Файл: Тынысм шелеріні аурулар ы жедел бронхит жне бронхиолит.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.04.2024
Просмотров: 587
Скачиваний: 0
СОДЕРЖАНИЕ
Т Ы Н Ы С М Ү Ш Е Л Е Р І Н І Ң А У Р У Л А Р Ы
ӨКПЕНІҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ДЕСТРУКЦИЯЛАРЫ
Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары Артериялық гипертензиялар
Гипертония ауруы (эссенциальдық аг)
Аг сатылары, ддұ классификациясы, 1993
Антигипертензивтік емнің тәсілдері
Алғашқы антигипертензивтік емді таңдау
Симптоматикалық (екінші ретті) артериялық гипертензиялар
Миокард инфарктісінің атипиялық түрлері.
Жедел ревматизм қызбасы және жүректің ревматизм ауруы
Жүре пайда болатын жүрек ақаулары
Асқазан аурулары Созылмалы гастрит
Гастриттің екі түрінің екшеу критерийлері
В гастритінің екі сатысының басты критерийлері
Бауыр және өт жолдарының аурулары Созылмалы гепатит
Бауыр циррозының ауырлық дәрежелерін анықтау
Бауыр циррозының ең жиі кездесетін түрлері.
Бауыр циррозының сирек түрлері.
Бауыр циррозымен ауыратын науқасты емдеу әдісі.
Дәнекер тінінің жайылмалы аурулары
Буын аурулары Ревматоидтық артрит
Витамин в12-жетіспеушілік анемия
Тұқым қуалайтын гемолитикалық анемиялар Тұқым қуалайтын микросфероцитоз (Минковский-Шоффар ауруы)
Жүре пайда болатын гемолитикалық анемиялар Аутоиммунды гемолитикалық анемия
Гипопластикалық (апластикалық) анемиялар
Классификациясы. А) Лимфобласттық лейкоздар:
Қан сарысуында темір аз болатын гипохромды анемия өкпе сидерозында байқалады. Өкпе сидерозында альвеолаларға қан құйылып, темір гемосидерин түрінде өкпеде жиналады. Аурудың негізін альвеолалардың базальды мембранасына қарсы антиденелер түзетін аутоиммундық процесс құрайды. Аурудың жиі белгісі қан қақыру. Өкпе сидерозы гломерулонефритпен қоса кездесуі мүмкін (Гудпасчер синдромы).
Клиникалық диагнозды тұжырымдауда ескеру керек: 1) анемияның сипатын (темір-жетіспеушілік анемия); 2) аурудың этиологиясын; 3) аурудың сатысын (рецидив, ремиссия).
Диагноз тұжырымдаудың мысалдары:
1. Теміржетіспеушілік анемия. Меноррагия.
2. Теміржетіспеушілік анемия. Өңеш тесігінің жарығы, рецидив.
Емі. Теміржетіспеушілік анемияның емі тек темірдің жетіспеушілігін тудыратын себепті жойғаннан кейін ғана табысты болады. Сондықтан себеп факторларға әсер етеді: қан кетудің көзін жою, инфекциямен күрес, ісікке қарсы ем, іштен туа болатын темір жетіспеушілігінің алдын алу шаралары.
ТЖА ауыратын адамдарға құрамында темір көп диета тағайындалады. Тамақтан асқазан-ішек жолы арқылы сіңетін темірдің ең жоғарғы мөлшері – бір тәулікте 2 г. Жануар текті тағамдардағы темір өсімдік тағамдарындағы темірге қарағанда анағұрлым көп сіңеді. Ауру адамға ұсынылатын тағамдар: сиыр еті, балық, бауыр, бүйрек, өкпе, жұмыртқа, сұлы, қарақұмық жармасы, ірі бұршақ, ақ саңырауқұлақтар, какао, шоколад, көкөніс, бұршақ, алма, бидай, шабдалы, жүзім, май шабақ, қара өрік, гематоген.
Тағаммен организмге енетін темірдің көлемі тек оның организмнен бөлінетін мөлшерін ғана толтыра алады. Темір препараттарын қолданбай темірдің жетіспеушілігі мен анемияны жою мүмкін емес. Дәрі құрамынан сіңетін темір мөлшері тағамнан сіңетін темір мөлшерінен кем дегенде 10 есе көп болады. Темірдің мұндай сіңу деңгейінде гемоглобиннің мөлшері тәулігіне 1% артып отырады.
Клиникалық практикада темір препараттарын ішке қабылдайды немесе парентеральды енгізеді.
Темір препараттарын ішке қабылдаған кезде қолданылатын басты принциптер:
-
құрамында жеткілікті еківалентті темір бар препараттары мен темірдің сіңуін күшейтетін дәрілерді (аскорбин қышқылы, цистеин, янтарь қышқылы, фруктоза) қолдану; -
арнайы көрсетпелері болмаса, темірмен бір мезгілде В тобының витаминдерін, В12-вита-минін, фолий қышқылын тағайындау және темірдің сіңуін азайтатын тағамдар (құрамында фосфор қышқылы, тұздар, кальций, фитин, танин бар) мен дәрілерді (тетрациклин, алмагель, магний тұздары) қабылдауға болмайды; -
егер темірдің ішекте сіңуі бұзылған белгілері болса, онда темір дәрілерін ішке қабылда-майды; -
темірмен организмді қанықтыру емі ұзақ болуы керек (кем дегенде 1-1,5 ай); -
гемоглобин көрсеткіші қалпына оралғаннан кейін темір препараттарымен сүйемел ем жүргізу қажеттігі.
Беретін препаратты таңдаған кезде ТЖА-да гемоглобин көрсеткіші организмге 30 мг-нан 100 мг дейін екі валентті темір енгенде ғана тиісті дәрежеге жететінін ескеру керек, сондықтан тәулігіне екі валентті темірдің 100-ден 300 мг дейін дозасын ішке қабылдау керек.
Ішке қабылданатын темір препараттары:
Темір сульфаты, таблетка 0,2 (60 мг темір), 1 таблеткадан 3 рет күнге;
Ферроплекс – темір сульфаты (0,05), аскорбин қышқылы (0,03), 1-2 дражеден күнге 3 рет;
Актиферрин – құрама препарат, құрамында темір сульфаты (34,5 мг екі валентті темір) және серин амин қышқылы бар; 1 капсуладан күнге 2-3 рет тағам қабылдаған кезде;
Актиферрин – композитум: құрамында темір сульфаты мен серин + фолий қышқылы (0,5 мг) және цианкобаламин (300 мкг); тәулігіне 1 капсула (максимум 2-3 капсула);
Тардиферон, құрамында темір, мукопротеаза, аскорбин қышқылы бар; күнге 1-2 таблетка, тамақтан кейін;
Фенюльс – құрамында күкіртқышқылды темір (элементарлық темірдің 45 мг) мен витаминдер құрамасы (аскорбин қышқылы, рибофлавин, тиамин, никотинамид, пиридоксин, пантотен қышқылы), тәулігіне 1 капсуладан 2 рет;
Сорбифер дурулес – құрамында темір сульфаты (екі валентті темірдің 100 мг) және аскорбин қышқылы болады; күнге 1-2 рет, тағам қабылдағанға дейін 30 мин. бұрын.
Ферлатум – құрамында екі валентті темірдің 40 мг 1 флаконда; 1 флаконнан күнге 2 рет, тамақ алдында.
Ферретаб – композитум, құрамына темір фумараты (элементарлық темірдің 35 мг) мен фолий қышқылы кіреді; ашқарынға 1 капсула күнге, мол көлемде су қосып қабылдау керек.
Хеферол – құрамында темір фумераты (115 мг элементарлық темір) болады; 1 капсуланы тамақтан 30 мин. бұрын, судың мол көлемімен қосып қабылдайды.
Гемофер – темір хлоридының ертіндісі (44 мг элементарлық темір); 2 мл күнге 1-2 рет тамақ қабылдау кезінде немесе тамақ ішіп болған бойда қабылдайды.
Феррум-лек (мальтофер) – гидроксид полимальтозды комплекс (100 мг темір бар құрамында); 1 таблеткадан күнге 2-3 рет тамақ қабылдау кезінде немесе тамақ ішіп болған бойда қабылдайды.
Ішке қабылдайтын (пероральды) дәрілермен гемоглобин қалпына оралғанға дейін емдейді, одан кейін тағы да екі ай дәрінің жарты дозасын деподағы темір қоры толғанша қабылдайды. Ұзақ уақыт дәрінің үлкен дозасын бақылаусыз қабылдау ішкі органдардың гемосидерозын тудыруы мүмкін.
Темір препараттарын ішке қабылдаған кезде емнің тиімсіз болу себептері:
-
темір жетіспеушілігінің болмауы (гипохромдық анемияның табиғатын теріс талдап, темір дәрілерін қате тағайындау); -
дәрі дозасының жеткіліксіз болуы; -
ем ұзақтығының жеткіліксіз болуы; -
дәрінің сіңуінің бұзылуы; -
қан кетудің жалғасуы; -
ТЖА-ң басқа анемиялық синдромдармен қоса кездесуі.
Препараттарды парентеральды жіберу жолы сирек қолданылады.
Темір дәрілерін парентеральды енгізу көрсетпелері:
-
энтеритте ішекте дәрінің сіңуінің бұзылуы; -
жіңішке ішектің ауқымды резекциясы; -
пероральдық препараттарды қабылдау мүмкіндігінің болмауы.
Парентеральды қолданылатын темір дәрілері: феррум-лектің бұлшық етке егетін түрі, ампулада 2 мл (темірдің 100 мг), тәулігіне 1 рет егіледі; венаға егу үшін ішінде 1 мл дәрі бар ампула қолданылады, оның ішіндегі дәріні физиологиялық ерітіндінің 10 мл ерітіп, баяу венаға егеді.
Темір сорбиталы (жектофер, ектофер), 2 мл-де 100 мг темір болады; дене массасының 1 кг дәрінің 1,5 мг есебінде егіледі.
Венофер – 1 ампулада (5 мл) 100 мг темір болады; венаға егу үшін ертіндінің 2 мл физиологиялық ертіндінің 20 мл ерітіп, венаға баяу егеді.
Парентеральды жіберілетін темірдің жалпы дозасын формула бойынша анықтайды:
Д = 2,5 М х (16,5 – 1,3 Нв), бұл формуладағы М – науқас адам дене массасы (кг); Нв – қанның 100 мл граммен алынған гемоглобин мөлшері.
Темір препараттарын жеткілікті дозада еккенде емнің 7-10-шы күндері ретикулоцит санының көбейгені байқалады. Гемоглобин деңгейінің қалпына келуі көп жағдайда 3-4 апта ем жасағаннан кейін байқалады.
Темір дәрілерімен емдегенде байқалатын жағымсыз әсерлер: беттің қызаруы, жүрек айну, бас айналу, бас ауруы, терінің аллергиялық реакциялары, сирек – құсу, диарея, іштің ауыруы, арқаның ауыруы, тахикардия, транзиторлық гипотония; бұлшық етке еккенде инъекция орнында абсцесс түзілуі. Тістердің қоңыр түстеніп кетуі және нәжістің қара түске боялуы мүмкін.
Темір дәрілерін беруге қарсы көрсетпелер: гемохроматоз, темір дәрілеріне үстеме сезімталдық. Темір дәрілерін артериялық гипертонияда, ауыр коронарлық жетіспеушілікте, терінің аллергиялық ауруларында, бауыр мен бүйректің қызметінің ауыр бұзылғанында парентеральды беруге болмайды.
Прогнозы. Қан кетудің себептерін жойып, жүргізілген тиісті ем толық сауығуды тудырады.
Уақытша еңбекке қабілетсіздік сараптамасы (экспертизасы). Уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі медициналық және әлеуметтік факторларға қарап анықталады. Ауыр дене қызметінде және залалды өндірісте еркектерде еңбекке қабілеттілік гемоглобиннің деңгейі 130 г/л тең болғанда, әйелдерде – 120 г/л тең болғанда, қалпына оралады. Жеңіл дене қызметінде гемоглобин деңгейі келтірілген мөлшерден 10 г/л төмен, ой қызметіндегілерде 20 г/л төмен болуы мүмкін.
Санаторийлы-курорттық ем
негізгі ауруға қарап іске асырылады.
Диспансерлеу. Диспансерлік есепке учаскелік дәрігер алады, гематолог кеңес беріп тұрады. Жартылай ремиссия кезінде, ауру адам еңбекке жарамды, бірақ гематологиялық нормаға қол жетпеген жағдайда ауру адамды ай сайын қарайды. Толық ремиссия кезінде бірінші жылы квартал сайын, кейін жарты жылда 1 рет қаралады. Аурудың қайталауы 5 жыл бойы болмаса, онда науқас адам толық сауыққан деп есептеледі. Ауру өршіген кезде гематолог кеңесі екі айда 1 рет, кейін 4-6 айда 1 рет іске асырылады.
Профилактикасы. Профилактикалық шараларды негізінен әйелдер қажет қылады. Етеккірі 5 күннен ұзақ созылатын және қан ұйығы болмайтын, немесе 3 күннен ұзаққа созылып, қан ұйығы болатын қызға пероральды препараттарды 300 мг/тәулігінде дозасында 5 күн бойы ай сайын тағайындайды. Профилактика шараларының ұзақтығы етеккір ұзақтығына байланысты.
Әйелдерге темір препараттары профилактикалық мақсатта екіқабаттылық пен лактация кезінде беріледі. Препараттар жарты дозада (150-250 мг/тәул.) беріледі. Бұл адамдарда ТЖА дамыған жағдайда дәрінің толық дозасы беріледі.
Витамин в12-жетіспеушілік анемия
Витамин В12-жетіспеушілік анемия (В12ЖА) – витамин В12 немесе фолий қышқылы жетіспеушілігі нәтижесінде ДНҚ-ң синтезі бұзылуынан туындайтын және мегалобластық қан түзу, гиперхромия және эритроциттердің макроцитозымен сипатталатын анемиялар.
Ауруды бірінші рет 1849 ж. T.Addisson сипаттап жазған, ал 1872 ж. A.Birmer оны пернициозды (қатерлі) анемия деп атауды ұсынған. Сондықтан В12-жетіспеушілік анемиясы Аддисон – Бирмер ауруы деп те аталады.
Витамин В12-жетіспеушілік анемия 1 млн адамның ішінде 1500 кездеседі. Көбіне 60 жастан жоғары жастағы адамдар ауырады. Әйелдер мен еркектер арасындағы қатынас 10:7 құрайды.
В12 витаминінің алмасуы. Организмге В12 витамині тағамның құрамында енеді. Ол етте, жұмыртқада, сүтте, сүзбеде, бауырда, бүйректерде көп болады. Тағамда В12 витамині белокпен байланысқан күйде кездеседі, белоктан ол тағамды кулинарлық өңдегенде және асқазанның протеолиз ферменттерінің әсерінен бөлінеді. Бос В12 витамині асқазанда R-протеинімен (ағыл. rapid – тез) қосылып, он екі елі ішекке тасымалданады, онда В12 витамині ұйқы безі ферменті трипсиннің әсерінен R-протеинінен босайды.
Он екі елі ішекке ішкі фактор – гастромукопротеин де (асқазанның түбі мен денесінің париетальды – тыстама клеткасы өндіреді, ол В12 витаминінің сіңуі үшін қажет) келіп енеді. Он екі елі ішекте В12 витамині ішкі фактормен қосылып, В12 витамині + ішкі фактор комплексін құрайды, бұл комплекс мықын ішегіне жеткізіледі. Мықын ішегінің ортаңғы және төменгі бөлігінде ішкі факторға арнайы рецептор болатындықтан В12 витамин + ішкі фактор комплексі ішек қабырғасы арқылы сіңеді. Сіңгеннен кейін В12 витамині ішкі фактордан босап, бос күйінде қан плазмасына енеді, онда ол плазманың тасымалдаушы белоктары – транскобаламиндермен байланысады, соңғылар В12 витаминін сүйек миы мен бауырға жеткізеді.
Сау адамның организмінде В12 витаминің 2-5 мкг болады. Негізгі депо – орган – бауыр. Нәжіс пен несеп арқылы тәулік ішінде ересек адам В12 витаминінің 2-5 мкг жоғалтады. Ересек адам тағам арқылы тәулігіне В12-витаминінің 7 мкг алуы керек.
Организмде В12 витамині екі ферментативтік реакцияға қатынасады:
-
бірінші реакция ДНҚ молекуласына кіретін тимидинмонофосфаттың түзілуі; -
екінші реакцияда В12 витаминінің екінші коферменті май қышқылдарының ыдырауы мен синтезіне қатысады.