін миокардты оттегімен дененің тыныш күйінде қамтамасыз ете алатын, ал күш түскенде қамтамасыз ете алмайтын дәрежедегі коронарлық артериялардың тарылуы құрайды.
Күш түсу стенокардиясы алғаш рет пайда болған күш түсу стенокардиясы, тұрақты (стабильді) күш түсіру стенокардиясы және үдемелі стенокардия болып бөлінеді.
Алғаш (бірінші рет) пайда болған стенокардия. Оған пайда болған мерзімнен 1 айдан артық уақыт өтпеген стенокардияны жатқызады. Оның клиникасы стабильды стенокардия клиникасына ұқсас, бірақ одан айырмашылығы даму барысына және болжамына қарағанда полиморфты болып келетіні. Алғашқы стенокардия стабильды стенокардияға, үдемелі дамуға немесе миокард инфарктісіне көшуі мүмкін. Кей жағдайда кері дамуы мүмкін. Көптеген вариантының және даму барысының болатынын ескере отырып, алғашқы стенокардияны тұрақты стенокардияға ауысқанға дейін тұрақсыз (стабильды емес) стенокардияға жатқыза-ды.
Тұрақты (стабильды) күш түсу стенокардиясы тұрақты даму барысымен, яғни ауырғандықтың орны мен иррадиациясының тұрақтылығымен, ангинозды ұстаманы тудыратын күш деңгейінің біркелкілігімен сипатталады.
Клиникалық тұрғыдан тұрақты стенокардия деген ұғымды екі фактор анықтайды:
а) ұстама пайда болу жағдайының біркелкілігі (стереотиптігі);
б) күш түсуді тоқтату мен нитроглицерин қабылдаудың нәтиже беретіндігі.
Стенокардия ұстамасының жиілігі, ұзақтығы, оны тудыратын факторлар және ұстаманы тоқтату мүмкіншіліктері 60 күн бойы өзгермеген болса, ондай стенокардияны тұрақты стенокардия деп есептеу керек деген кең тараған пікір бар.
Көбіне тұрақты стенокардия атеросклероздың баяу үдеуімен байланысты болады, сондықтан оның үдеуі баяу болып келеді, ол ұзақ уақыт (апта, ай, жылдар бойы) стеоротипті жағдайда көрініс береді.
Ұстамаға түрткі болатын жағдайлардың тұрақтылығы тұрақты стенокардияны үлкен күш түскеннен, орташа күш түскеннен, жеңіл күш түскеннен болатын стенокардия деп бөлуге немесе оны түскен күш деңгейіне қарай функциональдық кластарға (ФК) бөлуге мүмкіндік береді (Канаданың жүрек-тамыр қоғамы, 1976 ж; РМҒА БКҚО).
І ФК. Науқас адам әдетте түсетін күшті жақсы көтереді. Стенокардия ұстамасы шамадан тыс күш түскенде байқалады. Стандартталған велоэргометриялық сынамаға төзімділік (толеранттылық) жоғары: меңгерілген күш қуаты (W) 750 кгм/мин. (125 Вт) төмен емес. Оттегіне қажеттілікті көрсететін қос көбейтінді (ҚК) 278 кем емес. (ҚК = ЖЖЖ х АҚҚ сист./100).
ІІ ФК. Дене қызметінің (түсетін күштің) аздап шектелуі байқалады. Стенокардия ұстамасы тегіс жермен 500 м артық жүргенде немесе бір қабаттан артық биіктікке көтерілгенде пайда болады. Стенокардия ұстамасының пайда болу ықтималдығы салқын ауада, желге қарсы жүргенде, эмоцияның көтеріңкі кезінде немесе ұйқыдан оянғанның алғашқы сағаттарында арта түседі. W = 450-600 кгм/мин. (75-100 Вт); ҚК = 216-277.
ІІІ ФК. Әдеттегі дене қызметінің анағұрлым шектелуі. Стенокардия ұстамасы қалыпты жылдамдықпен тегіс жермен 100-500 м жүргенде, бір қабат биіктікке көтерілгенде пайда болады. W = 300 кгм/мин; ҚК = 157-215.
IV ФК. Стенокардия денеге шамалы күш түскенде, тегіс жермен жүргенде 100 м аз қашықтықта пайда болады. Стенокардия ұстамасы тыныш күйде де болады.
Тыныш күй стенокардиясы. Тыныш күй стенокардиясында ауырғандық науқастың горизонтальды қалпында ұйықтап бара жатқан кезінде немесе түнде (науқас горизонтальды қалыпқа көшкенде жүрекке келетін веналық қанның көбеюі) бой көрсетеді. Ауырғандық сипаты күш түсу стенокардиясымен бірдей. Ауырғандық науқас адамның отырған қалпында немесе нитроглицерин қабылдағаннан кейін тиылады. Ұстама, әдетте, 15 минуттен қысқа болады. Түсетін күштің рөлін жатқан күйде күшейетін вена қанының оралуы (алғы күш) атқарады. Пайда болу жағдайларының біркелкілігі, төсектегі қалыпты өзгерткенде немесе нитроглицерин қабылдағаннан ауырғандықтың тез жойылуы және ұстаманың қысқа мерзімді болуы стенокардияның бұл түрін аз күш түсуден болатын тұрақты стенокардияға яғни IV функциональдық класқа жатқызуға мүмкіндік береді.
Үдемелі күш түсу стенокардиясы әдеттегі түсетін күшке жауап ретінде пайда болатын стенокардия ұстамасы жиілігінің, ауырлығының және ұзақтығының көбейіп кетуімен сипатталады.
Үдемелі стенокардия – тұрақты күш түсу стенокардиясының ауыр қайталауы (өршуі).
Стенокардияның бұл түрінде ұстама бұрынғыға қарағанда қарқыны аз күш түскенде пайда болады, ұстама жиілей түседі, оның ұзақтығы мен ауырлығы бұрынғы кезбен салыстырғанда арта түседі. Ауырудың орны мен иррадиациясы өзгеруі мүмкін, бұрын болмаған белгілер (жүрек айну, жүректің соғуы, тершеңдік, тұншықпа т.б.) қосылуы мүмкін. Нитроглицериннің әсері нашарлайды, күш түсу стенокардиясына тыныштық күй стенокардиясы қосылуы мүмкін. ЭКГ-да жаңа өзгерістер пайда болуы мүмкін. Үдемелі стенокардияны тұрақсыз (стабильды емес) стенокардияға жатқызады және оны инфаркталды күй деп есептейді. Онда болатын миокард инфарктісінің немесе кенеттен болатын өлім жиілігі 20-25% жетеді.
Спонтандық (ерекше) стенокардия. Спонтанды ерекше немесе вариантты стенокардияның – Принцметалл стенокардиясының (1959 ж. Принцметалл және оның қаламдастары сипаттап жазған) негізі – коронарлық артериялардың, көбіне ірі артериялардың спазмы мен субэпикардиальды (трансмуральды) ишемия. Барлық стенокардияның ішінде варианттық стенокардияның үлесіне 2-5% тиеді.
Күш түсу стенокардиядан ерекшелігі Принцметалл стенокардиясында ангиноздық ұстама күш түсуге тәуелсіз бой көрсетеді. Спонтанды стенокардияда болатын ауырғандық ұстамасының сипаты, орны және иррадиациясы жағынан күш түсу стенокардиясындағы ұстамамен бірдей. Ангинозды ұстаманың ұзақтығы 5-15 мин. созылады, кейде 30 мин. жетеді. Ауыру ұстамасы түнде немесе таңертеңгілік ерте кезде болады. Кейде ұстама циклді болып келеді, 2-5 ұстама қатар болады, араларына 2-15 мин. салып, бірінен кейін бірі болады. Стенокардия ұстамасын нитроглицерин және коринфар жеңіл тоқтатады.
Принцметалл стенокардиясына тән белгі – ұстама кезінде ST сегментінің изосызықтан жоғары көтерілуі; ST аралығының жоғары көтерілу ұзақтығы 5-10 минутке созылады, одан кейін ST изосызыққа оралады. Ангиноздық ұстама кезінде ЭКГ-да басқа да өзгерістер болады: жүрек ырғағының баяулауы, атриовентрикулярлық блокада, қарыншалар фибрилляциясы, экстрасистолия т.б. Вазоспастикалық стенокардияның диагнозын дәлелдеуге эргоновин сынамасы, коронарография (коронарлық артериялардың атеросклерозды тарылуы, коронароспазм) көмектеседі.
Вариантты стенокардия миокард инфарктісінің дамуымен аяқталуы мүмкін, сондықтан оны тұрақсыз стенокардияға жатқызады. Күш түсу стенокардиясына көшуі мүмкін.
Ауырсынусыз миокард ишемиясы (миокардтың мылқау ишемиясы). Клиникасында стенокардия белгілері жоқ адамдарды холтерлік мониторлы тексергенде ЭКГ-да ST сегментінің өткінші депрессиясы немесе жоғары көтерілуі табылса, онда ауырсынусыз миокард ишемиясының диагнозын қояды. Миокардтың «мылқау» ишемиясының кезеңдері көбіне ауырсыну бар кезеңдерге сәйкес келеді және стенокардиямен ауыратындардың 70-95% кездеседі. Миокардтың ауырусыз ишемиясы көбіне таңертең болады. Диагнозды күш түсу сынамасы көмегімен дәлелдеуге болады. Миокардтың ауырсынусыз ишемиясының мүмкін механизмдеріне ауырсыну медиаторларының аз бөлінуін, сезімталдықтың бұзылуын (мысалы қант диабетінде), ауырсынуды қабылдау табалдырығының көтерілуін, ишемия дәрежесінің төмен болуын және сол жақ қарынша функциясының бұзылуын жатқызады. Мылқау ишемиядағы алыс прогноз стенокардиямен бірдей.
«Х» синдромы. Стенокардияға тән ангинозды үстама бар күйде коронарографияда өзгеріс болмайтын клиникалық күйді «Х» синдромы деп атайды. Науқас адамдардың ішінде әйелдер басым болады. Күш түсу кезінде позитронды – эмиссиондық томография көмегімен миокардтың қанмен қамтамасыздығының бұзылғаны және/немесе сол жақ қарынша қабырғасы қозғалысының жергілікті бұзылғаны анықталады, эргоновин сынамасы кезінде вазоспазм белгілері болмайды.
Бұл науқастарда стенокардияның пайда болуы артериолдардың дилатациялық қабілеті төмендеуіне байланысты микроциркуляциялық қан арнасы деңгейінде қан айналысының уақытша бұзылуымен байланысты. Сондықтан стенокардияның бұл түрін микроваскулярлық стенокардия (microvascular angina) деп атайды. «Х» синдромының болжамы әдетте жағымды болып келеді.
Тұрақсыз стенокардия (жедел коронарлық жетіспеушілік, инфаркталды күй, аралық коронарлық синдром) тұрақты стенокардия мен миокард инфарктісінің аралығында орналасады, ол коронарлық жетіспеушіліктің ауырлауына сәйкес келеді.
Тұрақсыз стенокардияға жатады:
1) алғашқы күш түсу стенокардиясы; негізінен орташа және жеңіл күшке болатын немесе жиі (тәулігіне 3 реттен жиі) болатын алғашқы стенокардия;
2) үдемелі стенокардия (бұрыннан бар тұрақты күш түсу стенокардиясының ұстамалары-ның күшеюі, ұзаруы, жиілеуі);
3) Принцметалдың вариантты стенокардиясы;