Файл: Тынысм шелеріні аурулар ы жедел бронхит жне бронхиолит.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 485

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Т Ы Н Ы С М Ү Ш Е Л Е Р І Н І Ң А У Р У Л А Р Ы

ЖЕДЕЛ БРОНХИТ ЖӘНЕ БРОНХИОЛИТ

БРОНХОЭКТАЗИЯ АУРУЫ

СОЗЫЛМАЛЫ ПНЕВМОНИЯ

ӨКПЕНІҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ДЕСТРУКЦИЯЛАРЫ

ӨКПЕ ІРІҢДІГІ (АБСЦЕСІ)

ПЛЕВРИТТЕР

ТЫНЫС ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ

Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары Артериялық гипертензиялар

Гипертония ауруы (эссенциальдық аг)

Қалыпты артериялық қан қысымы

Аққ көтерілуінің дәрежелері

Аг сатылары, ддұ классификациясы, 1993

Антигипертензивтік емнің тәсілдері

Алғашқы антигипертензивтік емді таңдау

Симптоматикалық (екінші ретті) артериялық гипертензиялар

Жүректің ишемия ауруы

Стенокардия (жүрек қыспасы)

Миокард инфарктісінің атипиялық түрлері.

Жедел ревматизм қызбасы және жүректің ревматизм ауруы

Жүрек ақаулары

Жүре пайда болатын жүрек ақаулары

Пароксизмальды тахикардия

Асқазан аурулары Созылмалы гастрит

Гастриттің ерекше түрлері

Гастриттің екі түрінің екшеу критерийлері

В гастритінің екі сатысының басты критерийлері

Жара ауруы

Бейспецификалық жаралы колит

Бауыр және өт жолдарының аурулары Созылмалы гепатит

Өт жолдарының дискинезиясы

Созылмалы тассыз холецистит

Бауыр циррозы

Бауыр циррозының ауырлық дәрежелерін анықтау

Бауыр циррозының ең жиі кездесетін түрлері.

Бауыр циррозының сирек түрлері.

Бауыр циррозымен ауыратын науқасты емдеу әдісі.

Асқынуларды емдеу.

Дәнекер тінінің жайылмалы аурулары

Жқж активтілік дәрежелері

Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы. Жқж диагнозын қоюда Американың ревматологиялық ассоциациясы ұсынған критерийлер (1982) кең қолданылып жүр:

Дерматомиозит

Буын аурулары Ревматоидтық артрит

Ра жұмыс классификациясы

Жүйелі өзгерістер жоқ ра.

Ра түрлеріне қарап емдеу

Подагра

Жүйелі васкулиттер

Түйінді периартериит

АНЕМИЯЛАР

Теміржетіспеушілік анемия

Витамин в12-жетіспеушілік анемия

Гемолитикалық анемиялар

Тұқым қуалайтын гемолитикалық анемиялар Тұқым қуалайтын микросфероцитоз (Минковский-Шоффар ауруы)

Жүре пайда болатын гемолитикалық анемиялар Аутоиммунды гемолитикалық анемия

Гипопластикалық (апластикалық) анемиялар

Гемобластоздар

Лейкоздар

Жедел лейкоздар

Классификациясы. А) Лимфобласттық лейкоздар:

Созылмалы лимфолейкоз

Созылмалы миелолейкоз

Геморрагиялық диатез

Гемофилия

Тромбоцитопениялық пурпуралар

Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (итп)

Геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох ауруы)



Колоноскопия қабыну бөлігінің ұзындығын, тоқ ішектің тарылуын анықтауға көмектеседі.

Биоптатты гистологиялық зерттегенде қабыну инфильтраттары кілегей қабығы мен кілегей асты қабатта анықталады.

Рентгенологиялық тексеру (ирригоскопия) белгілері: ісіну, кілегей қабықтың түйіршікті болып көрінуі (БЖК-ң ерте белгісі), псевдополипоз, гаустрацияның болмауы, ригидтілік, ішектің тарылуы, ішектің қысқаруы мен қалыңдауы, жара ойықтарының болуы.

Асқынулар. БЖК-те болатын асқынулар:

1. Тоқ ішек перфорациясы.

2. Тоқ ішектің токсикалық дилатациясы.

3. Ішектен қан кету.

4. Тоқ ішек стриктурасы.

5. Қабыну полиптерінің пайда болуы.

6. Тоқ ішек рагі.

Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы. Диагноз критерийлері:

1. Дәреттің «ауруға тән» өзгерістері: жиі, ботқа тәрізді немесе сұйық нәжіс, онда қанның, іріңнің аралас болуы;

2. Копрологиялық белгілер: нәжісте қан, кілегей, ірің болу, нәжістің таңқұрай сілікпесі типті болуы, еріген белокты анықтау реакциясының (Трибуле реакциясының) айқын оң мәнді болуы;

3. Эндоскопиялық белгілер: тамыр суретінің болмауы, жанасқанда жеңіл қансыра-ғыштық, микроабсцесстер, мөлшері мен түрі әр түрлі жаралар, псевдополиптер;

4. Ирригоскопиялық белгілер: тоқ ішектің қысқаруы, гаустрацияның болмауы, ішектің су құбырының түтігіне ұқсас болуы (ішек контурының түзуленуі).

Бейспецификалық жаралы колитті дизентериялық және амебалық колиттен, Крон ауруынан, ишемиялық колиттен және псевдомембранозды колиттен айыра білу керек.

Дизентериялық колит пен БЖК-ке ортақ белгілер: жедел басталу, қан аралас диарея, іштің ауыруы, дене қызуының көтерілуі, интоксикация, кейде артралгия. БЖК-тен өзгешелігі дизентерияда кілегей қабықтың жайылмалы қансырағыштығы, жанасу қансырағыштығы, үлкен жаралар болмайды. Шешуші рөльді бактериологиялық тексеру атқарады, дизентерияда нәжіс себіндісінде дизентерия бактериясы табылады. Диагноз қоюға қажет көп мәліметті дизентерия антигенімен қойылған пассивті гемаглютинация реакциясы, шыны үстілік гемаглютинация реакциясы, Цуверкалов аллергенімен қойылған тері – аллергиялық сынамасы береді.

Амебиаз бен БЖК-ң ортақ белгілері: қан және кілегей аралас диарея, дене қызуының көтерілуі, интоксикация белгілері. Белгілі бір эпидемиологиялық анамнез болғанда, колит емге көнбей ұзақ табанды дамығанда амебиаз туралы күдік тууы керек. Жиі тоқ ішек пен бауырдың (абсцесс) қоса зақымдануының, оң жақ пневмонияның, терінің жараланып, өзіндік пигментациялануының бірігуі болатын синдром кездеседі. Амебиазға тән белгілер: таңқұрай сілікпесі түсті нәжіс (нәжісте қан болуы), әйнекке ұқсас кілегейдің нәжісте «бақа балтыры» түрде жиналуы, ректороманоскопияда – шеттері мүжілген терең жаралар, олардың ішінде өзгермеген немесе шамалы ісінген кілегей қабықтың фонында сүзбе тәрізді некрозды масса болады. Амебиаздың диагнозын қоюда шешуші ролді нәжісте, ішектің кілегей қабығының қырындысы мен тінінде амебаның табылуы атқарады; нәжісті «жылы» күйінде, бірнеше рет тексереді.


Крон ауруы (тиісті тарауды қараңыз).

Ишемиялық колит шажырқай тамырлары атеросклерозды зақымдағанда тоқ ішектің қанмен қамтамасыздығының бұзылуына байланысты бой көрсетеді. Ауру жасы 60-тан жоғары, ЖИА, қант диабетімен, аяқ тамырларының зақымдануымен ауыратын науқас адамдарда кездеседі. Мезгіл-мезгіл сол жақ мықын аймағында күшті ауырғандық, оған қоса жүрек айну мен құсу болады, ауырғандықтан кейін болған дәретте ішінде қан аралас борпық масса болады. Тоқ ішек бойында пальпация кезінде күшті ауырғандық анықталады. Белгілі бір уақыттан кейін ішек стриктурасы дамуына байланысты жартылай ішек түйнеуі белгілері көрініс береді. Ауыру ұстамасы кезінде ішек гангренасы мен перитонит дамуы мүмкін. Ишемиялық колиттің диагнозын қоюда маңызды ролді рентгенологиялы


қ, эндоскопиялық және ангиографиялық тексерулер атқарады. Ирригоскопия кезінде көбінде талақ бұрышы тұсында ауруға тән белгілер анықталады: «бас бармақ ізі», ішек қабырғасында псевдодивертикулдар түзілуіне байланысты ішектің шетінде қапшық тәрізді бұлтималар көрінеді. Колоноскопияда аурудың алғашқы кезінде – көкшіл – көк түсті түйіндер, соңғы сатыларында – жаралар көрінеді. Кілегей қабықты гистологиялық тексергенде ұсақ қан құйылулар, инфарктілер, ішінде гемосидерин бар көптеген макрофагтар табылады. Селективті шажырқай ангиографиясында: артерияның стенозы мен толық окклюзиясы, дистальді орналасқан артерияның тарамдарын контраст затпен толтырғанда басты артерияның контрастыланбауы, негізгі сабаудың контраст затпен кештеу ретроградты толуы. БЖК-тен айырмашылығы ишемиялық колитте тік ішек өте сирек зақымданады.

Псевдомембранозды колит тік және жиек ішектің кілегей қабығында ақшыл – сары түсті түймедақтар – псевдомембраналар түзілумен сипатталады. Көбіне антибиотиктар (линкомицин, клиндамицин, ампициллин және басқалары) немесе басқа дәрілер қабылдағанда және хирургиялық операциядан кейін пайда болады. Соңғы кезде псевдомембранозды колит Clostridium dificile өндіретін токсиндер әсерінен туындайды деген пікір бар. Антибиотик қабылдағаннан 1-2 апта өткен соң немесе оларды беруді тоқтатқаннан кейін сулы дәрет, кейде қан араласқан болып келетін дәрет бой көрсетеді, тәулік ішінде үлкен дәретке отыру жиілігі 20-ға жетеді, ауру адам көп сұйықтық жоғалтады, тұз – су алмасуы бұзылады. Ауру ішек перфорациясы және перитонит дамуы түрінде асқынуы мүмкін. Диагнозды эндоскопиялық тексеру әдісімен қояды: ісінген кілегей қабық фонында түймедақтар немесе таспа тәрізді мембраналар көрінеді. Гистологиялық тексергенде бездердің киста түрінде өзгергендері мен кеңігендері көрінеді, кілегей өндірілуі көбейген. Кілегей қабықта фибринозды жамылғы болады, оның құрамында фибрин, кілегей, безді эпителий фрагменттері және сегментядролы лейкоциттер болады. Кейде диагноз қоюға нәжісте Clostridium dificile табу мен нәжісте осы микробтың цитотоксинін анықтау көмектеседі.


Клиникалық диагнозды тұжырымдауда ескеру керек: 1) аурудың клиникалық түрін; 2) тоқ ішек бөліктерінің зақымдану дәрежесін; 3) ауырлық дәрежесін; 4) аурудың фазасын; 5) асқынуларды.

Диагнозды тұжырымдау мысалдары:

1. Бейспецификалық жаралы колит, сол жақ колит, созылмалы түрі. Қайталама даму барысы, орташа ауыртпалық дәрежеде, өршу (қайталау) фазасы.

2. Бейспецификалық жаралы колит, жедел түрі, толық колит, ауыр дәрежесі, қабыну-дың айқын активтілігі, тоқ ішек дилатациясы.

Емі. Аурудың даму фазасын, клиникалық даму ауырлығын және асқынулардың бар – жоғы еске алынып, комплексті түрде іске асырылады.

Диета ас қорыту жолын химиялық және механикалық қорғайтын болуы керек. Аурудың созылмалы түрінің қайталауында №4 диета белгіленеді. Аурудың ауыр дәрежесінде парентеральді қоректендіру қолданылады, қоректік зат ретінде белок препараттары, амин қышқылдарының қоспалары (альвезин, полиамин), глюкоза, липидтік препараттар (интралипид, липофундин), электролиттер ертінділері, витаминдер пайдаланылады.

БЖК-те қолданылатын базисті препараттар 3 топқа бөлінеді:

1) 5-аминосалицил қышқылының препараттары – сульфасалазин, мезалазин (сало-фальк, спазминол, мезакол, тирокол және басқалары);

2) глюкокортикоидтық гормондар;

3) иммундық супрессорлар.

Аурудың жеңіл түрінде әдетте емді күнге сульфасалазиннің 2 г беруден бастайды (0,5 г күнге 4 рет, тамақ алдында 1 сағат бұрын сілтілі сұйықтықпен – минералды су, сүт, сода қосып ішу керек). Дәріні жақсы көтерсе, дозаны 6-8 г дейін көбейтуге болады. Науқас адам күйінің жақсаруы емнің 5-8 күні байқалады. Емнің міндетті жағдайы – аурудың қайталауының алдын алу үшін ұзақ уақыт (2 жылға дейін) дәрінің сүйемел дозасын (1,5-2,0) қабылдау. Ұзақ қабылдау үшін таңдамалы дәрі болып табылатын препарат мезалазин, ол сульфасалазинге қарағанда жағымсыз әсерлерді (диспепсиялық әсер, агранулоцитоз, гемолиз, метгемоглобинемия, қызыл жегілік синдром, аллергиялық пневмонит, еркектердің тұқымсыздығы) сирек береді.

Сол жақ колитте сульфасалазинді микроклизма түрінде (препараттың 1-3 г физиологиялық ертіндінің 50-100 мл ертеді) немесе балауыз түрінде (препараттың 0,5-1,0 какао майымен қосып, түнге қарай салады, 3-4 апта бойы) қолданады.

Салазопиридиннің 5% суспензиясының 30 мл тік ішекке тәулігіне 1-2 реттен 1-2 ай бойы жібереді. Тік ішекке жіберумен қатар препаратты ішке қабылдайды.

2 апта емделгеннен кейін нәтиже болмаса, емге глюкокортикоидтарды қосады.


Глюкокортикоидтарды қолдану көрсетпелері:

1) жедел басталу;

2) аурудың ауыр, өмірге қауіпті түрлері;

3) салазопиридинмен 2 апта емдегеннен кейін нәтиже болмаған аурудың орташа дәрежелі түрлері;

4) басқа емдеу әдістері тиімсіз болып келетін аурудың созылмалы түрлері;

5) аурудың жүйелі зақымдану (ішектен тыс) белгілері;

6) салазопрепараттарды көтере алмау.

Аурудың орташа ауыртпалықты түрінде преднизолонның 40 мг нәтиже болғанға дейін беріп, кейін препарат дозасын біртіндеп азайтып барып беруді тоқтатады. БЖК-тің дистальдық түрінде преднизолонды алғашында тік ішекке тамшылатып жібереді: физиологиялық ертіндінің 30-50 мл-інде ерітілген препараттың 20-30 мг немесе 15 мг балауыз түрінде ертеңгілік және кеште дәреттен кейін тік ішекке салады.

Сульфасалазин немесе салазодин күнге 2 г ішке қабылданады (мезалазин 1 г күнге).

Қосымша болатын дисбактериозды емдеу керек.

Аурудың ауыр түрінде науқас адам шұғыл стационарға жатқызу керек.

а) гидрокортизонның 125 мг күнге 4 реттен 5 күн бойы венаға жіберіп, кейін ішке қабылдауға көшу. 3-4 аптадан кейін клиникалық нәтижеге қол жеткікізгеннен кейін преднизолонның дозасын азайта бастап (3-5 күнде 5 мг-ға азайтады), препаратты беруді тоқтатқанға дейін жеткізеді. Преднизолонның дозасын 30 мг/күнге жеткізгеннен кейін аминосалицилаттар қосылады.

б) гидрокортизонды (125 мг) немесе преднизолонды (20 мг) күнге 2 рет тік ішекке жібереді.

в) жүдеген адамға және операцияға әзірлеу сатысындағы науқасқа парентеральдық қоректендіру қолданылады.

г) дегидратацияны азайту үшін венаға сұйықтық жібереді.

д) егер гемоглобин 100 г/л төмен төмендесе, қан құяды.

е) жаралы колиттің резистентті түрінде иммуносупрессорлар қолданылады: метотрексат (25 мг б/етке аптасына 2 рет) немесе циклоспорин А (сандиммун) 3,5-5 мг ішке қабылдайды.

ЖБК емінде көрсетілген емдеу әдістерінен басқа жалпы шаралар қолданылады: гипербариялық оксигенация, дисбактериозды емдеу, ферменттік препараттар, седативтер, транквилизаторлар және т.б., жылытылған балық майын немесе өсімдік майын (шабдалы, зәйтүн, бүрген, итмұрын майы) микроклизма түрінде қолдану.

Шұғыл көмек көрсетпелері (геми – немесе толық колонэктомия):

1) Токсикалық дилатация.

2) Перфорация.

3) Ауқымды қан кету.

4) БЖК ауыр түрінде стероидтарды 5 күн бойы венаға еккеннен нәтиже болмаса.

5) Рентгенологиялық тексергенде кілегей аралшықтарының анықталуы, түспейтін С38 жоғары дене қызуы, 24 сағат бойы қарқынды ем қолданғанда қарамастан дәретке отыру жиілігінің 8 реттен жоғары болуы.


6) Басқа симптомдармен қоса кездесетін газбен керілген көптеген ішек тұзақтарының болуы.

7) 5 күн бойы жасалған парентеральды емнен тәуір болып, кейін дәріні ішке қабылдау-ға көшкенде науқастың жалпы жағдайы төмендеп кететін БЖК ауыр түрлері.

Прогнозы. БЖК болжамы аурудың түріне, ауырлық дәрежесіне және процестің тарау деңгейіне тәуелді болады. Аурудың ауыр түрінде ауыр асқынуларға байланысты болжам жағымсыз болады.

Профилактикасы. Спецификалық алдын алу шаралары жоқ. Науқас адамдарды есепке алады. Ремиссия жағдайында жылына 1 рет ректороманоскопия және толық тексеру жүргізіледі. Ауру ұзаққа созылған жағдайда 1 рет колоноскопия жасалады. Аурудың орташа ауыртпалықты және ауыр түрінде науқас адамды дәрігер жылына 2-4 рет қарап, тексереді.

Стационардан шыққаннан кейін науқас адам сульфалазиннің немесе 5-АСК 1,5-2,0 тәулігіне (салазопиридазиннің тәулігіне 0,5-1,0) қабылдауды үздіксіз 2 жыл жалғастырады. Бұл емдермен қатар жалпы әлдендіру емі, тұтқыр дәрілер, антидиареялық дәрілер (көрсетпелерге қарай) қолданылады. Қажеттігіне қарай глюкокортикоидтар қолданылады.

Ұйқы безінің аурулары Созылмалы панкреатит

Созылмалы панкреатит (СП) – ұйқы безінің паренхимасы склерозданып, оның экскреторлық және инкреторлық жетіспеушілігі дамитын созылмалы қабынуы.

СП таралу жиілігі шамамен 0,18-9% құрайды.

Этиологиясы және патогенезі. Этиологиясына қарай СП бірінші және екінші ретті болып бөлінеді.

Бірінші ретті созылмалы панкреатит алкогольдік, алиментарлық, метаболизмдік, тұқым қуалайтын және идиопатиялық болып келеді.

Екінші ретті созылмалы панкреатит қосымша ауру ретінде өт жолдарының ауруларында, созылмалы гепатиттерде және бауыр циррозында, жара ауруында, созылмалы гастриттер мен дуодениттерде, жаралы колитте және басқа ауруларда кездеседі.

Алкоголь текті созылмалы панкреатиттің жиілігі орташа есеппен 60% құрайды.

Созылмалы панкреатиттің алиментарлық себептеріне майлы және өткір тамақты қолдану, тағамда белоктың азаюы жатады.

Созылмалы панкреатиттің метаболизмдік себептеріне тегі әр түрлі гиперлипопротеинемиялар (бірінші және екінші ретті) жатады, бірақ СП көбіне гиперхиломикронемия бар (Фредериксон бойынша I және V типті гиперлипопротеинемиялар) адамдарда жиі кездеседі.

10-15% жағдайда СП себебі белгісіз болып қалады.