Файл: Тынысм шелеріні аурулар ы жедел бронхит жне бронхиолит.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 467

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Т Ы Н Ы С М Ү Ш Е Л Е Р І Н І Ң А У Р У Л А Р Ы

ЖЕДЕЛ БРОНХИТ ЖӘНЕ БРОНХИОЛИТ

БРОНХОЭКТАЗИЯ АУРУЫ

СОЗЫЛМАЛЫ ПНЕВМОНИЯ

ӨКПЕНІҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ДЕСТРУКЦИЯЛАРЫ

ӨКПЕ ІРІҢДІГІ (АБСЦЕСІ)

ПЛЕВРИТТЕР

ТЫНЫС ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ

Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары Артериялық гипертензиялар

Гипертония ауруы (эссенциальдық аг)

Қалыпты артериялық қан қысымы

Аққ көтерілуінің дәрежелері

Аг сатылары, ддұ классификациясы, 1993

Антигипертензивтік емнің тәсілдері

Алғашқы антигипертензивтік емді таңдау

Симптоматикалық (екінші ретті) артериялық гипертензиялар

Жүректің ишемия ауруы

Стенокардия (жүрек қыспасы)

Миокард инфарктісінің атипиялық түрлері.

Жедел ревматизм қызбасы және жүректің ревматизм ауруы

Жүрек ақаулары

Жүре пайда болатын жүрек ақаулары

Пароксизмальды тахикардия

Асқазан аурулары Созылмалы гастрит

Гастриттің ерекше түрлері

Гастриттің екі түрінің екшеу критерийлері

В гастритінің екі сатысының басты критерийлері

Жара ауруы

Бейспецификалық жаралы колит

Бауыр және өт жолдарының аурулары Созылмалы гепатит

Өт жолдарының дискинезиясы

Созылмалы тассыз холецистит

Бауыр циррозы

Бауыр циррозының ауырлық дәрежелерін анықтау

Бауыр циррозының ең жиі кездесетін түрлері.

Бауыр циррозының сирек түрлері.

Бауыр циррозымен ауыратын науқасты емдеу әдісі.

Асқынуларды емдеу.

Дәнекер тінінің жайылмалы аурулары

Жқж активтілік дәрежелері

Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы. Жқж диагнозын қоюда Американың ревматологиялық ассоциациясы ұсынған критерийлер (1982) кең қолданылып жүр:

Дерматомиозит

Буын аурулары Ревматоидтық артрит

Ра жұмыс классификациясы

Жүйелі өзгерістер жоқ ра.

Ра түрлеріне қарап емдеу

Подагра

Жүйелі васкулиттер

Түйінді периартериит

АНЕМИЯЛАР

Теміржетіспеушілік анемия

Витамин в12-жетіспеушілік анемия

Гемолитикалық анемиялар

Тұқым қуалайтын гемолитикалық анемиялар Тұқым қуалайтын микросфероцитоз (Минковский-Шоффар ауруы)

Жүре пайда болатын гемолитикалық анемиялар Аутоиммунды гемолитикалық анемия

Гипопластикалық (апластикалық) анемиялар

Гемобластоздар

Лейкоздар

Жедел лейкоздар

Классификациясы. А) Лимфобласттық лейкоздар:

Созылмалы лимфолейкоз

Созылмалы миелолейкоз

Геморрагиялық диатез

Гемофилия

Тромбоцитопениялық пурпуралар

Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (итп)

Геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох ауруы)



Нефроздық вариант СГН-ң 1/5 бөлігін алады, ол нефроз синдромының белгілерімен сипатталады. Нефроз синдромының басты симптомы – ісіну, оған бүйрек ауруларына тән ісінудің барлық белгілері (тез пайда болады, тез жойылып кетеді, дененің ауқымды ауданын қамтиды, көбіне беттен басталады, басқаннан кейін із қалдырады, терінің суреті қуқыл тартқан болады) болады. СБЖ бой көрсеткенде ісіну азаяды немесе жойылып кетеді. Ісінуден басқа протеинурия, гипопротеинемия, гиперхолестеринемия, липидурия, гиперкоагуляция белгілері болады. Нефроз синдромына ауқымды протеинурия тән, оның деңгейі тәулігіне 3 г жоғары болады. Протеинурияның жоғары селективті (несеппен ұсақ молекулалы белоктар – альбуминдер және басқалары бөлінеді) және төмен селективті (барлық белок бөлінеді) түрлерін ажыратады. Протеинурияның селективтігі аурудың ұзақтығы мен ауырлық дәрежесін көрсетеді. Жоғары селективті протеинурия аурудың басында және жеңіл түрінде кездеседі. Гиперхолестеринемияның пайда болуын гиперальбуминемиямен байланысты деп есептейді, бұл жағдайда басқа да липидтер, оның ішінде триглицеридтер де көбейеді. Гиперлипидемия липидурия тудырады.

СГН артериялық қан қысымы қалыпты күйде болады, ол созылмалы бүйрек жетіспеушілігі қосылғанда көтеріле бастайды.

Несепте ауқымды протеинуриядан басқа цилиндрурия (гиалиндік, түйіршікті, балауыз тәрізді цилиндрлер) анықталады. Эритроцитурия не болмайды, немесе болмашы дәрежеде кездеседі.

СГН-ң нефроздық вариантының даму барысында нефроздық криз және гиповолемиялық шок түрінде асқынулар болады; олар айналымдағы қан көлемінің күрт азаюымен, тамыр қабырғасы өткізгіштігінің артуымен, плазморрагиямен және олармен бір мезгілде клеткадан тыс сұйықтықтың көбеюімен байланысты туындайды. Криздің алғашқы белгілері – анорексия, жүрек айну, «себепсіз құсу», кейін іштің ауыруы, қыдырмалы тілме тәрізді эритема қосылады. Дене қызуы көтеріледі, қанда – лейкоцитоз, іш қуысы пунктатында – транссудат табылады. Криздің кеш белгілері: адинамия, гипотермия, үдемелі гипотония, олигурия.

СГН-ң аралас варианты нефроз синдромымен, артериялық гипертензиямен және аурудың тез үдемелі дамуымен сипатталады. Болжам тұрғысынан алғанда аурудың бұл варианты ең қауіпті түрі болып табылады.

СГН-ң гематуриялық варианты 6-10% шамасында кездеседі, гематуриямен, кейде микрогематуриямен сипатталады. Аурудың бұл вариантының диагнозын гематурияның басқа мүмкін себептерін жоққа шығарғаннан кейін қояды.


СГН-ң соңғы сатысы созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің дамуымен аяқталады.

Науқас адамның күйін анықтауда патологиялық процестің активтілігінің дәрежесін (өршуі және ремиссия) анықтау маңызды болып табылады.

Аурудың өршуі (активті фазасы) нефрит немесе нефроз синдромының бой көрсетуімен және бүйрек функциясының төмендеуімен сипатталады; ремиссия (активті емес фазасы) экстроренальды белгілердің (ісіну, АГ), бүйрек функциясының және несептегі өзгерістердің жақсаруымен немесе қалыпты күйге келуімен сипатталады.

СГН-ң морфологиялық түрлеріне байланысты клиникалық көрініс ерекшеліктері

Мезангиопролиферативті СГН аурудың ең кең тараған түрі (гломерулонефриттің барлық морфологиялық вариантының 70% жуығы) болып табылады, ол идиопатиялық және екінші ретті (ЖҚЖ, Шенлейн-Генох ауруында, Альпорт синдромында) болып бөлінеді.

Клиникасында жеке несеп синдромы, жедел нефрит синдромы немесе нефроз синдромы болады. СБЖ баяу дамиды.

Мезангио-пролиферативті гломерулонефриттің ең жиі кездесетін варианты JgА-нефропатия (Бирже ауруы), ол А иммуноглобулиннің көп өндіріліп, бүйрекке шөгуімен сипатталады. Бирже ауруының үлесіне қазіргі кезде барлық гломерулонефриттердің 60-70% тиеді.

Бірінші ретті – JgА-нефропатия мен екінші ретті JgА-нефропатиясын ажыратады (ұшық, Шенлейн-Генох ауруында кездеседі).

Бирже ауруының басты белгісі – макро- немесе микрогематурия. Ісіну мен АГ бірнеше жыл өткеннен кейін (кейде 10 жылдан артық) қосылады.

Электрондық микроскопияда биоптатта иммундық депозиттер мезангий клеткаларының арасында және базальды мембрана астында табылады.

Мембранозды СГН нефроз синдромы (80%) түрінде көрініс береді.

Мембранопролиферативті СГН жедел нефрит синдромынан басталады, ауру адамның 50% нефроз синдромының диагнозы қойылады. Гематурия болатын жеке несеп синдромы болуы мүмкін. Артериялық гипертензия, гипокомплементемия, анемия, криоглобулинемия анықталады. Ауру үдемелі, кейде тез үдемелі дамиды.

Аз өзгерісті гломерулонефрит нефроз синдромымен сипатталады, 20-30% жағдайда оған қоса микрогематурия болады. АГ мен бүйрек жетіспеушілігі сирек кездеседі.

Фокальды-сегментарлық гломерулосклерозда нефроз синдромы болады. Несепте – эритроцитурия, лейкоцитурия. Артериялық гипертензия болады. СБЖ дамиды.

Фибропластикалық гломерулонефрит нефроз синдромымен (50% дейін), АГ мен СБЖ дамуымен сипатталады.


Қосымша тексерулер. Қанда – ЭТЖ орташа дәрежеде көтерілуі, анемия болады; АИК деңгейі, антистрептолизин-О деңгейі жоғарылайды, қанда комплемент мөлшері азаяды (иммундыкомплекстік СГН), Бирже ауруында JgА деңгейі жоғарылайды.

Қанды биохимиялық тексергенде: а) жалпы белок, альбуминдер азайған, 2-глобулиндер- концентрациясы жоғарлаған, нефроз синдромында гипогаммаглобулинемия болады. Гипердислипидемия (нефроз синдромы); б) мочевина мен креатинин деңгейі жоғарлайды, метаболизмдік ацидоз, гиперфосфатемия анықталады.

Несепте: эритроцитурия, протеинурия, лейкоцитурия, цилиндрурия – түйіршікті, балауыз тәрізді цилиндрлер (нефроз синдромында).

УДЗ немесе шолу урографиясында бүйректер мөлшері қалыпты күйде немесе кішірейген (СБЖ), шеттері тегіс, эхогенділігі жайылмалы жоғары болады.

Кеуде торының рентгенографиясы мен ЭКГ: сол жақ қарынша гипертрофиясының белгілері.

Бүйрек биопсиясы аурудың морфологиялық түрін, активтілігін анықтауға мүмкіндік береді, симптоматикасы ұқсас ауруларды жоққа шығаруға көмектеседі.

Даму барысы. СГН-ң дамуының 3 типін ажыратады: І тип – қайталауы сирек, 10 жылда 1 рет қайталаудан сирек; ІІ тип – 5-7 жыл сайын қайталайды, ІІІ тип – қайталауы жиі, кейде ауру үзілмейді.

Асқынулары. СГН-ң асқынулары:

1. Гипертониялық криз.

2. Жедел сол қарыншалық жүрек әлсіздігі.

3. Нефроздық криздер.

4. Бүйрек эклампсиясы.

5. Миға қан құйылу.

6. Инфекциялар.

7. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі.

Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы СГН-ң диагноз қою критерийлеріне жатады: 1) науқастың бұрын жедел гломерулонефритпен ауырғаны туралы анамнез мәліметтері, бұрын болған бүйрек аурулары және ауру ұзақтығының 1-1 1/2 жылдан кем болмауы;

2) несеп синдромының болуы және несеп синдромының басқа мүмкін себептерінің болмауы;

3) басқа себептері болмаған жағдайда АГ мен ісіну синдромының болуы;

4) бүйрек биопсиясының мәліметтері – СГН әр түрлі варианттарының морфологиялық белгілерінің болуы: ең аз өзгерістер гломерулонефриті, мембранозды нефрит, мезангиальды нефрит, фокальды сегментарлы нефрит, фибропластикалық нефрит.

СГН-ң екшеу-іріктеу диагнозын басты симптомдарға қарап іске асырады.

Егер жетекші симптом орташа дәрежелі протеинурия болса, онда ортостатикалық, марштағы, алиментарлық, қызбаға байланысты, неврогендік және қан іркілмелі протеинурияларды жоққа шығару керек.


Ортостатикалық протеинурия омыртқа жотасының белдік бөлігінде айқын лордозы бар жас адамдар ұзақ уақыт тік тұрған қалпында пайда болады. Оны анықтау үшін тексерілуші адамды екі рет тексереді – ертеңгілік (протеинурия болмауы керек) және бір сағат тұрғаннан кейін (протеинурия пайда болады).

Марштағы протеинурия жүрген кезде пайда болады. Диагнозын қою үшін жүру сынамасын қолданады: жүргенге дейін протеинурия болмайды, 10 минут тез жүргеннен кейін протеинурия пайда болады.

Алиментарлық протеинурия энтероколиттерде, панкреатиттерде, гепатиттерде байқалады.

Қызбалық протеинурия дене қызуы өте көтерілгенде пайда болады.

Неврогендік протеинурия бассүйек – ми жарақатында және гипоталамустық синдромда кездеседі.

Қан іркілген протеинурия созылмалы жүрек әлсіздігі кезінде байқалады және бұл жағдай қан іркілген бүйрек деп аталады.

Жетекші синдром гематурия болған жағдайда СГН-ті тынжытас ауруынан, бүйрек туберкулезінен, гипернефромадан, геморрагиялық васкулиттен, түйінді периартерииттен, Гудпасчер ауруынан, инфекциялық эндокардиттен айыра білу керек.

Инфекциялық эндокардит көбіне іштен туа болған және жүре пайда болған (ревматизмдік) жүрек ақауларының фонында дамиды. Онда қызба, қалтырап тоңу және терлеу, спленомегалия, сирегірек гепатомегалия, тромбоваскулит белгілері (Лукин-Либман симптомы, жгут, шымшу симптомы) және ішкі мүшелердің тромбоэмболиясы болады. Қанды тексергенде лейкоцитоз, ЭТЖ өсуі, оң мәнді формол сынамасы, Вассерман реакциясы болады. 50-70% жағдайда қаннан микроб – қоздырғышты себуге болады, жүрек қақпақшаларының үстінде вегетациялар (эхокардиография табады) анықталады.

Гематурияның көрсетілген басқа себептері жөнінде «Жедел гломерулонефрит» тарауында айтылды.

Жетекші белгі артериялық гипертензия болғанда гипертония ауруын (жоғарыда келтірілді), созылмалы пиелонефритті, реноваскулярлық гипертонияны, подагралық нефропатияны жоққа шығару керек.

Созылмалы пиелонефритте сәйкес анамнез мәліметтері болады (бұрын болған жедел пиелонефрит, дизуриялық белгілер), мезгіл-мезгіл жоғары дәрежелі қызба мен қалтырап тоңу, айқын лейкоцитурия, бактериурия, несептің салыстырмалы тығыздығының тез төмендеуі, бүйрек зақымдануының асимметриялы болатыны, ерте туындайтын анемия, бүйрек және несеп бөлу жолдары жағында органикалық өзгерістер (УДЗ) анықталады.

Бүйректердің подаграда зақымдануы тынжытас ауруы және интерстициальды нефрит түрінде көрініс береді. Подаграның диагнозы оған тән артрит ұстамасы, тері
асты тофустар болса, және қанда несеп қышқылының концентрациясы жоғары болса қойылады.

Реноваскулярлық гипертензия жөнінде күдік АҚҚ деңгейі өте жоғары болғанда туындайды. Науқас адамдардың бүйрек артерияларының үстінде систолалық шу естілуі мүмкін. Диагноз рентгенологиялық тексерулердің (экскреторлық урография, аортография), радиоизотопты ренографияның мәліметтеріне қарап қойылады.

Жетекші белгі нефроз синдромы болған жағдайда, ең алдымен, амилоидозды, жүйелі ауруларды, васкулиттерді, миелома ауруын жоққа шығару керек.

Амилоидозда СБЖ дамуына қарамастан нефроз синдромы сақталады, гепатоспленомегалия, мальабсорбция синдромы, гиперфибриногенемия, тромбоцитоз болады. Диагнозы қызыл иектен, тік ішектің кілегей қабығынан және бүйректен алынған биоптатта амилоидты анықтау арқылы қойылады.

Жүйелі аурулар (ЖҚЖ) және васкулиттерде (түйінді периартериит т.б.) нефроз синдромымен қатар негізгі аурулардың белгілері анықталады.

Миелома ауруында ауыр нефроз синдромы, қан мен несепте аномальды белок, сүйектің зақымдануы («оқ тесігі» симптомы), ЭТЖ өте жоғарғы дәрежесі болады. Диагнозды сүйек миында плазматикалық клеткалардың көбеюіне қарап қояды.

Клиникалық диагнозды тұжырымдауда ескеру керек:

1. аурудың клиникалық-анатомиялық түрін (бүйректі биопсиялық тексергенде СГН-ң морфологиялық түрі көрсетіледі);

2. даму типін;

3. аурудың фазасын (өршуі, ремиссия);

4. бүйректің функциональдық күйін (СБЖ бар-жоғы, СБЖ сатысы);

5. асқынуларды.

Диагнозды тұжырымдау мысалдары:

1. Созылмалы жайылмалы гломерулонефрит, гипертониялық түрі, даму барысының ІІ типі, аурудың қайталауы. СБЖо.

2. СГН, несеп синдромы (латентті түрі), ремиссия фазасы, бүйрек функциясы бұзылмаған.

3. JgА-нефропатия, мезангиальды-пролиферативті гломерулонефрит, гематурия басым дара несеп синдромы (Берже ауруы). Бүйрек функциясы бұзылмаған.

4. СГН, өршу фазасындағы фокальды-сегментарлық гломерулосклероз. Нефроз синдромы. АГ. Дамудың ІІІ типі, СБЖ-ІІ.

Емі. СГН емінің құрамына режим мен диетаны сақтау, этиологиялық, патогенетикалық және симптоматикалық емдер кіреді.

СГН-те салқын тиюден, денеге шамадан тыс күш түсуден, көңіл-күй күйзелістерінен, түнгі кезекте жұмыс жасаудан сақтану керек. Науқас адам жылына бір рет стационарлық ем алуы керек.

Диета аурудың түріне тәуелді болады. Аурудың латентті түрінде жалпы стол диетасы беріледі, тек онда ас тұзын тәулігіне 10 г дейін азайту керек. Нефроз синдромы мен аурудың гипертониялық вариантында ас тұзы (6-8 г/тәул.) мен суды шегеру керек.