Файл: Тынысм шелеріні аурулар ы жедел бронхит жне бронхиолит.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 433

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Т Ы Н Ы С М Ү Ш Е Л Е Р І Н І Ң А У Р У Л А Р Ы

ЖЕДЕЛ БРОНХИТ ЖӘНЕ БРОНХИОЛИТ

БРОНХОЭКТАЗИЯ АУРУЫ

СОЗЫЛМАЛЫ ПНЕВМОНИЯ

ӨКПЕНІҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ДЕСТРУКЦИЯЛАРЫ

ӨКПЕ ІРІҢДІГІ (АБСЦЕСІ)

ПЛЕВРИТТЕР

ТЫНЫС ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ

Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары Артериялық гипертензиялар

Гипертония ауруы (эссенциальдық аг)

Қалыпты артериялық қан қысымы

Аққ көтерілуінің дәрежелері

Аг сатылары, ддұ классификациясы, 1993

Антигипертензивтік емнің тәсілдері

Алғашқы антигипертензивтік емді таңдау

Симптоматикалық (екінші ретті) артериялық гипертензиялар

Жүректің ишемия ауруы

Стенокардия (жүрек қыспасы)

Миокард инфарктісінің атипиялық түрлері.

Жедел ревматизм қызбасы және жүректің ревматизм ауруы

Жүрек ақаулары

Жүре пайда болатын жүрек ақаулары

Пароксизмальды тахикардия

Асқазан аурулары Созылмалы гастрит

Гастриттің ерекше түрлері

Гастриттің екі түрінің екшеу критерийлері

В гастритінің екі сатысының басты критерийлері

Жара ауруы

Бейспецификалық жаралы колит

Бауыр және өт жолдарының аурулары Созылмалы гепатит

Өт жолдарының дискинезиясы

Созылмалы тассыз холецистит

Бауыр циррозы

Бауыр циррозының ауырлық дәрежелерін анықтау

Бауыр циррозының ең жиі кездесетін түрлері.

Бауыр циррозының сирек түрлері.

Бауыр циррозымен ауыратын науқасты емдеу әдісі.

Асқынуларды емдеу.

Дәнекер тінінің жайылмалы аурулары

Жқж активтілік дәрежелері

Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы. Жқж диагнозын қоюда Американың ревматологиялық ассоциациясы ұсынған критерийлер (1982) кең қолданылып жүр:

Дерматомиозит

Буын аурулары Ревматоидтық артрит

Ра жұмыс классификациясы

Жүйелі өзгерістер жоқ ра.

Ра түрлеріне қарап емдеу

Подагра

Жүйелі васкулиттер

Түйінді периартериит

АНЕМИЯЛАР

Теміржетіспеушілік анемия

Витамин в12-жетіспеушілік анемия

Гемолитикалық анемиялар

Тұқым қуалайтын гемолитикалық анемиялар Тұқым қуалайтын микросфероцитоз (Минковский-Шоффар ауруы)

Жүре пайда болатын гемолитикалық анемиялар Аутоиммунды гемолитикалық анемия

Гипопластикалық (апластикалық) анемиялар

Гемобластоздар

Лейкоздар

Жедел лейкоздар

Классификациясы. А) Лимфобласттық лейкоздар:

Созылмалы лимфолейкоз

Созылмалы миелолейкоз

Геморрагиялық диатез

Гемофилия

Тромбоцитопениялық пурпуралар

Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (итп)

Геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох ауруы)



Ас қорыту мен сіңіру процестерін қалпына келтіру, жіңішке ішекте микроб флорасының шектен тыс өсуін болдырмас үшін (контаминация) және тоқ ішекте дисбактериоз болдырмау үшін сіңбейтін және гепатотоксикалық әсер көрсетпейтін антибактериальды дәрілер (стрептомицин сульфаты, левомицетин стеараты, канамицин моносульфаты, фталазол, сульгин ішке әдеттегі дозада қабылданады, ем курсі – 5-7 күн) тағайындалады, кейін биологиялық препараттар (бификол, лактобактерин, бифидумбактерин) 3-4 апта бойы беріледі.

Асқазан – ішек жолының қызметін қалпына келтіру үшін құрамында өт қышқылдары (гепатоциттерді зақымдайды) жоқ протеолиз ферменттері (панкреатин, панкурмен, полизим, ораза) беріледі.

Гепатопротекторларға рибоксинді, цитохром С, гептралды, гепаргенді, сирепарды, флавоноидтарды (силибор, карсил, легалон, катерген), Лив – 52, гепалив, эссенциале және т.б. жатады. Гепатопротекторлардың тиімділігі жөнінде бірыңғай пікір жоқ, кейбір авторлар олардың тиімділігіне күмән қояды.

Белгілі бір гепатопротекторлық әсер витаминдерде болады: пиридоксин, тиамин, никотин қышқылы және пантотен қышқылы күнге 50-100 мг, рибофлавин күнге 10-20 мг, аскорбин қышқылы күнге 0,5-1,0 г, витамин Е (капсулада 0,05-0,1 токоферол ацетаты ішке қабылданады немесе 5%, 10%, 30% ертінділер 1 мл етке егіледі).

Дезинтоксикациялық ем ретінде гемодез (400 мл 2-3 күн бойы), глюкоза (5% ертіндісінің 500 мл аскорбин қышқылының 2-4 мл қосады), энтеросорбенттер (полифепан, микроцеллюлоза, энтеродез) қолданылады.

Вирусқа -интероферонғақарсы емде жетекші орын тиеді, ол иммунитетті түзеу және вирусқа қарсы әсер көрсетеді. Созылмалы В, С және Д гепатитін және жедел С гепатитін емдеуде қолданылатын дәрілер: 1) адам қанынан алынған лимфобластоидтық интеферон – веллферон; 2) рекомбинанттық интерферондар – роферон А, интрон А, реаферон.

Интерферон тағайындауға қарсы көрсетпелер: препараттарға үстеме сезімталдық, декомпенсациялы бауыр циррозы, жүктілік, лейкопения және тромбоцитопения, қосалқы бүйрек, жүрек – тамыр жүйесі және ОНЖ аурулары, психикалық аурулар, аутоиммундық аурулар, тыныс тұншықпасы.

Созылмалы В гепатитінде интерферон тағайындау көрсетпелері: қан сарысуында HBV репликациясының маркерлерінің (HBeAg және HBV – ДНҚ) болуы, сарысулық аминотрансфераза деңгейінің 2 еседен жоғары көтерілуі.

- Интерферон 5-6 млн ӘБ аптасына 3 реттен 6 ай бойы немесе 10 млн ӘБ аптасына 3 реттен 3 ай бойы беріледі.

Интерферонды созылмалы С гепатиті мен жедел С гепатитінде тағайындау көрсетпелері: клиникалық белгілердің болуы, аурудың үдей түсуі, аминотрансфераза деңгейінің 2 еседен жоғары көтерілуі, қан сарысуында анти HCV және РНҚ – HCV болуы, науқас жасының 50-ден төмен болуы. Созылмалы С гепатитінде интерферонды 3 млн ӘБ аптасына 3 реттен 3 ай бойы беріп, одан кейін ауру адамдарды 3 топқа бөледі: 1-топ – 2 ай ішінде сарысудағы аминотрансфераза деңгейі қалыпты күйге оралғандар; интерферонды алғашқы дозада 6-12 ай бойы беріп кейін беруді тоқтатады; 2-топ – трансаминаза активтілігі төмендегендер, бірақ қалыпты деңгейге жетпегендер; препараттың дозасын 6 млн ӘБ дейін көтеріп, препаратты аптасына 3 рет беріп отырып, емді 6-12-18 ай бойы жалғастырады, 3-топ – емге жауап реакция болмағандар; препаратты ұзақ беру орынды емес.


HДV -интерферон– инфекциясында беру көрсетпелері: жедел вирустық Д гепатитінің созылмалы гепатитке көшуі туралы күдік болғанда, созылмалы вирустық Д гепатиті, РНҚ – HДV +. Препаратты 5 млн ӘБ аптасына 3 реттен 2-3 ай бойы береді, нәтиже болмаған жағдайда препараттың дозасы 10 млн көтеріледі, препаратты аптасына 3 реттен 12 айға дейін береді.

Жағымсыз әсерлері: тромбоцитопения мен лейкопения, бактериялық инфекциялар, ауыр психоздар, аутоиммундық аурулар, жедел бүйрек жетіспеушілігі, қан іркілмелі жүрек әлсіздігі, аллергиялық реакциялар, созылмалы С гепатитінің жоғары активті қайталауы, науқас адамның өміріне қауіп төндіретін басқа кез келген жағдай. Бұл жағдайларда интерферонды беруді тоқтатады.

Қан сарысуында ДНҚ – HВV немесе РНҚ – HCV жоғары деңгейі фонындағы аурудың төменгі активтілігі жағдайында (иммундық жауап депрессиясы), жүргізілген -интерферон ем курсінің тиімсіздігінде, бүйректен тыс аутоиммунды текті жүйелі ауруларда преднизолон тағайындалады. Преднизолонды тағайындау схемасы: 1-2 аптада – 40 мг/тәул., 3 аптада – 30 мл/тәул., 4 аптада – 15 мг/тәул., 5-6 апталарда емге үзіліс жасайды, 7-ші аптадан бастап -интерферонмен емдеуге көшеді.

Аутоиммунды гепатитте базисті еммен қатар преднизолон беріледі. Преднизолонды берудің 2 схемасы бар. Преднизолон қолданылатын монотерапия азатиопринге қарсы көрсетпе (цитопения, сарғыштық) болғанда тағайындалады. Преднизолонды 30-40 мг/тәул. дозасында ай бойы береді, кейін дозаны ай сайын 5 мг азайтып отырып, сүйемел дозаға дейін (10-15 мг/тәул.) төмендетеді, осы дозада преднизолонмен ұзақ уақыт емдейді.

Преднизолон мен азатиоприннен тұратын құрама емді екі тәсіл қолданып, іске асырады. Бірінші тәсілінде емді преднизолоннан бастайды, оның дозасын 15-20 мг/тәул. түсіреді, преднизолонның сүйемел дозасы 5-10 мг құрайды, оған азатиоприннің сүйемел дозасын қосады (25 мг/тәул.).

Екінші тәсіл бойынша екі препаратты бір мезгілде береді. 1-ші апта бойында преднизолонды күнге 30 мг, 2-ші апта – 20 мг, 3-4 апта – 15 мг береді, ал 5-ші аптадан бастап сүйемел дозаға – 10 мг көшеді. Азатиоприн дозасы барлық ем бойында тәулігіне 50 мг құрайды. Сүйемел ем тұрақты клиникалық – морфологиялық ремиссия алғанға дейін созылады, әдетте 1-2 жылға созылады.

Алкогольдік гепатитті емдеудің маңызды шарты – ішімдік қабылдауды толық тоқтату. Емдік қоректену 5 – диеталық столға сәйкес келеді. Витаминдер мен гепатопротекторлар қолданылады. Созылмалы алкогольдік гепатит қайталаған кезде дезинтоксикалық ем қолданылады: венаға тамшылатып гемодез, глюкозаның 5% ертіндісі, Рингер ертіндісі жіберіледі. Нейропатияда орницетил (флакон ішіндегі дәріні дистилляция өткен судың 10 мл ерітіп венаға немесе бұлшық етке егеді, 2-3 флакондағы дәріні күнге 1 рет егеді, ем 10-12 күнге жалғасады) тағайындалады, кейін катергенге көшеді (1 таблеткадан күнге 3 рет, 2 ай бойы).


Дәрілік гепатитте дәрі қабылдауды тоқтату керек. Жағымсыз әсерлерді – тұрақты қышуды, дерматитті жою үшін антигистаминдік дәрілер беріледі. Ауыр гепатитте кортикостероидтар қолданылады.

Еңбекке қабілеттіліктің қалпына келу критерийлері: аурудың негізгі өршу белгілерінің жойылуы, өзгерген лабораториялық көрсеткіштердің азаюы.

Еңбекке жарамсыздықтың орташа мерзімдері: төменгі дәрежелі активтілігі бар гепатит қайталағанда - 2-3 апта құрайды, орташа дәрежелі активтілікте – 4-6 аптаны, жоғары дәрежелі активтілікте 2-2,5 айға дейін.

МӘСК жолдама беру көрсетпелері: қызметі денеге үлкен күш түсумен және психоэмоциональдық жүктемемен байланысты науқастардағы жиі қайталайтын орташа активті созылмалы гепатит, гепатотоксикалық улармен байланысты созылмалы гепатит, жоғары активті гепатит, висцериттер, гепатоцеллюлярлық жетіспеушілігі бар, бүйрек жетіспеушілігі, жүрек әлсіздігі бар созылмалы гепатит.

Санаторийлы-курорттық ем созылмалы гепатиттің ремиссия сатысында жүргізіледі. Ем алатын курорттар – Ессентуки, Железноводск, Боржоми, Карловы Вары, Трускавец, Моршин; сонымен қатар жергілікті санаторий – профилакторийлер қолда-нылады.

Диспансерлеу. Созылмалы гепатитпен ауыратындар диспансерлік есепке алынады. Учаскелік дәрігер мен гастроэнтеролог бақылайды. Төмен активті созылмалы гепатитте тексеру жиілігі – жылына 1-2 рет, орташа активтілікте – жылына 3-4 рет. Тексеру көлемі: қан, несеп анализі, билирубин, холестеринді анықтау. Тұнба сынамалары, органды спецификалық бауыр ферменттерін анықтау. Ем шаралары: базисті ем (гепатопротекторлар т.б.). Аутоиммунды гепатитпен ауыратындар базисті емнен басқа глюкокортикоидтар алады. Диспансерлеудің тиімділік критерийлері: қайталаудың сиреуі, бауырдағы процестің тұрақтауы, негізгі ауру себепті уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімінің қысқаруы.

Профилактикасы. Вирустық гепатиттің профилактикасы жедел В, С, Д вирусты гепатиттің профилактикасы болып табылады. Дәрілік гепатиттің профилактикасы – аллергиялық және дәрілік анамнезді ескере отырып, дәрілерді тиімді қолдануды, полипрагмазияны болдырмауды және симптоматикалық емді шегеруді қажет қылады. Алкогольдік гепатиттің профилактикасы – ішімдіктен толық бас тарту.

Вирустық гепатиттердің екінші ретті алдын алу шараларына бір реттік шприцтар мен бір реттік қан құю құралдарын қолдану, бір реттік катетерлерді қолдану, қан құю мен дәрілерді парентеральды егуді қатаң түрде көрсетпелерге қарап іске асыру жатады.


Прогнозы. Созылмалы гепатиттің болжамы бауыр циррозы мен бауыр жетіспеушілігі-нің қалыптасуына байланысты болады. Аурудың диагнозын ерте қою және науқас адамды тұрақты түрде бақылап отыру аурудың болжамын едәуір жақсартады.

Өт жолдарының дискинезиясы


Өт жолдарының дискинезиясы (ӨЖД) - өт қабы мен өт жолдарының қозғалыс қызметінің бұзылуы. Өт қабы мен Одди, Люткенс, Мирицци сфинктерлерінің арасында келісімді жиырылудың болмауының немесе олардың жиырылуының жеткіліксіз болуының нәтижесінде дамиды.

Этиологиясы мен патогенезі. Негізгі себеп фактор – психогендік фактор, оның әсерінен туындайтын ӨЖД нейроциркуляторлық дистония көлемінде бой көрсетеді. Белгілі бір этиологиялық рольді гормональдық статустың бұзылуы атқарады, дискинезия жиі етеккір алдында немесе климакс кезінде пайда болады. ӨЖД соляриттің (инфекция немесе интоксикация әсерінен дамитын) және аллергиялық реакцияның белгісі болуы мүмкін. ӨЖД себебі жедел гепатит және іш қуысы мүшелерінің аурулары болуы мүмкін.

Себеп фактордың әсерінен симпатикалық және парасимпатикалық нерв жүйелерінің арасындағы қатынас бұзылады, өт жолдарының қызметін реттейтін гормондардың бөлінуі бұзылады (холецистокинин, секретин, гастрин және глюкагон өт қабының жиырылуын және өттің он екі елі ішекке бөлінуін стимуляциялайды; нейротензин, вазоинтестинальдық полипептид, энкефалиндер, ангиотензин өт қабының жиырылуын тежейді). Симпатикалық және вагустық импульстардың күшеюі немесе әлсіреуі, гормональдық статустың бұзылуы өт қабы бұлшық етінің жиырылуы мен Люткенс, Мирицци, Одди сфинктерлері тонусының әлсіреуі арасындағы келісімдікті бұзады және өт бөлінуіне кедергі тудырады.

Гиперкинетикалық ӨЖД ваготониямен, гипокинетикалық ӨЖД симпатикотониямен байланысты болады.

Классификациясы.

І Пайда болу тегіне қарай:

1. Бірінші ретті: невроздық, психогендік, медикаментоздық (морфий, опий препараттары, симпатомиметиктер т.б.)

2. Екінші ретті немесе симптоматикалық: жедел гепатитте, өт тасы ауруында, панкреатитте, асқазанның функциональдық бұзылыстарында, созылмалы гастритте, дуоденитте және гастродуоденитте, асқазан мен он екі елі ішектің жара ауруында, ішектің функциональдық бұзылыстарында, созылмалы колитте, висцероптозда, холецистэктомиядан кейін болатын ӨЖД т.б.